70
Ақ Сарбаз Әлемі
– Жұмсаймын. Шаруаға, төбелеске үйретемін. Қажет болса
өзім қорғап жүремін!
Әр айдың 6-ы күні балалар Атасының дауысын естісін деп Ақ
Сарбазбен сөйлесуге рұқсат ететін едім. Онда да Атасы қаласа
телефонды көтеретін. Егер бір қоңырау шалғанда телефонды
көтермесе, екінші рет мазаламайтын едік. Мен алтысы күні
ауылда болмай қалып, балалар Атасымен өздері сөйлесіпті.
Кезек Ахметшахқа келгенде:
– Ата,
апаның ішіндегі қыз бөпені, ұл бөпеге ауыстырып
беріңізші! Маған ұл бөпе керек! – деп өз өтінішін тастап
жібереді.
– А, онда ұл болсын! – депті Атасы.
Үйге келсем Ахметшах: «Атама айтып, бөпені ауыстырып
алдым!» деп масайрап жүр екен.
Дуалы ауыздан шыққан бір
ауыз сөз бәрін өзгертті де
жіберді. Әйелімнің жерік асы аяқ астынан өзгеріп шыға келді.
Мінез-құлқы да өзгерді. Іштегі нәрестенің ұл-не қыз болуы
әйел мінез-құлқына әсер ететінін білетінмін. Бұл уақытта
короновирус індеті өршіп, көп жерде халық жаппай қырылып
жатты. Іштегі баланы тоғыз ай көтеріп жүруге әйелімнің
денсаулығы шыдамайтын болды. Сөйтіп жедел толғақпен 7
айда босандырып алды. Бала шыны ыдыстың ішінде түтікпен
қоректендіріліп бір ай жатып барып қатарға қосылды. Туған
күні Ұстазға қоңырау шалған кезімде:
– Есімін Масуд қой! – деді.
Осыны айтқанда Масудтың
қандай болатынын көріп тұрғандай сүйсіне, күле сөйледі.
«Бұрын балдарыма ат қойғанда таза қазақша қоятын еді,
бұл баланы неге Масуд қойды екен?» деп ойладым. Сөйтсем
ырымдап ажалды алдаған екен ғой. Ахметшах Масуд – бір
адамның аты. Бұл баланы Ахметшахтың жалғасы секілді тіркей
салған. Осымен бір күнде туған басқа біреудің ұлы кешікпей
шетінеп кетіпті. Масуд болса аман-есен үйге оралды. Қазір
энергиясы тасып-төгіліп шапқылап жүр.
– Немереңіз бе? – деп сұрайды үйге алғаш келушілер.
– Балам – деймін.
– Кешірім сұраймын, кенжеңіз екен ғой!
– Кенженің алдындағысы болуы да мүмкін – деп қоямын
баяғы түсім есіме түсіп кетіп.