Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет25/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ҚҰРЫЛЫСШЫ
Жетінші Дәрежелі, Жетінші Класты Ғарыш Құрылысшысы 
болу деген сөз – Ғарыштың Жүрегіне еніп, барлық жүкті 
Құдаймен бірдей көтеру деген сөз.
Ақ Сарбаз сондай қасиетке жетті.
Әрбір адам Құдайға берілу арқылы Эволюция жолымен 
жүріп, Ғарыш Құрылысшысы бола алады.
Өйткені о баста Құдай Адамды Өзіне ұқсас қылып жаратқан.


77
Ғарыш Заңдары
ҒАРЫШ ЗАҢДАРЫ
«Ақ Сарбаз» кітабындағы Ғарыш Заңдарын қазақы 
көзқараспен зерттеу
Нала, қайғы басқан кезде иіннен
Сөздерімнің шындығы бар бет тілген
Күпірлердің күнасынан күйінген –
Қара Жердің қасіретін шектім мен!
Сапар ұзақ, сан құладым, сан тұрдым
Нұр тараттым жеткенінше жалыным
Ата жолын аршымаққа талпындым –
Қасиеттің сақтау үшін тамырын!


78
Ақ Сарбаз Әлемі
АҚ САРБАЗ – ТӘҢІР ЖАУЫНГЕРІ
Күні бүгінге дейін осы каналға мыңдаған адам жазылыпты.
«Ақ Сарбаз», «Тәңір Жауынгері» кітаптарын оқып, сол 
туралы терең ой, тұшымды пікір білдіріп, түсінбейтін жерін 
сұрап талқыға сап жатқан адам көрмедім. Көпшілігі менің 
жазбаларымды ғана оқумен шектеліп келеді.
Менің жазбаларым – көмбенің жарнамасы ғана. Нағыз 
қазына – «Ақ Сарбаз», «Тәңір Жауынгері» кітаптары ғой!
Қазақтың салт-дәстүрі мен мақал-мәтелдерін Ғарыштық 
тұрғыдан зерттеу – тың дүние. Талай-талай ғылыми 
жаңалықтарға азық болар рухани байлық осы кітаптарда 
жатыр.
Болашақ диссертациялар мен ғылыми атақтар осы 
тақырыптан қорғалары сөзсіз.
Келешек ұрпағымызды бала жастан рухани жолмен алып 
жүру үшін, мұндағы білім – таптырмас бағдаршам.
Ұлттық құндылықтарды негізге алып оқытатын мектептер 
үшін осы жерде алар азық көп. (Аузыңызға уатып салып 
бердік, тек жұта беріңіз)
Көздері бақырайып қанша адам қарап отыр! Арасында мүйізі 
қарағайдай, білімді, ілімді жандар көп шығар деп ойлаймын.
Бөлісе көтерген жүк жеңіл болмай ма?
Менің ойымша осынша адамның 1%-ы бұл Білімді шын 
түсініп, қабылдай алса – соның өзі үлкен жетістік. Өйткені осы 
бір пайыздан болашақ Алтыншы Саты халқы құралады.
Ақ Сарбаздың ойынша Жер бетінде қасиет көздері ашылуға 
тиіс, Алтыншы Сатыға лайық 1000 адам болса, соның 500-і 
қазақ ішінде екен.
Бәлкім солардың бірі сіздің балаңыз боп өсіп келе жатқан 
шығар?
Тибеттіктер: «Далай Лама менің балам боп туса екен» деп 


79
неге армандайтынын білесіз бе? Өйткені Далай Ламаға өмір 
сыйлаған ата-ананың барлық күнәсі кешіріледі деген түсінік 
қалыптасқан.
Қазақтар болса әулие жатқан қорымға жатуға құштар. 
Өйткені әулие қасындағы 70 адамды тозақтан құтқарады 
деген сөз бар.
Бұл Білім адамға материялды байлық әпермейді. Матери-
ялды байлықтан Рухыңыздың биік көтерілуіне көмектеседі.
Біздің адам боп туғандағы мақсатымыз да осы емес пе еді?
Ғарыш Заңдары


80
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет