Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет78/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

12.2. Шартты рефлекстердің қалыптасуы 
Шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін белгілі бір жағдайлар керек: 
1. Бейтарапты (индифферентті) тітіркендіру мен шартсыз тітіркендіру әсер 
ету уақытында оларды бірнеше рет ұштастыру керек.
2. Алдымен бейтарапты тітіркендіргіш (жарық, қоңырау дыбысы, т.б.) 
қосылады, содан кейін ол шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ) бекітіледі. Екі 
тітіркендіргіштің арасындағы уақыт әрдайым тұрақты болғаны жөн. 
3. Әсер ететін бейтарапты тітіркендіргіш күші, бағдарлау рефлексін 
тудыратын және жеткілікті (табалдырықты) болу керек, ал шартсыз 
тітіркендіру едәуір жоғары (табалдырықтан жоғары) болғанда ғана шартты 
рефлекс пайда болады. 
4. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің әсерін бірнеше рет 
қайталағанда, жануардың ОЖЖ-інде үстемдік қозу ошағы құрылады, яғни 
шартты рефлекс қалыптасады. 
Тәжірибелік жағдайда шартты рефлексті жасау үшін бірнеше шарттарды 
сақтау қажет: 


а) жануар (адам) организмі аман-сау, әсіресе ми қыртысының жағдайы 
қалыпты болу керек; 
б) шартсыз рефлекстің жүйкелік орталығы белсенді әрекеттік қалыпта болу 
керек (мысалы, тамаққа мұқтаждық); 
в) сыртқы ортадан әсер ететін немесе ішкі ағзалардан (ішек-қарын, куық 
және басқа) шығатын бөтен сигналдар болмау керек
г) шартты және щартсыз тітіркендіру күштерінің ара қатынасы қолайлы 
деңгейде болу керек. 
Шартты рефлекстің пайда болуы мен сақталуы үшін ұштастыру (нығайту) 
деңгейі әртүрлі болады: минимальды (табалдырықты), оңтайлы (оптимальды) 
және максимальды. Өте жоғары шартты сигнал шартты рефлекстің 
қалыптасуына кедергі жасайды. 
Шартты рефлекстердің биологиялық маңызы – олар қоршаған ортаның 
өзгерістеріне өте қолайлы бейімдеу нәтижесінде организмді алдын ала 
болашақ қажетті іс-әрекеттерге дайындығын қамтамасыз етеді. Бұл 
рефлекстер саны шектелмейді, әрдайым өзгеріп және тежеліп отырады. Егер 
жағдай өзгерген болса, организмге қажет емес рефлекстер жойылады
олардың орнына жаңа рефлекстер пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет