егу материалын дайындау. Өнеркәсіпте гентами-
циннің негізгі дақылы штамы ВНИИ-7 К болып табылады, оны
колбада агарлы Гаузе-1 ортада өсіріледі (
19-сурет ). Егу материалын дайындау гентамицинді алудағы биотехно-
логиялық үдірістердің ішіндегі жауапты операциялардың бірі. Егу
материалының молшері мен сапасына дақылдардың биореактор-
да дамуы, сондай-ақ гентамициннің биосинтезі жүзеге асады.
Екінші генерацияның вегетативтік егу материалын алу үшін
бірінші генерацияның вегетативтік егу материалын қолданады.
Ол төменгі талаптарға жауап беруі керек:
- биомассаның орташа қоюлығы сарғылттан ашық-қызыл
түсіндей болады, шайқаған кезде мицелий флакон қабырғаларьш
бүркемейді, түбіне шөкпейді және жойылмайды;
- болған препаратты микроскопиялық әдіс арқылы қарағанда
микроколониялар байқалады, гифтері үзын немесе орташа үзын-
дықта, толқынды, протоплазмасы базофилды болады;
• — басқа микрофлора болмайды.
Екінші генерацияның вегетативтік егу материалдарын өсіру
терең дақылдауға арналған егу биореакторлар да жүзеге асады.
Ол араластырғышпен, ауа бергіш барбатермен, қыздыру және
салқындату ортасымен жабдықталған. Егу ортасын БИОР-0,1 био-
реакторында жүзеге асырады.
Антибиотиктің өндірісінің келесі кезеңі -
гентамицин био синтезі. БИОР-0,25 қондырғыдағы гентамицин синтезі мерзімді
тереңінен дақылдау әдісімен болады. Егу материалын жалпы
көлемінің 5-10% мөлшерін қүрайтын ферментті ортаға енгізеді.
Дақылдау 6-7 тәулікке созылады. БИОР-0,25 биореактордағы про-
дуценттің дақылдану тәртібі мицелий даму процесінде өзгереді.
Биоректордағы аэрация тәртібінің өзгерісі сульфидтік мөлшері
бойынша қондырғының массалмасу сипаттамасының есебінен
жүргізіледі. Биосинтез үдерісіндегі қысым 0,05-0,2 кгс/см
3
шегінде
болады. Дақылдық сүйықтықтың көбіктенуі кезінде залалсызда-
нуы көбік өшіргішті қосады.