4. Тамақ жеу әдебі
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
зүһдке (дүниеге қызықпаушылық) толы өмір сүрген-
діктен, тапқанын ішіп-жейтін және көпшілікпен бірге
тамақтануға құмар еді. Тамақ келгенде жерге тізерлей
отырып, «бисмиллә» айтып жейтін.
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
31
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
«Мен құлмын, сондықтан құл секілді ішіп-жеймін» -
дейтін.
52
Тамақты ыстықтай жемейтін, ондай ыстық
тамақта береке болмайтынын айтып отыратын.
«Ыстық тамақта береке жоқ. Аллаһ Тағала бізге
от жегізбейді. Сондықтан тамақты суытып ішіңдер», -
дейтін.
53
Тамақты үш саусақпен, кейде төртінші саусағын да
пайдаланып, әрқашан өзінің алдынан жейтін. Екі
саусақпен де жеуді ұнататын, Тамақ кезінде, кейде
пышақты да қолданатын.
Бір күні Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу) Пай-
ғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «па-
лузе» деген тамақ әкелді. Пайғамбарымыз жеп болған
соң:
«Бұл қандай тамақ және қалай жасалады?» - деп
сұрайды. Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу):
«Ата-анам сенің жолыңда құрбан болсын, ей,
Расулұллаһ! Май мен балды табаға салып, отта ерітеміз.
Сосын бидай ұнын табаға саламыз. Бұдан кейін
қатайғанша араластырамыз. Сосын, міне, көріп отыр-
ғаныңыздай, халуа шығады», - деп жауап береді.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) :
«Шынымен, әдемі тамақ екен!» - дейді.
54
52. Ибн Сағд, Табақат, I-том, 371-372
53. Мұхаммед Ғазали, Ихияу улумуд-дин, Кайр, Иса әл-Бәби
әл-Халәби, II, 367; Бәйхақи уә Табәрани.
54. С.к., II, 368, Ибн Мәжә, Атимә, 46.
|