30
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
қолымен үсті-басын түзеп қоятын. Негізінде, Ол осы
үш түрде отыратын. Жерді тарылтып, біреуге қиындық
келтірмеу үшін көсіліп отырмайтын. Негізінде
құбылаға қарап отыратын. Жанына келіп отырған
қонақтарға арқасындағы тонын төсеп беретін. Кейде
қонақтарына өз көпшігін де беретін. Қолдарын артына
сүйеп, шалқайып отырмайтын, осылай отырмауларын
сахабаларына да ескертетін.
3. Жолда жүруі
Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жолда жүргенде жан-жағына қарамай, өрден түсіп
келе жатқандай жеңіл әрі шапшаң жүретін. Жүргенде
қадамын қысқа басатын, бірақ жылдам жүретін.
Жерді аяғының ұшымен емес толық басатын.
Қадамын нық басып, денесін мықты ұстайтын. Жүргенде
дене мүшелері тең қозғалатын. Жылдам жүретін.
Сондықтан жанында жүргендердің көбі қалып қоятын
немесе зорға ілесіп, қатар жүретін.
Жолда жан-жағына қарамай жүретін. Бір нәрсеге
немесе бір жаққа қарау керек болса, бүкіл денесімен
бұрылатын.
Достарыңызбен бөлісу: