Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет32/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

58



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Бұл хадис Пайғамбарымыздың (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) құлдығы мен ғибадатының Аллаһ-
тан қорыққанынан емес, Аллаһқа деген махаббаты 
және құлшылыққа деген құмарлығынан болғанын 
көрсетеді. Өйткені Ол үшін оқылған екі рәкағат на-
маздан алған ләззаты дүниедегі бар ләззаттардан 
артық еді. Құранның баяндауы бойынша имандылар 
үшін Аллаһқа деген махаббат барлық нәрседен жоғары, 
мәртебелі болады. 
«мүминдердің Аллаһты сүюі - 
барлық нәрседен мәртебелі».
102
4. Аллаһқа деген сенімі
Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) өмірбаяны оқылған кезде өмірінде ең зор 
пәлекеттер, көп қырсықтар, өте қиын жәбір-жапалар 
бола тұрса да Оның жүзінен үрей, қобалжу және 
үмітсіздік секілді құбылыстар байқалмайтыны көріледі. 
Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Меккеде жалғыз өзі, қамқорсыз өмір сүрген кезінде 
бірталай ауыр азаптар көрген-ді. Ұхұд және Хұнайн 
соғыстарында да ең қорқынышты қауіп-қатермен бетпе-
бет келген кезінде де сол баяғы қайратты күш-жігері 
мен мықты бекемділігін көрсеткен. Көкесі Әбу Талиб 
бұл даудан бас тартуын айтқан кезінде:
«Көке, «жалғыз калдың» - деп ойлама. Хақ жалғыз 
қалмайды. Күндердің күнінде Арабтар да, басқалар да 
қабылдайды»
103
 - деген.
102. Бақара сүресі, 165-аят.
103. Асры сағадат II, 53.


"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
59



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Бір күні асхабтарының біріне: «Ант етемін, бұл дін-
нің кемелденер күні өте жақын. Сол кезде жүректер-
де Аллаһ қорқынышынан басқа ешқандай қорқыныш 
қалмайды», - дейді.
104
Хижрет (көш) кезінде Құрайштықтар Оны өлтіруге 
бел байлаған еді. Үйі қоршауға алынған Расулұллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аяғының ұшымен басып 
жүріп, Әлиді (радиаллаһу анһу) орнына қалдырып, оған 
түнді осы төсекте жатып өткізуін өтінген еді.
Сол түні осы төсекте жатқан кісі өлтірілуі т и і с еді. 
Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) бұл өтінішті аса 
ыждахаттылықпен орындап жатқан еді. Ал, Расулұллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болса төсегін қалаған 
уақытында раушан бағына айналдыруға күші жететін 
Аллаһ Тағалаға сеніп, артына қайырылып қарамастан, 
үйден жасырын шығып, ұзап бара жатқан еді.
Үйін дұшпандар тарапынан қоршап алған Расулұллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Раббының әміріне 
бас иіп және оған сеніп, өзінің Хақ Пайғамбар екенін 
бекіткен Ясин сүресінің алғашқы аяттарын оқып, 
үйінен шығып кеткен еді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Нәжид соғысынан қайтып келе жатқанда асхабы-
мен бірге бір ағаштың көлеңкесінде тынығып жатып 
шаршағандықтан ұйықтап кетеді. Пайғамбарымыздың 
қылышы ағаштың үстінде ілулі тұр еді, осы кезде сол 
жерден өтіп бара жатқан бір бәдәуи осы жағдайды 
104. с.к. II, 54 (Бұхаридан)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет