Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған


Хақ пен Әділет Жолындағы табандылығы



Pdf көрінісі
бет43/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

3. Хақ пен Әділет Жолындағы табандылығы 
(қайсарлығы)
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
туылғаннан ерекше ұлы адам болып жаратылған. Бала 
кезінен аталары табынған пұттарға табынбаған және 
пұттарды жек көрген. Жас кезінде жақсы қасиеттері мен 
мұндалап тұрғандығы соншалық, Құрайыш тайпасының ең 
бай әйелі оған өзінің махаббатын ұсынған еді.
Оның керемет қасиеттерінің ең қымбаты мен өмір 
ағысында ұстанған негізгі қағида Хақ болған жолда 
жүруі және табандылығы еді. Өзін қорғап қалғаны үшін 
Құрайыш тарапынан өлтірілуімен қорқытылған неме-
ре ағасы Әбу Талибтің «алған бетіңнен қайт» деп 
табандылықпен жасаған ұсынысына Аллаһтың Елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) берген жауабы көзінен 
жас төге тұрып «Жоқ» деп айтып мүлде қабылдамайтын 
еді. Айналасы құйын-дауылға толы Аллаһ Расулі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хақ махаббатының 
және иман қайсарлығының үлгісі ретінде барлық 
қиын жағдайларға сабырмен қараған.
Бір жолы Қағбаның жанында Утбә бин Рабия Оны-
мен өз қауымы атынан былай деп тұр еді:
«Ей, бауырымның ұлы! Сен арамызда тайпаңның 
молдығымен әрі тегіңнің ұлылығымен таңдаулы 
тұлғасың. Қауымыңды тығырыққа тіреме! Олардың 
араларын алшақтаттың. Пұттарымызға қарсы соғыс 
жарияладың. Аталарымыздың діндеріне қарсы шықтың. 
Енді мені тыңда! Саған біраз нәрселер айтамын
мүмкін кейбіреулерін қабылдарсың?»


80



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Расулұллаһ (саллаллаһу алейһи уәсалләм) «Айта 
бер, ей, Әбу Уәлид!» - дейді. Утбә:
«Әкелген дініңнің арқасында дүние жинауды 
көздеген болсаң, сені дүние-мүлкімізбен байытайық. 
Егер абырой мен атақ, құрмет қаласаң, сені төбемізге 
кетеріп, хан сайлайық. Егер саған келген пәле-жала 
құтыла алмайтын сиқыр болса, сені айыққанша 
емдетейік», - деді.
Утбә сөзін бітіргенде, жауап ретінде Расулұллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Фуссилат сүресінің 
алғашқы аяттарын оқыды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет