8
Сонымен, монолиттік ядро – бұл ОЖ-нің, барлық компоненнтері бір программаның құрамды
бөлігі болатын, деректердің жалпы құрылымын пайдаланатын және бір-бірімен тікелей шақыру
процедурасы арқылы байланысатын схемасы. Монолиттік ОЖ-лер үшін ядро бүкіл жүйемен түйіседі.
Көптеген монолиттік ядроы бар ОЖ-лерде, ядроны
жинау яғни оны компиляциялау, ОЖ
орындалатын әр компьютерде жеке орындалады. Бұл жағдайда қолдауы ядроға кіретін құрал-
жабдықтар тізімін және программалар хаттамаларының тізімін таңдауға болады. Ядро бірыңғай
программа болғандықтан, қайта компиляциялау – оған жаңа
компоненттер қосу немесе
пайдаланбағандарды шығару – бұл жалғыз әдіс. Ядрода артық компоненттерінің болмағанының дұрыс
екенін атап өту керек, сонымен ядро барлық уақытта толығымен оперативті жадыда орналасады.
Сонымен қатар, керек емес компоненттерді шығарып тастау, ОЖ-нің сенімділігін толығымен
арттырады.
Монолиттік ядро – ОЖ-ні ұйымдастырудың ең көне түрі. UNIX жүйесінің
көпшілігі
монолиттік ядросы бар жүйенің мысалы бола алады.
Монолиттік жүйенің өзінде кейбір құрылымдарды ерекшелеуге болады. Ірі бетон бастан, ұсақ
тастардың дағын айыруға болатын сияқты, монолиттік ядрода жүйелік шақыруға сәйкес келетін
сервистік процедуралардың дақтары ерекшеленеді. Сервистік процедуралар жеңілдікпен пайдалану
режимінде, ал қолданушылар программалары – жеңілдіксіз жұмыс істейді. Жеңілдікпен пайдаланудың
бір деңгейінің екіншісіне өту үшін, қандай жүйелік шақырыс жасалды, осы шақырыстар үшін енгізу
деректерінің түзетілуі және басқаруды беретін сәйкес сервистік процедуралар жеңілдікпен пайдалану
режиміне
көшкенде, кейде бас сервистік прогамманың қолданылуы мүмкін. Кейбір, сол сияқты
сервистік процедуралардың орындалуына көмектесетін программалық утилиттер жиындары
ерекшеленеді.
ОЖ-нің көпқабатты архитектурасы. Құрылымдауды жалғастыра, бүкіл есептеу жүйесін
өзара жақсы анықталған байланыстары (көпдеңгейлік жүйелер (Layered systems)) бар,
N деңгейдегі
объект, N-1 деңгейдегі объектерді ғана шақыра алатын майда деңгейлерге бөлуге болады.
Әдетте, мұндай жүйелердің төменгі деңгейлері – hardware, жоғарғы деңгейлері –
қолданушылар интерфейсі. Неғұрлым деңгей төмен болған сайын, соғұрлым жеңілдікпен
пайдаланушы командаларды және әрекеттерді сол деңгейдегі модуль орындауы мүмкін.
Ең алғаш
мұндай әдістеме THE (Technishe Hogeschool Eindhoven) Дейкстрой (Dijkstra) жүйесін құрған кезде
және 1968 жылы ол студенттермен пайдаланылды. Бұл жүйенің келесі деңгейлері болды:
- қолданушы интерфейсі;
- енгізу-шығаруды басқару;
- оператордың және консольдің байланыс құрылғысының драйвері;
- жадыны басқару;
- есептерді және процесстерді жобалау;
- hardware;
Қабаттасқан жүйелер жақсы іске асады (орындалады). Төменгі
қабаттағы операцияларды
пайдаланған кезде, олардың қалай іске асқанын білудің қажеті жоқ, тек олардың не істейтінін түсіну
керек. Қабаттасқан жүйелер жақсы тестіленеді. Жөндеу (отладка) төменгі қабаттан басталады және әр
қабаттан өткізіледі. Қате пайда болған кезде біз оның тестілеу қабатында екеніне сенімді болуымыз
керек. Қабатталған жүйелер жақсы модификацияланады. Қажет болған кезде, басқасына тиіспей, тек
бір қабатты ғана ауыстыруға болады. Бірақ қатталған жүйелерді дамыту үшін күрделі: қабаттардың
ретін дұрыс және ненің қай қабатқа жататынын анықтау қиын. Қабатталған жүйелердің монолиттік
жүйелерге қарағанда тиімділігі аз (тиімсіз).
Мысалы, енгізу-шығару операцияларын орындау үшін
қолданушының программасына
тізбектің барлық қабатын жоғарыдан төменге дейін өтуге тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: