Салбырова макпал токтарбеккызы


Бірінші тарау бойынша тұжырым



Pdf көрінісі
бет25/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
Байланысты:
DISSER

 
Бірінші тарау бойынша тұжырым 
Зерттеу барысында жиналған деректер мен мектептерде жүргізген 
эксперименттерге жасалған талдаулар жаңа ақпараттық технологияларды оқу 
үрдісінде кеңінен қолдану дәстүрлі оқыту жүйесіне жаңа түбегейлі ӛзгертуге 
мүмкіндік беретін заман талабына сай білім беру мазмұнына мүлдем жаңа 
құрамдас бӛліктер (компоненттер) енгізуде. Бүгінгі таңда ӛзінің 
педагогикалық қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
кеңінен қолдануға тырысқан мұғалімдер үшін әліде болса шешуді қажет 
ететін тӛменде кӛрсетілген түйінді мәселелер кездесуде деген қорытындыға 
келдік:
- біріншіден, пән мұғалімдерінің кӛпшілігі ақпараттану қажетті 
мӛлшерде саласынан дайындық болмағандықтан әліде болса компьютерді 
жетік меңгермеген және компьютерлік техникалардың мүмкіндіктерін толық 


41 
білмейтіндіктен 
оған 
сенімсіздікпен 
қарайды 
немесе 
мектептегі 
компьютерлік базадағы деректерді ӛте сирек қолданады, кейбіреулері тіпті 
мүлдем пайдаланбайды; 
- екіншіден, компьютермен толық жабдықталған мектеп сыныптары аз 
сонымен қатар, электронды есептеу техникаларына материалдық жауапты 
болғандықтан әрі тез сынатындықтан ақпараттану пәнінің мұғалімі басқа 
мұғалімдерді құлықсыз кіргізеді; 
- үшіншіден, бағдарламалық ӛнімдер аз немесе жеткілікті болғанымен 
оқу жоспарының қажеттілігіне сәйкес келмеуі. 
Осы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасы ұлттық 
ақпараттандыру орталығы жалпыға бірдей білім беретін орта мектептерінде 
оқытылатын география курстарына қажетті мультимедиа оқулықтарын
жасады. Аталған бағдарламалық ӛнімдер компьютерлік бағдарламаларына 
қойылатын тӛменде кӛрсетілген барлық талаптарды ескере отырып 
құрылған:
1. бағдарламалық ӛнімдер барлық оқу-танымдық жұмыстар ӛзара 
байланысқан, әрі бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс. Ұсынылған 
бағдарламаларда барлық курстар бӛлімдерге, әр бӛлім ӛз кезегінде
тақырыптарға жіктеліп, олардың мазмұнына сәйкес келетін интербелсенді 
карталармен, сарамандық жұмыстарға арналған білім алушылардың білімі 
мен іскерлік дағдыларын бекітіуді, бағалауды кӛздейтін тапсырмалар жүйесі 
мен тестер берілген. Қарастырылған бағдарламалық ӛнімдерде, мультимедиа
бейне материалдар, түсініктер аппаратын қамтамасыз етуді кӛздейтін барлық 
бӛлімдер 
мен 
тақырыптар 
бойынша 
анықтамалық 
материалдар, 
географиялық сӛдіктерде қамтылған.
2. Бағдарламалық ӛнімнің құрамына әр бір тараулар бойынша білім 
алушылар орындайтын жұмысының дұрыстығын сараптайтын, бағалайтын 
құралдар енгізілген. Бұл бағдарламада әр тақырыптың теориялық блогы 
гипермәтінді талдағаннан кейін 20 тапсырмадан тұратын қорытынды тестер 
берілген. Әр бір жұмыс орындалып болғансоң бес балдық жүйемен 
бағаланады.
3. Мұғалім компьютерлік бағдарламаны ӛздік жұмыстар жүргізу және 
білім алушылардың ӛз бетімен білімдерін тереңдететін оқыту құралы ретінде
жеке және топпен оқыту, жекелеген тақырып бойынша іскерлік-дағдыларды 
қалыптастыру үшін қолдана алады. Электронды оқулықтарды мұғалім сабақ 
барысында, сонымен қатар, оқушылар сабақтан тыс уақытта кеңес алу 
мақсатында пайдалана алады.
4. Бағдарлама басқаруға қолайлы қарапайым, ақпараттану саласы 
бойынша маман емес тұлғалар үшін қолжетімді болуы тиіс. Білім 
алушылардың негізгі күш-жігерлерін компьютердің клавиатураны қолданып 
орындауды емес, оқу мазмұнына меңгертуге бағыттау қажет.
Қазақстан Респрубликасының білім және ғылым министрлігі 
дайындаған электронды оқулықтарға жасалған талдаулар ннәтижесі 
ұсынылатын бағдарлама педагогтар мен білім алушылардың оқу үрдісі 


42 
барысында сабақтың жұмыс уақытын біршама тиімді пайдаланып үнемдеуге, 
ӛз беттерімен білімдерін тереңдетіп, бағалауға, іскерлік-дағдыларын
қалыптастыруға және ой ӛрістерін кеңейтуге мүмкіндік береді деген 
қорытынды шығаруға болады.
«Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану-
дың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бӛлімде: 
- ғылыми еңбектер мен мемлекеттік бағдарламаларға талдау негізінде 
«Ақпарат», «Акпараттық-коммуникациялық технологиялар» ұғымдарының 
мән-мағынасы 
түсіндіріліп, 
білім 
берудегі 
қазіргі 
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың функциялары анықталды. Сондай – ақ, 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жалпы орта білім беру 
саласында қолдану жағдайын анықтай отырып, мәселелері талданды. 
- ғылыми-теориялық талдау негізінде, білім алушылардың географиялық 
білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
пайдаланудың әдістемелік жүйесі ұсынылды. 
География пәнін оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
пайдалану 
тұлғалық-іс-әрекеттік 
әдіс-тәсілдерге 
негізделген құзыреттерді және олардың теориялық, практикалық және 
аксиологиялық компоненттерін, оларды қалыптастыру деңгейлері мен 
ӛлшемдерін анықтауды қамтиды. Сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану технологиясы «оқытушы-білім алушы» жүйесінің 
ӛзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді және ол оқу іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру, оқыту құралдарын іске қосу, сәйкес біліктердің қалыптасуын 
тексеру, қажетіне қарай түзету енгізу кезеңдерінен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет