Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет23/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
Байланысты:
DISSER

білім алушыларға қолжетімді және қолдануы басқа оқыту құралдарына 
қарағанда біршама тиімді болуы тиіс. Жоғарыда аталған жағдайлардың 
барлығы 
география 
сабақтарында 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолданғанда қажет. Ал оларды ескермеген жағдайда 
ақпараттық-коммуникациялық қолдану тиімділігі біршама тӛмендейді.
Дидактикалық кӛзқарас тұрғысынан алғанда жағдайлармен олардың 
ӛзара қарым-қатынасын ескеру компьютерлік технологияның құрамдас 
бӛліктерін құру қажет. 
Қазақстан 
мен 
шетелдерде 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды пайдалануға байланысты ұзақ жылдар ішінде мол іс-
тәжірибе жинақталғанына қарамастан кӛптеген педагогтар компьютерлік 
құралдарды пайдалану мүмкіндігіне абайлап қарайды. Бұған дәстүрлі оқыту 
әдістерімен қатар компьютерлік технологиялар мен мультимедиа 
құралдарды пайдалану мүмкіндігі зор география пәнін оқытуды да жатқызуға 
болады. Білім алушылардың танымдық белсенділіктерін арттыратын 
кӛпшілікке қолжетімді MS Office, MS Word мәтіндік редакторын, Ms Power 
Point, MS Explorer, MS Outlook, MS Photoshop, Drimweaver, Intel тағыда басқа 
бағдарламаларды жатқызуға болады. География пәнінің мұғалімдері үшін 
геоақпаратық жүйелерді географияны оқытуға енгізуге және динамикалық 
картографиялық бейнелерді құруға мүмкіндік беретін MS Map Point 
бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор.
Оқытудың дәстүрлі үлгісіне компьютерді енгізу оның тұтастығына, 
құндылығына, технологиялық үрдісі мен нәтижесіне ешқандай салмақ 
түсірмейді. Бұл тұрғыдан алғанда компьютерлік және басқа оқытудың 
педагогикалық технологияларына жасалған салыстырмалы талдаулар 
олардың оқу үрдісі шегінде бір-бірімен үйлеседі және бірін-бірі алмастыра 
алады деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Компьютерлік 
технологиялар әмбебап сипатта болатындықтан басқа технологиялармен 
үйлесуі тиіс. Ӛйткені компьютер ӛзінің арнайы қызметімен қатар педагогтың 
(бақылау немесе кеңес беру) немесе білім алушының қызметтерін атқарады. 
Компьютерді пайдаланудың арнайы қызметіне оның интербелсенді 
режимде үлгілеу мен конструкциялауды басқара алатын бірегей 
мүмкіндіктерімен қатар тӛменде кӛрсетілген қызыметтерін жатқызуға 
болады:


38 
а) 
компьютер 
тапсырманы 
қайталап 
орындауға 
мүмкіндік 
бермейтіндіктен білім алушылардың оларды тыңғылықты әрі нақты біршама 
жауапты орындауына мәжбірлейтін тәртіптік қызметі;
ә) сыныптағы әр бір білім алушының жеке жұмыс істеуін қамтамасыз 
ететін жеке жұмыс істеу қызыметі; 
б) оқу үрдісінің барысында оқушылардың оқудағы жетістіктері туралы 
ақпараттар жиі түсетіндіктен білім алушылардың оқуға деген жағымды 
уәждерін қамтамасыз етіп, білімді біршама терең мегертуге мүмкіндік 
беретін қажеттілік қызметі;
в) білім алушылардың аралық іс-әрекеттерін бағалап келесі 
қадамдарын 
таңдау 
жағдайын 
түсіндіру 
арқылы 
оқытылатын 
материалдардың ерекшеліктеріне икемдейтін бейімдеу қызметі
г) білім алушылардың іс-әрекетін қажетті арнаға бағдарлап оқыту 
әрекетінің ырғағын тұйықтайтын білімді қалыптастыруды басқару қызметі
д) компьютерлендіру білім алушының іс-әрекеттерін бағалау арқылы 
қарастыратын ережелер мен мәселелердің мәнін ашуға, түсініктерді 
қалыптастырып, дұрыс ой қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін 
компьютердің бағдарлаушы қызметі ӛйткені берілетін бағыт-бағдар 
қарастыратын мәселелерді ой елегінен ӛткізіп дұрыс пайымдауға, олардың
түйінін шешуге, сонымен қатар, оның мазмұнын есте сақтауға жол ашады.
е) білім алушылардың қызығушылығын арттырып ынталандыратын ӛз 
іс-әрекетін ойланып белгіленген жоспар бойынша жүзеге асыруға 
итермелейтін жедел кері байланыстың болуын қамтамасыз ететін белсенділік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет