Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
DISSER

қызметі;  
ж) қарастырылатын әр бір мәселе мен тапсырманы кезең-кезеңге бӛліп 
шешуді кӛздейтін бекіту қызметі;
з) білім алушылар мен мұғалімдер арасында кездесетін психологиялық 
кедергілерді жеңіп, оқу үрдісінде білім алушылар ӛздері істейтін жұмысты 
тұрақты түрде білуін, ал педагог оқу материалдарының қалай меңгерілгенін 
бақылауын қамтамасыз ететін рухани-ізгілік қызметі;
и) дәлелді және жеткілікті кӛлемдегі ақпараттар ұсыну арқылы 
оқушылардың білімі мен іскерлік-дағдыларын біршама нақты бағалауға 
жағдай тудыратын объективті қызметі [115].
Кӛптеген шетелдік мамандардың (С. Пейперт, Б. Хантер, Дж. Нокс,
Т.М. Ньюсем тағыда басқалар) зерттеулері білім алушылардың іс-әрекетінде 
компьютерді 
пайдаланудың 
психологиялық-педагогикалық 
астарына 
арналған. Олардың еңбектерінде компьютер балалардың танымдық әрекетін 
дамытуға, дүние танымы мен қарапайым арифметикалық түсініктерді 
қалыптастыруға тигізетін әсері, ақыл-ой әрекеті тұрғысынан алғанда 
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау, есте сақтау тереңдігі, ӛзінің 
конструктивті 
іс-әрекетінде 
есептер 
шығару 
сияқты 
мәселелер 
қарастырылған [116], [117], [118], [119]. 


39 
Отандық және шетелдік әдебиеттерде әлеуметтік және когнитивтік 
дамуға 
компьютерлердің 
тигізетін 
кері 
әсерінің 
педагогикалық-
психологиялық және физиологиялық-гигиеналық астардары қарастырылған. 
Бірінші 
астарына бағдарламалық қамтамасыз ету мен білім 
алушылардың оқыту үрдісі барысында пайдалану әдістері жатады. 
Екіншісіне пайдаланылатын техникалық құрал компьютердің жүйелік блогы 
тағыда басқа құрамдас бӛліктері жатады. 
Ӛз зерттеуімізде біз білім алушылардың ерекшеліктерін, компьютерді 
оқу үрдісіне енгізудің негізгі бағыттарын оқып үйренумен қатар география 
пәнін оқытуға мүмкіндік беретін бүгінгі таңда кең тараған бағдарламалық-
әдістемелік кешендер мен компьютерлік бағдарламаларға сипаттама беріп, 
бір-бірімен салыстыруға тырыстық.
Білім алушылардың ақыл-ойы мен басқа бағыттағы дамуына негіз 
болатын басты ерекшеліктерінің бірі ӛзінің сыртқы әрекетінде біршама 
күрделі құрылымдарды құру (саналы немесе интуитивті түрде) қабілетінің 
және оны жасауға ұмтылдыратын ішкі іс-әрекеті мен мінез-құлқының болуы. 
Аталған қабілеттің дамуы білім алушының психикалық белсенділігін, 
сонымен қатар, ӛзін қоршаған әлеммен ӛзара қарым-қатынасының кеңдігі 
мен тереңдігін айқындайды. Ол әмбебап болғандықтан кез-келген күрделі 
немесе онша күрделі емес тапсырмаларды орындау мақсатына сәйкес ретін, 
бірізділігін, сатылылығын оқып-үйренетін құбылыстың динамикасы мен 
олардың ӛзгеру жағдайын анықтауды талап етеді.
Компьютермен жұмыс істеу барысында барлық интелектуалдық 
міндеттерді түсініп, оны баланың қабылдауын және ақыл-ой әрекетінің 
дамуына қажетті жағдай тудырады. Жоғарыда аталған ойлау қабілеті 
қамтамасыз етеді. Оның ерекше маңызы білім алушының ӛз алдына қойған 
мақсатына қол жеткізудің бағытын айқындауға мүмкіндік беретін 
түсініктерді қалыптастыру болып табылады. Егер балада ӛз алдына қойған 
шешуге тиісті қандайда бір есеп туралы нақты түсінігі болмаса, ойлау 
үрдісінің дамымауы мүмкін немесе қазіргі жағдайға қажет емес мүлдем басқа 
бағытқа бағытталуы мүмкін. Есепті шығару реті мен оның соңғы нәтижесі 
туралы нақты түсінігі болғанда білім алушының есепті шығару жағдайын 
дұрыс талдауға мүмкіндік туады. Іс-әрекет нәтижелерінің дұрыстығын 
немесе қателігін бағалау соңғы нәтижелерді бір-бірімен салыстыру арқылы 
жүргізіледі.
Мысалы, «Вундеркинд+» сияқты бір қатар бағдарламалар білім 
алушылардың алдына ӛз бетімен мақсат қойып оны шешіп, соңғы нәтижеге 
қол жеткізуді кӛздейді. Білім алушылар негізгі және қосалқы іс-әрекетінің 
мақсатын есептеп, олардың арасындағы байланысты, сонымен қатар, есепті 
шешу жағдайын анықтаған жағдайда ғана алгоритмдік ойлау мәдениетін 
қалыптастыру жұмыстары жүргізіле бастайды. Бұл үрдісте білім алушыларда 
ең маңызды шығармашылық эксперименттеу іс-әрекеті қалыптасады. 
Мұндай эксперименттерді жүргізу барысында білім алушылар жаңа 
нысандарды құрушылар қызметін атқарады. Олар ӛз алдарына біршама 


40 
күрделі жаңа мақсат қойып, оны шешуді жүзеге асыуға тырысады. Бұл 
үрдісте бір-біріне бағынатын негізгі және қосалқы мақсатының болуымен 
сипатталатын іс-әрекеттің біршама күрделі құрылымдары қалыптасады.
Білім алушылардың психологиялық ӛзгерістің пайда болуы дамудың бұл 
кезеңінде білім алушы даму мүмкіндігі жоғары болатынын кӛрсетеді. Осы 
кезең шегінде білім алушы бізді қоршаған әлем мен ӛзін-ӛзі танып білуге 
әрекеттену арқылы белсенді субъект ретінде жаңа сапалық деңгейдегі 
әлеуетін кӛрсетіп, дүниені тану әрекеті барысында ӛз тәжірибесін 
жинақтайды. Бұл жағдайда жеке компьютер жоғарыда аталған іскерлік-
дағдыларды қалыптастыратын құрал қызметін атқарады.
Компьютердің кӛмегімен шешілетін есептер мен тапсырмаларды 
тӛменде кӛрсетілген топтарға бӛлуге болады: 
- соңғы нәтижеге әсер ететін есептеу жағдайы мен жауаптары бастапқы 
деректермен тығыз байланысы шығаратын есептер мен тапсырмалар
- «табу», «анықтау, бар немесе жоқ» сияқты тағыда басқа іздену 
сипатындағы есептер мен тапсырмалар;
- айқындалған нақты қағидаға сәйкес бастапқы ақпараттарға талдау 
жасауға негізделген танымдық сипаттағы есептер мен тапсырмалар;
- бастапқы ақпататтарды талдаудың алдын-ала құрылған жоспары жоқ
дәлелдеуді, жобалауды, үлгілеуді талап ететін «шығармашылық сипаттағы
танымдық есептер мен тапсырмалар»; 
- дәл және дәл емес алгоритмге негізделіп нақты емес ақпараттарды 
ӛңдеуді талап ететін есептер мен тапсырмалар
Мектеп тәжірибесі кӛрсеткендей мұғалімдер кӛп уақытын ӛзі оқытатын 
пәннің мазмұнындағы ақпараттарды беруге жұмсап, білім алушылардың 
ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін меңгерту бағытында ӛте аз жұмыс істейтінін
кӛрсетті. Бұл тұрғыдан қарағанда есінде кӛп ақпарат сақтағанымен оларды 
талдап ой қорытындыларын шығаруға негіз болатын іскерлік-дағдыларды 
қалыптастыру мәселелеріне аз назар аудару білім алушылардың танымдық 
белсенділіктерін арттыруды тежейді деген қорытынды шығаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет