6
жүрген Қыр баласы – елағасы өзінің дарынды саяси шәкірті әрі
ізбасары – Мұстафа Шоқаймен бірге немесе оның ізінше неге
шекара асып кетпеді? Әзірше тарихи құжат түрінде негіздемесі
жоқ бір мәліметке сәйкес, 1919 жылдың соңы мен 1920 жылдың
басына дейін Алашорда төрағасы жақын үзеңгілестерімен
Қытайға өтіп, біраз уақыт Шәуешек маңында жасырынып
жүргенге де ұқсайды. Сібір мен Қазақстанда совет өкіметінен
ойсырай жеңілген ақтар қозғалысы көсемдерінің дені, оның
ішінде әсіресе Орынбор және Сібір казак әскерлерінің атаман-
дары А. Дутов, Б. Анненковтың
өз әскерлерімен Қытай асып
кеткендерін ұмытпасақ, олармен антибәлшебектік одақ құрып
Қызыл әскерге қарсы соғысқан Алашорда көсемдерінің де, оның
ішінде совет өкіметінің 1919–1922 жылдардағы құжаттарында
жазылғандай, «Шығыс Алашорданы бастаған Бөкейханов тобы»
[№ 8-суретті қараңыз]
1
Шәуешекті немесе Шығыс Түркістанның
өзге бір қаласын паналауы шындыққа әбден-ақ жанасар еді.
Бұл топқа Ә. Бөкейханның өзі, Р. Мәрсекұлы, Х. Ғаббасұлы,
М. Дулатұлы және басқалар жататын.
Бірақ
тарихтан белгілі, не Алаш көсемі, не үзеңгілестері
Қытай аспай, жаңа өкімет өздеріне рақымшылық жариялаған
соң, елге оралды. Неге шетелге кетпеді? – деген заңды сұрақ
сол кезде-ақ күн тәртібіне шығып, оған тиянақты жауап
іздеген адам да аз болмаған көрінеді. Солардың бірі – Алаш
қайраткері, ғалым, жазушы,
драматург, журналист Қошке
(Қошмұхамед) Кемеңгерұлы 1924 жылы Мәскеуде басылып
шыққан «Қазақ тарихы» атты очеркінде мынадай жауап жа-
зыпты: «басқа жұрттардың басшылары тырым-тырақай болып
шет патшалықтарға шығып кеткенінде, Әлиханның қоныс ау-
дармай қалуы да – елін сүйгендікке дәлел».
2
Ә. Бөкейханның 1917 жылғы төңкеріске дейінгі де қиян-
кескі күрес жолында алдынан
қашу-қашпау мәселесі
көлденең шыққан тағы бір маңызды сәті болған-ды. Бұл сәт
Қ. Кемеңгерұлының пікірін толық растайды. Атап айтқанда,
1
ГА РФ (бұрынғы ЦГАОР): 1235 қор, 36 тізбек, № 26 іс, 1 парақ.
2
Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы. //Алматы: Қазақстан. 1996 ж.
Құрастырған және алғы сөзін жазған Д. Қамзабекұлы. 67 б.
7
І Мемлекеттік Думаға сайлану науқанын жүргізу үшін Семей-
ге келе жатып, 1906 жылдың 8 қаңтарында Кереку [Павлодар]
түбіндегі Тұзқала кентіне [Ямышевский поселкасы] аялдаған
сәтінде Ә. Бөкейхан тұтқындалып, ешбір тергеусіз-сотсыз 4
ай
Павлодар, Омбы түрмесінде отырады. Тұзқалада ұсталған
кезінде Семейден Тұрағұл Абайұлы, Кәкітай Ысқақұлы
Құнанбай бастаған достары бір топ, Тұзқаладағы қазақ доста-
ры екінші топ болып оны қашырмақ болған. Бірақ достарының
екі тобын да таңырқатып Әлекең қашудан бас тартқан. Бұл
жолы да Алаш көсемі елінің амандығы үшін жанын да, өмірін
де құрбан етуге қашан да әзір екенін байқатса керек. Бұл сәтті
Әлихан 1915 жылы Кәкітайға арнаған мұнақып-мақаласында
былай деп еске алды:
«
Януар басында 1906-ыншы жылы Керекуден Семей-
Достарыңызбен бөлісу: