Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


сотында жұмыс істеді де, біз Комиссарская көшесіндегі



Pdf көрінісі
бет6/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

сотында жұмыс істеді де, біз Комиссарская көшесіндегі 
Әнияр Молдабаевтың екі қабатты жекеменшік үйінде 
тұрдық (кейін Абай музейі болды). Үстіңгі қабатында біз – 
Дулатовтар, біріншісінде Әлихан атекемнің (Бөкейханов) 
үй-іші жайғасқан еді... Әкем мен Әлихан Бөкейханов 
атекемді совет өкіметі Семей түрмесіне қамайтын кезі – 
сол 1922 жыл»,
7
– деп жазды. Екіншісі – 1920–30-жылдары Со-
вет өкіметі Қазақстанда, оның ішінде әсіресе Семей өңірінде 
қыл үстінде тұрды. «Қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен» 
үстемдік орнатқан совет өкіметінің бұқара халықпен байланы-
сы, ықпал-беделі жоқтың қасында болды. Оған көз жеткізу үшін 
Т. Рысқұлұлы мен С. Қожанұлының И. Сталинге жолдаған 
жеделхатына қайта оралып, оның мына жолдарын зер салып 
оқып қарайық: «Принимая во внимание... слабую связ[ь] 
Соввласти [с] массой коренного населения Киргизии[,] ат-
мосферу[,] создавшуюся [в] результате работ последнего 
съезда Советов Киргизии[,] [а] также учитывая возмож-
ность неблагоприятного отражения этого сообщения [в] 
массах кирнаселения, считаем необходимым просит[ь] Вас 
вмешаться [в] это дело и [в] случае отсутствия основания[,] 
предложит[ь] немедленно освободит[ь] Букейханова из 
под ареста».
Үшіншіден, Алаш көсемінің сонау 1905–1907 жылдарғы 
төңкеріс кезінен келе жатқан сенімді үзеңгілесінің бірі, жоғары 
білімді заңгер, адвокат, публицист әрі Алашорданың көрнекті 
қайраткері Р. Мәрсекұлы 1922 жылы Қытай асып кеткенде,
Ә. Бөкейхан осы үзеңгілесімен бірге не оның ізімен шекара 
аспақ болса, оған кім бөгет қоя алар еді!?
Р. Мәрсекұлы ұлт көсемімен ақылдасып-кеңесіп, ақыр 
аяғында Парижде жүрген қандас-әріптесі М. Шоқайға 

Бөкейхан С. Әлекеңнің өмірі. //«Жұлдыз», журн., № 3, 1996 г, 102 – 
125 стр.

Дулатова Г. «Әкемді ГПУ әкеткенде он екіде едім...». Ақжол, 2000, 
№ 6. 19. Движение Алаш. Апрель 1920–1928 гг. Алматы: «Ел-шежіре», 2007. 
Т. 3. Кн. 1. cтр.131.


12
қосылып, Кіндік Азия мен Қазақстанды етігімен таптаған со-
вет диктатурасына қарсы күш біріктіру мақсатымен Қытай 
асты ма әлде өз ойы мен кетті ме? Ол әзірше жұмбақ. Зерттеуші 
Н. Дулатбековтің «Абай.кз» сайтында жарияланған зерт-
теу мақаласында сілтеп көрсеткен бір мәліметі расталса
Р. Мәрсекұлы Қытайда жұмбақ жағдайда қайтыс болыпты. 
Ол совет чекистерінің құрбаны болды ма әлде басқа ма, ол әлі 
анықтала жатар деген үміт жоқ емес.
Ал Алаш көсеміне оралсақ, Қазобком хатшысы 
Коростылевтің «Бөкейханов Түркістанға қашпақ ниеті болды» 
дегені оған нақақтан-нақақ жапқан жаласы болып шығады. 
Ал егер, біріншіден, Әлекеңнің өзі 1906 жылдағыдай «керегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет