Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


лях изоляции Букейханова, как непримиримого врага Со-



Pdf көрінісі
бет8/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

лях изоляции Букейханова, как непримиримого врага Со-
ветской власти, от казахских работников, оказывающего 
сильное влияние на них, в 1922 году он выслан в Москву». 
Күштеп дегенде Ә. Бөкейхан 1906 жылы Тұзқалада [Ямышев-
ский поселкасы, Павлодар] ұсталған кездегі «керегі мен бол-
сам, мен қашпаймын» деген сөзін қайталағандай болып, совет 
өкіметінің бұл күштеуіне де көнгендей болды.
АЛАШ КӨСЕМІН МӘСКЕУДЕ КОММУНАЛДЫҚ ПӘТЕР 
МЕН ӘДЕБИ ҚЫЗМЕТ ТОСЫП АЛДЫ
Қыр баласын – елағасын қазағы, татары, орысы аралас 
Қарқаралы жұртшылығы, арасында өзінің жақындары да 
бар, жылап-еңіреп шығарып салды. Бұл шамамен 1922 жылы 
қарашаның соңы мен желтоқсанның басы болатын. Мәскеуге 
қолын кісендеп, жанына күзет қосып 1922 жылы желтоқсанның 
бірінші жартысында жеткізді. Мәскеуге жетісімен ұлттардың 


15
істері бойынша халық комиссары И. Сталиннің Кремльдегі 
кабинетінен бір-ақ шықты. Одан бір ай бұрын не үшін және 
кімнің нұсқауымен тұтқындалғанын, өзін Мәскеуге кісендеп 
жеткізуге кімнің бұйрық бергенін Алаш көсемі әлдеқашан 
іштей сезген-ді. Сталинмен арадағы әңгіме оның бар сезігін 
біржола сейілтеді. Әңгіме ұзаққа созылған. Алаш көсемінің 
өз сөзіне қарағанда, ол үйреншікті әдетіне салып ойын бетіне 
тіке айтпай, әдептілік сақтап, әзіл-шыны аралас, мақал-
мәтелдетіп сөйлейді. Өйткені И. Сталиннің ойында не барын 
болжап болмайды. Бір кезде күткендегідей: «Сіздің жақтағы 
коммунистердің жайы қалай?» – деген астарлы сұрағын 
төтесінен қойды. Бір сәт қана ойланған Ә. Бөкейхан былай деп 
жауап береді: «Шығыста мақал-мәтелдеп сөйлейтінін сіз білесіз 
ғой. Қарсы болмасаңыз, мен сізге бір мәтел айтып берейін. 
Әлбетте, сіз Қожа Насреддинді білесіз. Күндердің бір күнінде 
қолына ұстаған жалғыз тағасы ол бір жиынға барады. Жұрт 
одан: – Қолыңа ұстағаның не? – деп сұрайды. Насреддин оларға: 
– Бұл есегімнің тағасы. Енді арманым толық орындалуы үшін 
маған бір есек пен тағы үш таға жетпей тұр, – деп тіл қатады. 
Міне Қазақстандағы коммунистердің жағдайын осылай сипат-
тар едім».
Сталин қазақ көсемінің ащы да болса шындыққа жақын 
мәтелін түсініп, бір сәт ойланғандай болып: Мәскеуде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет