Рымғали НҰРҒали драма өнері



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата25.01.2023
өлшемі2,67 Mb.
#62969
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
24c3d12d67c5acb8803b0e4e4281a4a5

 


218 
ТӨРТІНШІ ТАРАУ 
ҚАЗІРГІ ДРАМА 
 
Қазақ драматургиясының бүгінгі жаңалықтарын, даму тенденциясын 
бағдарлағанда мазмұн мен форма арасындағы диалектикалық байланыс 
күрделілігін ерекше еске тұта отырып, бірнеше салаға жеке-жеке назар 
аударып, түйінді мәселелерді арнайы бажайлау шарт. Көркемдік құралдар, 
әдеби дәстүрлер оп-оңай, тез өзгере салуға ырық бермейді, алайда, суреткердің 
дүние танымы, тақырыпқа келуі, бейне жасауы – бұл орайдағы құбылыстар, 
түптеп келгенде, болмыстың, өмірдің ағымынан жырылып, томаға тұйық қала 
алмайды. 
Халық өнерпаздарының сан алуан буыны шыңдаған неше түрлі тамаша 
аңыздар, эпостық шығармалар, әбден арнаға түскен сюжеттер, дайын тұрған 
характерлер қазақ драматургтерінің алғашқы буыны үшін байтақ қазына, кеніш, 
ырыздық болатын. 
Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Жұмат Шанин, Ғабит Мүсірепов 
сынды қаламгерлер қалың елдің ықылым замандардан бауырына басып келген 
дүниелеріне құр ие бола салмай, оларды биік зерделі дүниетаным, реалистік 
шеберлік, зор таланттың күшімен жаңғыртып, өрнегіне -өрнек, бояяуына бояу 
қосып, өнер жауһарларына айналдырды. 
Ұлттық әдебиетіміздегі уақыт сынына төтеп берген, әсер еткіш қуатын 
жоймаған, ең үздік пьесалар-эпостық материалдар негізінде туған шығармалар. 
Бұл құбылыс өнердегі халықтық сарындар, ежелгі дәстүрлер өміршең екендігін, 
жаңа форма, жаңа қалып бір күнде, аяқ астынан туа салмайтынын тағы да 
айғақтай түссе керек. 
Кейіпкер таңдау, сюжет қалау, өмір материалдарын сұрыптау 
проблемаларына 
келгенде, 
қазақ 
драматургтері 
өздерінің 
алғашқы 
қадамдарынан бастап екі арнаны қатар алып жүрген: бірі – эпостың ізі, тарихи 
аңыздар, биографиялық сюжеттер, екіншісі – заман проблемасы, өмірдің 
көкейтесті күйлері. «Еңлік-Кебек» пен «Қызыл сұңқарлар», «Арқалық батыр» 
мен «Майдан», «Ақан сері – Ақтоқты» мен «Шернияз», «Шоқан Уәлиханов» 
пен «Достық пен махаббат» - осы тұжырымның дәлелі. 
Уақыт озған сайын қадым замандар дүниелерін өзек ете отырып, 
шығарма жасау дәстүрі әлсіреп, өз кезеңінің мәселелерін арқау қылған 
туындылар саны молая түсті. 
Қазақ драматургиясының бүгінгі дамуындағы жақсы бір құбылыс – адам 
психологиясын ашуға ұмтылу екендігіне Зейіш Шашкиннің «Ақын жүрегі» 
пьесасы жақсы айғақ бола алады. Талай сахналық шығармалар салған жерден 
диалогтан ақсайды. Бірінің бетін бірі жыртып, ұрсып, айғайлап қоя беретін 
кейіпкерлер сөзін естігенде, мазасыз, кесірлі үйге еніп кеткендей боласың, 
Өмірден көріп, біліп ұшырасып жүретін адамдарыңа мүлде ұқсамайтын 
шарқаяқ, бар сырын, бар ашуын қолма-қол ақтарып тастайтын даукес, қызыл 
өңеш персонаждар мезі еткендіктен де шығар, жұмбағы жан түпкірінің 
тереңінде жататын, ашынса да кісіліктен арылмаған қаһармандарға бірден іш 
тартасың. «Ақын жүрегі» драмасы ең алдымен психологизмге ден қоюмен 


219 
қызықты. 
Өнерпаз бейнесін жасауда қазақ әдебиетінде бірқыдыру тәжірибе 
жинақталған. Драматургиядағы Соқталы бейнелер Шернияз, Сырым, Абай,
Ақан сері – бәрі де ақындар. Әсіресе Сырым мен Ақан серінің романтикалық 
серпінді әуенде жазылған, кемерінен асып төгіліп жатқан тентек толғаулары 
қазақ драматургтерінің көбіне стильдік жағынан ықпалды әсер еткені хақ. 
Шашкин пьесасындағы Жұмат монологтарынан осы дәстүр айқын аңғарылады. 
Сырын мәнермен, ырғақпен, ойын тұспалмен, астармен емес, шашып-төгіп, 
тебіреніп-теңселіп, жарқыратып жайнатып, сыр мен ойды, сезім мен байламды 
қатар өрген ақын мінезі бар. Оның сөзі шұбырта жөнелген төкпе жыршының 
термесі іспетті ұйқасып, айшықтанып, жұтынып шыға келеді. Бірақ қасындағы 
адамды көп елемей алып қашып, аспанға шығып кететін кездерінде, пьесаның 
драмалық арқауы үзіліп, жалаң патетика дендеп қоя береді. 
Суреткерлік талапты, әсіресе роман жанрында айырықша танылған Зейін 
Шашкиннің Творчествосына тән сипат форма жаңалығын қарастыру, бұрын із 
түсе қоймаған тақырыпты оңтайлы қырынан алып бейнелеу талабы драмалық 
шығармаларында да жиі ұшырасады. Эпикалық туындыларға жарасымды 
келетін, кинода қолданылатын прологты автор «Ақын жүрегі» пьесасында 
орынды пайдаланған. 
Тегінде жол үсті адамды еріксіз ойландырады. Көз алдыңнан бұлдырап 
өтіп жатқан тау-тас, өзен-көл, бұлт-сағымтіршіліктің де тұрақсыздығын, өтер 
кетер пәнидің сырын мегзегендей; жалғыз болсаң мұндайда кешегі күндерің, 
базарлы шақтарың, қайдағы мұңың еске түсіп тұнжырайсың; сезімтал жолаушы 
кездессе, мұндайда шартарапқа көз салып, ой бөлісіп, сыр бөлісіп бір жасап 
қаласың. 
Әрине, кексе ақын көлденең көк аттыға салған жерден ақтарыла салмақ 
емес. Жұматтың Нәзипаға кешегі соғыс сұрапылындағы бастан кешкен 
хикметтерін айтып беруі тебіреністен, ерекше толқудан туған хал. Жұматтың 
өткен күндерін көзге елестетер монологында талантты ақын, әйгілі партизан 
Жұмағали Саин өміріне ұқсас жәйттер мол. «Ақын жүрегі» документальды
шығарманың саяз деңгеінде қалып қоймаған, мұнда өмір фактілері, жеке 
деректер автордың суреткерлік идеалы тұрғысынан екшеліп, қорытылған. 
Драматург 
мақсаты 
Жұмағали 
Саинның 
биографиясын 
бейнелеу, 
ғұмырнамасын жасау емес, психологиялық тартыстар үстінде көрінген 
характерлер арқылы өзегін жарып шыққан көкейтесті сырын айту. 
Пьесадағы оқиға әр жерде өтпей бір-ақ орында болса көрерменнің назар, 
ықыласы күшейе түспек деген қағиданы, классицизм әдісін ұстанған ертедегі 
драматургтер ғана емес, алып отырған өмірлік материалдың ыңғайына, 
шығарма идеясына сәйкес бүгінгі қаламгерлер де тәжірибеде қолданылатын 
«Ақын жүрегі» драмасынан көреміз. 
Облыстық аурухананың бас дәрігерінің үйіне қонақ келмек. Алыс қырдың 
астында қалған жастық шақты бірге өткізген достар: ақын Жұмат, дәрігер Есен. 
Институт бітірген қызы бар қырықтың жуан ішіндегі Шәрбан жүрегі алай-
түлей: көзден кетсе де көңілден кетпеген ескі күндер тағы қытықтағандай. 
Шаңырақ иесі Нәби қоңыр қабақ: құшақ жая қарсы алар сыңай танытпайды. 
Әрекетті қонақ келер алдындағы үй-ішінің әбігер сасқалаңынан сабақтап 


220 
алған драматург шеше мен қыз арасындағы қызықты диалогтардың үстінен 
түсіреді. Бүгінгі заман қалыбы, тіршіліктің көп сырын кітаптан, кинодан ерте 
біліп алу қазіргі жастар мінезіне ерекше сипаттар бітірген: бағзы бірелер 
әлеуметтік, азаматтық кәмелеттен гөрі жыныстық балиғатқа ерте жетіп, ес біліп 
етек жаппай тұрып аяғын дүниеге тез шалдырады, бағзы біреулердің жастық 
албырттығынан гөрі кекселк кемелдігі мол сүйіп, күйіп кетуінен гөрі есептеп 
өлшеуі, таразылап таңдауы басым жатады. 
Мезгіл ырғағын сезгіш суреткер кейінгі буын өкіліне тән сарабдалдықты 
дәрігер қыз Нәзипа бейнесі арқылы көрсетпек болған. 
Жастары алшақ жандар арасындағы сүйіспеншіліктің иірім сырларын 
Шекспир, Чехов, Хемингуэй сынды классиктер терең бейнелеген. Бір қуаныш, 
бір қайғы, бір романтика, бір трагедия қатар жүретін күйлерді суреттеу үшін 
хас шеберлік қажет. 
Нәзипаның әкесімен құрдас, бір кезде шешесіне көңілі кеткен, қилы 
заманды бастан кешкен адамға ынтызары аууын өмірде кездеспейтін жәйт деу, 
бұл моральға кереғар нәрсе деп келте қайыру солақайлық болар еді. Келбетті, 
мүсінді, ойлы еркекті бір көргеннен жүрегі тулап шыға келген қыздың алды-
артына қарамай, тәуекелге бел буғандай қалпы бар. 
Драматург Нәзипа мен Есен линиясын шағын көрініспен тиянақтағандай 
болады: жас сұлу есірік жігіттен егде еркектің ақылын зият санайды екен, 
өмірден татқан ащысы мол, түйген байламы көп жанды қалайды екен: бұла 
арудың тентек жүрегіне ие бола алмаймын деп қорқады екен егде еркек, 
әйтпесе неге қашсын. 
Жұмат, Есен, Нәби, Шәрбан өмірлерінің ерекше мәнді кезеңіне қатысты 
өткен бір оқиға жотасы қайта-қайта, қылтиып көріне береді. Кең жайылған 
дастарқан ашық жарқын әзіл-күлкі, сый-сияпат бәрі де оны ұмыттыра алмайды. 
Өнердің ұзақ бәйгесіне енді түсем, бауырым жазылып, кеңге сілтеймін 
деп жүрген шағында еріксіз тұсалып қалған талантты Зейін көп жылдар қалың 
тұманда адасып, шалғай кетіп, шет жайлап барып, өз үйіріне басқа жұрт белден 
асып кеткен кезде, өмірі енді еңкейе бастаған шағында қайта қосылды. Оның 
творчествосына тұтас көз тастағанда, талай уақытын өткізіп алған, енді қайтсем 
қарпып қалам деген жанның асығыс қомағайлығын, содан туған кейбір 
атүстілікті, тереңдетер, әшекейлер тұста жалғыз сызық, бір бояудың жетпей 
қалар сәттерін көруге болады. 
«Ақын жүрегі» пьесасында драматург қатар жүріп, бірге ойнап, бірге 
күлген достардың басына өмір қатері төнгенде, кім қалай басты, қайда тартты 
деген сұрауларға жауап іздеп қоймайды, адамгершілік сыналар тұстағы 
мінездердің құбылысын бейнелейді. Опасыздық пен сатқындық, өлім мен өмір 
ббетпе-бет келген соғыста ғана емес, бейбіт тіршілікте де болып жататынын 
көрсетеді. 
Сырт қарағанда төрт құбыласы түгел жандар кездеседі, басында –үйі, 
бауырында – қазаны, алдында – малы, аясында – семьясы, жұмыр басты пенде 
бұдан артық не тілейді деп шүкіршілік қылады. Облыстық аурухананың бас 
дәрігері, заманында министрдің орынбасары болған, ізін басып өсіп келе 
жатқан қызы қандай, қырықтың үстінде ажары таймаған әйелін айт, - Нәби 
бақыттылығын сипаттауға осылар да жетіп жатыр. 


221 
Сөйткен адамның рухани дүниесін бірер сағатқа келген қонақтары астан-
кестен етті. 
Мезгілсіз шақта бейкүнә күстәналанып Итжеккен асып кеткен Есен соңғы 
түнді ұмытпайды. Жұмат айтқан сөзіне, оқыған өлеңіне, басқан қадамына 
шейін жадына сақтаған. Жалақор кім? Солқылдап өсіп келе жатқан өрімталды 
көктей орған кім? 
Ешқайсысы Нәбиді көзге шұқып, басқа салып қалмайды. Жылдар өтер, 
буындар ауысар, біреу өрлеп шыңға шығар, біреу зымырап құзға құлар, сонда 
талай нәрсе кешілер, көп қиянат ұмытылар, бірақ тірлік жолына қол ұстасып 
бірге шыққан досыңнан көрген қиянат ұмытылмас та кешірілмес, бейдауа 
дертке айналып, жүрекке шемен боп қатып, о дүниеге өзіңмен бірге кетер. 
Өткен күнде жасаған қылмыстың зіл батпан салмағы кеудесін езіп, жанын 
азаптаған күйге түскен Нәбиді ескі көз үзеңгілестері – Жұмат, Есен жүйелі 
сөзбен тұсап, еріксіз жерге қаратады. 
Ауру жүрек шыдатпай, Нәби күнәһарлығынан ары күйген ақын Жұмат 
құлайды. 
Пьесаның екінші бөліміндегі тартыс қолма-қол, асығыс шешім қабылдау 
керек шұғыл операцияға байланысты өрбиді. Кейіпкердің мінезі, адамдық 
келбеті осы қадамға қатынасына сәйкес көрінеді. 
Бұрынғы зобалаңды еске түсіруге құрылған драмалық әрекетке енді өлім 
үстінде, ауру қыспағында жатқан адамға тәуекелге бел буып, басыңды қатерге 
тігіп, арашашы болу яки қиындықтан, жауапкершіліктен қашып, басқаға сілтей 
салу пиғылдарының айқасы қосылады. 
Өзі көзбен көріп, қолмен ұстаған дүниелер, тіршілікте мұрат тұтқан 
мамандық ерекшеліктері жазушы шығармаларында әр түрлі ыңғайда көрініс 
береді: етжақын өмір объектісін тақырып етіп алып, кәсіп қалыбынан туатын 
психологиялық дара сипаттарды дәл бейнелеу жиі кездеседі. Қазақ 
әдебиетіндегі бұл құбылысты ұзақ жылдар дәрігер болған Зейін шашкин 
шығармашылығынан анық аңғаруға болады. Кәсіп орайына қатысты туған 
мінез-құлық тиянақты суреттелген. 
Жүрек операциясына байланысты дәрігерлер – Нәзипа, Есен, Еркін, 
Генриэтта түскен әр түрлі сезім күйлерін драматург бөгде адам аңғара бермес, 
тек маманның ғана көзі шалар дәлдікпен көрсетеді. Дәрігердің жұмыс үстіндегі 
қатқыл мінезі, сөйлеу ерекшеліктері, кәсіби қимыл-қозғалыстары сенімді
бейнеленген. 
Операция кезіндегі қылығы арқылы Нәби характері жақсы ашылады. Ол 
үшін аруақты ақын Жұматтың тірі қалу-қалмауынан гөрі өз басының амандығы, 
қызмет орнынан сырғыптүсіп кетпеуі маңыздырақ. Хал үстіндегі адамды 
Алматыға әкетіңдер деген сөзді жаны ашығандықтан емес, жауапкершіліктен 
қашып, не көрсе де басқа көрсін деп айтып отыр. Бұл қара басының қамынан 
өзгеге селт етпейтін тоғышар, эгоистің кескіні, іс оңға басайын деген кездегі 
қалпын көріңіз: «Тыңдап тұрмын. Иә, Нәби! Кім дейсіз? (Даусын өзгертіп). Ә, 
саламатсыз ба, жолдас секретарь! Операция жақсы аяқталды. Оқ алынды. Ерлік 
дейсіз бе? Әрине, біздің бала да жанын салды-ау. Хирургтің алтын қолы өлім 
аузынан қайтарды деген осы». 
Әуелде аттонын ала қашып, беті ары қарап кетсе, пәлесіне қалмайын 


222 
деген кісі, енді абыройға еншілес, жақсы атаққа жарналас болмақ. Жұмат көз 
жұмғанда, Нәби тағы өзгеріп сала береді: «Осында құдайдың зарын қылдық: 
«Жасама, жасама, операйияны!» деп. Құртты-ау мына қыз!.. Обкомға не деймін, 
бетім-ау!..» 
Драматург кейіпкерлер мінезін психологиялық тебіреністер арқылы 
ашпақ болған ниетіне үнемі жете бермейді. Егде тартқан ақын Жұмат пен 
салиқалы әйел Шәрбан арасында айтылатын сөздер тым әсіре қызыл, 
мөлшерден артық жалт-жұлт. Кірпік қағуы қиындап кеткен сәтте Жұматтың 
үздігіп өліп-өшуі мүлде иландырмайды. Сахналық эффект үшін демесе, Жұмат 
ойын дауыс арқылы беру пьесаның драмалық материалына қабысып тұрған 
жоқ. Достық парызы, адамгершілік мұраты идеясын психологиялық арнада 
бейнелеген «Ақын жүрегі» пьесасы бүгінгі қазақ драмасының ізденіс
жолындағы бір үлгісі. 
Драматургиядағы дәстүр жаңғыруы, ең алдымен қаһарманға қатысты 
әңгіме. Бұл мәселені «Сәуле» пьесасын талдау арқылы бірқыдыру пайымдауға 
болады. 
Рас, кісінің адамыдқ деңгейі әсте мансап дәрежесімен тепе-тең күйде 
өлшенбесе керек, бірақ мамандық қызмет орайы, жұмыс бабы жүктейтін 
салмақты мүлде ұмытып, оның мінезге, психологияға етер әсерін ескермесек, 
шындықтан шалғай кетеміз. Бүгінгі қазақ халқының рухани өміріндегі ерекше 
мағыналы құбылыстың бірі - әйелдердің қоғамдағы ықпалының артуы. Арғы 
төркіні нәсілдік жікшілдіктен шыққан шығыс елдерінде елдерінде әйелдер 
мүлде көрсоқыр, пұшаймае, қор болды дейтін теріс бір концепция көп уақыт 
орын теуіп келді. Тарихқа, әрбір дәуірге, әрбір халықтың дәстүріне қатысты 
пікір айтқанда нақтылыққа, фактіге, жүгінсек қана, көп күңгірт жайлардың беті 
ашылып, тұман сейілмек. 
Мұсылмандық догматтары, содан туған көп кесапат, қанаушылық, 
қалыңмал кеселі қазақ әйелінің көзінен жас, жүрегінен қан ағызған, бірақ біз 
еліміздің халықтық қасиетінің бірі - әйелге, анаға деген құрметтің зор 
болғанын, бұл орайда, тамаша дәстүрлердің мол өрістегенін, талай есті 
әйелдердің еркекетермен бірге ел билегенін, тіпті тұтас тайпалардың әйелдер 
есімімен аталуын, ақын қыздардың, батыр қыздардың шыққаны – рухани 
тарихымыздағы мақтанышты фактілер екенін, айқындап, даралап айттуымыз 
шарт. 
Бұл тұрғыдан Тахауи Ахтанов пьесасындағы түпқазық кейіпкер Сәуле 
бойынан бүгінгі замандас сипаттарымен қоса, иісі қазақ әйеліне тән бірталай 
қырлады көреміз. Автор табысының өзі, тиянақтап келгенде, осы кейіпкер 
бейнесінде жатқаны хақ. Драматург бала тәрбиесі, күйеу күтімі, үй шаруасымен 
ғана айналысатын, жеңіл –желпі жұмыс істейтін әйел емес, үлкен қызмет 
тұтқасындағы жанның басындағы сырларды көрсету арқылы шығармашылық 
марқаюға бет бұрғанын танытты. 
Пьесаның етек-жеңі жинақы, композициясы ширақ, тартысқа қатысатын 
адамдар он шақты ғана. Драматургтің сахна заңдылығын, театр талаптарын 
ескергендігі аңғарылады. Автор адмдарды отырғызып қойып, ұзақ-сонар 
тәжікелестіретін сөз қуғызатын кінаратқа бойын алдырмай, шағын әрекетті 
көріністерді ауыстырып отырады. 


223 
Кеңсе, кабинет емес, пьесаның бірінші бөліміндегі оқиғаның, көру 
мүмкіндігі үнемі туа бермейтін обком хатшысының үйінде өтуінің өзі қызық. 
Қонақтардың келуі, жолаушылап кеткен Сәулені тосу – бұл шаңырақта абыр-
сабыр, жүріс-тұрыс, қимыл, қозғалыс тудырған. Осы үйге бірте-бірте жаңа 
ырғақ, жаңа екпін қосылып, кейіпкелер басындағы драма ашылады. 
Ұзақ жыл отасқан ерлі-зайыптылар арасында, уақыт қалыптастырған сый-
сияпат, пейіл-құрмет болса, Сәуле мен Алдаберген қабағы қатқыл, қарым-
қатынастары сұрқай. Еркектердің алды-артын орап, сөзден – жеңсік, даудан – 
есе, картадан – ұтыс бермей отырған Бөпежан күйеуі Құдайбергенді ғана билеп-
төстейтін, бір ошақтың тас қайнатып, қазан көтерер тентегі емес, тумасынан ірі, 
табиғаты кесек, мінезі еркек жан екенін ұқтырады. Сырт қарағанда түк 
бітірмей, бос сенделіп жүргендей көрінетін жазушы Сапар көз алдында өтіп 
жатқан оқиғалардың астарына үңіліп, ертең өрнек болып боп қағаз бетіне 
төгілер сырлардың бояуын іздеп қиналады. 
Астанадан ылайықталған жұмысқа Сәуле келісім бермей келген, кетіп 
қалса, мұнда өзі бастап, әлі жеріне жеткізіп, байсал таптырмаған шаруалары 
қалып қоймақ. Тез, асығыс қайтуының тағы үлкен себебі бар. 
Драматург көптеген шығармаларда қайталанған, таптаурын болып, сары 
жұртқа айналған бірінші бастық араысның шаруашылыққа байланысты 
кикілжің тартпағына түсіп кетпейді. Ділмарлық, білімдарлық таласы дендеп 
алған орайда сахналық шығарма әлсірейтіні, образ өзінің эстетикалық әсерінен 
айырылып, жалаңаштанып қалатыны хақ. 
Автор өнер табиғатының қатал талабын ескеріп, Сәулені бірден дау-
дамайға шым батырып жібермей, оның тіршілігін әр қырынан көрсетуге 
ұмтылады. 
Сезім шарпыған жанның, әсіресе бұл күйге егде тартқан кезде тап болған 
әйелдің бойын күтуі, жүріс-тұрытсы бағуы, киімге мән беруі – дағдылы әдет. 
Осындай өзгерістермен қоса Сәуленің жүрегін кештеп барып дірілдете бастаған 
жалынның лебі қас-қабағынан ғана емес, қысылып-қымтырылып, үзіліп-
құмығып шыққан сөздерінен ашық аңғарылады. Бұл –лаулап, лапылдап тұрған 
жас Еңлік, ару Ақтоқты бойларындағы бас асау сезімнен бөлек, тоқталған, 
белден асқан жанның кеудесін шымырлатқан тосын, ыстық, құпия сыр. 
Осы сәтімен табылған әуез пьесаның ырғағына айналған. Бой жетіп 
қалған қызы бар обком хатшысы әйел үшін мұндай күйге түсу қандай ауыр. 
Автор бір-ақ арнада, осы ізбен отырып психологиялық шығарма жасауына 
болатын еді. Өмірдің ықпалды екпіні, азаматтық жауапкершілік Сәулеге тағат 
бермейді. Отбасымен, інісімен, қонақтарымен шүйіркелесіп те бітпей, өз үйінде 
обкомның бірінші хатшысы Сырдақпен кездеседі. 
Араларындағы әңгімеден үлкен іске, келелі шаруаға екеуі екі ұдай пікірде 
екендігі ашылады. Сырдақ сұсты, ызбарлы, салмақты.
Мал шаруашылығының Сәуле ұсынған шаралары көрер көзге көрнекті, 
естір құлаққа ұғынықты нәрселер. Бірақ Сырдақ сынды қызметкер үшін 
болашақ өріс, келешек кеніштен гөрі бүгін өзі рақатын, тек азабын арқалап, 
таяғын жейтін, ертең абыройын бөгде біреу иемденіп кетер іске талай дүние 
бұлтағын өткерген басымен күмп беріп түсіп кетпесі анық. 
Шеше жанындағы күрт өзгерісті сезген Гүлжан көңілі өрекпиді. Әйелінің 


224 
әлдеқандай толқынмен ағып бара жатқанын ұққан Алдаберген жүрегі 
сыздайды. Апасының аласапыран сезім бұрқағына бой алдырғанын көзімен 
көре бастаған жазушы Сапар тұнжырап ойға батады. Бұл тартыс арналары, 
психологиялық шытырмандар терең бейнеленбей, асығыс жағылған бір бояу, 
атүсті шертілген бір күй ретінде қалып қояды. 
Сырдақ пен Сәуле арасындағы тартыс шаруашылық басқарудың 
сипатына қатысты қақтығыстан өрбіп қызметкердің қазіргі типі деген өзекке 
ойысады. Бұл орайдағы қасаң-сырдаң тұтқыр диалогтарды ауыл әйелдерінің 
Сәуле үстіне басып кіру сценасы жандандырып жібереді. Айша мен Бикеш 
сөздері шайпаулық, көкдолылық ретінде танылмайды, автор айтылмаш 
көріністе сахналық эффекті күйттеп, күлкі тудыру ниетінде ғана болмағаны 
анық. 
Айша – көкберен, Бикеш – жуастау. Айша өжеттігінің астарында қалада 
тұрғандық, қақ-соқты көргендік те жатыр. Бұға бермей, не салса, соған көндім 
демей, қайратқа мініп, жарқылдап тұр. Тыңдап көріңіз: «Ау, басқармаға салсаң 
оның науқаны біткені ме? Бір жағынан егіні, бір жағынан малы, қой қырқу, 
пішен шабуы және бар. Оның үстіне келістіріп үй салатыны қайда? 
Шығынданып, еңбек сіңіріп салғасын бұрынғыша қазақпайский қылып 
салғымыз келмейді. Күшіміз болса - өнеріміз жетпейді. Сіз жасыңыз үлкен, 
затыңыз еркек болғанмен, ана кісінің қызметі үлкен. Баяғы заман емес, бүгінде 
сақалға қарамайды. Үлкен болсаңыз қайтейін, өзі білмейтін іске төтеннен 
килігіп, тілімді қышытқаны несі, өл де маған» - Сырдаққа айтылған сөз.
Шаруашылық таластары көбірек орын алып кеткен кезде пьесаның
көркемдік қуаты әлсірей бастайды. Сырдақ ауласында өтетін көріністердің күші 
диалогтардың астаырнда, психологизмде жатыр. Бұрын ауданда істеген, енді 
обкомды сағалаған, кісі қолтығына еніп ұпай жинап жүрген қызметкер 
Әбілғазы Сырдаққа Сәуле туралы өз пікірін, жұрт бағасын жеткізеді. Сонда 
Сырдақ аузынан шығатын сөз: қалтқыны қалай байлау, сазанның түстен кейін 
тереңге кететіні, жемге құрттан шегіркенің жақсы болатыны, бірақ есіл-дерті, 
барлық ойы Сәулені тұқыртудың, қайтарудың амалын табуда. Қысқа ғана 
көрініс, артистер ойынына, режиссер шешіміне, көрермен қиялына кеңістік 
беретін психологиялық астары бар сцена. 
Сырдақ – Сәуле арасындағы тартыс үстінде екі адамның рухани сыры 
ашылады. Жарастың үлкен қаладағы жылы орнынан кетіп, сахара аптабына 
күйіп, қиындық кешіп, ғылым үшін еңбек етіп жүрген мінезін ұнатқан Сәуле. 
Қоңыр төбел, суырылып шықпас Алдаберген бойынан таппаған қайрат-қажыр 
көргендей болған. Сөйткен Жарасты енді Сырдақ назарға іліктірген. Жазып 
жүрген мақаласы Сәуле ойларын құптайтыны, мұның арты ертең өскелі тұрған 
жігіттің үлкен мансабына пәле, кесел боп жабысатынын ұқтырған. Жарас 
қуаты бір-ақ бұлқынысқа, ғылым жолындағы бір-ақ құрбандыққа жарапты, енді 
екінші қадамға баспайды. Төбесі көрінген мансап ыстық секілді. Жырындылар 
қарсыласының жақынын, ауыл-аймақ, бота-тайлағын айналдырып, іштен 
шірітіп бітіруді бір тәсіл көреді. Мұның жолы көп: жүрегі елжіреп бара 
жатқандай өтірік бауырға тарту, аузы-мұрнынан шығарып асатып, тойдырып 
қолға түсіру, қасақана жауықтыру, өшіктіру, шырғалау. Сөйтіп түбірін қазып, 
бұтағын шауып алған соң жалғыз бәйтерек өзі де құламақ. 


225 
Сол қанды қақпанды Жарасқа құрып, дегеніне жеткен Сырдақ енді 
Алдабергенді шақырады. Ауыр сәт. Әлдекім әйелінің ұрлық жүріс, жасырын 
көмбесін білем, соны өзің жария ет, арыз бер, мәселесін қарап бетін айдай 
қылайық деп тұрғанда, намыстан күйген еркек не істемек? Отелло ақ-қарасын 
екшеместен Дездемонаны буындырып өлтірген. 
«Жоқ, мен мәселе көтермеймін» - ызадан, қызғаныштан өртенген долы 
жүректің ашуын басып, бұлай деу үшін кексе ақылдың сөзін тыңдайтын салқын 
сабыр керек. Чемоданын қолға ұстап, Алдабергеннің басқа жаққа бет түзеуі 
сенімді. Сәулемен соңғы кездесуінде Жарас мінезі әбден ашылады: әуелде 
қырға келгенде, алысқа секірер мансап баспаалдағын көздеген екен ғой. Сәуле 
көкірегінде жылт еткен соңғы үміт осы сөздерді естігенде сөнеді. Сырдақ 
Сәулені жеңдім, тізе бүктірдім, енді бұл жерде мен ғана тұрам, оны басқа жаққа 
тайдырам деп есептесе, Сәуле үшін үлкен күрес енді басталған. Аз уақыт ішінде 
бір өртеніп, бір суып, алтын дегені мыс болып шығып, жасық дегені болат боп 
шығып, тірлік тартысында тағы жаңа өрге көтерілген қалпы бар. 
Суреткердің шығармашылық марқаюы әр түрлі ыңғайда көрінетін күрделі 
құбылысы: бұл өзекті тақырыпты тереңдей, жан-жақты қамтудан да, соны 
шеберлік кестелерінен де, өзге жанрға ауысудан да байқалуы мүмкін. Қазақ 
сахнасында бірнеше сапалы комедия әкелген драматург Қалтай 
Мұхаметжановтың «Жат елде» драмасы автордың өзі үшін де, әдебиетіміз үшін 
де мәнді шығарма болды. Тарихи туындылар демесек, дәл дерек, факт негізінде 
жазылған пьесаларымыз сирек. Адам ойының, ғылыми-білімінің тереңдеуіне 
байланысты құр қиял, бекер болжам кейін шегініп, дәл нәрсе, цифр, болған 
уақиға қадыры артып, деректі шығармалардың бел алуы – бүгінгі әлем 
әдебиетінде айқын байқалған тенденция. Әңгіме, повесть, роман өз алдыына, 
документке ғана сүйеніп жазылған туындылар драматургияда тіпті поэзияда 
көбейіп барады. Қайткен күнде де өнер табиғатынан туатын заңдылық 
көркемдік талаптары аяқ асты етілмесе керек, хас шебердің қолынан өтпесе, 
қандай мен мұндалап, айқайлап тұрған қызық материалдың өзі әдебиет дүниесі 
бола алмайды. 
«Жат елде» драмасының өзегінде қандай деректер жатыр? Шетелге 
қашқан эмиграннтар ішінде Түркістаннаншыққандар да бар-ды. Рас, бекерге 
үркіп, текке босқан талай жазықсыз сор маңдайын тасқа соқты. Ал бес қаруын 
асынып, сенім-пиғылымен қарсыласқандар ішінде бір кезде Петербург 
университетінің заң факультетін бітірген Мұстафа Шоқаев, Берлин 
университетінің ауыл шаруашылығы факультетін бітірген Уәли Қаюм сықылды 
оқығандар болатын. 
Соғыс біткен соң әрекет басқа ыңғайға ауысты. Кезінде Ташкент 
университетінде оқыған Баймырза Хаит «Түркістан 20 ғасырда» (1956), 
«Түркістан үлгісіндегі советтің шығыстық саясаты» (1962) деген кітаптар 
жазды. 
Оларды Б. Тұрсынбаев, А. Нүсіпбеков, Х. Ипоятов секілді оқымыстылар 
сынады. 
Осындай қалың қауымның өзіне жақсы мәлім фактілерден бір қарағанда 
драмлық шығармаға арқау етерлік жүйе көрінбейтін секілді. Драматург белгілі 
оқиғалардың жетегінде кетіп қалмай, детективті іздемей, әлеуметтік-қоғамдық 


226 
мәні бар идеяны құнттап, психологизмге ден қойған пьеса жазуды мақсат 
тұтқан. Фактіге негіздей отырып көркем шығарма жасау талабы суреткер 
еркіндігіне тұсау салмаған, қайта қиялға кеңістік, ойға өріс беріп , жанр 
мүмкіндігін жақсы пайдалануға себепші болған. Белгілі адамдардың аты-жөнін 
өзгертіп, олардың әрекетін қалаған орайда көрсету автордың бейне, образ жасау 
мақсатын жеңілдетіп, кейіпкерлерді бір кісінің көшірмесі етпей, топтың, 
ортаның психологиясын аңғартатын жинақтаушылық мәні бар тұрпатқа 
айналдырған. 
Пьесаның «Есіру» деп аталатын бірінші бөлімінде жат пиғылды, суық 
түсті, сұмдық сөзді, шұбар топтың үстінен түсеміз. Әр ұлттың өкілі, қазақ, 
қырғыз, өзбек, неміс, американдық - әр ұлттың сатқыны. Бетке жылтырағанмен, 
белдеріне қанжар байлаған, біреуі қылдан тайып кетсе, екіншісі аш қасқырша 
тап беруге дайын тұр. 
Бұл – соғыстан кейін жан-жаққа шашылып қалған, тімтініп жүріп тірлік 
кешкен, шет елде қалғандардың басын қосып, «Түрік елі» деген ұйым құру 
әрекетінің жиналысы. 
Идеологиялық диверсия үшін неше түрлі қулық-сұмдық, зұлымдық-
жұлымырлық атаулыны түгел пайдаланатын батыс агентурасы ақшаны ат-көпір 
төгіп, қашқан-пысқандардың, опасыздардың, сатылғандардың, адасқандардың 
қолымен от көсемек. 
Драматург әрбір кейіпкердің аузына өзіне лайық сөз салуды құптаған. 
Германияда білім алған, қаршадайынан тыңшы болып, қиын күндерде сапты 
аяқтан сары су ішіп, сәтті кездерде үлде мен бүлдеге бөленген уәли Хасан 
тілінен өзбек мақамы, ескі шағатай дәстүрі арыла қоймаған: жоғары тұрған биік 
мансап иелерінің қолтығына кіріп, төменде жатқан пенделерді үркіте, қорқыта 
сөйлеуі – сүйегіне сіңіп кеткен дағдысы. Кең пейіл, ашық-тесік көрінгенсіп, 
басқаның істегенін өзі иемденіп, өтірікпен жамап-жасқап, жалған атақ шығарып 
қалудан қашпайды. Ең негізгі өзгермес сипаты, тірлікте берік ұстаған қасиеті – 
опасыздық. Құлқыны үшін, өңеші үшін сенім атаулыны, дос атаулыны сатып 
жүре береді. Бісмілла деп Отанды сатып кеткен Уәли Хасанның Мұстафа 
Шоқайға у беруі, христиан дініне енуі сөз емес, асылы, әкесін атып құлатқан 
жендеттің торғай өлтіргенге қолы дірілдемесе керек. 
Уәли Хасан еліріп, желпініп, желігіп сөйлеп тұр, !советтік шығыс елдерін 
азат етпек». Бақ дәулет, береке ырыс апармақ. Азаттықтың жарық күнін 
шығарып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалатпақ Түркістанға. Бұл сөз өзге 
түгіл, тобындағылардың да ішін жылыта алмайды. 
- О, шіркін-ай, сен ит болмасаң, алдақашан арам өледі екенбіз ғой, - деп 
қыңыратқиды Асан. 
- Ез малтаңды! – деп теріс қарайды Құрбан. 
Шұбар топтың басын қосқан сенім, идея, мақсат емес, аштан бұралып өліп 
қалмау, талғажау етерлік бірдеңеге тырнақ іліктіру екендігі болады. 
Ықылас, назарды дарақы, пәтуасыз жандардың берекесіз жиынының 
мылжың сөздерімен жасытып алмауды ойлаған драматург сахналық әрекетті 
кейіпкерлердің екеу ара, үшеу ара диалогтарымен, бірі жөніндегі басқалардың 
ойларымен жандандырып, тартысқа қатысатын персонаждарды алғашқы 
сахнада түгел шығарады. Сапты аяққа ас құйып, сабынан қарауыл қарап 


227 
отырған американ барлауының көкжалы, полковник Джон Грей Құрбанның 
қойнына Ева Бройер іспетті жылан салып жіберумен көп шаруасын оп-оңай 
тындырып отыр. Кезінде жезөкшелер үйін адақтап біткен сайқалдыққа 
фашизмнің у-сойқы идеологиясы қосылған соң кімді оңдырсын. Джон Грей мен 
Ева Бройер оңашада нәсілдік, расалық пиғылдарын жасырмақ емес. 
Олардың ойынша мынау топ болып, топырласып жатқан, қаңғырған 
азиаттардың ақыл-ес қабілеті өздерінен көш төмен, бұлардан аршынды істер 
тындырып, ел бастайтын қабырғалы қайраткер шығады деп әсте ойламайды, аз 
күн пайдаланып, лақтырып тастау керек. 
Тіршілікте қақ соқты көп көріп, талай жер қауып қалған, талайды тақыр 
мұзға отырғызып кеткен Ева Броейер от пен өрттің, көп жендеттің ішінде 
жүріп, тас түйін мінез тапқан. Оның тілі удай. Тыңдап көріңіз: «Ақымақтық 
ұлтына, нәсіліне қарамайды деген рас екен-ау, Европаның ақымағы да, 
Азияның ақымағы да – бәрі бір ақымақ», «Мемлекет басында өзің болсаң, 
қарауыңдағы адамды құртуға қай уақытта болса да үлгересің», «Әйел құмары 
әйелді таптағанда ғана тарқайды». 
Мінездік даралығы жағынан пьесадағы сәтті бейненің бірі – Ева Бройер 
екендігін көрмеу әбестік болар еді, өйткені ол шықса болды, сахнаға әрекетті 
қимыл, уытты сөз, сайқалдық келеді. «Түркістан ұлттық комитеті» дейтіннің 
президенті атанған Құрбан енді іске кіріскен. Маңайындағы жырындыларды 
отқа, суға айдайды, сонда бітіретіндері – Кеңес Одағы Шығыс республикалары 
жайлы эфир арқылы бүлінді-жарылды, қырылды-жойылды, бітті-тозды деп 
ақыр заманды орната келетін өсек тарату, шикілі-пісілі, күлді-көмеш 
бірдеңелерді жариялау. 
Оқырман үшін, көрермен үшін батыс агентурасының мұндай 
сұмдықтарды 
жасайтын 
көкжалдарының 
мінез-құлық 
ерешеліктерін, 
психологиясын, дүние көзқарасын, пиғылын білу қажет. Бұл орайда Асан 
өзгелерден оқшау тұр. Өмірдің тәлкегіне түсіп, тентіреп жүрген сорлы деумен 
шектелсек, келте қайырған болар едік. Қапыда жау қоршауында қалса да, 
құдіретті жырымен фашизмнің тас түрмесін бұзып шыққан Мұса Жалил сынды 
ақын еске оралады. 
Пьесадағы Асан – маңдайының соры бес елі пақыр. Табиғаттың асыл 
сыйын, мыңның біріне әрең беретін кеніш бақытын басқа теуіп, сатқын тірлікке 
ауысқан, өрісі кесілген, қылтасы қиылған қазір. Төңірегіндегілерге қарағанда 
әлі де оның мойны озық, еңсесі биік, сөйлесе ірге бермей суырылып, бауыры 
жазылып сала береді. Тебіренсе – зар илеп, жас төккен өлең ақтарылады. 
Халқының тағдырымен өмірін сабақтастыра алмай ескілікті аңсап, қасқырлар 
ортасынан дос таппақ болған сор маңдай жыршы – трагедиялық бейне. 
Шәлкем-шалыс сөз, ұнатпағанды қиып түсу, лағып кету, мас боп ләйліп жүру – 
мұның бәрі Асанның ортасына жасаған қарсылығы. Гамлет тентектігіне ұқсас 
қырсқтық бір. 
Әрине, драматург Асанның фашистер қолында қалай қалғанын, 
әлеуметтік – қоғамдық пиғылын тәптіштегенде, образдың бояуы айқындалып, 
салмағы ауырлап түскен болар еді. 
«Жат елдені» бағалағанда, автордың қазақ драматургиясы үшін тың 
тақырыпқа барғандығын, дұшпан ортаны, жау ішін бейнелеудің ерекше 


228 
қиындығын ескере отыруымыз керек. Әйтпесе пьесадағы Сайыпты өмірдегі – 
Баймырза Хаиттың парапар бейнесі деп айта алмаймыз. Шығармадағы ұзын-
жүлде тартысқа бел шешіп, белсене қатыспайтын Сайып әр жерде үзіп-жұлып 
айтқан сөздерімен жөнді есте қалмай, тез ұмыт болады. Көптеген кітаптарымен 
Европаны шулатқан мықтының тұрпатына мән бергенде, автор көп ұтатын еді.
Шығармада персонаждың бәрі неге жұтынып тұрмайды, шайқалған 
жорға болмайды деген талапты ешкім де қоя алмайды. Суреткердің ең басты
мақсаты - әр түрлі бояумен, ырғақпен, әуезбен көркемдік құралдармен өзек 
жарды ойын жеткізу. Бұл тұрғыдан «Жат елде» пьесасы мақсатын орындаған. 
Аты дардай, заты құрдым комитеттің президенті болғанына бір қауым 
уақыт өтсе де түк өндірмеген Құрбан жем тастап отырған иелерінің ығына 
көшіп, сүйек-саяқтан айырылып қалмас қам ойлап, жастар фестиваліне келген 
Қазақстан делегаттарының тамырын басуға жіберген кісілерінің өзі сабынша 
бұзылып қайтып оралады. Бұлардың ауыз бірлігі, ынтымағы қонды күнде екен, 
ауа райы өзгеріп, аспанды бұлт торлағанда арланы бөдтірігіне тап береді. 
Құрбан: 
«Хелло, хелло Шмидт... Номері 19 Б ие, ие, әрине, ана дүниеге». Сөйтіп, 
аласапыранда әке-шешеден айырылып, жөн білмейтін бармақтай кезінде 
фашистер қолына түскен Байбол енді елге қайтам дегенде, телефонмен 
айтылған бір ауыз бұйрықтан жер құшты. 
Бірінің желкесін бірі қиып түсудің амалын іздеп, қастықпен аңдысып 
отырған жау топтың ішінен де күрескер жанды табуға болатын еді. Автор 
басқа жолды қалаған. Құрбанның қиялында көрінетін Ана бейнесі арқылы 
авторлық идеал, шығарманың патриоттық мұраты ашылады. Пьесаның 
күретамыр тартысына қатыспағанмен қысылтаң, қиын-қыстау сәтте шығатын 
Ана опасыздар, сатқындар тұрпатына контрастыда алынған. Мұндай 
көріністерде ақ-қара бояулар бірін-бірі айқындай ашады. 
Бұрынғы шығармаларында көбіне комедиялық ситуацияларды, күлкі 
тудыратын сөз айшықтарын күйттеген драматург айтылмыш драмасында тіл 
ұстарту арнасында ізденгенін, шайырлы, қорғасынды монологтар жасауға ұста 
боп қалғандығын көрсетті, эпос қазынасына, халық қазанына, Әуезов 
байлығына ден қойып, стиль, мақамды байыта түскен. 
Абыз: 
Әреке деген кок ауру, сені тияр талқы жоқ, 
Ішті деген жегінің жерге кірер қалпы жоқ. 
Барар жерің батпақ сор, күн түзелер тарпы жоқ, - 
деп күңіренсе, 
Асан: 
Көзін алған біз сона, жар салып бастар жалқы жоқ, 
Бас кесілген бос кеуде, береке қонар арты жоқ, 
Шерменді емей біздер кім, көк тиындық парқы жоқ, - 
Деп зар илеп, запыран төгеді. 
Қаракөз: «Сынған ер жамалады, сыны біткен көңіл қайғысын сөзбен 


229 
жазады» - десе, 
Ана: «Жар өледі – төсек жаңғырады. Жалғыз өледі, жара бітеді. Ата-анаң 
өледі - өзің ата-ана болғанда ол да ұмыт болады» - сол ойды сабақтай түседі. 
Әлем драматургиясындағы бірқыдыру жауһар шығармалар ақ өлеңмен 
жазылған, оларды сахнаға қойсаңыз – тамаша спектакль, щқысаңыз - әдемі 
поэтикалық туынды. Қазақ драматургтерінің ішінде, әсіресе Әбділда Тәжібаев 
жырмен өрнектелген пьесаларға айрықша ден қояды, өзінің зерттеу 
еңбектерінде бұл ойын ерекше шегелеп, бажайлай баяндайды. Көне грек 
трагедиялары мен комедиялары, Ренессанс туындылары, Шекспир, Гете, 
Шиллер, Пушкин асылдары өлеңмен жазылғандары көпке аян. Режессура өз
алдына жеке отау тігіп, декорация, музыка сахнаға келмеген кезде, артистер 
маска киіп, дауысын күшейтетін құрал пайлаланатын шақта көрерменге әсер 
ететін бірден бір нәрсе – дыбыс, әуез, ырғаққа негізделген, құлаққа жағымды, 
жүрекке жақын сұлу диалогтар, жарқыраған ионологтар болғаны хақ.
Ұлы Толстой данышпан Шекспирді мінегенде, тұяқ тіреген ілгішегі, аң 
алдымен, кейіпкерлер сөзінің өмірдегі жағдайға көп келе бермейтіндігі еді. 
Әдеби дамудың тенденциясы барлық жанрда бірте-бірте реалды 
болмысты өз көрінісіне лайық формада бейнелеуге мүмкіндік тудырады. 
Тегінде синтетикалық сипаттағы драмаға режиссура табыстары, өнердің әр 
түрлі саласындағы олжалар жемісті ықпал жасап, ескі дәстүрлерді жаңғыртты. 
Классикалық әдебиеттегі көп актылы пьесалар енді театр талаптарына, 
көрермен ықыласына орай ықшамдалып қойылатын болды. Қазіргі 
пьесалардың негізінен үлкен екі бөлімнен құрылуына сахна шарттары әсер 
еткендігін көру қиын емес. 
Бүгінгі драматургияда әр түрлі жанрлық формалар, сан алуан стильдегі 
туындылар, көп өрнекті шығармалар қатар өмір сүріп отырғанда, тіл мәселесіне 
бір-ақ талаппен қарай алмаймыз. Драматург, ең алдымен, өзінің талант 
ерекшелігіне байланысты, алдын алып отырған материалының ыңғайына қарай, 
идеялық мұратына шақтап, көркемдік құрал таңдаса керек. 
Қоғаммен, табиғатпен арадағы байланысы қат-қабат күрделеніле түскен, 
сан алуан әлеуметтік, экономикалық факторлардың ықпалы психологиясында 
мың сан із қалдырған ХХ ғасыр адамын сахнаға шығарғанда, оның басындағы 
драма, трагедия, комедия тек өлең тілімен ғана баяндалса, аздық етер еді. 
Мұндай жолға түскен әдебиет өзін-өзі тұсаған, күні бұрын жасап алған қалыпқа 
мойынсұнған, неоклассицизмге ден қойған әдебиет болар еді. 
Әбділдә Тәжібаевтың суреткерлік тәжірибесінен өмірлік материалдың 
ыңғайына қарай өрнек іздеудің бірталай үлгісін табуға болады: оқымыстылар 
ортасындағы, 
интеллигенттер 
тіршілігіндегі 
драматизмді 
бейнелейтін 
«Көңілдестер» пьесасы қара сөзбен жазылғандықтан осал түсіп отырған жоқ, 
қайта біздің ойымызша, бұл шығарма автордың «Майрадан» кейінгі үздік 
сахналық туындысы, қазіргі әдебиетіміздің олжасының бірі. 
Авторлық мұратқа, кейіпкер тұрпатына сәйкес стильдік бояумен 
жазылған «Қыз бен солдат» пьесасы өлеңдік формасымен даралануы өз алдына, 
өмірлік материалы, тақырыбы жөнінен де елеулі драма. 
Ата даңқымен – қыз, мата даңқымен - бөз өтсе өтер әлі де, бірақ өнер 
саласында тақырып дақпыртымен, бір күндік қызыл танау науқан ұранын 


230 
көтерген идеялық саудамен ешкім де шыға алмайды. Зулап ағып өтіп жатқан 
өмірдің дәнді құбылысын ұстап алып, әрі зәру, әрі сапалы туынды жасау үшін 
үлкен талант қажырына қоса, саясаткер сұңғылалығы, публицист шапшаңдығы 
қажет. 
«Қыз бен солдат» шетел тақырыбына арналғандықтан ғана сахнада 
табысқа ие болған жоқ, бұл туынды тәжібаев драматургиясында көп жылдан 
созылған бір желіні тиянақтағандай еді. 
Жаңа жанрдағы қадамын Мұхтар Әуезовпен бірігіп жазған «Ақ қайың» 
пьесасынан бастаған ақын Әбділдә лирика мен драманың түйіскен жерінен
олжа іздеп, еңбек етті. Бұл ретте аңыз, ертегі материалдарына сүйеніп бірнеше 
пьеса жазды. Монологтар шұбалаңқы ұзақ толғау болып қалмас үшін, 
диалогтардың өткірлігін күшейту үшін ақын өлең құдіретін пайдалануды 
жақсы игерді. 
Қыз, солдат есімдерін атауды автор қажет деп есептемеген. Салған 
жерден драматургтің шарттылық құралдарын ұстанатынын, символ, емеурін, 
астар, ишара оймен мінез, құлық, психологияны бейнелеуге күш салатынын 
көреміз. 
Вьетнамдағы американ ойранының мысалы арқылы тіпті де аты да 
аталмаған бір Солдаттың бір Гүл сатушы қызбен арасындағы өң мен түстің
арасындағы елестей жалт етіп өте шыққан кездесуінде туған таза, пәк сезім, 
алғашқы махабаттың асыл нұры мен жауыздық бұлтының шарпысуы арқылы 
адамгершілік идея, соғысқа қарсылық ұраны айтылады. 
Пьеса басталғанда Солдат тебіреніп тұрады. Оқиға қай жерде, қашан, қай 
қалада өткені дәл көрсетілмесе де, басқыншылар табанына түскен сорлы бір ел 
екені айқын. Көк темір асынған көп жендеттен бұл солдаттың артықшылығы – 
жүрегі. 
Жиіркене, пысқырына қарайды жан-жағына. Елжірей, тебірене көз 
тастайды төңірегіне. Езу, жаншу, таптау, жою, қыру емес, ойлағаны – түсіну, 
ұғыну, қол ұшын беру секілді. 
Гүл сатушы Қыз үшін қолындағысын өткізсе болды, тамағы аш 
қалмайды, кім алады, қанша алады – бәрі бір. Солдаттың адамша сөйлесіп, 
жылы ұшырап, бауырына тартуы – сирек мінез. Жем етсем, тояттасам, 
қызықтап лақтырып тастасам деген жебір, жалмауыз көздер сиқы басқаша еді. 
Мынау Солдат үнінде жылылық, жүзінде иман бар ғой. 
Сынық көңіл, қайғылы жүрек, шерлі сезім Қыз бен Солдатты тез 
жақындастырып, бейне бірін-бірі ертеден білетін адамдарша шүйіркелестіріп 
жібереді. Таныспай, біліспей жатып ұғысып кеткен. Өзара тіпті еркелегендей. 
Жарқ-жұрқы, тарс-тұрсы, айқай-шуы көп, даңғаза қаланы аралау, қызылды-
жасылды магазинге кіру, көк толқыны аспанға атқан теңіз жағасына бару – бәрі 
де алып ұшқан қиялдан туған әрекеттер. 
Алғашқы көріністерде драматизм солғын, Қыз бен Солдаттың төңірегіне 
тамсана, таңдана қараудан басқа қимылы аз. Бір –ақ рет шығатын көзілдірікті 
адамның, үш жұмысшының сөздерінде сұм өмірге деген қарғыс бар. 
Әке-шешеден айырылып жалғыз қалған Қыз қимас дүниесі гитарды 
Солдатқа ескерткіш белгі ретінде сыйлайды. Екеуінің арасындағы ендігі сырды, 
мұңды бөлісер сол ғана секілді. 


231 
Пьесаның екінші бөліміндегі конфликт Қыз бен Солдаттың айырылуы 
арқылы ғана көрсетілмейді, Вьетнам ойранына кетіп бара жатқан 
жалдамалылардың әрқайсысының басында қан қаза, жан жара бар. Бір 
қарағанда сырттары жылтырап, өңдерінен белгі бермей тұрғандардың ішіне 
үңіліп көріңіз: мынау тиын-тебен үшін, аш өзекті жалғау үшін сатылғанын 
жасырмайды, екіншісі тірлік күресінен шошып, ала қағаз бетіне үңіліп қалған, 
үшінші жігіт әншіліктен барқадар таппаған соң, қолға мылтық ұстаған, 
заманында қарсыласын жалғыз соғып сілейтетін боксер күні де енді қараң, ал 
маскүнемге қайда құласа да айырма жоқ, тек ішерлік бірдеңе болсын де. 
Бұлардың ортасында махаббат сезімі жанына нұр құйған Солдат тұрпаты 
бөлек көрінеді, қиял, арман дүниесі, өлім, опат дүниесі қалай ғана оп-оңай 
ауысып кеткенін өзі де аңғармайды. Бір қиырда: 
Шағалалар шулайды... 
Шырылдайды шағала. 
Кімдер қалды жағада? 
Гүлдер қалды жағада. 
Көз алдында өтіп жатқан алапат мынау: 
Көк теңізде толқын жанып, 
Күңіренеді бұлттар жылап, 
Ағаштардың көздерінен 
Қанды жастар тұр тамшылап... 
Қап-қара боп күн шығады, 
Қара киген тұл қатындай, 
Қан үстінен қан ағады, 
Алғашқы қан құрғатылмай. 
Соғыс сценасы шартты қалыпта берілген. Драматург режиссер қиялына, 
сахналық шешімге, декорация мен музыкаға мүмкіндік ашар ойларды мегзейді. 
Солдат ажал тырнағына ілінген сәтте, өң мен түстің арасында көз алдына 
Қызды келтіріп, онымен тілдеседі. Бұл диалогтарда психологиялық тереңдік, 
драматизм жетіспей жатса да, сахналық әрекетті жандандыра түседі. 
Солдаттың характерін ашар үлкен қимыл, аршынды іс екінші бөлімде де 
жоқ. Тұтастай алғанда, пьесаның өзі шарттылыққа, символға, бозаң бояуларға 
құрылғандықтан, Капитанмен арадағы қақтығыстың мәні ерекше. Әрине, қолға 
түсіп қалған партизан шалдың мелшиіп үндемеуі, сыр ашпауының өзі 
қарсылық, бірақ осы орайдаоның аузына халық қаһарына, келімсектерге, 
басқыншыларға деген ыза-кекке суарылған сөздер салуға болатын еді. 
Әділетсіздік, жалмауыздық жанын тітірентіп, арын күйдірген Солдатты 
тағы да бір зұлымдық қылмысқа жұмсап тұр Капитан: бейкүнә шалды 
жайратып сал дейді, әйтпесе өзін мерт етпек. Бұл жолғы оқ қанішерді қырқып 
түсті. 
Драматург соғыс алапатын тәні, жаны күйіп, өртеніп, белуардан қан 
кешіп жүрген Солдаттың көзімен бейнелейді. Оның монологтары, әсіресе, көк 
сүңгені бойлата сұғып, аранын ашқан өлім ызғары жақындаған кезде ширыға 


232 
түседі. 
Бұлдырады неге мынау жарық күн, 
Көлеңкелер неге ұзарып барады? 
Ағаш неге дірілдейді, өксиді. 
Не үшін оның көзінен қан тамады?.. 
Кімнен сұрағаны? Үзіліп бара жатқан сорлының дүниеге соңғы тіл қатуы 
ма? 
Қара құстың тырнағы кіріп кетті-ау миыма... 
Ажал келіп аяғыма жылан болып оралды, 
Сайтан мені умен жуа бастады, 
Кеудемдегі қан лоқсыған жарамды. 
Кімге айтқаны? Үзіліп бара жатқан сорлыға қанша қиналса қол ұшын 
берер, аузына су тамызар дос бар ма екен? 
Бір көріп сүйіп қалған, ендігі тірлігіндегі тосар үміті, көрер қызығындай 
болған Солдатты күте-күте сабыры тозып, санасы сарғайған Қыз бейшара 
естен айырылғандай халге түскен. Мелшиген көк темірге, мұздай суық қара 
тасқа сыр айтады: бірін президент деп, бірін әулие деп ойлап қалған Қыз 
монологтарында іштегі өрттің жалыны, соғысқа қарсылық, халық ызасының 
ұшқыны бар. 
Драматург қазіргі заманның көкейкесті мәселесіне қаймықпай барып, 
ұтымды форма арқылы өлең үлгілерінің әр түрлі өрнектерін, сахналық 
шарттылық құралдарын, мегзеу, символ тәсілдерін пайдалана отырып, 
публицистикалық пьеса тудырған. 
Қазіргі қазақ драматургиясы жайын қарағанда, сахнада қойылып, 
жинақтарда, кітаптарда басылып жүрген пьеса атаулыға тегіс пысқырына 
қарайтын нигилистікке де, түймедейді түйедей етіп көрсеткен желөкпелікке де 
жол беруге болмайды: әрбір шығарманы, эстетикалық-идеялық жағынан 
саралап, оның әдеби дамуындағы орнын анықтайтын анализ қажет. 
Драмның жанрлық табиғатынан, сахна өнерінің ерекшелігінен туатын 
бірқыдыру заңдылықтарды білмеу, ескермеу, спектакль атаулыны мақтай 
жөнелетін, не пьесаны бағалауға, не режиссер шешімін талдауға шамасы 
келмейтін алыпқашпа, жалпылдақ рецензияларды қоздатып жіберді. Оларға 
бақсақ, қазақ артистері шебнрлік шыңына жетіп, драматургтеріміз жауһар 
туындылардың кеніш байлығын жасап тастаған секілді. 
Бүгінгі пьесаларымыздағы психологизм шеберлігі, деректі материал һәм 
суреткер қиялы, шарттылық құралдарының шығарма жасаудағы мәні, қаһарман 
тұрпаты мен тартыс бірлігі деген мәселелерді қарастыру ләзім. Сірә, қазақ 
драматургиясының даму бағдары жайлы тұжырым асығыс баядамамен, көп 
есімдерді мұрнынан тізіп шыққан шолумен, келте шолақ рецензиямен емес, 
байсалды эстетикалық арнадан туса керек. 
Әбділда Тәжібаевтың шығармашылық ізденісінің бір үлгісі – 
«Монологтар» пьесасы. Ол сахнада «Сағынамын күн сайын» деген атпен 
қойылып жүр. Форма жағынан алғанда Мұхтар Әуезовтің «Дос – Бедел дос» 


233 
пьесасы демесек, қазақ драматургиясындағы өзге шығармаларға ұқсамайды. 
Автордың бұл туындысын жанрлық тұрғыдан сахналық поэма деп көрсетуінде 
мән бар. Кейіпкерлер ретінде Қазақстан тарихында айырықша құрметке ие 
белгілі қайраткерлер алынған. Олар: ақын – революционер Сәкен Сейфуллин, 
генерал Панфилов, Совет Одағының Батырлары Төлеген Тоқтаров, Мәншүк 
Мәметова, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев, Совет Одағының 
халық артисі Күләш Байсейітова, академик Қаныш Сәтбаев, бұған қоса Ақын 
және Уақыт бар. 
Шығарманы саханаға қоюға мүмкіндік жасап, жеке көріністердің басын 
қосып тұрған – Ақын мен Уақыттың арасындағы диалогтар, хор. Көрерменге 
арнап айтылатын Ақын сөзінде драматургтің әдейі қалыпты іздеп шығып, еркін 
кету сырлары шертіледі. Ақын монологтарында құбылмалы өмір әсерінен 
туатын адам бойындағы өзгерістер, мінез қырлары көрінсе, Уақыт атынан 
берілетін монологтарда объективті шындық, замана кесімі айтылғандай. Әрбір 
кейіпкер монологында Қазақстанның азаматтық тарихының белгілі көріністері 
жатыр. Әдеттегі ұғымдағы әрекет бірлігі, сюжет ағымы жоқ болғанмен, бір 
кейіпкерден кейін екіншісінің шығуында мезгіл жағынан байланыс, 
сабақтастық бар. 
Ең алдымен сахнаға революцияның от жалынынан аман қалған дауылпаз 
қызыл сұңқар Сәкен Сейфуллин шығады. Драматург Сәкен поэзиясындағы 
мотив, сарындарды жақсы пайдаланған, өлең ырғақтарында да ұқсастық бар. 
Сәкен өмірінің Трагедиялық финалын әркім әр түрлі бейнелейлі: Ғабит 
Мүсірепов повесінде домбыраның шегі үзіліп кетеді; Қалижан Бекхожин 
поэмасында Алматының Карл Маркс көшесінде иесіз, қаңырап қалған қоңыр 
үй бар; Асқар Тоқмағанбетов дастанында сорлы апа көздің жасын көлдетіп, тау-
тасқа, орман, көлге мұңын шағып, ұлын іздеп жүр; Әбділдә Тәжібаев 
пьесасында Сәкен аузымен шындық сөйлейді. 
Киелі өңірдің иесі ешқашан жауырды жаба тоқып, шындықтың бетін 
бүркей тастап жүре алмайды. Белгілі бір заманда болған оқиғаларды, 
қуанышты, қайғылы жәйттерді, ең алдымен, дәуірдің өз суреткері бейнелеуі 
шарт. Кейінгі ұрпаққа ескерткіш, замана куәлігін қалдырар солар. Уақыт өткен 
соң оралып соққанда, қайтсе де, қалай жан салып ұмтылғанмен жаңа дәуір 
әсерінен құтылып кету мүмкін еместігінің дәлелі ретінде әлем әдебиетінің, 
өнердің әр саласының көптеген классикалық шығармаларын айтуға болады. 
Фашизм ойранына қарсы тұрған халық қаһармандары ретінде генерал 
панфилов, Төлеген Тоқтаров, Мәншүк Мәметовалардың алынуы орынды. 
Ұзын-сонар шұбыртпа өлеңге түсіп кету бұлардың монологтарының драмалық 
күшін, тартыс қуатын әлсіретіп жіберуге соқтырған. 
Даңқты генерал Панфилов бұдан гөрі ірі, кесек сөз айтуға лайық тұлға. 
Оқ боп атыла салу, бомба боп жарыла салу қағаз жүзінде оңай шығар, әйтпесе 
мыналардың тағдырын жалғыз ауыз бұйрықпен шешетін генерал үшін қасқыр 
жау аранын ашып Отан жүрегіне қан шеңгелін салған қатерлі сәтте көз жұму 
деген үлкен трагедия. Осындай ситуацияда оптимистік трагедияның қаһарманы 
айтпақ монолог қажет. 
Драманың қалыпты, үйреншікті формасын жаңғырту, түрлендіру талабы 
жақсы, бірақ қайткен күнде де жанрдың образ жасаудағы заңдылықтарын 


234 
бұзып жіберу, өзгеру мүмкін емес, өйткені өнер өзегінде объективті шарттарға 
бағынышты құбылыстар жатқаны хақ. 
Мәншүк монологтарында әсіреқызыл бояудан гөрі реалистік өрнектерден 
Батыр қыздың аңыз боп кеткен ерлігі ғана емес, көп жұртқа белгісіз сырлары 
анасына арналған сөздері арқылы беріледі. 
Сахналық поэманың кейіпкерлері әр буынның әр мамандықтың, әр түрлі 
тағдырдың адамдары. Гүл құшақтап, қызғалдақ жинап жүрген Мәншүктің 
аяғына керзі етік кигізіп, пулемет тұтқасын ұстатқан ауыр заман ақсақал болып
бала-шағасының қасында, домбырасын тықылдатып отырар Ыбырай Жақаевты 
егіс даласына шығарған. Белуардан су кешіп, толарсақтан саз кешіп жүріп, 
күрішін өсірген диқан атаның күндіз ойынан, түнде түсінен майданға кеткен 
ұлы шығар ма? 
Драматург барлық монологтардың өлшемі, ырғақ жасау тәсілдері ұқсап, 
ыңғайласып кетпеуіне мән берген. Кейбір толғауларда ауызекі сөз мақамдары, 
шешендік өрнектер, тұжырымдап, кесіп айту, түйіп-байлап тастау бар. 
Театр сахнасында қойылып жүрген Зейтін Ақышевтің «Жаяу Мұса» 
пьесасына назар аударғанда, драматургиямыздағы осы алуандас бұрынғы 
шығармалар еске түседі. Ұлттық әдебиетіміздің өнегесі іспетті «Абай», «Ақан 
сері - Ақтоқты» трагедиялары өз алдында, Ә.Тәжібаевтың «Майра», 
С.Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» пьесаларымен мезгіл жағынан, тақырып 
орайынан көп ұқсастық табуға болады. 
Драматургияда есімі белгілі автордың пьесасын академиялық театр 
коллективінің көрерменге ұсынуы салған жерден ойлантады. 
Жаяу Мұса аршынды әндері арқылы қазақ перзентіне бала күнінен бастап 
құрметті болып кеткен есім. 
Тоқсаннан асып дүние салған ұзақ ғұмырында Жаяу Мұса бір адамның 
басына жетерлік қызықты да, қайғыны да көрген, алысқан-жұлысқан. Арқада 
оның шарламаған жері кемде-кем, өзі тұрғылас өнерпаздардың ішінде ең көзі 
ашығы; Омбы, Қазан, Петербург секілді қалаларды аралаған; Совет өкіметі 
орнаған кезде де өмір сүрген. 
Орайын келтірген жазушы Жаяу Мұса ғұмырынан көркем шығармаға 
арқау боларлық талай қызықты материалдар табары хақ. Шорман тұқымымен 
алысқан кездер – Жаяу Мұса жүрегінде терең із қалдырған, оның ең тентек, 
асау әні «Ақсиса» осы мезгілде туған. 
Пьесаға өзек етіліп өмірде болған, деректі, негізі артық тартыстың 
алынуы заңды. Аға сұлтандықтан дәмеленіп Омбы кеткен Мұса Шормановты 
тосып отырған ауыл әбігерінің үстінен түсеміз. Қашан да жуандардың, 
біліктілердің әр жерге тастаған қақпандары, әр атырапқа жіберген жансыздары, 
әр топта аруақ шақыратын ұраншылары болмақ. Ескі ауылда бүгінгі ұғымдағы 
абақты, барлау системасы жоқ еді дегенмен, дұшпан ортаға елеусіз біреулерді 
тыңшы етіп жіберуі жиі орын алған. Бірінен-бірі асырып, улап-шулап жатқан 
екі шал Байғабыл, Ботбай – Мұса Шормановтың шашбауын көтеруші, ел 
арасында атақ даңқын жариялаушылар. Түс жоруды ойната түскенде болатын 
еді. 
Үлкен маңсап қолға тимей, ауылдағы Шорман әулеті жаңа бір зорлық 
қамына кіріскен. Сахара жағдайында ханмен пара-пар билік иесі қандай жерде 


235 
тұрмақ? Баян атырабындағы ең шұрайлы өлке қайсы? Жасыбай емес пе? 
Ондағыларды басқа жаққа қоныс аударса, қайтеді екен? Кім қарсы шыға алады? 
Атадан қалған дәулет, аға қолындағы билікті табиғатынан ұрда-жық 
Мұстафаны тіпті есіртіп жіберген. Айла-тәсіл, жөн-жосық, әдет-ғұрып 
дегендерді біржолата жиып қойып, тізеге басып, білек сыбанып, шыға келеді. 
Зорлыққа кіріскенде ешкімге дес бермес Құнанбайдың өзі Қодардың ата-
қонысын аларда елге өтірік болса да көз етіп, айла-шарғы жасаушы еді, мынада 
ол жоқ, тападай тал түсте, ер-азаматты бақырайтып қойып, Жасыбайға лап 
қояды. Бұл аз десең тағы бір сұмдыққа басады, аға сұлтанмен аттас болмайсың 
деп Мұса Байжановтың есімін өзгертіп, Жаяу аттандырады. 
Осы фабула бір пьесаға жетіп жатыр. Шеберліктің кемістігінен бе, 
тәжірибе аздығынан ба, әлде одан да басқа себеп бар ма, әйтеуір үлкен әрекет, 
маңызды оқиғалар алғашқы картиналарда көрсетіліп қояды. Жалғыз 
Мұстафаның ожарлығы, дөрекілігі демесек өзге характерлер әлсіз. Жаяу 
Мұсаның ірілігі, үлкен жүрегінің дүрсілі сезілмейді. 
Екі Мұсаның – полковник Мұса Шорманов пен композитор Жаяу Мұса 
Байжановтың үшінші картинада кездесу сценасында драматург ерекше мән 
беруі қажет еді. Рас, Мұса Шормановтың сөздерінен оқығандық, білімділік 
нышаны аңғарылады. Романовтармен ауыз жаласып кеткен, сарала түйме 
таққан төренің емеурінінен ішкі пиғылы сезіліп тұр. Дала феодалдарының 
қулық-сұмдығына, зорлық-зомбылық тәсілдерін қосып колонизаторлардың 
зымияндығын, жуан жұдырығын алған, байлық, дәреже, мансап жолында бәрін 
сатқан көкжалдың тарихтағы бейнесінен пьесадағы тұрпаты көш кейін жатыр. 
Шормановтар мен Жаяу Мұса арасындағы әлеуметтік тартысты өрістетіп, 
осы арнада характерді саралау орнына, драматург қыз алып қашу шырғалаңына 
көп ойысып кеткен. Шынтуайтқа келгенде «Жаяу Мұса» пьесасының табысы 
көпшілік сахналарында, тұрмыс-салт суреттерінде жатыр. 
Өмір кескініне тура қараған адам Мұстафаның тоқалы Әңкенің көк 
көйлек киіп, тойып тамақ ішіп жүруі үшін, сол күйден айырылып қалмауы үшін 
күресуін жасанды нәрсе дей алмаса керек. Әңке мінезінде күлкілі, қылықты 
сипаттар бар. Әуелде оң жақта бұралып отырған ерке сұлу Сапарды ертең 
күндесіп боп шыға келер ме екен деген қауіппен дұшпан көріп, атарға оқ таба 
алмаса, артынан оны Жаяу Мұсаға қосу үшін жеңгетайлыққа жүреді. Байдалы, 
Арап әрекеттерінен елдің ұлын, ортан қолдай азаматын қалай әлпештеп, қиын-
қыстау заманда қалай қорғап қалғанын көреміз. Сомов сынды атаман 
Шормановтармен дастарқандас, Потапов Жаяу Мұса жігіттерінің ішінде. 
Кейіпкерлер тілін даралауда драматургтың олқы соғуы сахна шартын 
ескермеуден, ішкі драматизм, екпін, ырғақ талаптарын елемеуден шығып 
жатыр.
Мұстафа. Батырекесі , онда былай болсын, сен қазір бармай-ақ қой. Ұят 
болады. Бүгін құдайдың таңы атады ғой, аяңдап осында кел, аздап сыр тарта 
бер, бір-екі күнде құда жіберейік. 
Әңке. Ол да жөн екен-ау. Сапар қолыңа түскен соң, құдайыңды ұмытып 
кетпесең болғаны, мырза! 
Мұстафа. Сенің орның бөлек қой, Әңке. Бәрібір бар билік өз қолыңда 
болады. Бәрін де бір шыбықпен өзің айдайсың, оған күманың болмасын. 


236 
Әңке. Тек уәдеде берік болсаң болғаны. 
(З. Ақышев. «Жаяу Мұса», Кітапта «Қызыл жалау». А., 1966, 284-285-
беттер). 
Сөз қайталау, сөз тіркестерін қайталау – көркемдік тәсілдің бір түрі. 
Эпостан, классикалық әдебиеттен бұл ретте көп нұсқа еске түседі. Ал 
мақсатсыз қайталау, бір сөздің орынсыз көлденеңдей беруі ажарсыздыққа, 
сүреңсіздікке, қарадүрсіндікке ұрындырмақ. Мына үзіндідегі «бол-болдар» 
соның дәлелі. 
Бүгінгі қазақ драматургиясындағы тарихи-ғұмырнама тақырыпқа 
арналған шығармалардың ішінде Құдаш Мұқашевтің «Дала дастаны» пьесасы 
көркемдік жақсы сипаттармен ерекшеленеді. 
Бұрын ақын ретінде көрінген қаламгердің драматургиядағы алғашқы 
қадамында олқылық, осал жәйлар мол болатын. Әуелі варианттарында 
«Ағажан», «Таң атып келеді» деп аталған туындыда қажетсіз көріністер, 
көпсөзділік, шұбалаңдылық басым еді. 
Шығарма қолжазбасымен танысқан сыншылар, режиссерлер, артистер 
жас драматургке көп кеңес берді. Автор театрға күнделікті келе жүріп, сахна 
заңдылықтарын, көрермен талаптарын ойластырып, пьесаны шыңдады, талай 
сценаларды қайтадан жазып шықты. Драмаға суреткер идеясына дөп қабысатын 
жаңа ат қойылды. Сөйтіп, ақынның драматургиядағы тырнақалдысы театр 
сахнасына шықты. Кім білген, сөйтсек, бұл Құдаштың соңғы әні, аққу әні екен 
ғой... 
Шиырланып қалғандай, таптауырын болғандай объектінің жаңа бір кілтін 
автор сәтті тапқан. Қаһарманды архивтен, сарғыш қағаз, кітаптардан ауламай, 
тас-тастан, өзен-көлден, кәрі құлақ, көне көздерден, өмірден іздеген. Қазақтың 
арқалы, аруақты ақыны Ілияс Жансүгіровтің өмірінен іздеген, жас шағынан 
тапқан. Дауылпаз жыршы өскен-өнген ортадан шығу, інінің хабарсыз кеткен 
ағаға деген қайғылы, мұңды, ыстық махаббаты, ақын мен ақынның табысуы – 
«Дала дастаны» пьесасының сәтті жазылуына осындай алғы шарттар болған 
деп білеміз. 
Қазақ әдебиетінде драманы ақ өлеңмен өрнектеу үлгісі М.Әуезов, Ғ.М. 
Мүсірепов, Ә. Тәжібаев шығармашылығында жақсы жеміс берген өрнекті арна, 
бірақ бағытта ізденген өзге қаламгерлер сирек еді. Құдаш Мұқашев нар 
тәуекелмен қиынға құлаш сермеген. «Дала дастаны» ырғаққа, әуезділікке әр 
түрлі ұйқасқа негізделген ақ өлеңмен жазылған. Ұлттық өнердің классикасы 
«Қарагөз», «Ақан сері – Ақтоқты» сынды туындылармен үндестік бар. 
Алғашқы көріністерде дала төсінде асау тайдай ойнақтаған ерке ақын – 
Ілиясты көреміз. Тау-тас, жер-көк – бәрімен сырласындай тілдеседі. Шерін 
айтады, мұң бөліседі. Қамсыз, қайғысыз бала күнгі құрбысы – Мырза бүгін 
иығына жалтыратып погон таққан офицер. Ақын жолы мен төре жолы екі 
жаққа, екі қиырға қиғаш тартқан; бірі – жұртын сүйген жүрекпен халқына 
қызмет етпек, бірі – патша ағзамының табанын тілмен тазартса да, биліктің 
биігіне өрмелемек. 
Махаббат сезімімен өртенген Қуат пен Бибі арасындағы хал, бір от, бір 
жалын Ілиясты да қинайды. Тұтқындағы сұлу қашып шыққан жерінен, мүлде 
шідер үзіп кетпек ниетінен жігіттің солқылдап тұрғанын аңғарып, қайта 


237 
шегінеді. Тартыс осыдан кейін басталады. 
Ең алдымен, әкесінің көзіне шөп салғанды көріп, төзіп отырар қыз 
Мақпал емес. Бибіні сойылмен соққандайауыр сөзбен тілдейді. Қуатпен 
көңілдес екенін Мақпалдан қалай жасырмақ Бибі? Сүйіспеншілік, жастық 
бұйрығы дегенді қалай түсіндірмек? Сахнаға пьесадағы қаһарлы кейіпкер – 
Қыдыр шығады. Тоқалы Бибіге айтатын сөзі: «Көзің неге ойнап тұр, кеудең 
неге тулайды?» Бұдан соң айыпкер мен соттың жауаптасуындай қысқа-қысқа 
диалог. Қыдырдың жұрттың көз алдында Бибіні шашынан сүйреп сабауы – 
натуралистік сахна. Спектакльде бұл көріністі алып тастау дұрыс болар еді. 
Мақпал мен Қыдыр қақтығысындағы драмтизм онсыз да жетіп жатыр, әсіресе 
қызыл, шымқай қара бояудың қажеті жоқ. 
Еш зорлық жасамаған, бір қылтанағы құрымаған кейіппен Қыдыр өз 
отауында Ілиясты қарсы алады. Кезінде Құнанбайдың ұлы Абайды сынау үшін 
айтқан тұспал сөздеріне ұқсас сұрау қояды. «Ел» деп кімді айтамыз? 
Лапылдаған, аңқылдаған ақын көңілі барлығын да халық, жұрт алдындағы 
жауапкершілікпен, ел тағдырымен байланыстырады. Тізеден қағып жатқан 
қажы жоқ. Күдік, дауын аралыстыра лтырып, өз мүддесі үшін Ілиясты Қуатқа 
айдап салмақ. Өртенген намысының кегін солай қайтармақ. Бұған көнер ақын 
ба? Сонда табанына шоқ басқандай ашумен атылады қажы: « Бір тоқалды өз 
әкең Жансүгір де құшып жүр. Сол тоқалға Қуатты неге апарып салмадың? Әлде 
оны өзіңе қалдырдың ба, Ілияс?» 
Адам аузы бармас сөздің аяғын Қыдыр қарғыспен бітіреді. Нағыз қатын 
қарғыс. Әлгіндегі бейбіт рай, дос пейіл аз ғана сәтке шымылдық болған 
алдамшы күй екен. Бұрыннан қордаланып жиналған дұшпандық өшпенділік 
енді бұрқырап шыға келген. Ақтарылып, төгіліп жатыр. Қыдыр қажының көзіне 
қан толып кеткен. Ілияс та аянар емес. 
Бірінші актінің соңғы, бесінші суретінде әр түрлі әрекет, сахналық 
қимыл, кейіпкерлер арасындағы тартыс күшейе түскен. Сырт көзге 
аңғарылмайтын, бітеу жара секілді іштей кеулеп бара жатқан дерт бар. Ұлы 
Мырза мундир киіп, офицер болып қайтқан қуанышына әкесі Есен болыс той 
жасап жатыр. Әкелі-балалы екеуі жұрт жиналардың алдында шүйіркелесіп сыр 
шертіскендей. Талай құқайды көрген жырынды, әккі көкжал бөлтірігіне түлкі 
заманның айла-шарғыссын, қулық-сұмдығын үйретеді. Өзінің қолын билікке 
жеткізген, тәңір тұтар пірің – Қыдыр қажы, үлгі ал, әдіс-тәсілін меңгер соның 
дейді. Кекең-кекең еткен, ноқай, даңғой офицер залым болыс арамдығын 
түсінер деңгейде емес. 
Той сценасындағы әрекеттер қазақ драматургиясында қалыптасқан 
арнаның ізімен отырады. Жұрт алдында Қуатты масқараламақ пиғылмен арамза 
Қыдыр жандайшап тыңшысы Желбуазды әдейі, күн ілгері дайындап алап 
келген. Кісіге ит өосқандай қылып, айтысқа салады. Желбуаз – Қуат айтысы 
фольклордағы дәстүр негізінен ауытқымайды. Жазықсыз жігітке қылыш ала 
жүгірген зорлыққа шыдамаған Ілияс Мырзамен арадағы бала күндері естелігі 
арқылы жалғасып жатқан болар-болмас дәнекерді сындырады. Енді Қыдыр 
дұшпандығына Мырза жаулығы қосылады. Той үстінде бұлтсыз күнгі 
найзағайдай, ел-жұртты дүр сілкіндірген тосын хабар жетеді. Мұғалім 
Бейсенбай Кедесов жар салып тұр: «Патша тағынан құлады!» Екі ақын Ілияс, 


238 
Қуат бірі қостап ағыла жөнеледі. Жаңа өмірдің той бастары айтылады. 
Ілиястың әкесі кесек, мінезді, тура адам болғаны белгілі. Пьесада 
Жансүгірдің сенімді, қызықты бейнесі жасалған. Алғаш онымен екінші актінің 
басында, алтыншы суретте ұлымен бірге асау үйретіп жүрген кезінде 
жолығамыз. Қыдырдың аманатын арқалап Желбуаз да жеткен. Бұл Әуезов 
романындағы хабаршы, атшабар да, Мүсірепов трагедиясындағы Жантық та 
емес, соларға ұқсайды, әрі ұқсамайды. Даланың өмір қалпы тудырған жансыз, 
тыңшы. Бірді бірге ұрып жүрген алаяқ. Сонда қара басына келтірер пайдасы да 
шамалы. 
Желбуаздың астына тастаған бөстегіне шалжия кетер Жансүгір ме, қайта 
су жұқпас қудың екі аяғын бір етікке тығады. Қыдырдың ұлыңды тыйып ұста 
дегеніне құлақ асу қайда, таспен атқандай байламы бар. 
Аяқ астынан аттан құлаған Ілиясты табалай сөйлеген Желбуазға сыр 
бермейді. Жансүгір сап етіп ойып, қабырғасын сөгіп алса, көзден бір тамшы 
жас шығармас қас батырдың қайсарлығын ұстанады. Жүрегі елжіреп, бауыры 
езіліп тұрса да, түсі суық, үні қатқыл. 
Драмадағы тартысты күшейтетін бір арна – Ілияс – Мақпал қарым-
қатынасы. Қажының оң жақта бұлғақтап отырған қызы ерке тотай емес, - есті, 
дүмбілез емем, сезімтал. Даланың құланындай жайнап тұрған асау, тарпаң 
ақынды сырлы құштарлықпен ұнатқан. Көкіректі күйдіріп, жүректі өртеген 
жалын ақыры шыдатпай жігіт алдына әкеп тұр. Әуелгі сөзді қыз айтады. Еңлік 
мінезі аян, Татьяна қадамы да белгілі болған заманның перзенті ғой. Біреудің 
қалың малы берілген қалыңдығысың деген сынық сөзбен Ілияс сыпайы ғана 
шығарып салады. Ақын үшін тұла бойды бақытқан, тоқсан тоғыз тамырды 
идірген сүйіспеншілік керек секілді. Өз аяғымен келіп тұрған қыздан бойын 
тежеуінде осындай гәп бар. 
Жуандықтың қамшыгері Қыдырмен жауласса да, Ілияс жақсы-жаман, 
бай-кедейдің арасын пышақ кескендей бөлетін күрескерлер жолына бірден 
түсіп кете алмайды. Драматург ақынға идеялық әсер берген, әлеумет 
майданына тартқан тұлға ретінде Бейсенбай Көдесов бейнесін алған. Оның 
сөздерінде ақылгөсу, ұстаз көріну сарындары көп. 
Патша құлап, қазақ даласын революция дауылы дүрілдеткен дәуірдің 
екпіні алыс қырлардағы шағын ауылдарға да жеткен. Қыдыр қажы белін шарт 
буынып, сақалды күзеп атқа қонды. Офицер мырза шетелге қашпақ. 
Дүрбелең сасқалаң заманда кім жау, кім дос екенін аңғармаған талай 
ауыл нақақтан зарлап қалған. Өтірік қызылмыз деп жүріп, ақтар жасаған лаңды 
сахара ұзақ уақыт ұмытқан жоқ. Жансүгір қыстағына қансырап жеткен жаралы 
адамның сұмдық әңгімесінен кейін Бейсенбайдан талай жұмбақтың бетін 
ашқан, қас пен достың ара-жігін ажыратқан, күрестің бағдарын нұсқаған хат 
келеді. Сандықта ораулы жатқан бабаларының қылышын Жансүгірдің 
тебіреніп, толқып тұрып, ұлының қолына ұстату сценасы әсерлі шыққан. Сол 
сәтте ақын жүректен жыр төгіледі. Күйбеңнен құтылып қияға, мұзарт шыңға 
тартқан қыран жыры. Ілиястың күрескерлер сапына аяқ басу эволюциясы 
тартымды детальдар, сенімді штрихтармен берілген. 
Соңғы, сегізінші суретте әрекет мол. Пьесада персонаж көп емес, негізгі 
он шақты қаһарман түгел бірінен кейін бірі осы сценада сахнаға шығады. 


239 
Әрқайсысының тағдыры шешілетін кезеңге тірелген шақ. 
Күлкі тудыратын құралдарды іздегенде, қаламгер әлеуметтік идеяны, 
эстетикалық мәнді айрықша құнттағаны абзал, әйтпесе физиологиялық 
кемшіліктер, көздің соқырлығы, тілдің сақаулығы, құлақтың саңыраулығы, 
аяқтың ақсақтығы келемежделіп, ажуа етілсе, натуралистік тенденцияға жол 
берілмек. Бұл орайда реалистік өнер өркен жая алмақ емес. Надандық салмағы 
еңсесін түсіріп, мәңгіртіп, намыстан жұрдай еткен сорлы Жабаққа адамның 
жаны ашиды. Мырза сабап жатқанда араша түскен Ілиясқа рақмет айтудың 
орнына, дауыс көтеріп балағаттайды байғұс. Осы персонажды сақау етіп 
алғаннан драматург ұтпаған. Қыдыр жұрт назарын тайдыру үшін залымдықпен 
шапанын әдейі Жабаққа кигізеді. Ұшпаққа шығып, жұмаққа кіргендей, төбесі 
көкке жеткендей, мәз болып, қуанған сорлының талтаңдауында ауыр трагедия 
жатыр. Жолына құрбандыққа тоқты шалғандай, селт етпеген жүрекпен Қыдыр 
қажы бейшара Жабақты бауыздап, жолға тастап жүре береді. 
Ыстық сезім, өрт құштарлық тағы да Мақпалды әке көшінен бөліп алып
қалып, Ілияспен кездестірген. Енді тосаңсу, сырғанақтаудан тыйылып, жас 
көңілдер емірене табысқан. Бірақ бұл көк сағымдай аз дәурен. 
От қоршау қысыла бастайды. Қыдыр сенімнің, күрестің, қылыштың 
адамы, бас сауғалап, мал қуып, тиын санап қыр асатын босқын-қашқындардың 
қатарында ол жоқ. Диуана кейпіне түсіп, Ілияспен бетпе-бет келіп тұр. Баяғыда 
өз отауында берген қанды серттің шешімін мылтыққа тапсырып, басып қалады. 
Оқ Ілиясты емес, кеудесімен жан жарын қорғаған Мақпалды орып түсті. 
Тіршілікте соңында қалар жалғыз тұяқты Қыдыр өзі құртты, өзі өлтірді қызын. 
Бұдан әрі барар жер, басар тауы қалмаған Қыдырдың өзімді жайратар деп 
сескенбестен Ілияс берген мылтықпен атылып өлуі – оның кесек тұлғасына 
жарасты қадам. Әлеуметтік мәні күшті бұл бейненің психологиялық кескіні 
соңғы қылығымен ашыла түскен. 
Пьеса финалында көтеріңкі леп бар. Аяулы жары – Мақпалдан, ардақты 
ұстазы Бейсенбайдан айрылған Ілияс қайғы жұтып, қансырап отырып, шөгіп 
қалмаған. Өртке қанатын күйдіргенмен, қайта түлеп, жаңғырып, өзгеріп, өсіп 
шыққандай. Келе жатқан азаттық таңының шапағына жырмен шашу шашып, 
елінің, халқының бұлбұл құсы болып сайраған ақынның бір қолында қылыш, 
бір қолында домбыра. 
Драматург Ілияс поэзиясына вариация жасау, монтаждаудан аулақ, ақын 
шығармасының ырғақтық, әуездік ерекшеліктерін жақсы пайдалана отырып, 
рух, идея туыстығына қабыстырып, сырлы, сазды монологтар тудырған десек, 
артық мақтау емес. Таныс сарындардың кездесуі, термелеп кету, драматизм 
олқылығы секілді кемшіліктері бола тұра, «Дала дастаны» пьесасы ақындық 
пафоспен, форма еркіндігімен, айшықты тілімен әлі талай көрерменді өзіне 
тартып, аруақты ардақты ақын Ілияс жайлы сыр шертетін болады. 
Сахнаға шыққан тарихи – ғұмырнама пьесалардың бірі – О.Бодықовтың 
«Дала тұтқыны». Әуелгі аты «Барымташы» болатын. Шығарма ықшам. 
Сахналық талаптар, бүгінгі театр мүмкіндіктері ескерілген. Автор режиссерге 
қажетті жәйттерді өзі айтып отырады – қай жерде қандай музыка, ән, күй 
пайдалану, декорация, сахнаға қойылмақ заттар көрсетілген. Пьесаның екі 
бөлімі де ұқсас көрініспен басталып, ұқсас көрініспен бітуі спектакльге өзіндік 


240 
ырғақ береді. Самодержавие билік құрған заман сырын сездіру үшін алынған 
барабан үні, солдат етіктерінің дүрсілі, патша коронасы, алға тартқан уақыт 
белгісіндей сағат тықылы орынды қолданылған детальдар. 
Пьесаның бірінші актісі: Омбы. Түрме. Жеке камера. Федор Достоевский 
мен поручик Кринцовтың диалогының үстінен түсеміз. «Құлан құдыққа құласа, 
бүкіл Ресейді дүрілдеткен жазушы бүгін қол-аяғында кісен шылдыраған 
тұтқын. Анау жаналғыштың сөзінде шаруасы шамалы. Аузы бірдеңе деп жауап 
бергенмен, ойы басқада. Әдейі қырсықтанып, сұм ниетпен Достоевскийдің 
үстіне екі адам кіргізген. 
Достоевскиймен тұтқын қазақтар арасындағы диалог әр шөптің басын бір 
шалады. Болар-болмас мінез ерекшеліктерін аңғарамыз. Ит таластырып 
қызықтаған содыр мінезбен Кривцов тұтқындарды бір-біріне айдап салып, кім 
басқаны сабаса, соны босатам дейді. Осыдан кейін тартыс, психологиялық 
арбасу басталады. Қасында еріп жүрген жолдасы Жаманбайды Барымташының 
жазықсыз Достоевскийді сабамақ болдың деп буындырып өлтіріп тастауы 
намысты ердің аршынын көрсететін асау қылық. 
Осыдан кейін Барымташының мінезін ашатын әрекеттерді көре 
алмаймыз. Екінші бөлімде онымен тау-таста қашып жүрген кезінде жолығамыз. 
Ісі, қимылы жоқ өткенді айтуы, егілуі, жасуы ғана бар. Барымташы жүрген 
жүрісі, жасаған қылығы буалдыр персонаж: Тайман, одан соң Жоламан 
аузымен айтылатын ол жайлы сөздер өзара қайшы, шалыс келіп жатыр. 
Ақынмын деген Жоламанның Барымташыны бірде мақтап, бірде даттауы 
көңілге қонбайды. 
Барымташы бойындағы трагедияның басы ашылмаған. Оның аузына 
драматург сол заманға сыйымсыз, артық, көтеріңкі сөздер салады. Ұлы 
психолог жазушы Достоевскийдің жан сырын, жүрек дүрсілін, сезім 
толқындарын беретін көркемдік бояулар жетіспейді. 
Пьесаның бірінші, екінші бөлімдерінің арасында тұтастық жоқ, 
шығарманың бас-аяғын біріктіретін тартыс-әрекет бірлігі жоқ. Орыс, қазақ 
халықтары туыстығының жақсы көрінісі – Достоевский мен Шоқан достығы 
болатын. Бір ізденсе, ізденетін тұс осы еді. Драматург тарихи негізі тиянақсыз 
материалдың соңына түсіп кетіп, творчестволық олжаға кенелмеген. 
Ой тұжырымы: қазақ драматургиясының революциялық – қаһармандық, 
тарихи – ғұмырнама тақырыпты игерудегі сан алуан тәжірибесі, әр түрлі 
ізденістері өткенге партиялық, таптық көзқарастар тұрғысынан жазылмақ, 
терең идея, жарасымды шеберлікпен айтылмақ тартысы кесек, кейіпкерлері 
соқталы туындылар жасауға негіз береді деп білеміз. 
Қоғамдық жаңа қарым-қатынастардың әсерінен адам психологиясында 
пайда болған соны өзгерістерді, характер құбылыстарын тез аңғарып, жіті 
бейнелеу үшін суреткердің азаматтық белсенділігі, ізденісі, заман тамырын 
қапысыз дәл басып отыруы шарт. Қияндағыны шалып қалар көз қырағылығы 
өз алдына, белгілі объектіні нысана етіп алып, ұзақ уақыт социолог, экономист, 
философ, психолог, тарихшы секілді зерттеудің нәтижесінде басқаларға әлі 
анық көріне қоймайтын дүниелерді жазушы бұрын сезіп, шығармаға арқау етуі 
- өнерде қайталанып отыратын заңдылықтың бірі. 
Әлеумет назарын мәнді проблемаға алғаш бұрудың маңыздылығы 


241 
көркемдік, идеялық олқылықтардың орнын толтыра алмайды. Өзекті мәселелер 
көтерген шығарманың тақырыбын, автор ниетін желеу етіп жеңіл талап қоя – 
эстетика шарттарына қайшы екендігін әсте ұмытпау ләзім. Кейбір көпе-көрнеу 
шиі шығып тұрған, социологиялық штамп, науқандық схема ізімен, 
иллюстрация қалыбымен ғана жасалған көкжасық нәрселердің санға еніп, 
санатта жүруі – қынжыларлық жәйт. 
Бүгінгі заман күйлерін шертетін туындыларға қауым көзі бірден түседі. 
Әркім өзін толғантатын, қабырғасына батып жүрген түйткілдерге жауап 
іздейді. Ұқсас қиындықта басқалар қайтты екен? Жыбыр тірліктен, мимырт 
күйбеңнен босап, қиял әлемін, романтика ауылын шарлағандар келбеті қандай? 
Сауал көп. 
Қазақ театрларының сахнасында қойылып жүрген пьесалардың ішінде 
қазіргі күннің өзекті мәселелерін арқау ететін Әлжаппар Әбішевтің «Белгісіз 
батыр» драмасы да бар. 
Ұзақ уақыт драматургияда еңбек еткен белгілі қаламгердің қалыптасқан 
қолтаңбасын, стильдік ерекшелігін айтылмыш пьесадан аңғаруға болады. 
Кездейсоқ, күтпеген оқиғадан тартысты сабақтап алу, қашан шығарма 
тәмамдалғанша кейбір жәйттердің жұмбақ болуы, кейіпкерлердің бір-біріне 
деген көзқарасын ашық білдіруі – осы алуандас сипаттар «Белгісіз батырдан» 
басқа да Әбішев пьесаларында жиі кездесетін нәрселер. 
Прологтағы әрекет сұрау артынан сұрау тудырады. Парижге ғалымдар 
кеңесіне барып келе жатқан физик Мардан кім өзі? Жартылай жарымжан, 
ұмыту ауруына шалдыққан Тағдыр деген адамды неге сонау Франциядан алып 
келген? 
Бұлардың жауабы көпке дейін күңгірт. Алғашқы көріністерде Алматы 
маңындағы дачалардың біріндегі қазіргі қазақ зиялыларының тұрмысымен 
танысамыз. Шеше мен қыз арасындағы қарым-қатынасыты, көршілер 
сыйластығын, бүгінгі тәрбие-тәлім қалыбын аңдаймыз. Көп адам жоқ, үш 
отбасының кісілері, онда да артық бас емес, ата-ана бауырындағы бір-бір 
перзент, бәрі де ат жалын тартып мінген, жоғары білімі барлар. 
Атақты физик марданның қызы самал мен профессор Дүрмектің ұлы 
Иман кішкентайынан біте қайнап, қатар өскен құрбылар. Әлі де әзілдері 
жарасқан. Екеуінің көңілі екі жерде. Самал талантты физик Жандосты сүйсе, 
Иманның да ұнатқан қызы Зура – физик. Осы жолы Қырымға демалысқа кеткен 
Жандос мерзімі бітпей ерте қайтып отыр. Зура Москвадан бірге келген. Неге? 
Драматургияда қызғаныш сезімінен ұшқындап барып өртке айналған 
талай ситуациялар бейнеленген. Самал көңіліне келіп қалған ренішті Жандос 
әдейі ушықтыра түседі. Ертең келіні болуының басы ашылып қалған Зурамен 
профессор Дүрмек өзі ашық сөйлеспек. 
Мемлекеттік аппаратты басқаруда, кадрларды іріктеуде кейбір қолайсыз 
жағдайлардың кесірінен, нормалардың бұзылуы салдарынан қабілетсіз, біліксіз, 
мансапқұмар, шенқұмар әлдекімдердің мерейі үстем болған кез де бар. 
Домбытпа сөзбен үркітіп, қорқытып, талай ақ, адал адамдарды тұқыртқаны, 
тіпті домалақ қағазбен нахақ күйдіргені де рас. Айтылмыш пьесадағы Дүрмек 
осындай уақыттың жемісі екендігі оның алғашқы қадамдарынан сезіле 
бастайды. 


242 
Белгісіз себептермен жаманатты болған Зураның әкесінің ескі әңгімесін 
қайта қоздырған Дүрмек болашақ келінінің қызметке орналасу, фамилиясы 
орайында зілді сөздер айтады. Ауыр айып тағып, бағындырып алу – ежелгі 
дағдысы. Тағы сол тәсіліне басады. Аспан ашылған, нормалар қалпына келген, 
іс тұтқасына, тұғырға жаңа толқын ие бола бастаған кезеңде ескі айла-
шарғының ұшпаққа шығармайтынын қайдан білсін. 
Екінші жүйе тартыс – Жандос – Самал арасында. Зерттеу жасау үстінде 
сәуле ауруына шалдығып қалған физик Жандос басқаларға кесірім тимесе 
екен, не көрсем де өзім көрсем дейді. Сүйген жары самалдың ертеңгі ғұмырын 
жараламай, көңілін әдейі ерте суытпақ. Мұндай мотив «Абай» трагедиясында 
Әбіш пен Мағыш арасында бар. «Бір жылдың тоғыз күні» кинофильмінің 
өзегінде сәуле ауруына ұшыраған талапты ғалымның басындағы трагедия 
жатыр. 
Мардан Франциядан алып келген Тағдыр есімді адамның жұмбағының 
шешілуі – тағы бір әрекет арнасы. Мардан, Самал, Гүлзәр кісі бойынан 
жақсылық көруге ұмтылса, Дүрмек ойын үнемі сенімсіздік жайлаған. 
Фамилиясының жаманатты екенін біле тұра Зураны өзі басқарып отырған 
маңызды ғылыми-зерттеу институтына неге алады Мардан? Аты-жөнін, қайдан 
туғанын, не істегенін, ұлтын білмейтін мынау Тағдыр деген жарыместі неге 
үйінде сақтайды Мардан? Бұл орайда шүйілген Дүрмектің мінездік, 
психологиялық ерекшеліктері басқа кейіпкерлерге қарағанда айқын ашылады. 
Шетелдерге даңқы жайылған ғалым бейнесінде алынған Марданның
әрекеті солғын характері көрінбейді. Үлкен оқымыстыға лайық тебіреніс, 
толғау, көсем сөз жоқ. Әйелі Жанармен арасындағы әзіл қалжыңның өзі добал. 
Соңғы пердеде журналист Самал Украинадан келген хаттың ізіне түсіп, 
кешегі соғыс сұрапылындағы бір трагедияның, оптимистік трагедияяның 
құпиясын шешеді. Бұл – белгісіз батырлар, есіл ерлер жайлы сыр. Дәл нақты 
негізі болмағанмен, осы пьесадағы оқиғаларға ұқсас жағдайлар Отан соғысы 
тарихынан белгілі. Драматург азаттық жолындағы күресте қазақ, украин, неміс 
халқының ардагер ұлдары тізе қосып күрескенін паш еткен. Кешегі қаһарман 
ұшқыш Азат Найманов бүгін аты-жөнін де білмейтін мүгедек Тағдыр аталып 
жүрсе, Отан үшін құрбан болған Сағынов дәлелсіз опасыздар қатарына 
қосылса, кешегі солардың үзеңгілес досы, қазір генерал Гюнтер барлық 
шындықтың бетін ашып отыр. Ерлік ұмытылмаса керек, батырлар қастерленсін, 
- осы идея пьеса арқауы. 
Соғыстың сұмдықты зардаптары әлі жойылып біткен жоқ: біреулер 
әкесінен, жарынан, ұлынан айырылған, екіншілер оқ пен от арасынан тірі 
қайтқанмен денсаулығынан, жастық қайратынан айырылған, тіпті өз есімін 
ұмытып қалу деген неткен қасірет. Ажалға қарсы шапқан досының атын оның 
көзін қайта көргенде, есіне түсіреді екен адам. Азат Найманов пен генерал 
Гюнтердің бір-бірін тану сценасы психологиялық жағынан сенімді. Енді 
Зураны фамилисы Сағынова деп ешкім кеміте, қорлай алмайды, ол батырдың 
қызы екен, Гүлзар батырдың әйелі екен. 
Оқыс оқиғаға, күтпеген жағдайларға құрылған «Белгісіз батыр» 
пьесасының композициясында қазіргі драманың формалық табыстары 
ескерілген. Самалдың хат ізімен барып, өткен оқиғаларды тірілтуі жайлы 


243 
осыны айтуға болады. 
Әрбір персонаждың шыққан ортасына, алған тәрбиесіне, біліміне, 
мінезіне лайықты сөйлеуіне драматург жете-көңіл бөлмеген. Кейіпкерлер 
орынсыз, қажетсіз дөрекілікке ұрынып қалады: 
Ж а н д о с: Алдымен мені өзіңе хабарласаң қайтеді. 
Самал: Шешемнен қайта туайын, оған дейін осы дерде тұра тұрыңыз. 
Ж а н д о с: Самал! 
З у р а: Азбановтар осы үйде ме? 
С а м а л: Азбановтар біздің үйге келуді тоқтатқан. Оны сіз қалай 
білмейсіз Әлде Иманыңыздың қимасы қышып оны сізге айтпай жүр ме? 
(Ә.Әбішев. «Белгісіз батыр». А., 1967, 25-бет). 
Бейімбет шығармаларында ескі ауылдың надан қатындары осылай 
сөйлеуші еді, ол ортасына, заманына лайық болатын. Ал жоғары білімді, бүгінгі 
қыздың сүйген жарына, жолдасына мұнша дөрекі кетуі ыңғайсыз. 
Драматург кейіпкер сөзін белгілі мақсатқа орайластырғанда, әрқашан 
мінез жасау, психология беру талабы бір бүйірде жатпақ. Сөз саптаудан, сөйлем 
құрылысынан персонаждың ішкі сарайын көрсету ниетіне драматург әдеби 
тілдің нормасын бұзумен жете алмайды. «Өміріңе кімді серік етеріңді
білмей, шешеңнің жүрегін мүгедек еткен жоқсыз ба?» (3-б). Бұл – Дүрмектің, 
ұлы Иманға Зура жайлы айтатын сөзі. Абай «ит жүрек», «сорлы жүрек», «ауру 
жүрек» деген тіркестерді қолданғанда «мүгедек жүрек» деп айтуда ерсілік жоқ. 
Алайда, дәл осы жерде «жүректі мүгедек» дегеннен гөрі басқа сөз қолдану 
дұрыс еді. Ары қарай оқиық: «Мен сенің бұл қылығыңды сездірсем, оның 
мүгедек жүрегі мүрдем кетпей ме?» Жер ортасынан асқан қазақ бұлай 
сөйлемейді. «сиқың мүлде қиқайып кетіпті, жолың ауыр болған-ау, сірә» (50-
бет). Иманның Самалға айтатын сөзі. Сиқы қиқаю? Келіспейді. 
Өнер табиғатын жете ескермеудің салдарынан өмірдегі кейбір 
құбылыстарды екшемей, сұрыптамай, шығармаға шикі күйінде енгізіп жіберу 
суреткерді көп олжаға кенелтпейді. өндірістің, шаруашылықтың кәсіптік дау-
таластары, ғалымдар ортасындағы дискуссиялар, түрлі жиналыстардағы сөздер 
дәл, өзгеріссіз қалпында алынса, оқырман жүрегіне жол табуы неғайбыл нәрсе. 
Бүгінгі физика, генетика, кибернетика саласындағы ғылыми тартысты, сан 
алуан ағымдардың, мектептердің айтысын арнаулы білімі бар адамдардың өзі 
әрең түсінеді. Шығарма объектісінің атмосферасы, ортаға лайық бояу 
қажеттігінде дау жоқ. Бірақ, әдебиет, әсте ғылыми-шаруашылық проблемалары 
жайлы күрестердің иллюстрациясы ғана болып қала алмайды. 
Кейіпкер бойынан әлеуметтік орта, мамандық қалыбы әсерлерін іздей 
отырып, оқырман, ең алдымен, адам мінезін білуге, оның ішкі сарайын тауға 
құштар, сезім иірімдерін, ой толқындарын ұқпақ. 
Проблеманы экономикалық, кәсіптік-техникалық тұрғыдан бүге-шігесіне 
дейін білетін автордың тек профессионалдық жәйттерді қуып кетуі көркем 
шығарманы ақсатып, оны ғылыми-көпшілік кітаптар қатарына қосады. Қазақ 
әдебиетінде бұл олқылыққа ұшыраған шығармалар әр жанрда да бар. 
Драматургиядағы негізгі талп тартыс үстінде ашылатын мінезді бейнелеу 
десек, сол конфликт жаратылысын жыға танымау кейбір қаламгерлерді пьесада 
шаруашылық дау-дамайын, ғылыми дискуссия шырғалаңдарының сырт 


244 
көрінісін ғана бейнелеуге ұрындырады.
Бұл олқылықтан іргесі бөлек туындылар қатарында Әбділда Тәжібаевтың 
«Көңілдестер» драмасын айту ләзім. Салған жерден айқын: пьесада зиялылар, 
ғалымдар, артистер, суретшілер өмірі бейнеленген. Егер схемалы ізбен кетсе 
жол даңғыл: бір бастық болады, жасы егде, қызмет тұтқасынан кеткісі 
келмейді; оның орынбасары болады: қылшылдап тұр, жаңалық енгізбек. Бастық 
жаңалықты түсінбейді, ұқпайды. Күрес басталды. Жаңалық пен ескілік күресі. 
Жастар жеңеді. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, шығарма аяқталады. Тағы 
бір схема: үлкен оқымысты болады, бұрынғы еңбектері тындырған істері мол, 
бірақ бүгінгі ағымды, жаңа нышанды түсінбейді. Екінші оқымысты соны 
идеяның жаршысы. Тартыс туды. Әрқайсысының сөзінде оқырман білмейтін 
толып жатқан терминдер, профессионализмдер бар. Ақыры жаңа идея 
пионерінің мерейі үстем. Шығарма бітеді. 
Драматург мұндай таптаурын, шиырдан бойын аулақ салғаны қуантады. 
Ұлды сағалап, қалаға келген кемпір-шалдар өмірін көріп жүрміз. Әуелде бәрі 
қызық, бәрі таңсық. Алматының бағы пейіш, құрылыстары жұмақ болып 
көрінеді. Үйдің ішіне келіп тұрғансу, сіріңке жақса лап еткен газ – түп-түгел 
рахат. Балконнан жүргіншілерге таныс кездесер ме екен дегендей көз салу; 
шаһар қызығынан тегіс жалығып, кеңдікті, сахараны аңсау машинаның азан-
қазанынан мезі болып, төлдің шуына қашу кейінірек келетін жағдай. 
Шашылып-төгіліп, ақтарылып сөйлеп тұрған Домбай қарт пен Ділдә 
кемпірдің арасындағы әңгіме пьесаның прологы іспетті. Баласы дәуреннің бақ 
мәртебесінің өсуі Домбай шалға бу бітірген. Сөзіндегі ірілік, оның табиғатына, 
сүйегіне біткенқасиеттен гөрі ұлын арқаланудан туып жатыр. Жатаған үйде 
қызының жанында отырған Ділдә кемпірдің адуындығы - өмірден түйгені, 
жиғаны мол, тісқақты адамның адуындығы. 
Екі этажды көктөбел үй. Жер тістеген жатаған үй – бұлар шартты түрде 
контрастыда алынған. Негізгі оқиғалардың бәрі де еңсесі биік көктөбел үйдің 
ішінде өткенмен, аласа үйдегі Ділдә кемпір оны түгел біліп отырады, өзінше 
кесік, билік айтады. 
Бірінші актыда үзіп-жұлып әкетіп бара жатқан оқшау оқиға, алып-қашты 
қимыл жоқ. Мықты қызметте отырған Дәуреннің үйіне жеңіс мейрамы 
қарсаңында қонақ шақырылған. Екінші сылтау - әйелі Розаның әкесі, қайын 
атасы полковник Мәліктің отставкаға шығуы. Драматург дастарқан басының 
қысыр әңгімесіне бой алдырмай кейіпкерлердің ішкі сарайын ашуға ден қойған. 
Жапа-тармағай сөзге араласу, улап-шулау жоқ. Екеу ара шағын-шағын сценалар 
бар. Орныққан дүние, тұрмыс, тіршілік дәмін әбден татып болған, әр нәрсеге 
көзқарастары айқын адамдармен жүздесеміз. 
Шарап ішіп, масайрап отырғандарға сырттан көз қиығын тастаған суық 
түсті Қайраттың Ділдәмен тіл табысып, күнәсіз кетіп, жапа шеккенін айтып сыр 
ашуы – тартыс ызғарының басы. 
Қонақтардың ішінде елуді еңсерген екі адам – кезінде министр болған 
Сапар мен отставкадағы полковник Мәліктің араысндағы алғашқы сұхбат көңіл 
қоярлықтай: 
Мәлік: Отставкаға кету - өмірден кету емес. 
Сапар: Алғашқыда бәріміз де инерция бойынша сөйлейміз. Адам қызық 


245 
мақұлық қой. Уақыттың қалай тонағанын байқамай қалады да, артынан әр түрлі 
қайшылыққа ұшырайды: қолдан әл кеткенін, беттен әр кеткенін мойындағысы 
келмей тулап та көреді. Тулайды да еріксіз толастайды (күліп). Мен бірінші рет 
айнадан шашымның ағын көргенде көзіме сенбедім. Сіз де, құда, пенсияға 
шыққаныңызды әлі мойындап болмаған екнсіз. Мойындау мақұл. Пенсияға 
кету – қызметтен кету... 
Мәлік... Қауымнан, қарыздан кету емес. Біздің әрқайсысымыз да қайда 
жүрмейік төңірегіміздегі іске түгел жауатымыз. Коммунист жауаптан тыс тұра 
алмасқа керек. Демек, жұмыс табылады. (Ә. Тәжібаев. «Жүректілер». А., 1964, 
133-134-беттер). 
Қазақ әдебиетінің шығармаларын қарастырғанда, әсіресе кесек 
кейіпкерлер, сом тұлғалар жайында сөз қозғалса, Мұхтар Әуезов 
туындыларындағы қаһармандарға соқпай кетуіміз сирек. Құнанбай, Кәрім, 
Тәкежан, Оразбай. Әрқайсысы асу бермес, басынан боран түтеп тұрған бір-бір 
заңғар. Кеңгірбай, еспембет, Жүзтайлақтар қандай. 
Автор идеалы жағымды қаһарман жасау арқылы ғана емес, зұлымдықты, 
әділетсіздікті шенеуімен де көрінеді. Не айбынар сесі жоқ, не кісі алар айласы 
жоқ, не сөзінің тұрлауы жоқ тақымға толмайтын тірі өлікпен күресіпжүрген 
пенденің шама-шарқы белгілі. Дөрек, даңғой, әңгүдік, суайт – мұндай 
персонаждар жасау қиындыққа түспейтіні хақ, білікті, зымиян, екі жүздің, шен 
құмар, бақай-есеп, жұлынқұрт мінездерді реалистік сенімділікпен бейнелеу 
оңай шаруа емес. 
Кертартпалық, сал-сойылдық секілді жаман қасиеттер Сапар бойынан 
көзге шалына қоймайды. Қайта сарабдал, салмақты, талай қарды басқан салиқа 
мінез көреміз. Өзгелерден бөлектеніп, оңаша қалған сәттегі Дәуренмен 
әңгімесіне құлақ асып көріңіз. 
Үлкенмін, дүниенің төрт бұрышын түк қалдырмай шарладым, өмір сыры 
алақанымда деп кеуде соғып, абыз боп шыға келетін шалдар бар. Алғаш 
сұхбаттасқанда тыңдағанмен, келесі жолы мұндай білгіштерден аулақ жүргенді 
есің болса өзің де теріс демейсің. Бағзы жандардың ішіне қалай еніп кеткенін 
сезу қиын, ескі бір танысыңдай, етжақын сырласыңдай боп алады. Жасырын, 
жұмбақ еш нәрсе қалмайды, түгел айтылады. 
Сапар-Дәурен арасында бір-бірін әбден ұғысқан ұстаз бен шәкірттің қас-
қабағы бар. Дәл осы жолғы сөзін Сапар шегелеп, ежіктеп жаттап ал демесе де, 
Дәурен зердесіне тоқып жатыр. Сапар:
«Бүгін министрліктен түскен кісі ертеңіне қайта орала алмайды. Құлау 
жеңіл биліктен, ал көтерілу... 
Мезгілден қалу қандай қауіпті болса, мезгілден озу сондай қатерлі... 
Уақыт... тізгін уақыт қолында. Онымен есептеспеген қарға адым жерге де бара 
алмайды... 
Уақыт менің әңгімемді көнертуі, ұмытқа айналдыруы керек, уақыт менің 
адамдарымды үлкейтуі, менің тобымды күшейтуі керек, түсінікті ме? Менің 
министрлік орныма сен отыруың қажет, Дәурен». 
Осындай өзекжарды сырлары, көкейкесті ойлары бар Сапар дастарқандас 
адамдармен, құдасы Мәлікпен сыпайы-сынық қоштасып, ақырын аяңдап үйіне 
қайтып жүре береді. Қырықтағы суретші әйел Маржан мен Мәлік арасындағы 


246 
екеуара әңгімеде отбасылық өмір жайлы көрген, татқан адамдардың байыпты, 
салмақты пайымдаулары төбе көрсетеді. 
Мамыражай қонақ күткен шаңырақ тыныштығын жеті түнде Қайрат 
бұзады. Әсіресе Дәурен ескермеген келіс. Кісі өліміне жазықты еместігін, текке 
жапа шеккенін айтқандағы ширығуы, бұра тартуы, қисық сөйлеуі ызадан, 
намыстан туған. Бір кездегі жанын берем дейтін Роза мынау, Дәуреннің әйелі. 
Алдан күткен қуаныш, тәтті үміт қайда? Есімін елге жаяр композитор даңқы 
қайда? Түрмеден қайтқан жаяу-жалпы Қайрат, үлде мен бүлдеге бөленген, ен 
байлыққа кенелген Роза. Қандай алшақ? 
Осы сценадан кейін тартыс бағдарлары айқындала бастайды. Ұстазы 
Сапар сызып берген жоспармен Дәурен іс қамына кіріскен. Оның ой жотасы, 
қабілет талантына, білім мөлшеріне салса өзі құралпы жігіттердің 
ешқайсысынан олқы жері жоқ; тәжірибе, іскерлік десе мамандық бойынша 
қызмет сатысынан түгел өткен, сөгіс алған, құлаған, қатерге іліккеннен 
сақтасын; үлкендерге жақса, мінезінен ши шықпаса, бұл министр болмағанда 
кім болмақ? Ұсынылып отырған анау жөніндегі әңгіме басқа. Таласпасаң, 
күреспесең, мә, сен міне ғой, деп кім астындағы атын түсіп бере салады. Дәурен 
, ендеше, білекті неге сыбанбайды? Ол жөнінде, бақ күндесі жөнінде, домалақ 
арыз жөнелсе, қашан тексеріліп, ақ-қарасы ашылғанша іс тынбай ма? 
Ашынған Қайраттың Роза үйіне тағы соғуы кек алу секілді қадам. 
Қатарыңнан еріксіз жырылып, зорлықпен тұсауланып қалсаң, іштегі қыжыл, 
көкіректі өртеп, не көзден жас болып, не тілден зар болып, не саусақтан күй 
болып төгілмек. Ширыққан талант торыққан кезде де кісенделмесе керек. 
Жабық конкурсқа жіберген Қайраттың ораториясын комиссия мүшелері 
ұнатып, сахнаға дайындау үшін Розаға беріпті. Басын бұлт шалғанда өзге 
жігіттің құшағында кете барған, тым құрыса арашаға жарамаған Роза енді 
Қайрат шығармасының қамқоршысы болмақ екен. Жоқ, намысты еркек бұл 
тәлкекке көне алмас. Әкетеді клавирді Қайрат. 
Тартысты, психологиялық жағынан ауыр сценаның Мәлік үстінен түседі. 
Ендігі өміріндегі тірегі іспетті жалғыз қызының көп уақытын жіберіп жасаған 
еңбегін мына жігіт зая кетірмек. Мен композитормын, ораторияның 
жаратушысымын, сен, дирижер, менің туындымның зейнетін көріп, даңқын 
бөліспекшісің – оған жол бермеймін деп тұр ғой Қайрат.
Отставкадағы полковниктің музыкадан хабардарлығы, нота білуі, бір 
кезде консерваторияда оқуы, ашу үстіндегі жігітті еріксіз тоқтатады.
Әке мен қыздың күйзелген сезімін Сапар, Дәурен, Келтектердің мінезі 
одан сайын жүдетеді. Сырт көзге сездірмегенмен, оңашада, өздері ғана барда 
сыр сандық аузы ашық. Қашан да мансапқорлар, шенқұмарлар топқа, жікке 
үйір, бірін-бірі тартып, демеп, қолтықтау арқылы көздеген мақсатқа жетпек. 
Қарсы тұрар, залалы тиер бөгде шықса, көптеп, жабылып жүріп сүріндіру – 
машықты әдістері, ашық күрес, әділ майданнан тайқып, астыртын айлаға 
көшу,ғайбат, өтірік, өсек тарату амалдары және бар.
Игілікті, көп жылғы жемісті еңбектің нәтижесі бағаланса керек. Сондай 
зор ілтипат, мәртебенің бірі – академикке сайлау. Бұл ит жүгіртіп, құс салу, 
мықтылардың аузын алу арқылы тынатын шаруа, ұйымдастыра білуге 
байланысты шешілетін іс, достардың мәмлесімен келетін мансап деп 


247 
санайтындар бар. Келтек осы түсініктің адамы, Сапардың құптайтыны сол 
байлам. 
Бұрын оқымыстылар, дәрежелі қызметкерлер арасында көп болмаған 
полковник Мәлік үшін мұның бәрі ерсі, әбес. Оның коммунистік ұжданына 
қайшы нәрселер. Үндемей қалса қайтеді? 
Мұндайда шегіну – жеңілу. Мәлік – Келтек, Мәлік – Сапар араларындағы 
диалогтардан жауапкершілік, қоғам алдындағы парыз, ағайыншылық орайында 
қарама-қарсы пиғылдардың, сенімдердің шарпысуын көреміз. Жаттанды ереже, 
аксиома күйіндеайтылған жәйттер тез ұмытылады, әрбір адамның сөзі тіршілік 
тәжірибесінен, қызмет бабынан түйген тұжырымдары ретінде берілсе ғана 
көкейге қонбақ. 
Жасанды мінез, жалған қылық, өтірік сыпайылық ғұмыры ұзаққа бара 
алмайды. Бір күні шөлмек сынса, көмбенің беті ашылады. Дәурен – Мәлік 
арасындағы алғашқы сценаларда байқалғансалқындық ата мен күйеудің 
дүрдараздығы емес, дүниетаным, көзқарас қайшылықтарына ойысқан. Өзінше 
этика сақтап, қоян терісі де шыдайды ғой деген моральді ұстанып келген 
Дәурен атасы Келтек пен Сапарды сөзбен жығып, тізе бүктірген соң пердесін 
жұлып тастап, ашық шыққан. Өзі шыққан майданға.
Атасы. Күйеу баласы. Бірі – елуді қусырған, қанды жорық соғыс кешкен, 
енді уһ деп тыныс алмақ полковник. Екіншісі – жалаң қылыш жүзінде 
жарқылдаған отыз бестегі азамат, бүгін-ертең министр боламын деген қызыл 
түлкідей құлпырған үміт оты көзінде маздап тұр. 
Күнделікті тіршілік ағымындағы аңысқа бақсаң, мұндай күйеу балалы 
шалда не арман бар дейсің. Бүйткен боздақтың жолына құрбандық болып 
шалынса рауа емес пе? 
Жоқ. Полковник ол шалдардың тобына әсте кірмек емес екен. Сөзін 
тыңда. Әділін айтып ағынан жарылады. 
Ел басқару, үлкен қызметте отыру - әкеден қалған мирас, таласып-
тармасып болатын қулық-сұмдығыңды асырып, топ-жігіңнің күшімен өтіп 
кететін қулық жолы емес. Ел басқару, үлкен қызметте отыру – сенің 
байлығыңды молайтып, ішіп-жеміңді көбейтетін сауын сиыр емес, бедел-
дәрежеңді асырып, жағымпаздардың басын шұлғытып қоюдың құралы да емес. 
Полковник дұрыс айтады: «Басқару үшін халықтың жылуы мен мейірімі 
көп жүрек керек әуелі». 
Мұндай қасиеттерді Дәурен бойынан таппаған Мәлік сөз – жел, ұшты-
кетті дейтіндердің әдісіне басып, тып-тыныш жата бермек пе? Орталыққа 
барып, күйеу баласының жауапты қызмет үшін әлі піспегендігін айтуы – Мәлік 
характерін, оның күрескерлігін айқындайтын деталь. Ал Дәуренді мансап 
биіктеріне көтерілуге баулып жүрген Сапардың жолдама әкеп Мәлікті демалыс 
үйіне жібермекші болуы мінез табиғатын, аярлық психологиясын аша түседі. 
*** 
Сан алуан өмір құбылыстары, болмыстың қат-қабат қайшылықтары өнер 
айнасына түскенде, өзіне лайық, мазмұнға пара-пар тұр, кейін, пішіп таппаса, 
ғұмыры ұзақ шығарма тумақ емес. Әлемдік әдеби процеске назар салғанда, 


248 
әсіресе жанрлардың өзара тоғысуынан пайда болған формаларды жиі 
ұшыратамыз. Осы қатарда драматургияда өріс алған жаңа нышандарды, түр 
ізденістерін инсценировкаларсыз пайымдау олқы соқтырар еді.
Әдебиет тарихындағы фактілерді, қайталанатын құбылыстарды жинақтау 
арқылы тұжырымдалған өнер заңдылығын ескерсек, инсценировканы 
кездейсоқ, өткінші нәрсе дей алмаймыз. Әлем әдебиетіндегі күрделі, кесек 
шығармалардың сахнаға лайықталып, көрермен назарына тартылмай қалғаны 
сирек. Кейде бір туындының театрға арналған талай нұсқасы жасалады. Орыс 
сентиментализмінің басы боп саналатын «Бейшара Лиза» повесі сахнаға 
шыққанда, болашақта классиканың барлығына театр есігі кең ашылатынын, 
инсценировка өнердегі жаңа құбылыс екендігін аңғару қиын еді. Драмалық 
тартысы, характерлі айқын туындылар өз алдына, орыс театрларында И. 
Крылов мысалдары, В. Жуковскийдің сыры ретінде айтылған қысқа хикаямен 
жүрек тебірентер өмір елестерін көз алдыңа әкелетін, ұмытылмас бейне 
жасайтын. Зор көркемдікте туған терең идея ұзақ уақыт есте сақталмақ. 
Шұғаның тарихын Бейімбет те жолаушы сөзінен бастайды ғой. 
Қонақта отырып, бір кеште естіген уақиға ретінде баяндалған Тахауи 
Ахтановтың «Жоғалған дос» әңгімесінде трагизм басым. Қанша жыл сарғайып 
екі көзі төрт болып күткен ері тірі жүріп, бір хабар бермеген әйел басындағы 
қайғы оқырманға ауыр әсер етеді. 
Сол шығарма негізінде автор «Күтпеген кездесу» (Жоғалған дос) деген 
драма жазды. Екі туындыны текстологиялық жағынан салғастырып қарағанда, 
жанрлық формалардың бүгінгі түрленуі, суреткердің шығармашылық 
лабораториясы жайлы пікір айтуға болады. 
Әңгіме мен пьеса кейіпкерлері бірдей, олар: Маңғас, Мырзахмет 
Естемесов, Ғайни, Ғалия, әңгімедегі Нұрлыбек есімі драмада Бабатай боп 
өзгертілген. Залға бет бұрып тұрып, ат үсті айтылған монолог, үзді-жұлды 
репликамен көрерменді баурап алу мүмкін емес. Драматург үшін аса керекті 
нәрсенің бірі, сахнадағы әрекетке деген назарды суытпау. Осы ретпен бүгінгі 
пьесаларда оқиғаларды бір адамның көзімен беру тәсілі жиі қолданылады. 
Бұл жәйтті «Күтпеген кездесу» драмасынан да көруге болады. Маңғас 
аузымен айтылатын монологтар мен әрекеттік көріністер алмасып отырады. 
Тұтастай алғанда, пьеса Маңғастың көрерменмен сырласуы, ой бөлісуі секілді 
әсер қалдырады. 
Пьесаның бірінші бөлімінің үшінші көрінісі түгелдей жаңадан жазылған, 
төртінші көріністегі диалогтар әңгіме материалдарын ұлғайтудан туған. 
Әңгімеде: 
-Апырмай, Мырзаш суыққа төзімсіз еді. Ауырып қалған жоқ па? 
-Онда бәріне де үйреніп кеттік қой. 
-Жөтелген жоқ па әйтеуір! Ол өзі салақ қой. Аяғын жылы орап күтініп 
жүруді де білмейді. 
-Мырзаштың басының сақинасы болушы еді. Кішкене терлеп, сыртқа 
шықса, ұстап қалатын. Сонысы қинаған жоқ па? 
-Жоқ ондайын байқамадым. А, айтпақшы өзінің бір айтқаны бар еді. 
Бұрын кішкене тершіп суық тигізіп алсам, басым сындырып қоя беретін. Қазір 
қыстың күні жалаң бас жүргенде мыңқ етпеймін. Соғыстың һзі бар ауруға ем 


249 
ғой деймін деп күлетін. 
-Апырай, ә, - деп Ғайни апай тамсанып қояды. 
Пьесада: 
Ғайни (елең етіп). Апырым-ай, Мырзаш суыққа төзімсіз еді. Ауырып 
қалған жоқ па? 
Маңғас. Онда бәріне де үйреніп кеттік қой. 
Ғайни. Жөтелген жоқ па, әйтеуір. Ол өзі салақ. Аяғын жылы орап, 
қымтанып, күтініп жүруді білмейді ғой. Үсті басын қарайтын адам болмаса 
Маңғас. Жоқ әрине азды-кемді жөтел боп тұрады ғой. 
Ғайни. Мырзаштың басының сақинасы болушы еді. Кішкентай ғана 
терлеп, далаға шықса, ұстай алатын. Сонысы қинаған жоқ па?
Маңғас. Жоқ, ондайын байқамадым. А, а айтпақшы өзінің бір айтқаны бар 
еді. Бұрын кішкене тершіп суық тигізіп алсам, басым сындырып қоя беретін. 
Қазір қысты күні жалаңбас жүргенде мыңқ етпеймін. Бұл соғыстан аурудың өзі 
де қорқады екен ғой деп күлетін. 
Ғайни. Апыр-ай, ә?! 
Бұл үзіндіде бірлі-екілі сөз болмаса, әңгімедегі диалог пьесаға өзгеріссіз 
қалпында енген.
Мұндай мысал мол. 
Пьесадағы: 
«Расында да бүгін біздің басымызды түйістіріп ойда жоқта бір-бірімізге 
жақын еткен Мырзахметтің аруағы емес пе? Табиғатында философиядан гөрі 
әрекетке бейім болсам да, осы арада өзімше бір сыр аштым. «Адам күні 
адаммен» деуші еді қазақ. Я-а, адам күні адаммен. Кейде сенің жеке басыңның 
өмірбаяны дегенің жалғыз өзіңдікі болмайды екен. Дүниеде жақсылық көр 
мейлің, жамандық көр мейлің – соның бәрі өзге адаммен қатынаста болады 
екен. Егер оның бірін өміріңнен сызып тастағың келсе, өміріңнің соған 
байланысты бөлшегін де сызуың керек. Сол сияқты Мырзахмет өмірі осы 
отырған үшеуіміздің өмірімізбен тамырласып жатыр. Әрқайсымызда аз болсын, 
көп болсын Мырзахмет өмірінің бөлшектері жүр» деген жолдар «Жоғалған 
достан» алынған. 
Әңгіменің өзінде монолог мақамында жазылған Маңғастың осындай 
сөздері пьесаның интермедияларына сол күйінде кіргізілген. 
Тұтастай қарағанда, шағын прозалық туындыдағы мотивтерді тереңдету, 
кейіпкерлерді сомдау, басқа жанрлық түрге көшіру арқасында жаңа драмалық 
шығарма жасалған. 
Пьесаның бірінші бөлімінде көз алдымызға майдан шебі тартылады, бірақ 
тарс-тұрс атылған мылтық, жарылған бомба, шұбырған танк жоқ, толас 
сағатындағы взвод командирі мен жауынгерді көреміз. Өмір мен өлім 
алмағайып ауысып, екі талай заман болса да, қыр жігіттерінің көп мінезі өзгере 
қоймаған. Әзілі жарасып, атасымен ойнаудан қашпайтын шіркіндер оңашада 
командирді іліп қағады. 
Драматург жеңіл күлкіден басталған сценаны бірте-бірте Мырзахмет пен 
Маңғастың характерін ашуға көмектесетін арнаға бұрады. Орденге 
ұсынылғандар жайлы мәліметтен Маңғастың көңіл жықпас жомарттығы, 
аңқаулығы, Мырзахметтің тіс қаққандығы, туралығы көрінеді. 


250 
Әрбір шағын сценадан кейін сахнада Маңғас жалғыз қалып, өзі өткен іске 
өз көз қарасын білдіріп, ой түйін, байлам жасайды, үзілген оқиғаларды 
жалғайды. 
Жеке эпизодтардың арасындағы әрекет бірлігін тудыратын көпір, 
жалғастырушы буын – Маңғас монологтары. 
Жау тылына барлауға жіберілген топты бастап барған Мырзахмет 
Естемесов шешетін түйіннің астарында үлкен моральдық жауапкершілік 
жатыр. Бұл - сөз тәжікесі, философия таласы, логика жарысы емес, адам өмірін 
таразыға салатын парасат майданы, езіп-созуды көтермейтін, қолма-қол 
шешімді тілейтін қатерлі сәт. Азаматтық борыш үшін бәріне мойынсұнған, 
белді буған, бекінген,жанын пида еткен адам не ойлайды, бұйрық берген,талап 
еткен, шығарып салған адам не ойлайды? Опат боларды күні бұрын біле тұра, 
көре тұра өлім сапарына баратындардың бетіне қалай қарамақ? Жас 
ғұмырларды құрбан етпей-ақ мақсатқа жетуге болмас па? 
Етек жауып, ес білген саналы тірлігін окоптан бастаған Маңғас үшін осы 
сұраулардың бәрінің өмірлік мәні бар, кеше ғана жалғыз күлшені бөліп жеп, бір 
шұқырда қатар жатқан достарының көзін қалай ұмытпақ. Бұл үшін өлтіру - өлу 
деген сөздердің шолақ мәні емес, адам ғұмырының мақсатын, тіршіліктің 
идеалын ұғыну қажет. 
Соғыс туралы жазылған шығармаларда басты меже тактикалық, 
статегиялық жоспарларды, хронологиялық сабақтастықты көрсету бола 
алмайды. Олар тарихи-деректі, естелік-мемуар кітаптарының мақсаты, ал 
қашан да суреткер парызы – мінездерді құнттау,сезімді бейнелеу, образ жасау. 
Алып қашып бара жатқан артық қасиеті жоқ, қоңыр төбел жандардың 
сыры арқылы шындықты таныту үшін жазушыға кемел шеберлік қажет, 
әйтпесе табиғилықты ескерген боп отырып, натурализмге түсіп кету оп-оңай. 
Жаралы командирін амалсыз жалғыз тастап, барлаудың ерекше мәнді 
мәліметтерін қалай да мезгілінде жеткізу үшін басын қатерге тіккен Маңғас 
соғыс бітіп, арада талай жыл өтсе де, өзін кінәлі санайды. Сол орманда, 
қорғансыз қалған есіл Мырзахмет тірі ме екен, өлі ме екен? 
Бұл мазасыз ойлар күтпеген жерден оның қызын таныған сәттен бастап 
тіпті ұлғая түседі. 
Пьесадағы психологиялық жағынан қызықты бейне - Ғайни. Ауылдан 
ұзап алысқа шықпаған, тірлік мұратын шаңырақ асты, ошақ басын күтіп, бала 
бағып, күйеу сыйлап қана отыратын момақан ғазиз жандар болатын. Жар 
адалдығы, ана дарқандығы - егіз қасиет.
Сарғайып, әбден тозығы жеткен бір жапырақ қағазды бой тұмардай 
сақтап, жолға қарап отырған талай жесірлерді көргенбіз. Кигіз үстінде, қара 
көрпе астында құшақтасып жатқан үш баланың мектепке үш фамилиямен 
барғанын да көргеміз. 
Қазақ әйелінің жанына соғыс салған ауыр жара, содан туған сан алуан 
күйлер әлі әдебиетімізде толық бейнеленген жоқ. «Күтпеген кездесудегі» Ғайни 
қазақ әйелдерінің ұлттық ерекше бір қасиетін – жарға адалдығын жақсы 
аңғартады. Күйеуінің киімін сақтау, онымен тірі адамша сөйлесу – талай 
жесірлердің басынан кешкен халдер. 
Жүзін көрмей өскенмен, шеше әңгімесі арқылы әкесінің барлық мінезін, 


251 
іс-әрекетін жақсы біліп алған бойжеткен қыз енді оның қан көйлек, майдангер 
жолдасымен бір дастарқан басында отырғанда сұрақ жаудыруы заңды нәрсе. 
Ең ақырында Маңғас пен Мырзахметтің қалай айырылысқаны айтылуы 
керек.Әңгімеде жаралы Мырзахметті сүйреп келе жатқан Маңғас есінен танған. 
Бұдан әрі Мырзахметтің жолдасын тастап өзі кетіп қалғандығын жазушы 
баяндамаса да түсінікті. Пьесада бұл ситуация өзгертіліп, бұйрық бойынша 
жаралы командирді орманға қалдырып, Маңғас барлау мәліметтерін алып 
жалғыз тартқан. 
Ресми тәртіп пен гуманистік моральдің,әскери міндет пен достық 
қарыздың арақатынасы, олардың адам мойнына салатын жүгі жайлы 
ойланасың. Соғыста қан төгіп, бір сүйем жер үшін талай боздақтың өмірін 
берген ауыр күндерде басынан кешірген ұғынықты жәйттер енді жапырақ 
жайып келе жатқан тал шыбықтай Ғалияға сұмдық, үрейлі шындық. Әкесін 
жапа-жалғыз, жаралы күйде, жау қоршауында тастап кеткен мынау қарсы 
алдында отырған, қазіргі аудандық атқару комитеті төрағасының 
орынбасарының ұсақ-түйек қамқорлығын баяғы күнәсін жуудың бодауы деп, 
сескеніп, тіксініп қалады Ғалия. 
Осы бір психологиялық шытырманды драматург ширатып берудің 
орнына кейіпкерді жасанды түрде басқа күйге ауыстырып жібереді. Ащы 
сырды естіп, теңселіп кеткен жас жүрек қолма-қол, әке суретін көре сала оп-
оңай өзгеруі сендірмейді. Командир бұйрығы дегенді жете біле қоймайтын 
адамдар Ғайни, Ғалия мен Маңғас арасында айтылмаш әңгімеден кейін пайда 
болған тартысты рбіткенде, пьесаның конфликт арқауы ширай түскен болар еді. 
Алексей Толстойдың «Орыс мінезі» әңгімесінде соғыста жараланып, 
жүзіне кісі қарай алмайтындай күйге душар болған жауынгердің бұл қалпымен 
өз шаңырағында қорланбас үшін не істегені баяндалады. «Күтпеген 
кездесудегі» Мырзахмет ондай қызықтан аулақ, басқа кепті киген, әдейі, 
саналы түрде хабар бермей қойған. 
Алданған үміт, кесілген арман бір адамды мәңгіртуге жетіп жатыр: 
тазалық, адалдықпен сарыла тосқан Ғайнидің тірі Мырзахметті көріп, анау 
тоқтамастан тартып жүре бергенде, естен айрылып құлап қалуы сахналық 
эффект емес, болуы ықтимал нәрсе. 
Мейманханада кездесіп отырған екі еркек – бұрынғы жауынгер достар. 
Баяғыны еске алып біткен соң, аралары тез суи бастайды. Соғыс екеуін де 
өзгерткен. Мырзахмет қан төктім, жақсы күндерімді окопта көмдім, соның 
төлеуі үшін не істесем де еріктімін деп, Маңғас өткендегі ерлікпен бүгінгі 
қылмысты кешіруге болмайды деп есептейді. Өмір талқысы, тірлік күресі бір 
кездегі сері, батыр жігітті жарға опасыз, балаға баянсыз, тұрмыста тиянақсыз, 
бір кездегі аңқау қорқақ жігітті байсалды, сарабдал азамат етіп шығарған. Тірі 
жүріп Мырзахметтің үй-ішінен ат құйрығын кесіп кетуі – опасыздық, бейбіт 
күндегі сатқындық. 
Соңғы көріністегі Маңғас – Мырзахмет диалогтарының шығарма идеясын 
айқындауда мәні ерекше. Екі түрлі моральді ұстанған адамдардың рухани 
қақтығысының куәсі боламыз. Бұлар «сен анаусың», «сен мынаусың» деп, бір-
бірінің бетін жыртып, айқайға басудан аулақ, әрқайсысы өзі шыққан төбеден 
тіл қатады. Енді Ғалия мн Ғайни үшін тірі Естемесовтен гөрі қиялдағы 


252 
Мырзахмет бейнесі, әділ жүрегімен ағынан жарылып жүрген Маңғас артық 
деген тұжырымға ден қоясың. 
Психологиялық шетін күйлерді, көзге бірден шалына бермейтін сезім 
иірімдерін көрсетуде «Күтпеген кездесу» пьесасының табысы мол. 
Алпысыншы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі сапалы лирикалық повестің 
бірі Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» болатын. Оқиға қызығына, сыртқы 
әрекеттер қақтығысына иек артпай, құбылыстың ішкі мәнін ашуды көздеген 
жазушы адамдар арасындағы нәзік сезім күйлерін бейнелеуге ұсталығын 
танытқан. Араға он шақты жыл салып, автор сол туындыны қайта қараған, жаңа 
өзгерістер енгізіп, повесті пьеса еткен. Әрине кез келген прозалық шығарманың 
ішіндегі монологтарды, диалогтарды қақтай сауып алғаннан оп-оңай дүниеге 
пьеса келе қалмайтыны хақ. 
Повестің уақиға желісі, сюжет арнасы бойынша персонаждардың 
мінездерін,тағдырын көрсетуді көздеген автор жаңадан кейіпкер қоспаған. Екі 
шығарманың тартыс сорабы, ұзын-жүлге бір-бірінен онша алшақ емес. Пьесада 
повестен өзгеріссіз қалпында алынған сөйлемдер, диалогтар, үзінділер мол: 
«Адамның реніші тамшыдай жиналып, шарасынанасып төгілетін кезі 
болады… Сол сияқты кісінің бір кездегі біреуге деген ықыласы жіңішкеріп 
барып, үзіліп кетеді. Бүгінгі кездесу Ләззат көңілінде қалған қимастықтың 
соңғы талшығын үзді». 
«Дала кеудесі жай теңселіп, рақаттана тыныс алып жатыр. Қызғалдақтар 
күн нұрына шағылысып, өз көркіне өздері мәз болып жарқ-жұрқ етеді. 
Беткейдегі боздар бірін –бірі қуып, жас қозыдай бұлтыңдап қыратқа өрлеп 
барады». 
«Жазушы деген өмір бойы сахнада жүретін адам. Жұрт көзі оның әр 
адымын қапы жібермейді. Жан аярлығыңды, жалғыз тамшы күшіңді іркіп 
қалғаныңды кешпейді олар. Майданда қорқақ жауынгер жексұрын болса, 
өмірде жалған жазушы жексұрын». 
«Бағила. Несіне қорқам. Нарқоспақ түйе ғой. 
Салиха. Түйенің де мінез көрсететіні болады. 
Бағила (қарқылдап күліп). Бағила да біледі. Әлі сілесін қатырармын 
Нарқоспақтың. Загске бармай тұрып жолатып жын қағып па мені?» 
Повесте диалогқа құрылған сценалар қайта қаралып, драматизм 
күшейтілген. Дәлел. 
Повесте: 
"Қойшы, Ләзтай, шын ренжіп қаддың ба? Қойшы, - деп қыңқылдайды. 
Түрі самарқау, даусы күмілжіп шығады. Бұрын кездескен сәтте жайнап 
қоя беруші еді. "Ләзтай" деп атын атағанда даусынан сағыныш дірілі сезілетін... 
Маған деген махаббатың осы-ақ болғаны ма? - деп қиналды Ләззат. 
Болашағын ойлауға да қорықты. Енді түңілсе жоқ, жоқ... адал сезімді ластап, қор 
қылып алмай тұрып, көңілде қимастық барда тыйылу керек. Әйтпесе өзімді-өзім 
өмір бойы жек көріп өтермін... 
Ләззат орнынан тұрып жүре берді. Нияз қанша жалынып жалбарынса да, 
қайрылмады. 

Нияз, мен сені жақсы көремін. Екеуміз сыйлас дос болайық. 
Одан артықты бізге жазбаған, - деді. 


253 
Бірақ Нияз Ләззаттан шын айырылып қаларын енді ғана сезіп, сөзге 
тоқтамай: 

Ләзтай, шын жақсы көргенің сол ма? Сүйем дегенің бекер 
екен ғой. Жоқ сен мені сүймеген екенсің, - деп өршіп бара жатыр 
еді, Ләззат оны тыйып тастады: 
Жетер енді. Ондай сөзді саған мен айтуым керек еді. Бүйте берсең сыйласудан 
қаламыз”. 
Пьесада: 
“Нияз: Неге үндемейсің, Ләзтай? Қойшы, Ләзтай, маған ренжіп қалдың ба, 
(самарқау құшақтап, сүйіп) қойшы енді?! 
Ләззат: Маған деген махаббатыңның осы-ақ болғаны ма? Енді түңілсем… Жоқ… 
Жоқ… Адал сезімді ластап, қор қылып алмай тұрып, көңілде қимастық барда тыйылу 
керек. Әйтпесе өзімді-өзім жек көріп өтермін… 
Нияз: Ләзтай, әлі ашуың басылған жоқ па? Неге томсырайғаныңды 
түсінсем бұйырмасын. Қойшы енді. 
Ләззат: Нияз мен сені жақсы көрем. Екеуміз сыйлас дос болайық. Одан 
артықты бізге жазбаған. 
Нияз: Шын айтасың ба, Ләзтай. 
Нияз: Шын жақсы көргенің сол ма? Сүйем дегенің бекер екен ғой. Жоқ сен мені 
сүймеген екенсің… 
Ләззат: Жетер енді, ондай сөзді саған мен айтуым керек еді. Бүйте берсек 
сыйласудан қалармыз”. 
Интермедияда ерекше мазасыз күйге түскен, ауыр психологиялық сезімді 
басынан кешіріп тұрған жан көрерменге бұрылып, тебірене тіл қатады. 
Жүрегінде өксігі, көкірегінде шері бар адамның түрі. Қайғы кешкен, ой азабын 
тартқан кісінің сөзі. Осыған дейін не болды, бұл адамның қандай сыры бар, 
кімдермен араласты – мұның бәрі шегініс арқылы беріледі. 
Байыппен қарасақ, Т. Ахтановтың драматургтік тәжірибесінде шектен 
шыққан ерекше оқиға, сирек кездесетін ситуация, әсіре қызыл жағдай 
іздемейтін, қарапайым фабуламен образ жасауға ден қоятынын көруге болады. 
“Махаббат мұңы” пьесасына да осы тән. 
Композиция тұтастығы, ең алдымен, шағын-шағын, біршама тиянақталған 
көріністердің хроникалық сабақтастығына негізделген. Драма кейіпкерлерінің 
ішінде мінез құбылысы, характері өз сабасында шайқалған жалғыз адам – 
Ләззаттың анасы. Жер ортадан асқан тіршіліктің ыстық-суығына көндіккен 
кісінің анау-мынауға қозғала қоймайтыны аян. 
Өзіне ет жақын дүниені, һәм қуантып, һәм мұңайтып жүрген күйлерді 
бейнелегенде суреткер қанжығасы майланбай қалмаса керек. Тоқсан тоғыз 
тамырды солқылдатып, жүректі жарып шығар перзент - өлеңнің өмірге келуін, 
осы қуаныш үстіндегі жас қиялдың толқуын драматург сенімді бейнелеген. 
Поэзиясында сезім, сұлулық мол Төлеген Айбергеновтың шығармасын сәтті 
пайдаланған. 
Ауылда өтетін алғашқы көріністе оқушы қыз Ләззат бойынан байқалған 
ақындық қабілет ұшқыны можантопай Қуантайдың дүмбілездігімен 
шарпысады. Біреуі үшін дала ән салып, тебіреніп, толқып жатыр, біреуі үшін 
далада үн жоқ. Көкірегінде оты бар, сезімтал Ләззаттың сүйген көңіл қалауына 


254 
орай университетке түсуі табиғи қадам. Драматург Ләззат ортасын әдейі 
ықшамдап алған: оқуға келген кездегі машақат, қаладағы алғашқы тосаңдық, 
ауылды сағыну секілді жәйттер қозғалмайды. 
Драматург үшін қиын мақсаттың бірі - салған жерден әрекет арқылы, мінез 
ерекшелігімен көрінетін кейіпкерді сахнаға шығару. Осы талап тұрғысынан курстас 
үш қыздың алғашқы сөздері кібіртік, түтқыр. Тартыс арнасына түсіп 
кетпегендіктен, әр шөптің басын шалу еріксіз болмақ нәрсе. Қимыл-қозғалыс мол, 
көңіл күй толқуы бар сцена - әдебиет үйірмесінің жиналысында пьесадағы 
соқталы кейіпкер Ниязбен танысамыз. Жүрегі алып-ұшып түрған, әлі тұяғын тас 
қақпаған, аузымен аспандағы құсты тістеген жас ақын. Менмен, өр. Оның осы 
сценадағы сөздерін беруде драматург шеберлік танытады: Нияздың өлең, поэзия 
туралы ойлары мен бейтаныс сүйкімді қызға деген сезімі қатар өрілген. 
Қашанда өнер туындысын бағалағанда, шығармаға арқау болған өмір 
құбылыстарын, тіршіліктегі жағдайларды, олардың әсемдік заңдылығына сәйкес 
өзгерген бейнесін нақты қарастыру талабы естен шықпаса керек. 
Прозада сүйіспеншілік сезімнің ғаламат мол сырларын дәл жеткізер неше 
түрлі бояу, сан-алуан тәсіл бар: қас-қабақ қимылы, өңдегі өзгерістер, саусақ дірілі – 
бәрі де қақас қалмайды, диалог аралас көріністер, психологиялық анализ 
мүмкіңдіктері ерекше мол. Рас, драматургке режиссер шешімі, актер ойыны көмекке 
келіп, талай тар өткелден қолтықтап, демеп жібермек. Дегенмен түбегейлей 
бастағанда, ең ауыр салмақ пьесада кейіпкер сөздеріне түсетіні хақ. 
Қазақ драматургиясындағы халық жүрегінен берік орын алған 
классикалық туындылардағы махаббат сценалары, негізінен, романтикалық ыңғайда, 
көтеріңкі лепте жазылған. Көбі ақтарыльш төгілген, жалын атқан ақ өлең. Еңлік пен 
Кебектің кездесулерінде, Сырым мен Қарагөздің жолығысуларында, Ақан Сері мен 
Ақтоқтының оңаша сәттеріңде айтылатын сөздер заманына, уақытына сәйкес 
шыққан. 
Реалистік дәлдікті құнттаған пьеса үшін Ләззат пен Нияздың ең алғашқы 
кездесуін, жұрт көзінен таса, табиғат аясында сыр шертуін бейнелеудің ерекше мәні 
бар. Автор екі жастың осы шақтағы көңіл күйіне, сезім қалпына лайық бояу 
табуды ниет еткен. Дау жоқ, әрі ақындық қиялмен дүниені шарлаған, әрі 
сүйіспеншілік жалынына шарпылған қос ақынның сөзден гөрі іске үңілуі, жүрек 
дүрсіліне құлақ қоюы - табиғи қылық. Әйтсе де бұлардың қысқа қайырылған 
сөздерінің өзінен шабыт лебі аңғарылып, шақпақ оттың ұшқыны көрінуі керек еді. 
Бүл мақсат орындалмаған: Нияз бен Ләззаттың осы сценадағы қоңыртөбел, 
қарабайыр диалоггары драматург мүмкіндіктерінен төмен жатыр. 
Кейіпкер даралығы сөйлеу мақамынан, машықты бір сөзді яки тіркесті 
қайталаудан ғана көрінеді деу келте қайыру болар еді, ең алдымен, хас суреткер 
мінез, көзқарас ерекшелігін іздейді, сонда стильдік, өрнектік жағынан ұқсас 
оралымдардың өзімен-ақ әр түрлі бейне жасау мүмкіндігі тумақ. 
Бірге оқып, бір бөлмеде тұрып жүрген үш қыздың характері үш түрлі: өңсіз 
жаратылған, тілі ащы Салиха қолына түссе ешкімді аямақ емес; алғашқы махаббат 
қуанышынан кейін Ләззатқа дүние түп-түгел қызылды-жасылды боп көрінеді; сөз 
айтып жүрген жігітті Бағила танауын тескен тайлақтай бағындырып алған. 
Бұл қыздың тіршілік мәні жайлы өз өлшемі, пікірі, бағасы бар. Онысын 
кепештеп ішіне тығып, жасырып, жауып ұстамайды. Жариялап добырлап айтып 


255 
жүреді. Ойдан қорытып шығарғаны да, кинодан көріп, кітаптан оқып алғаны да 
емес; өзін бұл жалғанның пайғамбары деп санайтын Шынар жеңгесінен ұққаны. 
Көкейіне үялап, бойына әбден сіңген мораль - бойдақ күнінде ойнап күліп, 
жастық базарында ит жүгіртіп, құс салып рақат көр, жігітті ашсаң - алақаныңда, 
жұмсаң - жүмырығыңда ұста, мөр бастырып, неке қағазын алғанша жуытушы 
болма. Бағиланың үй болу жайлы программасы тіпті қызық: баланы тоғытып-
тоғытып жібер, сонда еркек тырп ете алмайды. 
Бұл қыздың ойынша, махаббат, сүйіспеншілік деген әншейін бос сөздер, 
еркек пен әйел арасында ит жығыспен өтетін, кім мықты болса сол үстемдік 
құратын ерегес, күрес, бәсеке ғана болмақ. 
Қанша сеніммен айтылса да ол сөздер Ләззат көңілін бұра алмайды. 
Нияздың әйелі барлығын білгеннен кейін қатты торығып, қанаты қайырылғаңдай 
күйге түскенде, дүниеден мүлде безінуден аулақ. 
Пьесада қатар жарысқан екі тақырып, екі арна бар: бірі -сүйіспеншілік 
сарыны, екіншісі - суреткер тағдыры. Ләззат шын беріліп, ат басындай алтын 
таптым деп, махаббат буына мас болып, опық жейді. Әңгіме Нияздың әйелінің 
барлығында, қақ-соқты көргендігінде емес, өмірде талай шаңырақ құлап, қайта 
көтеріліп, егде адам мен жас адам көңіл қосып, бір үйдің отын өшіріп, екінші рет 
түтін түтетіп кететін кездер аз ба? Ләззат жанына бататыны - Нияздың 
жалғандығы, мүләйім кейпі. 
Суреткер тағдыры әманда тайғанақ, қатерлі: топырағын таппаса, бап, күтім 
көрмесе, жағдай жасалмаса, табиғат берген асыл қасиет адамды береке кенішке 
жеткізу былай тұрсын, арылмас азап, жазылмас қасіретке түсірмегі қиын емес. 
Тырнақалдысына қарап тұрып, қабілетіне, келешегіне шәк келтіру күпірлік 
болған талайлардың кейін жүнжіп, мимырттанып, бір жыбырлақ толқынға түсіп 
ағып кеткені несі? Жалғыз доданың өзіне шыдамай жоғалған ет пен терінің 
арасындағы мардымсыз қызу ма, белі талып отырып, еңбек етуден гөрі лепіріп 
шарап ішуді күйттеген есірік пе, жазғытұрым қылтиған жауқазынды бәйтерек 
болардай қолпаштаған көп шуылдақ па, түбіне не жетеді екен, не кеселден өнбей 
қалады екен? 
Жазушы тіршілігіне қатысты бірқыдыру ойларын автор Нияз бейнесі 
арқылы береді. Махаббаттың қадірін, жақсы шақтың парқын ескермеген ақын 
бірте-бірте, жетімсіреп, бойында бар нәрінің өзінен айырыла бастайды. 
Сүйіспеншілікті жоғалтқанмен, Ләззат ұзақ уақыт Ниязға дегсн жанашырлығын, 
аяушылығын тастамайды. Көлденең істерден, қажетсіз шаруалардан, бос 
күйбеңнен тыйылып, өнер жолына ықьласымен құлаған Ләззат пен ескі беделмен 
берекесіз күн кешіп жүрген Нияз арасындағы болар-болмас дөнекер - баяғы 
сезімнің мұңы ғана. 
Араға он жыл салып, ескі достарды қайта көреміз. Мезгіл белгісі, жылдар 
таңбасы деген сол: бір кездегі азуы алты қарыс Бағила енді бес бала тапқан сарықарын 
әйел. "Мен кетіп қалмайьн ба?" - деп мүләйімсіп тұратьш әлжуаз Нарқоспақ енді 
диванда шалжиып жатып, "әй, қатын" деп қойып, галстугін, шалбарын сұрайды, 
туфлиін тазалатады. Еркекті бір шыбықпен айдамақшы Бағила қайда? Қыз не айтса 
шыбындап, бас изей беретін, илеуге жұмсақ Нарқоспақ қайда? 
Повесте қосақ арасында бос жүрген персонаж Қуантай пьесада өзгерген, 
мінездік жағынан дараланып, "дала ән салады" деген сыршылдыққа жететін 


256 
қаһарман боп көрінеді. Нияз рухани баспалдақпен құлдырап, Қуантай өрлеп бара 
жатыр. Бұрын алыс облысқа кетті дей салатын Салиха пьесада қолынан кітабы 
түспейтін, тілі мірдің оғындай, жалаң қылыш сыншы болып көрінеді. 
Бұрынғы шығармалары негізінде Тахауи Ахтановтың пьеса жасауына 
байланысты "әй, айналғаны бір қазық, бір жазғанын мың жазып, тоқырап қалды" 
деген пікірлер де айтылды. Мүндай дәлелсіз ғайбатпен әсте келісуге болмайды. Рас, 
енді оқырман үшін "Жоғалған дос" әңгімесі, "Махаббат мұңы" повесінің өткінші 
кезеңцік мәні ғана бар, өйткені осылардың материалын ұлғайта, тереңдете келіп, 
автор драмалық туынды жасады. Осы секілді жәйтті бір кездегі "Дала сыры" 
повссі туралы да айту керек. Шығарма бойынша жа-салған "Боран" 
спектаклінде күшейтілген драмалық сарындар, образдардың сомдалуы, әсіресе 
Қасболат бейнесінің іріленуі жазушы повесті роман етіп қайта жазғанда кәдеге 
асты. Бүл ретте сахналық туынды үлкен эпикалық шығармаға барар жолдағы бір 
көпір болды. 
Айтылмыш жәйттерден жанрлық формалардың бүгінгі танда бір-бірін 
байытуын, тоғысу, араласудан туған табыстарды аңғара отырып, жазушының 
бұрынғы 
туындыларына 
жауапкершілікпен 
қарап, 
кемеддендіргенін 
құптағанымызбен, хас суреткер әманда жаңа өріс, соны жайлау ізденісінде 
болмағы - шығармашылық шарты, өрлеу, өсу заңдылығы екендігін тағы 
қайталау ләзім. 
Қазақ театрларында қазір табыспен қойылып, көрермендер ілтипатына 
ілінген пьесаларды атағанда, Сәкен Жүнісовтың "Ажар мен ажал" драмасына 
тоқталмау әділетсіздік болар еді. Шығарма Одақтық конкурста жүлде алғаннан 
кейін, орыс театрларында "Сильнее смерти" деген атпен қойыла бастады. 
Бүл драма туралы екі ұдай пікір бар: біреулер мұны белгілі шы-ғармалардың 
сахнаға лайықталған инсценировкасы ғана деп кемітсе, екіншілер мүлде шаң 
жуытпай, үздік дүние санатына қосады. 
Кімдікі дұрыс? Қайсысы дәлелді? Өзге тұжырым жоқ па? Алғашқы 
спектакльдердің программасында "Мұхтар, Бейімбет, Ғабит шығармаларының еміс-
еміс сарыны бар" деген сөз жазылып жүрді, драма "Өшпейтін іздер" жинағына 
енгенде, "Сөз зергерлері Бейімбет, Мұхтар, Ғабитке арнаймын" деген авторлық 
ескерту берілді, пьеса тұтас "Жұлдыз" журналының 1969 жылғы 2 санында 
жарияланғанда бұлардың бәрі түсіп қалған. 
Фактілерге жүгінейік: "Ажар мен ажалды" оқыған яки көрген адам бірден 
ойланады, таныс ситуациялар, белгілі оқиғалар есіне түседі. Үш бөлімнен 
тұратын пьесаға үш шығарманың материалы пайдаланылған. 
Мұхтар Әуезовтің сұмдық зорлықты, қаны сорғалаған трагедияны 
пластикалық шеберлікпен бейнелеп, қаражүрек қатыгездікті айыптаған, сыншыл ой 
айтқан, психологиялық тереңдік, тамаша суреткерлік танытқан әңгімесі - 
"Қорғансыздың күнінде" үлкен драманың сүйегі жатыр. Дайын тұрған диалоггар 
бар. Жақыптың шешесінің басынан кешкен азап-қорлығын, кеудесіндегі мұң-шерін 
айтатын ұзақ монологі сахнаға өзі сұранғандай. Сәкен Жүнісов осы жәйттерді жіті 
аңғарып, жақсы көре білген. Мақсат әңгімені инсценировкалау болмағаңдықтан 
кейіпкерлердің есімі өзгертілген. Ақан - Атан, Қалтай - Қатай, Ғазиза - Ажар деп 
алынған. Әңгімедегі уақиға желісі - жапандағы жалғыз қыстаудағы пүшайман 
жандар, оларға екі еркектің қоналқаға келуі, кемпір әңгімесі, қыздың зорлық көруі 


257 
пьесада қайталанады. Текст ұқсастығына назар салайық. 
Ә ң г і м е д е : 
"Әрі өтіп, бері өтіп жүргенде сондайлық бейшаралар еді-ау деп есіне ала 
жүрсін деп, айтып қояйын деп отырмын. Күндердің күні болып, жүдеп-жадап, 
біреуден зорлык, біреуден қорлық көріп отырған үстіне келсең, көзіңнің қырын 
саларсың". 
П ь е с а д а :
"Иә, айналайыдар, іздегенге сұраған дегендей, сендерден артық кімге 
шағынармын. Естеріңде жүрсін, алда-жалда өздеріңе жете алмай тұйыққа тірелген 
заман болса, көңілі де, өзі де жаралы сор маңдай кемпір зарлап еді-ау бізге, 
тартқан азабын, көрген қорлығын баяндап еді-ау деп құдай жолына қол ұшын 
берерсіңдер". 
Сахнаға лайық өзгерістер енгізілсін. 
Әңгімед е : 
"Қарағым, қонақтардың атына шөп керек қой, өзің шам алып бірге шығып, 
шөп алатын жерді көрсетіп бер". 
Пьесада: "Иә, сүйтіндер, Ажаржан, мына ағаңа шам жағып, шығып, шөп 
алатын жерді көрсет". 
Айырма шамалы. 
Ә ң г і м е д е : 
"Мен шөп суырған соң, құдықтың қайда екенін білмей, соны сұрадым. 
Балаңыз көрсетейін деп, қорадан бірталай жер ертіп шықты. Күн қатты боран 
болып, суық болған соң, тоңып қалар дедім де, кұдықтың бетін біліп алып, үйге 
қайтарып жіберіп едім. Әлде сонда қораны таба алмай адасып кетті ме? 
П ь е с а д а : 
"Апыр-ай, мен кінәлі болдым-ау! Бағана суатты көрсетіп жіберген соң, орта 
жолға дейін барьпт, бағытын біліп алып, енді тоңып қаларсың үйге қайта бер деп ем. 
Күн сол екі арада мың құбылып, боран алай-дүлей түтеп кетпеді ме? Қайтарда үйді 
зорға таптым. Әттеген-ай!" 
Актер ойынын ескеріп, ырғақ, интонация берілген, әйтпесе егіз сөйлемдер. 
Мұндай ұқсастықтар екінші, үшінші бөлімде сирек ұшырайды, оларда 
ситуация, мотив сарындастыгы бар. 
Ғ. Мүсіреповтың "Ашынған анасыңдағы" әйел он алтыншы жыл 
дүрбелеңінде, қара тізімге ілінген баласын арашалауға болыс алдына барушы 
еді ғой, анау қайырымның бодауына нәпсі тілегін сұрағанда, қанына қарайған 
әйел жарады да салады. Итбайдың басын шапқан сол көтеріліс балтасы. Ажар да 
Қатай болысты шауып өлтіреді. 
Үшінші бөлім. Санадағы өзгерістерді, адамдар арасындағы қарым-
қатынастарды, психологиядағы жаңғыруларды өмірдің өз адымына сәйкес, ортаға 
лайық көрінген мінездер, характерлер арқылы, араға уақыт салмай, дер кезінде 
реалистік сенімділікпен, шыншылдықпен бейнеленген Бейімбет Майлин 
шығармаларының мән-маңызы, қадыр-қасиеті заман озған сайын арта түспек. 
Өйткені, өз дәуіріне етене белгілерді, әсіресе қазақ ауылындағы өзгерістерді 
құбатөбел, қоңырқай жандардың іс-әрекетімен суреттеуде Майлин тұрғылас 
қаламгер сирек. Қазақ прозасының халқымыздың басындағы тарихи жаңа-
лықтарды, әлеуметтік революция нәтижесінде пайда болған соны моральдық 


258 
институттарды көрсетуде реалистік мәнерімен, қарапайым шыншылдығымен 
ерекшеленетін туындысы "Раушан коммунистегі" кейбір ситуациялар "Ажар 
мен ажал" пьесасына енген. Раушан мен Бекен, Ажар мен Бөпіш араларындағы 
қарым-қатынас ұқсас. Бөпіштің қасақана дүшпандардың азғыруымен желігіп, 
өзінің қолынан іс келетіндігін дәлелдемек болып, мөрге таласу әрекеті, өкпелеп, 
басқа үйге барып жатып алуы, әйелінің мұңын артынан қуа келуі, кейін татуласуы - 
повестен алынған жәйттер. Текстік ұқсастықтар бар: 
П о в е с т е :
"Әй, түрсаңшы, үйге барайық!.. 
- Немене, сорлыны мүнда да тыныш жатқызбайын дедің бе?.. Әбден 
сағынып бара жатқан шығарсың!.." 
Пьесада: 
"Сары жорға. Көлгірсуін. Байсырап қалған екенсің. Сағынған шығарсың 
жаман қатты. 
Ажар. Тұр деймін. Жүремісің?" 
Текстологиялық салыстырулардың нәтижесінде шыққан дәл айғақ, нақты 
фактілер "Ажар мен ажал" пьесасының өзегінде "Қорғансыздьң күні", "Ашынған 
ана" әңгімелерінің, "Раушан - коммунист" повесінің еміс-еміс сарыны, болар-
болмас әсерлі емес, ситуациялары, характерлері, идеялары жатқандығын сенімді 
дәлелдейді. Сондықтан, "Ажар мен ажал" драмасын сахнаға қойғанда, яки 
жариялағанда М. Әуезов, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов аттарын алып тастау 
ақиқатқа қиянат, әдеби этикаға жат мінез, әбес қылық екендігін ұмытпау керек. 
Енді бұл шығарманың айтылмыш туындылардың нашар инсценировкасы, 
солғын көлеңкесі емес, С. Жүнісовтің төл пьесасы, драма ретінде өмір сүруге 
қақысы барлығын айғақтайтын жәйттерге тоқталу қажет. 
Сахна шарттары, драматургия талаптары ескерілгендігін алғашқы 
бөлімнен көруге болады. Тартыстың бір басыңда бұғанасы қатпай жатып тірлік 
тауқыметін тартқан жас қыз бен сорлы, пүшайман, соқыр кемпір, екінші 
басында жуандар, зорлықшылар. Әңгімеде кемпір аузымен айтылатын жағдай 
пьесада сәтімен сахналық көрініске айналған. Ажарды шырылдатып тастап, 
жалғыз сиырды тартып әкету - оның жанында қарсылық сезімін тудырған 
алғашқы себептердің бірі. Соры қайнап, сорпасы төгіліп, көрген қиянат, шеккен 
азабын айтып отырған кемпір сөзі титтей де әсер етпеген екі қаражүрек рақым 
жасау былай тұрсын, қорғансыз Ажардың арын аяққа таптап, жас ғұмырына балта 
шабады. М. Әуезов әңгімесінің финалы Ғазиза өлімімен тынуы замана 
шындығына сәйкес шешім болатын. Сол өлімнің өзі ғаламат қарсылық, 
түйілген жұдырық еді. Зорлықтан шіріп, қорлықтан зар шеккенше, ақ өлімді 
зият санаған ерлік мінез. 
Пьесадағы Ажардың басына тау құлағандай сұмдық жаманшылық көрсе 
де, өлмей, тірі қалуы драмалық тартысты өрбітіп, характерлерді айқындауға 
ерекше мүмкіндік берген. Аңыраған боранда, бейіт басында, екі қабыр арасыңда 
есінен танған сорлы қызын құшақтап, көкірегі қарс айырылып, дауыс салған 
соқыр кемпір зарына, иесіне іш тартып ұлыған Ақтөс үн қосады, бұл 
көрерменге қатты әсер ететін трагедиялық сцена. 
Араға көп жыл салып, Ажармен қайта кездескенімізде, оның басынан 
мол өзгеріс табамыз: сонау қайғылы түнде бойына біткен перзент қазір ержетіп 


259 
қалған, Қатай болыстың ұлымен ойнап жүр. Өмір тепкісі, тірлік талқысы 
Ажардың сағын сындырып, бақытын күйдіргенмен, еңсесін басып, жүнжітіп 
жібере алмаған. Оның іс-әрекетінен, сөз әлпетінен, отқа-суға түсіп, бәріне 
көндіккен, жігерлі адамның қалпын танимыз. Бұл әйелдің мінезіндегі ірілік, 
характер кесектігі он алтыншы жыл сойқанына байланысты жақсы танылады. 
Ғұмырындағы ендігі медеуі, алдан тосқан жалғыз үміті, өсек-ғайбат 
отына өртенсе де, тісімен сүйреп жүріп өсіріп келе жатқан ұлы - Жұматай 
басына кесепаттың қара бұлты үйірілген соң, Ажар аранын ашқан арыстаннан 
да тайынбай, көзді жұмып, тура болыстың үйіне тартады. 
Осқырынып, дүйім жұртты көзге ілмей, шүленсіген ұлық анау. Қазақ 
түгел қырылып қалса, қыңқ етер сыңайы жоқ: бірер ауыз сөзінен сұм ниеті 
аңғарылады. Бұл ситуацияның "Ашынған ана-дағы" жағдайға ұқсастығын 
ескере отырып, драматургтің өзі тапқан жаңа бояуларды айту абзал. Сырт көзге 
ымы-жымы бір көрінгенмен, анау болыс, анау тілмаш, анау ұлық жан-жаққа бұрады. 
Араларында қайшылық, психологиялық арбасу бар. 
Еркектердің алдында Ажардың соншалық суырылып сөйлеуі -әуелде 
түсініксіз. Мынау болыс кезінде өзіне зорлық еткен, жас ғұмырын солдырған 
Атан екен, осыдан біткен анау Жұматай жасы жетпей майданға, көпе көрнеу 
өлімге кетіп барады екен, ашынған, шеттігіне ілінген, кекпен қайнаған Ажардың 
қас дұшпанына балтаны бір сілтеу емес, мың сілтеуі де рауа. 
Драматург қаһарманын бүл қадамға әбден дайындап әкелген. 
Жаңа заман күші тағдыр таяғын қанша жесе де, жауымен алысып келген, 
бірде жеңіліп, бірде жеңген Ажар секілді қайратты жандарды өмір толқынының 
бетіне көтеріп алып шыға келген. Сондықтан олардың қимылдары кесек, әрекеті 
батыл болмағы заңды нәрсе. Мұңдай әлеуметтік өзгерістерді суреткерлік 
қырағылықпен дәл көріп, шебер бейнелеген Майлин дәстүрі, пьесадан мол табылады. 
Сырт көзге жалтырап, аузымен құс тістеп тұрмағанмен, ішкі сарайы ашық, 
жаны таза, адамгершілігі мол адамдардың арасындағы бұйығы, момын кісілер 
кездеседі. Осы тақылеттес Бөпіш мұңдас, қайғылас деп Ажарды ұнатып, көңіл 
қосқан. Қашан да орта әсері, жұрт ықпалы тимей қалатын, өмір бақи бір күйде 
өтетіндер жоқ та шығар. 
Ашық майдан, бетпе-бет соғыс толас тауып, тап шайқасының жықпылға 
кеткен заманында көрініс берген мінездерді сипаттайтын бірнеше бейне бар. 
Әуелде жеңгетайлықпен ауызданған Қатай ат қосшы, тыңшы, жансыз боп жүріп 
талай әлсіз бен жіңішкені, жетім мен жесірді зар илеткен қанды балақ болса да, ебін 
тауып өзі тектестер итжеккенге тентіреп кеткенде, бас сауғалап қалған. Еңдігі харакеті 
тасада тұрып, кесек лақтыру - біреуді-біреуге қойт-қойттап айдап салу, өсек-
өтірік таратып, іріткі түсіру. Бұған оқ жыланша зуылдаған Сарыжорға 
қосылғанда, ана ауылдың шаңын ана ауылға жеткізеді. 
Ру идеологиясына санасы шырмалған Бөпіш сынды адамның азғырынды, 
желіктірген сөзге еріп, аяқ астынан бұзылып, еркекпін деп кеудесін қағып шыға 
келуі психологиялық жағынан сенімді берілген. Идея "Раушан - коммунистен" 
алынғанмен, Ажар-Бөпіш арасындағы диалогтар түгелдей соны. Сарыжорға 
үйінде жатқан Бөпішке тәуіптің келуі, оның сөздері күлкі тудыратын юморлық 
планда берілген. 
Қазақтың алғашқы драматургтері Жұмат Шанин, Мұхтар Әуезов, Ғабит 


260 
Мүсірепов эпос сюжетін, фольклор мотивтерін, аңыз қаһармандарын 
шығармашылықпен пайдалана отырып, ұлттық әдебиетімізде бір алуан дәстүр
жасап, оны әр кезде Қапан Сатыбалдин ("Аягөз ару"), Әбділда Тәжібаев ("Халқым 
туралы аңыз"), Шахмет Хұсайынов ("Алдар Көсе") жаңа бояулармен байытты. С. 
Жүнісовтың драматургиядағы тырнақалдысы әдебиетте бұрыннан белгілі 
сарындарды өрістету дәстүрінің арнасында жемісті туғанын айту - пьесаны кеміту 
емес; үлкен ізденістерге, ешкімнің ортағы жоқ төл туындылар жасауға автордың 
мол қабілеті барлығына шәк келтірмейміз. 
Бір шығарма - бір шеңбер. Суреткердің таланты, дүниеге көзқарасы, парасаты 
күллі шығармашылығына үнемі ықпал жасап отыратын құдірет, қуат күші десек, 
әрбір туындының өз ырғағы, өз әуезі, өз пішіні болмақ. Ой ағымын, сезім толқынын 
берудегі нәзік сәуле, әсем бояу мазмұн мен форманың диалектикалық бірлігіне 
бағынады. 
Эпикалық, поэтикалық шығармаларды сахнаға ыңғайлай бастағанда, автор 
идеалына лайық әуелі түрін жоғалтып алғандықтан эстетикалық әсер солғын 
тартады. Қанша шебер қолдан өтсе де, қанша режиссура жетістіктерімен қүлпыртса 
да Толстой, Достоевский, Әуезов романдары бойынша жасалған инсценировкалар төл 
туындылардың өзіндей жүрекке жылы тиюі мүмкін емес. Максим Горький: "Мен 
жалпы инсценировкаға қарсымын" - дегенде, театр қажетгілігінен, белгілі 
шығармалардағы кейіпкерлерді көзбен көру талабынан туған жаңа формаларға теріс 
қараған жоқ, классикалық туындыларды орынсыз бұрмалауға, ретсіз қидалауға 
наразылық білдірген. 
Драматургияның арқа сүйері, алтын жүлдесі әуелден жанр та-биғатын, 
театр зандылықтарын бек ойластырып, мазмұнға лайық формада қүйылып шыққан 
тоқсан-тоғыз әуен, сарын, нұсқа ішінен ортан қолдай біреуі ғана тандалған төл 
туынды, төл пьеса деген тұжырымға ден қоямыз. 
*** 
Қазақ драматургтары бірқыдыру еңбек етті, сахнаға жаңа шы-ғармалар 
шықты, жаңа қаһармандар келді, жаңа сырлар шертілді. 
Ұлттық өнеріміздің бір қуанышы - "Қан мен тер" спектакліне Мемлекеттік 
сыйлық берілді. 
Шыңғыс Айтматов пен Қалтай Мүхаметжанов қаламынан туған 
"Көктөбедегі кездесумен" әлемнің көптеген театрларында мыңдаған көрермендер 
тіл табысты. 
Драматургтер Ә. Әбішев, Т. Ахтанов, С. Шаймерденов, М. Хасенов, А. 
Шамкенов, С. Адамбеков, Ә. Тарази, С. Жүнісов, Қ. Ысқақов жаңа шығармалар 
берді. 
"Трибунал", "Арбаң аман болсын", "Махаббаттың әлегі", "Әкімдік", 
"Аңыратпақшы ананы" сияқты аудармалар қойылды. 
Өлең спектакль болды. Жазушылар одағының драма секциясы ондаған 
пьесалар талқылады. 
Мәдениет министрлігінің репертуар коллегиясы жылына 15-тен астам 
пьеса, 4-5 инсценировка, 10-15 аударма қабылдайды. 
Әлем әдебиетінің үлкен қаламгері Шыңғыс Айтматовтың қазақ өнерімен 


261 
байланысы біздің тілімізге аударылу, театрларымыздың сахнасына шығу, жеке 
жазушыларымызбен қарым-қатынасы, әдебиетіміз туралы пікір айту 
ауқымынан асып, қазір нағыз суреткерлік достыққа айналды. Қазақ-қыріыз 
әдебиетінің төл қозысы болған, Шыңғыс Айтматов пен Қалтай Мұхаметжанов 
қаламынан туған "Көктөбедегі кездесу" пьесасы - бұл байламның айқын дәлелі. 
Шығарма "Современник" театрында қойылды, көп елдерді аралап кетті. 
Баспасөздегі пікір өз алдына. 
Осы драманың қандай өзекті ерекшеліктері бар? 
Тегіңде, Шыңғыс Айтматов концепцияның жазушысы, оның қай 
туындысын алсаң да терең ой, астарлы идея, философиялық, символдық мәнге 
ие. Ол оқушының көзін қызыл-жасыл суретпен алдарқату ниетін ешқашан мақсат 
еткен емес, шағын өмірлік материалды, бір қарағанда кішкентай көрінетін детальды 
алып отырып, жүрек тебірентерлік проблемаларды қозғайды. 
Қазақ сахнасына берік орныққан пьесалардың авторы Қалтай 
Мүхаметжанов шығармашылығында драматизм, ащы күлкі, азаматтық пафос 
секілді айшықты сипаттар бар. 
Осындай екі қаламгердің бірлесіп шығарма жазуын жай білістік, таныстық, 
сыйластық ыңғайы емес, позиция бірлігі, талант ұқсастығы табыстырған 
заңдылық деп білеміз. 
Атүсті назар аударғанда, "Көктөбедегі кездесу" драмасының сюжетінде, 
композициясында, кейіпкерлер әлемінде кісі таң қаларлықтай ештеңе жоқ. Тіпті 
қатардағы, күнделікті болып тұратын оқиғалардың бірі көрсетілетін сияқты. 
Бұрынғы шығармаларда айтылған жайттар ойға оралады. Зейін Шашкиннің 
"Ақын жүрегі" драмасында ескі достар көп жыл өткен соң қайта жиналып, 
ертеде біреуінің ұсталып кетуіне кім кінәлы болғанын іздестіріп, әбден азапқа 
түсуші еді ғой. Дәл сол кештен кейін бүгінгі қызмет бабын ойлаған біреуі тағы 
опасыздық жасайтын. Бүл пьеса қазақ театрында қойылды, одақ көлеміңде 
танылған жоқ. 
Аталмыш екі шығарманы салыстырып көргенде, бір материал, бір фабуланы ала 
отырып, әр түрлі образдар жасап, әр түрлі идея айтуға болатындығына көз 
жеткізесің. Шеберлік қүдіретіне ден қоясың. 
"Көктөбедегі кездесудің" құрылысынан бүгінгі драматургияның ең соңы, 
ең жаңа сипаттарын, етене белгілерін көреміз. Сөйте тұра, осы шығарманы 
Москва сыншыларының көбі "пьеса-диспут", "пьеса-айтыс" деп бағалауы 
неліктен деген сұраққа мән беріп, ойланып көрейікші. Бұл драманың негізгі 
сүйегі қазақ-қырғыз әдебиеттеріңде терең тамыр жайған дәстүр арнасында 
туған. Драматургтар ежелгі өнеріміздегі шешендік дау, айтыс формасын 
ұлғайтып, драмалық әрекет тұтастығын құнттау үшін пьесада ырғақ, 
әуезділік, полифонизм сақталған. 
Төрт достың, олардьщ әйелдерінщ әзіл-қалжьң диалогтарын алып тастаса, 
пьеса бастан-аяқ Сабыр тағдыры туралы кім не ойлайды деген талас-талқыдан 
тұрады. Осы сараптың үстіңдегі толғаныс, тебіреніс ғылым докторының, 
жазушының, мұғалімнің, агрономның ішкі әлемін, рухани дүниесін ашьш береді. 
Дәлірек айтқаңда, әрқайсысы ақылы, қайраты, жүрегі неге қабілетті екендігін 
ашып береді. 
Адамшылық қызмет бабындағы орныңмен, жинап-терген байлық-


262 
дәулетіңмен, тілге бал жағьш алып, жылтыратып сөйлеген көлгір сөзіңмен 
өлшенбейді, әрқашан ар алдында қаймықпай, табаның тайғанақтамай, жүрегің 
лоблымай, көзің жыпылықтамай жауап беретін кісілік керек - "Көктөбедегі 
кездесу" драмасының біз таныған түп қазық идея - концепциясы осы. 
Драматургиядағы тұңғыш қадамын Мұхтар Әуезовтің "Қор-ғансыздьң 
күні", Бейімбет Майлиннің "Раушан - коммунист", Ғабит Мүсіреповтің "Ананың 
арашасы" шығармаларьш сахнаға лайықтау негізіңде жазылған, қазақ, орыс 
театрларында қойыльш жүрген "Ажар мен ажал" пьесасымен сәтті бастаған 
Сәкен Жүнісов соңғы жылдарда бірнеше туынды берді. Жанрдың бүгінгі 
талаптарын, техникасын жақсы ескеру, театр шарттылықтарын жіті білу, тіл 
өткірлігі сияқты сипаттар оның қаламгерлік стиліне етене қасиеттер. Бұл 
тұжырымды дәлелдейтін - "Жаралы гүлдер" драмасы. 
Дүниені астан-кестең еткен кешегі соғыс тудырған өмір жағ-дайлары, 
психологиялық құбылыстар, сан алуан тағдырлар қазақ әдебиетіңде толық 
бейнеленіп бітті деп айтуға болмайды. 
Бала кездегі оқиға еске түседі. Түнімен қол диірменді шықылдатып әбден 
шаршап жатқанымызға қарамастан, таң атпай тағы сирағымыздан суырып 
алады. Әзірейілдей дік-дік етіп тұрған ағаш аяқ Бектұрған. Көзі қып-қызыл. 
- Интернаттың нанына тойып алып, бықсып ұйықтауларын-ай 
өздерінің. Дабай тиірмен тартыңдар. Тағы бала келеді... 
- Кім? - деп шу ете түстік. 
Немістің балалары!.. Тістеніп алыпты. 
Сол неміс балаларымен бірге өстік, төбелестік. Талай кызық-шыжықты бірге 
өткіздік. Тағдырлас болып кеттік. Жалаң аяқ, жалаң бас келген Ганс, Шульцтар 
бүгінде қазақша судай, жігіт ағасы. 
Осы айтылмыш тақырып арқылы қиын мезгіл тынысын көрсету, халықтар 
достығын бейнелеу мақсаты прозамызға жақсы бір дүние әкелді. Ол республикалық 
жабық конкурста бірінші бәйге алған, Мұхтар Мағауиннің қасиетті бауырластық 
идеясын қызық материал негізінде сенімді бейнелеген "Бір атаның балалары" 
повесі. Сәкен Жүнісовтің "Жаралы гүлдер" драмасында да соғыс кезіндегі ауыл 
балаларының тіршілігі көрсетіледі. Абзалында қазақ әдебиетінде кенже қалған 
саланың бірі - балалар драматургиясы. Ертеректе туған, эпостық сюжеттерге, 
тарихи-ғұмырнамалық тақырыптарға жазылған "Алтын сақа", "Аягөз ару", "Ыбырай 
Алтынсарин", "Біздің Ғани" секілді шығармаларды режиссерлер қайта қарауы керек 
шығар. 
"Жаралы гүлдер" драмасының жақсы табысы - кейіпкерлер тілінің 
дараланып берілуінде. Соғыс уақытындағы ауыл балаларының мінезі, іс-әрекеті көз 
алдыңа келеді. Өмірдің салмағы мойынға ерте түссе, кімді болса да тез марқайтпақ. 
Ауыр кезеңде туған балалардың тентектігін, кейбір арсы-күрсі қылықтарын, 
ересектермен жағаласа жүруін, мезгілдің өзіне тән ырғақтарды автор дәл көріп, 
сенімді бейнелеген. 
Драмадағы есте қаларлық, жөн-жосығы бар кейіпкер - Баттал деген 
майдангер. Соғысқа барып бір көзінен айырылып қайтқан. Шал-кемпірге, бала-
шағаға қараған қоңторғай ауылдың бас көтерер еркегі - осы. Қолынан келгенін 
аянып жүрген бұл жоқ. Улап-шулап, айқайға басып, әйтеуір жұртқа жұмыс 
істетеді. 


263 
Ой-өріс, білігі көп нәрсеге жете бермейді. Сондықтан Баттал әр жерде қызыл 
кеңірдекке салады. Мәніне де өзі түсіне бермейтін сөздерді келсін-келмесін 
қыстырып жібергенді үнатады. Осындай адамның орнына эвакуациямен келген 
неміс әйелі орыс тілінен сабақ бере бастаса, ол бұлқынбағанда қайтеді. Басбұзар 
мінезге надандық қосылса, зорлық қиянаттың небір түрі жасалуы мүмкін. 
Армиясының офицері, жалғыз ұлы мерт болған ұстаз әйелдің қайғысы бір басына 
жеткілікті қайғы. Әдет-ғұрып, жөн-жосығы мүлде бөлек, өзіне бейтаныс орта, 
жаңа дүние. Алдында отырған шәкірттері көңілге бір қаяу салса, Баттал екінші 
бүлікпен келді. Бәрі мұның неміс ұлтынан болғандығы үшін ғана. 
Осы драмалық түйін - пьеса арқауы. Драмалық әрекет бірлігінің әлсіздігі, 
монтаж салқыны, публицистикалық сарынның көбейіп кетуі секілді олқылықтары 
бола тұра, "Жаралы гүлдер" пьесасы киелі туыстық идеясында жазылған, әсіресе 
жасөспірімдерге берер тағлымы мол шығарма. 
Жас ұрпақты биік идеал, асқақ мұраттарға тәрбиелеу ісінде жағымды 
қаһарман жасау проблемасының маңызы зор. Дегенмен адасқан тағдырларды, 
шырғалаң жолдарды көрсету арқылы да көп сабақ беруге болатындығын естен 
шығармау керек. Әйтпесе, сүттен ақ, судан таза, үнемі мойнынан галстугы 
түспейтін, көше төртібін бұзбай, тротуармен ғана жүретін, түзу ойлап, түзу 
сөйлейтін қолдан жасалған қуыршақ кейіпкерлермен кімді алдарқатамыз? 
Дәлелді пікір: "Шынында драма болмыстағы қайшылықтарды танудың 
эстетикалық формасы және ол, ең алдымен, қоғамдық қайшылықтарды адамдар 
қарым-қатынасы, жеке тағдырлар арқылы көрсетеді". (А. А. Карягин "Драма 
эстетикалық категория", М., 1971, 36-бет). 
Бүгінгі әдебиетіміздегі олқылықтарды атағанда, әсіресе адам жанының 
диалектикасына бойлай алмауды, психологизм тереңдігінің жетіспеуін ашып айтар 
едік. 
Осы ретте, Сәкен Жүнісовтің "Қызым, саған айтам" драмасының көрермен 
көңілінен шығуы режиссерлік әдіс тәсілдердің, актерлер шеберлігінің жебеуімен 
ғана болмағаны хақ. Бұл пьесаның композициялық құрылысында қазіргі 
драматургияның ең қажетті сапа белгілері бар. Драмалық әрекет хронологиялық 
ретпен жүріп, бір оқиғадан кейін екінші оқиға туатын сюжет түзудің ескі 
канондары бүгіңде заңды түрде бұзыла бастады. Форма жаңғыртудың осы 
процесінде басты рольді психологизм талаптары, бір құбылысқа әр қырынан 
келу арқылы объектіні тереңнен тану шарттары атқарып отыр. Сахнаға көп 
адамды шығарып алып, улатып-шулатып қойганша, шағын топтың жүрегіне, 
сырына үңілу дағдысы дәстүрге ене бастады. Қай жанрда да өмір көріністері ой 
ағымы арқылы берілсе, шығарманың эмоциялық мәні арта түсетіні суреткерлік 
тәжірибеден әбден аян. Ал, сөздің қолма-қол ықпалы, көз аддындағы құдірет-
кереметі сыналар сахнада бұл формалық тәсілді драматургтар қазір жиі 
қодданады. Мұның мысалын "Қызым, саған айтам" пьесасынан көруге болады. 
Түп қазық кейіпкер Рәзия тататын дәмі таусылып, өмірден көшейін деп жатқан 
кезінде тіршілікте азап көрген тұстарын, биікке, көтерілген төбелерін, өзекті 
өртеген өкініштерін, жүректі тулатқан қуаныштарын көз алдына келтіреді. 
Жастық шағы соғыстан кейінгі қоңырқай жылдармен дөп келген Рәзия 
беттің қызылы, көздің нұры барда дүниені жалпағынан басып, шайқап өтуді 
мұрат тұтқандар моралінің тұтқыны болған адам. Тегінде, паң сұлудың жақсы-


264 
жаманды айырмай, көркімен дүниені бағындырам дейтін оқшау асқақтығы 
болады. Бұл қызық үй болып, отау тіккен соң қалыпты арнаға түссе, - наз, 
еркелік, шідер үзіп, шеңбер бұзып, шылбыр сүйретіп кетсе, - жіңішке жүріс, суық 
жол аталмақ. 
Жақсы отырыс, көңілді қонақ, той-домалақты тіршіліктің сәні деп 
білетін, өзі бұрау басын сындырмайтын ерке тотай жас келіншектің қан 
майданның қасіретін көріп, өмірдің нарқын танып келген, енді шұғыл ізденіс 
жолына беттеген, дырдудан тыйылып, ес жинаған еркектен суынуы 
психологиялық жағынан нанымды көрсетіледі. 
Бірде Рәзияның ойы, бірде Мұраттың ойы арқылы берілетін сценаларда 
драмалық кернеу, ішкі тартыс бар. Бұрын маңдайына тас тиген, бармағын 
шайнаған адамның өмірдің жаңа талқысында анау-мынау мінез көрсетпей, 
оңай селкілдеп, тез шытырламай, басқа түскен ауыртпалықты көтеріп алып, 
табан тіреп тұратын қайсарлығы болмақ. Мұның да шегі бар. 
Әйелі Рәзияның қылт-сылтына кешіріммен қараған Мұраттың терісінің 
кеңдігі алғашқы сценаларда көңілге қонғанмен, дәл әйелінің басқа еркекпен 
кетіп қалғанында, өз үйінде бөгдемен көңіл табудың үстінен түскенінде селт 
етпеуін, оқыс әрекетке бармауын қабылдай алмаймыз. Бұл жерде көп 
шығармаларда белең алып бара жатқан жар опасыздығына, әсіресе әйел 
осалдығына кешіріммен қарау сарынының жаман салқыны бар. 
Ежелден қанымызға сіңген киелі дәстүр, сұлу махаббат, адал 
сүйіспеншілікті бейнелегенде, жазушыларымыз былқылдамай, айқын авторлық 
поэзия танытуын қалар едік. Қойшылардың көзін бояп, алдаумен ақшаға 
кенелген Құмар, сұлу әйелдер мен мырза жігіттерді жолығыстырып жүріп, 
жеңгетайлықпен алтын сақина таққан Шүйкетай бейнелері - қабілетті актерлердің 
ойынына өріс беретін персонаждар. 
Қазақ әдебиетінде ескі жөн-жобаны ұстанушы мен жаңалық бастаушы 
арасындағы тартыс көп шығармаларға арқау болған. Бұлардың ішінде барлық 
жанрдың туындылары бар. Екі ұдай болып сілкісетін кейіпкерлердің бірі 
кертартпа, соқыр тауық қалпында алынса, бірі төрт құбыласы түгел, су жорға 
ретінде бейнеленуші еді. 
Шыны керек, Әкім Таразидің "Жолы болғыш жігіт" драмасының негізі 
белгілі қанондарды еске түсіреді. Институтты бітірген жас маман Бөкеннің 
бастамасына директор, ауыл ішінің белсендісі, облыстық мекеменің бір 
бастығы қарсы. Бірталай жыл өткеннен кейін бұрынғы бастамасынан енді 
үлкен қызметкер болып кеткен Бөкеннің өзі де бас тартады. 
Зады көркем шығарманың қадір-қасиеті оның эмоциялық әсеріне, 
эстетикалық информация-сигналына байланысты өлшенсе керек. "Жолы 
болғыш жігіт" драмасында автор таныс конфликтіні ала отырып, жаңа 
жағдайларды көрсетеді. 
Ең алдымен, драманың өзіне тән ерекшеліктері, бүгінгі талаптар 
ескерілген бе? 
Бірталай пьесаларымыз диалог жасаудан ақсап жүр. Кейіпкерлер сөзі - бір 
нәрсе туралы пікір, тұжырым ғана болып келеді. Олар синтаксистік жағынан 
алғанда дұрыс жазылған, сөйлем мүшелері нормативті грамматика заңдарына дөп 
келеді. 


265 
Ал классика тәжірибесіне үңілгенде, драма тілі дегеніміз негізінен сөйлеу тілінің 
интонациясына, ырғағына бағынады ғой. Драма тілі - кейіпкердің жұрт алдында 
ойлануы, қателесуі, жеңуі, жеңілуі ғой. Ендеше, жып-жылмағай, жылтыраған, 
жұтынып тұрған судыр сөз ешқашан пьеса тілі бола алмайды. 
"Жолы болғыш жігіт" драмасының кейіпкерлері бүгінгі өзіміз білетін 
адамдардың таныс тілімен сөйлейді. Олардың лексикасында әр түрлі терминдер, 
географиялық, экономикалық атаулар, әлеуметтік, философиялық ұғымдар, 
тіпті ұзын-ұзын цифрлардың кездесуі бізді таңырқатпайды. 
Бір кезде батырлар, сал-серілер, шешен-билер, ғашықтар образын жасауда 
Мұхтар Әуезов, Жұмат Шанин, Ғабит Мүсірепов классикалық шеберлікпен 
қолданған ақ өлең үлгілері, тақпақ кестелері бүгінгі адамдарды бейнелеуде 
драмалық тілдің бірден-бір үлгісі еместігін мойындайтын уақыт жетті ғой деп 
білеміз. Зер салған адам сол атақты драматургтарымыз қазіргі заман шындығына 
ойысқанда, реалистік тіл табудың қиындығын мол ізденістеріне түскендігін анық 
аңғарады. 
Адам мінезі, негізінен, оның сөйлеген сөзі арқылы ашылатын жанр-
драманың тағы бір ерекшелігі - әрекет тұтастығы, психологиядағы динамика болып 
табылады. Әкім Тарази айтылмыш пьесасында осы екі буынның жанды жерінен 
ұстаған. Үлкен мансапты кісілер келе жатқанда совхоздағылардың әбігерге түсуі 
әбден түсінікті хал. "Үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығару" 
фәлсапасын меңгергеңдігі, еңбегі бар ма, жоқ па, оған қарамай мақтау сүйетіндігі, 
ірілердің қас-қабағын бағуы - қарбалас кезінде Асан директордың осындай сыры 
сезіліп қалады. 
Сахнаға Кірпішбай шығады. Әкімнің "өз кейіпкері", оның прозалық 
шығармаларының бел ортасында жүретін, аты затына сай ескі танысымыз 
Кірпішбай. Соңғы кездесуден бері бұл да өсіпті. Облыс орталығында тұрады, 
экономика ғылымының кандидаты атағын алыпты. Ал Бөкен мінезіне қарап, Асау 
Бөкен аталып кеткен жігіт те жазушының шығармашылығында бар 
персонаждарды еске түсіреді. Сахнаға шықпайтын Мүйізов, Амановтар да доданың 
ортасында. 
Әліптің аяғын баққандар қашан да тіс қаққандар, жаңа іс, игі бастаманың 
қоғамға, прогресске пайдасы емес, өзінің қарақан басына ұпайы қандай деген іш 
есепті бұрын жасамақ. Өз атағын, әсіресе, өз мерейін үстем етсе, өз дәулетін 
көбейтсе, сонда ғана қол ұшын береді, сонда ғана күреседі. Тоғышарлықтың, 
эгоизмнің бұл жаман түрі, әсіресе іс басында, билік тұтқасында отырған адамның 
буынын шалса, көп дүние бүлінеді. Ноқта, жүген тимеген шу асау, қалтқы, 
тіреуіш дегенді білмеген. Басы бос, кеудесі толық аршынды жас айла-шарғыны 
ойламады, амал іздеп, қулық жасамайды, нысанаға тура тартады. 
Кірпішбай - Бекен арасындағы қақтығыс - осындай екі ұдай, екі жар, екі 
концепцияның қақтығысы. Бекеннің идеясы бел алып, жақтаушысы көбейген 
соң, Кірпішбайлар олжаға, абыройға еншілес болмақ. 
Пьесадағы есте қалып қоятын бір персонаж - Алтынтіс. Жанжал шақырып, 
жау жетті, өрт келді деп жүретін дәл осындай қызыл көздерді әр жерден 
кездестіруге болады. Алтын тісін жұтып қойып, ішін басып, далаға жүгіруі - 
әсіресе көп күлкі тудырады. Күйкі тірлік иесіне, пүшайман қылыққа күлесің. 
Бүгінгі қала жастарының өмірін көрсетуге арналған шығарманың бірі - 


266 
Аманжол Шамкеновтың "Табамын сені" драмасы. Композициялық бітімі 
сахналық талаптарға лайықтап жасалған, бас-аяғы жинақы, ықшам. Жанр 
сырына қаныққан қаламгердің қолтаңбасы аңғарылады. Алғашқы сценаларда 
беделді ата-ананың еш жерде қызмет істемейтін шолжың ерке ұлы - Арнұрмен 
жүздесеміз. 
Қазақ сахнасына жиі шығатын таныс персонаж. Тілі шұбар. Мінезі шәлгез. 
Қасьндағы бойжеткен Заданың да жеңіл-желпі, ұшқалақ сезім жетегіндегі жан 
екендігі салған жерден белгі береді. Бұл да ана тілін дұрыс білмейтін, шәлкем-
шалыс, балдыр-батпақ лексиканың иесі. 
Осыларға қарсы тұрғыда алынған Сымбат пен Бораш ұқсас қалыптан 
шыққан. Әсіресе Бораш емтиханға әбден дайындалып келген студент секілді 
тақылдап тұр. Үнемі дұрыс сөйлейді. Барлық жағдайда айтылатын сөздері әзір. 
Автордың көрсеткеніндей, заводта істеп, институттың кешкі бөлімінде оқитынына 
да сенейік, сонда жиырмадағы бозбалаға тән алып ұшқан көңіл, алабұртқан 
жүрек, лапылдаған сезім қайда? Анау Сымбат деген бойжеткеңде де қырықтағы 
сарқарын әйелдің кекселігі бар. 
Жоқ! Жағымды бейне жасаудың жолы мүндай артық бояу, сылап-сипау, 
ұсақ-түйек емес, кейіпкердің шыққан ортасына, жасына, мамандығына лайық 
психологиясын ашып беретін реалистік тіл екендігіне дәл осы пьесадағы - 
Арнұрдың әкесі мен шешесінің арасындағы сәтті, сенімді диалогтардың өзі-ақ көз 
жеткізеді. 
Ретімен қолданылса шарттылық тәсілдердің қай жанрда да көркемдік 
құралдардың ұтымды бір түрі бола алатыны мәлім. Кездейсоқ, күтпеген, оқыс 
оқиғаларды шығарма сюжетіне ендіргенде образ логикасына жүгінуіміз керек. 
"Табамын сені" драмасындағы Арнұрдың аяқ астынан үйленем деп үйіне қыз 
ертіп келуі, біреуді құтқарам деп машина астына түсіп жаралануы - жасанды 
ситуациялар. 
Сөз қадірін жақсы білетін, әсіресе сын-сықаққа, сатира, күлкіге бейім 
қаламгер ретінде танылған Садықбек Адамбековтың шығармашылық олжасы - 
"Аюбайдың ажалы" пьесасы. Шығарманың трагикомедия аталуы да заңды. 
Ел ішінде көп жүріп, бүгінгі күннің көкейкесті проблемаларына 
публицистикалық мақалалар, фельетондар арнаған жазушының мына еңбегі әр 
түрлі өмір құбылыстарын екшеп, қорытып, жинақтаудан туғандығы 
аңғарылады. Қолдан жасалған қуыршақ кейіпкерлер, манекен персонаждар 
жалықтырғандығы болар, әйтеуір "Аюбайдың ажалынан" тіршіліктің тынысы бар, 
шын ашуланатын, шын күлетін адамдарды көріп риза боласың. Бұлар кімдер 
сонда? 
Оқиға теміржолдан шалғай, мал шаруашылығымен айналысатын 
аудандардың бірінде өтеді. Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы 
Біржан бір төбе, оның орынбасары Кәлмен, ферма меңгерушісі Аюбай, облыстан 
келген өкіл Айғақ Шоқшашаров және бір төбе. 
Үйінде өтірік ауырып, әдейі бюроға бармай қалған Кәлменнің мойнында - 
бинокль, қарсы кеңсеге көзі талғанша қарайды, қойнында - телефон, көмекші 
қыздардан не болып жатқанын сұрайды. Бүл - анық жымысқы адамның типі. Екі 
көзінен сорасын ағызып, өтірік мүсәпір көрініп, зар еңіреп жылап жүріп, өзгеге 
зорлық жасайтын қу мүйіздің типі. Жығылып жатып, іштен шалу, мансап үшін 


267 
кімді болсын құрбан ету - тіршілік әдісіне айналып кеткен жырындының типі. 
Мұндайлар үшін алысқан қол, берген уәде, суға жазған сертпен тең, аяқ астынан 
нілдей бұзылып шыға келуі де оп-оңай. Ұстараның жүзіндей лыпып тұрады. 
Бұрын осы ауданда істеп кеткен, енді өкіл болып келген Шоқшашаров -басқа 
мінездің адамы. Кісі көзінде кішіреймеу - ұстанатын кредосы. Өмірге киімшең 
келгендей, шляпасы шешілмейтіндей, түймесі ағытылмайтындай сауыт киіп алғандай, 
сыздап тұрып, қасына жақындатпай, алыстан ысқырынбақ. Әншейін көрген көзге 
бұдан мықты жоқ. Бар дүниенің тұтқасын ұстағандай шіренеді. Ал шідер үзіп кеткен 
шағында, ақтарылғанын көрсең... Аюбай образын қазақ драматургиясының 
СОҢҒЫ 
жылдарындағы есте қалатын бір бейнесі деп білеміз. Драматург оның сөздік 
сипаттамасын сәтімен тапқан. Оқыс, шайпау, ащы тіл, дөрекі, ұрда жық мінезді 
ашады. Ылғи әр жерге қыстырып жіберетін "жүз проценті" де жарасып тұр. 
Кәсібінен, жұмыс бабынан қалыптасқан ондай тіркестерді жасанды нәрсе деуге 
болмайды. 
Драматург жұртшылық назарын маңызды психологиялық-моральдық 
проблемаға аударған. Еңбек процесінен рақат таппай, оның жемісін, атағын, даңқын 
ғана қызықтау - тоғышарлық жолы. Бел ауыртып, балтыр сыздатпай, басқаның 
жұмысын пайдаланып кету, алдау, көз бояу арқылы төбеге, даңқ абырой биігіне 
көтерілу адамгершілік табиғатына мүлде қайшы келетін келеңсіз құбылыс. 
Өзіне-өзі есеп беруді қойған, ар алдында қысылу сезімінен айрылған 
адамдар ғана қабілетінің келер-келмейтініне, еңбегінің татитын-татымайтынына 
қарамастан аспанға қарап, алақанын жаяды. Осындай дертке шалдыққан соң, 
адамшылықтан айрылып масқаралық батпағына бату оп-оңай. 
Пьеса финалында Зибаштың Аюбайды атып тастауы - адамды селт 
еткізер оқыс әрекет болып көрінгенмен, ойлаған кісіге дұрыс, заңды шешім. Бүл 
- аюбайлыққа жасалған үкім. Жағымды ыңғайда алынған Біржанда есте қаларлық 
әрекет жоқ. Екінші картинада ьшғи арақ-шарап ішіп алған адамдардың көрсетілуі 
шарттылық, карикатураны көбейтіп, пьесаны жеңілейтіп жіберген. Нақышты тілі 
бар қаламгердің құлақ кесердей кесек сөздерді жиі қолдануы дұрыс емес. 
Мөлшерден асып кеткен нәрсенің қайсысы да жақсы бола алмайды ғой. 
Қазіргі драматургияда әр түрлі шығармашылық ізденіс, барлау жүріп жатыр. 
Негізінен ұлттық фольклор үлгілерін арқау етіп, европалық классикадан үйрене 
жүріп ер жеткен жанр - қазақ драматургиясындағы бағдар - дәуір адамының, жаңа 
тұрпатты қаһармандардың сом тұлғасын жасау проблемасы. 
Мұхтар Әуезов айтқандай "Тегінде татымсыз тақырып жоқ. Қандай ауданы 
аз орта, шамасы шағын әрекет жайындағы кез келген тақырыпты алсақ та, 
баршасында атом қуатындай қайрат бар. Бірақ сол қуатты тауып ашып, шынын 
шешіп көрсете білу шарт". ("Уақыт және әдебиет", А., 1962, 398-бет). 
Бүгінгі сахна, режиссура, актер талаптарына лайықты туынды жасау үшін 
драматург театрдың өзіндік ерекшеліктерін, етене қасиеттерін білуі керек. Ұзын 
сонар әңгіменің бәрі роман, тәжікелесу, дауласу, сөз таластыру пьеса бола 
алмайтыны - белгілі шындық. Енді сол бір өзекті сары жұрт етіп таптай бермей, 
басқа саладағы талпыныстарға бой ұру абзал. Әсіресе психологиялық, 
философиялық пьесаның тілін меңгеру - әлі алынбаған қамалдар. 
Жазушы Оралхан Бөкеев есімі ертерек қалың оқырманға белгілі бола 
бастады. Алтайдың марал өсіруші ауылында туып ержеткен қаламгердің 


268 
әдебиетте бұрын игерілмеген тың, соны тақырыптармен, өз кейіпкерлерімен, өз 
объектісімен келуі қуантады. 
М. Әуезов атындағы академиялық драма театры коллективінің Оралхан 
Бөкеевтің тырнақ алды "Құлыным менің" драмасын сахнаға шығаруы әрі 
шығармашылық барлау, әрі жас қаламгерге көрсетілген сенім, қамқорлық айғағы. 
Шымылдық ашылғанда, түнгі қаланың шырқын бұзып жүрген шұбар топтың 
үстінен түсеміз. Біз оларды танимыз. Ұзын шаштары желкелерін жауып, темекі 
тістеп, даңғырлатып гитар тартып жүргендерін талай көргенбіз. Алабажақ киімді, 
айылбас белбеулердің бөтелке аузьнан шарап ішіп тұрған шақтарын да білеміз. Бұлар 
елуінші жылдардағы қазақ театрларының сахнасына Шахмет Хұсайынов, Қапан 
Сатыбалдин, Қалтай Мүхаметжанов комедиялары арқылы келген Марат, Алатау, 
Арыстандардың бүгінгі іні, қарындастары ғой. 
Пьесаның бірінші актісінде мінез-құлық даралығы жөнінен өзгелерден, әсіресе 
Анар оқшау тұр. Ол қатардағы ерке-тотай, шолжың, жеңілтек қыздардың бірі ғана 
емес. Бала күнінен дайын асқа тік қасық боп, дәулетті, беделді отбасында үлде 
мен бүлдеге бөленіп, шөп басын сындыруды білмей өссе де, дүниеге кесті-пішті 
пікір айтып, үкім шығаруға дағдыланған қыз. Жақсылық пен жаманшылық, 
махаббат пен зұлымдық, адамдық пен опасыздыққа өз байламы бар. Кітап, кино, 
телевизия арқылы үзіп-жұлып, әр заманнан, әр саладан алған білік тұрғысынан 
сөйлейді. 
Алғашқы актідегі жастардың зиялымен, көше сыпырушымен, бір-бірімен 
арасындағы диалогтары мінез ұшқындарын аңғартып қалады. Жіті көз осы сценада 
драмалық әрекет шашырандылығын, монтаж салқынын оңай аңғарады. Сұрақ-
жауап ретінде келетін диалогтардың характер ашуға көп септігі тимейді. 
Ауылда өтетін екінші актідегі әрекеттер, ең аддымен, Бозтайлақ 
жылқышының рухани әлемін, жан сұлулығын, адамгершілік қайратын ашып 
береді. 
Оралхан Бөкеевтің драматургиядағы тырнақ алды шығармасының жақсы 
сипаттарымен қоса, кемшіліктерін айту керек. Ең алдымен бірінші, екінші 
бөлімдерінің арасында органикалық тұтастық жоқ. Тіл байлығы мол қаламгер 
ретінде танылған О. Бөкеевтің драмалық шығармалары өз сипатымен 
ерекшеленеді. 
Сафуан Шаймерденов соңғы жылдары драматургияға ден қоя бастады. 
Оның повестері негізінде жасалған инсценировка-пьесалар кейбір облыстық театр 
сахнасында қойылып жүр. "Дөкей келе жатыр" пьесасы арқылы С. 
Шаймерденов - драматург астана көрермендері талқысына тұңғыш рет түсті. 
Сахнада қимыл, әрекет мол. Кейіпкерлердің іс-әрекетінде динамика, қайрат, 
қуат бар. Пьеса авторының драматургия табиғатын жақсы танитыны байқалады. 
Комедиялық ситуацияға лайық кейіпкерлер мінезі көрінеді. 
Совхоздың бөлімше меңгерушісі, алпысты алқымдап қалған Көпей 
пәлендей қулығы жоқ, қауқылдаған ақ көйлек адам. Ол пенсияға кеткен күні 
орын басып қалу ниетіндегі Қилау арамдық, өтірік, бетке күліп, сыртынан ор қазу 
әдістерін меңгере бастаған сумақай. Мамандығы есепші Шилау көрген-білгенін, 
естігенін, сезгенін түк қалдырмай қағазға түсіріп алады. Сауда жасап, дүние 
жиған жесір әйел Базаркүл кайтсем де Шилауды уысымнан шығарып алмаймын 
деп дүниені дүрліктіріп жүр. 


269 
Осылай әдеттегі қалпымен өтіп жатқан бөлімше өмірі аяқ астынан дауыл 
тұрып, құйын соққандай бұзылып қоя береді. "Дөкей келе жатыр" деген жалғыз 
ауыз сөз әлгі үшеудің әңкі-тәңкісін шығарады. Жоғарыдан келетіңдер кемшілікті 
тауып, орнымнан түсіп қалмаймын деп Көпей жанталасады. Қилау осы 
қысылшаңды пайдаланып, Көпейдің басына шоқпар болып тиетін материал 
жасау қамына кіріседі. Бөлімше орталығы ебден әбігерге түседі. 
Комедиографтың идеялық нысанасы, айтпақ ойы айқын: өтірік көлгірсуді, 
көз бояушылықты, науқаншылықты сынап отыр. Аярлық, сумақайлық, 
жағымпаздық мансұқ етіледі. 
Рас, әдебиетте ұқсас образдар, ыңғайлас сюжеттер, сарындас идеялар аз 
кездеспейді. Дегенмен "Дөкей келе жатыр" комедиясы сюжетінің, кейбір 
ситуациялары әйгілі "Ревизорды" айнытпай қайталайтынын айтпай кетуге 
болмайды. 
Жұмабай Тәшенов пен Игорь Саввиннің "Қаладан келген қылжақбас" 
пьесасы қазіргі жас адамның қалыптасу проблемасына арналған. 
Пьеса еш жерде жүмыс істемей, қисық жолға түскендігі үшін сот үкім 
шығарған Сыматбек деген жігіттің монологымен басталады. Бүл - таныс 
бейтаныс. Иыққа түскен сабалақ шаш, даңғыраған гитара, бойға сыймас кесек 
сөз. 
Еңбек лагері ретінде Сыматбек Байсал шопанның аулына жіберілген. 
Өмірдің ыстық-суығын бірдей көрген, малшының ауыр тіршілігі әр нәрсеге 
үйреткен егде шопандар арасында ой толғамы терең, мінезі кесек, адамгершілігі 
мол, көшелі кісілер көп кездеседі. Олар алтын мен жездің, жақсы мен жаманның 
парқын тез пайымдайды. 
Осындай ортаның адамы Байсал он сегізге келген соқтауылдай жігіттің 
жынды көбелекше елтең-селтең етіп, аузьша келгеңді сөйлеуін тәрбие кемшілігінен, 
еңбекті мұрат тұтпаған дырду өмір кесірінен деп түйеді. Әр түрлі себептер 
қырсығынан рухани мүгедектікке түскен жас адамның өмір талқысында қайта 
шыңдалуы көп шығармаларға арқау болған тақырып. Образ табиғатына лайық 
шешім іздемесе, көркем идеяның орнын салқын уағыз басып кетуі оп-оңай. 
Сыматбектің тез түзеле бастауында жасандылық бар. Пьесадағы, Жамал, 
Еркін, председатель тұлғалары дараланбаған, мінездік ерекшеліктері ашылмаған. 
Шығарманың көркемдік жүйесінде бірталай олқылық бар. "Өлі арыстаннан 
тірі мысық артық" (тышқан), "бәсекелесейік" (бәстесейік), "құрбымның 
дачасына жіберем" (кемпірдің сөзі) осындай тіл селкеулігі жиі кездеседі. 
Тарихи тақырыпта бұрын қазақ драматургтері, негізінен, ғүмырнамалық - 
биографиялық материалдарды аркау етумен келсе, қазір өте күрделі кезеңдер 
шындығына қарай ойысу тенденциясы байқалады. 
Архив деректерінің, ескі фактілердің жарыққа шығуы, ғалымдардың 
арнайы зерттеулері, қазақ тарихи романының табыстары көзін таба білген кісіге мол 
байлық. Өткен мұраға тарихи тұрғыдан, реалистік позициядан қарап қалам 
тербейтін драматург үшін ұлттық тарихымызда сан алуан, шытырман қайғылы 
халдердің, қат-қабат тағдырлардың мол екендігі айдан анық. 
Халық санасыңда терең із қалдырып, жүрекке жара салған атышулы "Ақтабан 
шұбырынды" трагедиясы, содан кейінгі бет бұрыс, еліміздің Россиямен қосылуы - 
бірнеше прозалық шығармаларға арқау болғанмен, сол кезеңнің психологиялық, 


270 
философиялық шындығы әдебиетімізде толық ашылған жоқ. Бүл тақырыптарды 
жеңіл-желпі, асығыс, ат үсті игеру әсте мүмкін емес. Ғалымның табандылығымен, 
көздің майын тауысып, бел ауыртып, ұзақ сарылып, деректерді сұрыптау, 
екшеудің үстіне, тебіренген жүрекпен, зор шабытпен сілтейтін талант қайраты 
керек. Мұндай объектілер қаламгерден бөлінбей-жарылмай, тұтас берілуді, 
махаббатты тілейді. 
Айтылмыш орайда туған екі пьеса бар: "Ант", екіншісі -" Ұлан асу". 
Тахауи Ахтанов пьесаның көркемдік бітіміне, жанрлық, сахналық талаптарға 
айрықша мән берген. Ең алдымен, тарихи драмаға лайық, ұлттық әдебиетімізде 
жақсы дәстүрі жасалған ақ өлең формасы шығарманың стильдік, ырғақтық 
жүйесінде айқын бояу, ашық колорит беріп отыр. Мақал-мәтел, шешендік толғау 
поэтикасын автор шебер меңгеріп, тұрақты айшық, ою-өрнектерге өз жанынан 
төл бодау, жаңа келісімдер қосып, құлпыртып, ажарлай түскен. 
Осындай көркемдік ізденіс драмадағы негізгі кейіпкерлердің тілдік 
сипаттамаларын нұсқалы, жүйелі, іргелі етіп шығарған. Драматург тарихи белгілі 
оқиғалардың көлеңкесінде қальш қоймай, адамдар арасындағы психологиялық 
қарым-қатынастарды бейнелейді. Сауран-Бәтима-Әбілқайыр линиясы ширақ 
тартылған. Ел тағдыры мен жеке бастың тағдыры таңдауға түскен қилы замандағы 
хандар, ерлер, билер мінезі көрінеді. 
Пьесаға айтар дау бар ма? 
Әуелі орталық қаһарман - Әбілқайыр образының диалектикасы толық 
ашылмаған деп ойлаймыз. Пьесада ол бір қырынан, тым ақылды болып берілген. 
Тарихтағы көп қайшылығы бар Әбілқайыр қайда? Россиямен қосылуда көптеген 
себептер бар еді ғой, соларды неге тереңдетіп айтпаймыз? 
Әбілқайырды Барақ төре 1748 жылы өлтіргені белгілі. Бұл Россияға 
қосылғаннан кейін 17 жылдан соң болған оқиға. Ал пьесада Әбілқайыр ант үстіңде 
өлтіріледі. Рас, тарихи шығармада автор кейбір фактілердің орнын ауыстыруына 
болады. Кейбір образдардың Шекспирдің белгілі "Антоний мен Клеопатра" 
трагедиясындағы жайттармен тым ұқсас, тіпті үндес келуі – кәнігі шеберлік 
үлгісі емес. 
"Ант" драмасында қазақ билерінің ала ауыздығы, Россияға қосылудың тарихи 
қажеттілігі сенімді бейнеленген. Ал бостандықтан айрылудың трагедиясы, өз 
аддына жеке ел бола алмаудың сұмдығы, феодалдық бытыраңқылық қырсығы 
солғын көрінеді. 
Қалижан Бекхожиннің " Ұлан асуы" сан алуан материалды мол қамтып, көп 
мақсатты ниет етіп жазылған піығарма екендігі, алдымен, ондағы әр түрлі 
қаһармандар тобынан аңғарылады. Қазақ тарихындағы ең аты шулы хан Абылай - 
пьесаның түп қазық кейіпкері. Халық батырлары Бөгенбай, Жәнібек, Бұхар жырау, 
қалмақ нояңдары Дабашы, Әмірсана - бәрі де тарихи, белгілі, өмірде болған 
адамдар. Іздеген кісі өзге кейіпкерлердің де төркін-тегін біліп отырады. 
Сюжеттік тұрғыдан алғанда пьесадағы оқиға Шоқан жазған, басқа 
тарихшылар айтқан хронологиялық ізбен жүреді. Бірен-саран эпизод демесек, 
түгелдей таныс ситуациялар. 
Драматург кейіпкерлер тілінің алыс заман шындығына лайық болуына көп 
күш жұмсаған. Әсіресе Бұхар жырау, Әнет Баба монологтары сәтті. Өзге 
персонаждар арасыңдағы диалогтарда ұқсастық, біріне-бірі таяу келетін сарындар 


271 
мол. 
Қалмақтарды бейнелегенде драматург схемаға түсіп кетпей, олардың өз 
іштеріндегі тартыс-талқы, ала ауыздықты байқатады. 
Пьесадағы басты олқылық Абылай образының толық күйінде 
жасалмауында жатыр. Оның әрлі-берлі жүгіруі көп, кіжінуі мол, айқайы басым. 
Ұлттық трагедиямыздың терең толқыны тарих жалына көтеріп шығарған 
қабырғалы қайраткерге лайық шамырқану, тебіреніс-толғаныс монологтары
жетпейді. Абылай бойына толымды драмалық әрекет, аршынды қимылдар 
табылмаса, мұндай шығарма "Ақтабан шұбырынды" шындығын, Россиямен 
қосылудың мәнін реалистікпен бейнелей алмайтындығы ашық. 
"Антта" да, "Ұлан асуда" да жалпы қазақтық мені бар тарихи оқиғалар бір 
аймақ шеңберінде, бір жүз шеңберіңде, бір хан төңірегінде тұйықтау секілді ортақ 
олқылық бар. 
Ұқсас тақырыпқа жазылған Т. Ахтанов пен Қ. Бекхожиннің шығармаларын 
қазақ драматургиясының жаңа бағыттағы, қиын саладағы алғашқы батыл барлау - 
ізденісі деп санаймыз. 
Қазіргі әлеуметтік бір құбылыс - проблемалы, көркем, сыршыл театрға 
қауымның ықыласы айрықша ауды. Театрдың әлі талай жол ашатын терең 
мүмкіндігі мол. 
Роллан Сейсенбаев пен Есмұқан Обаевтың "Өзіңді тап" драмасы 
тақырыптық 
жағынан 
театрларымызда 
қойылып 
жүрген 
Аманжол 
Шамкеновтың "Табамын сені", Оралхан Бөкеевтің "Құлыным менің", Ж. 
Тәшенов пен И. Саввиннің "Қаладан келген қылжақбас", Әкім Таразидің "Асау 
Бөкен" пьесаларымен ұқсас. 
Көркемдік олжа деп айтарымыз "Өзіңді таптың" авторлары бірқыдыру 
шығармаларда карикатура, шарж, фельетонға айналып кеткен құбылыстарға ой 
көзімен қараған. 
Шынында пьесадағы салмақ арқалаған персонаж Сырым қайсыбір 
жігіттер секілді өмірден қарбып жеу жолы "қатын алма, қайын ал" пәлсапасында 
ғана деп түсінбейді, мансапқа, байлыққа, барлыққа жету үшін әдістер, тәсіл-
айлалар қарастырады. Қоғамдық мүддеден жеке бастың қамын жоғары қою, қызмет 
бабын пайдаланып дәулет жинау, адамдық кісілікті өзгенің тигізер пайдасына қарай 
өлшеу, қарым-қатынасты есеп-қисапқа ғана құру бұл кісінің жасына қарамайтын, әр 
кезде бойды шалса, мещандыққа, тоғышарлыққа, сорлылыққа апаратын әлеуметтік 
дерт. Осындай кеселге қарсы жас авторлардың сахна арқылы қалың қауымға, 
әсіресе өз тұрғыларына ақтарыла сыр шертуі - қуанарлық құбылыс. 
Бір жазушы, бір режиссер шығармашылық ынтымағынан туған пьесаның 
бітіміне андағайлап, көзге ұрып тұрған сорақы олқылықтар болмағанмен, бұл 
шығармада да қазіргі драматургиямызда жиі көрініп жүрген кемшіліктер бар. 
Драма теориясына зер салған адам бұл жанр жалпы әдебиетке қойылатын 
көркемдік шарттардың үстіне, конфликт - тартыстың айқындығын, тереңдігін, 
сүйектілігін, композиция - қүрылыстың бірегейлігін, тұтастығын, жұмырлығын, 
характер - мінездің даралығын, сомдығын, ірілігін тілдің халықтығын, 
колоритін, айшықтығын бірінші қатарға қояды, ерекше талап етеді. Осы 
сындардан өте алмаған пьеса қай замаңда да режиссер құлпыртқан, актерлер 
қанша жұтындырғанмен, сыншылар қанша мақтағанмен сахнада ұзақ өмір сүре 


272 
алмаған ғой. 
Негізгі, жүйелі, арналы тартысты көрсете алмай, әр шөптің басын бір 
шалып кету сияқты бүгінгі қазақ пьесаларының көпшілігінің ортақ міні - 
"Өзіңді тап" драмасында да бар. Таза, сұлу адал қыз бейнесінде алынған Айсұлу 
мен жас өмірін құлқын қамы үшін күреске бағыштаған Сырым арасындағы 
қайшылықты авторлар терең көрсету орнына, айналып кетіп, қосалқы, мүлде 
дараланбаған Қаражігітов, Асқар Берікболович, Диас Садуақасович дегендердің 
жағдайын қаузап кетеді. Тіпті қарсы ыңғайда алынған Сырым - Айдар, Сырым - 
Әділет линиялары да тиянақталмаған. Сөз жоқ, Төлеген Айбергенов өмірден 
қыршын кеткен талантты ақын еді. Оның поэзиясынан қызықты спектакль 
жасауға болады. Бірақ кез келген пьесада Төлеген Айбергенов өлеңдерін сауа 
беру - қазір көрермеңді жалықтыра бастаған, режиссерлік оңай әдістердің біріне 
айнальш кетті. 
Кейіпкерлерді даралап алмау, олардьщ тілдік ерекшеліктерін, әсіресе жас 
ыңғайына, мамаңдығына байланысты өзгешеліктерді бере алмау - үлкен 
олқылық. ІПешендік мақамдары, ақ өлең ескі қазақ тұрмысын бейнелеуде дөп 
келгенмен, қазіргі өмірді көрсеткенде олқы соғады, заман ырғағына лайық, 
урбанизм, коммуникация, интернационалдық қарым-қатынастар ықпалымен 
қальштасқан бүгінгі ойлаудың қалыбын аңғартатын сөйлеу тілі сахнаға толық 
шыға алған жоқ. Мақалдап кету, тақпақтай жөнелу, сылдыратып қоя беру - 
реалистік драмаға апаратын жол еместігін ұғатын уақыт әбден жетті. 
Ал тым қарабайыр, астар-мағынасы саяз, шолақ, келте, тақ-түқ тіл пьесаны 
және көгертпейді. 
Бірқыдыру пьеса жазған автор - Оразбек Бодықов. Оның шы-ғармалары 
астана театрларында, облыстық сахналарда қойылды, әр жерде қабылданды. 
Бірақ осылардың үстіне пьесалар жинағы шықса да әлі еңбектері сын сарабына 
түспеген, бағасын толық алмаған Бодықов жалпы драма техникасына жаттығып 
алғанмен, негізінен тіл көркемдігінен ақсайды. Үлкен характерлердің болмауы, 
тартыс олқылығы, жұқалтаң идея, драматурггың жеңіл қарпып, оңай олжаға 
мәз болып жүргеңдігін көрсетеді. Қашанда едебиетке келген шын талант өз 
тақырыбын, өз қаһармандарын, тіпті өзінің тұтас көркемдік әлемін ала келеді, 
ала кетеді. Бүгін орыс өнері В. Шукшин, А. Вампилов туралы осындай пікір 
айтады. 
Өмірден ерте кеткен боздақ Құдаш Мұқашев өзі жазған екі пьесаның бірі - 
"Парторгтың" премьерасын көре алған жоқ. Тіпті шығармасын қырнауға, 
режиссермен жұмыс жасауға да өмірі жетпеді. Бүл пьеса - көптеген 
қаламгерлеріміздің қарымы жете алмай жүрген қатардағы коммунистердің, совхоз 
өмірін бейнелейтін көкейкесті шығарма. Кейбір детективтік мотив, оқыс оқиғалар 
сарыны, тартыс шашырандылығы бар. 
Қазір орыс драматургиясында бүгінгі өндірістік қатынастардан туған 
психологиялық құбылыстар батыл көрсетіле бастады. Олар ойдан шығарылған 
жасанды ситуациялар арқылы емес, жағдайға сәйкес орта арқылы бейнеленеді. 
Цех, завод, кеңсе сахнаға келді. "Бөгде кісі", "Партком жиналысы", "Болатшылар" 
спектаклі таза өндірістік тартыстарды ала отырып, адамдар психологиясын ашады, 
қауым назарын әлеуметтік-моральдық проблемаға аударады. Осы алуандас 
ізденістер қазақ драматургтарында жетіспейді. 


273 
Халқымыздың ежелгі кәсібі - мал шаруашылығының мұқтаждары тудырған 
тартыстар, жастардың бригадаға бару хикаясы, ауылдан келіп қалада тұрып 
қалғандардың өзгерістері, ғылыми ортадағы айқастар - бұлардың бәрі сахнаға 
шықпай жатқан тың дүниелер. 
Соңғы жылдардағы батыл шығармалардың бірі - белгілі драматург Әлжаппар 
Әбішевтің "Мансап пен ұждан" пьесасы. Аңғарған, ой жүгірткен адам бұл 
туындының өмірлік материалы қайдан алынғанын сезіп отырады. Коммунистік 
мораль, идея үшін күресудегі коммунист табандылығын қаламгер характерлер 
тартысы арқылы бейнелеген. Әсіресе, басты қаһарман Бағиланың ұстанған 
бетінен қайтпайтын қайсарлығы көрермен есінде қалады. 
Репертуар жасауда үлттық әдебиетіміздің бар байлығын жете пайдаланбай 
жүрміз. Өлеңнен спектакль жасап жүрген режиссерлеріміз Сәкен 
Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарларын" сахнаға неге шығармайды? Классикалық 
"Түнгі сарын" бүгінгі қауымға жетпей жата бере ме? Күлкіні сағынып отырған 
көрермен "Талтаңбайдың тәртібін" қайта бір көрсе. Әбділда Тәжібаев 
пьесаларының қазір сахнаға шықпай отырған себебі не? Бұлардың баршасы 
ойланатын сұрақтар. 
Бұрын проза, поэзия жанрларында сәтті шығармаларымен танылған 
қаламгерлердің алғашқы пьесаларына тән ерекшеліктер қандай? Кейбір 
туындыларға нақты тоқталып көрейік. 
Қазіргі ауыл өмірі, оның ішінде Алматы облысының Іле атырабындағы бір 
совхоздың адамдары - Б. Тоғысбаевтың "Тасқын" атты екі бөлімді пьесасына арқау 
болған. Негізгі әрекетке қатысатын кейіпкерлер: совхоз директоры Жарас Ілесов, 
бұрынғы колхоз бастығы, қазір пенсионер Заманбек, милиция қызметкері, 
лейтенант Бекболат, сауда қызметкері Балым, шопан Жайлыбай, аудандық атқару 
комитеті председателінің орынбасары Хасен Аманов, бұдан бас-қа персонаждар бірер 
эпизодта ғана сахнаға шығады. 
Пьесаның тақырып өзектілігі ешқандай дау туғызбайды. Театрларымыз 
әбден керек етіп, сағына күтіп отырған өмірлік объектіні автор жақсы алған. 
Бүгінгі адамдар, оның ішінде шаруашылықтың жас басшыларының мінез-
құлқы, ой-өрісі көрерменді де айрықша қызықтырмақ. 
Осы тұрғыдан келгенде, пьесадағы негізгі орталық кейіпкер совхоз 
директоры Жарас Ілесовтің бойындағы кемшілікке төзбеушілік, олқылықты ашып 
айту, шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа үлгілеріне ден қою секілді 
қасиеттердің, тәп-тәуір көрсетілуі - автордың табысы. 
Ауылдык жерлерде белең ала бастаған кейбір мещандық салқындарын 
Заманбек, Бекболат мінездері арқылы бейнелеу мақсаты бар. 
Пьесаның жалпы бітімінен драматургия талаптарын, жанр шарттарын білетін 
адамның қолтаңбасы аңғарылады. Тіл - стиль өрнегінен ойсыраған олқылықтар да 
байқалмайды. 
Осындай жақсы сипаттарымен қоса пьесада бірқыдыру көркемдік кемшілік, 
мүлтік-мін, қайта қарап, өзгертетін тұстар бар деп ойлаймыз. 
Ең алдымен, шығармада тұтас әрекет, арналы тартыс, ұзын арна жоқ екен. 
Аралары солғын байланысқан жеке-жеке эпизодтардағы кақтығыс, жылт етіп сөніп қала 
беретін әлсіз жарықтай әсер қалдырады. 
Қоғамдық қызметтен қол үзген соң, кейбір ақсақалдардың рухани жағынан 


274 
жүдеп, дүмше молдалықты қуып кетіп жүргені - өмірде бар құбылыс. Тегінде 
мұның өзі зерттейтін құбылыс. Осы ортаның моралінен хабаршы Заманбек, Мен, 
Жарас арасындағы тартысты автор тым оңай шешеді. Әрине Жарас - Жомарт емес, 
Заманбек - Жақып емес ("Миллионерді" айтып отырмыз), дегенмен бір ауылдың 
сыйлы адамы оп-оңай берілмесе керек. Бірақ осы характерлерді даралап ашуға 
мүмкіндік беретін конфликтіні автор ұқсатып пайдалана алмайды. Заманбек 
Жарасқа қол жұмсағанша, екеуі де бір талай іс-әрекетімен ашылуы керек еді. Ол 
басылатын, тез тыйылатын оқиға емес. Автор бұл жағдайды да ескермеген. 
Сабағанына Заманбек риза, сабалғанына Жарас риза секілді. 
Оқиғаның шешімін күні бұрын сездіріп қою шеберлік үлгісі емес, бұдан 
көркемдікке нұқсан келмек. Қызмет бабын пайда табу көзіне айналдырған милиция 
қызметкері Бекболат әрекеттерінде де тиянақталмаған жерлер көп. Жарастың соңынан 
жүріп суретке түсіріп алуын бір рет көрсету жеткілікті, тіпті соны көрсетпей-ақ, соңғы 
сценада айғақты жайып салса дұрыс болар еді. Белгілі болып қалған нәрсені орынсыз 
тәптіштеп, Бекболаттың суретті Жарастың әйелі Алманың алдына тартып ерлі-
зайьштыларды шағыстырмақ болуы - сенімсіз сцена. 
Іле суының бөгелуіне қатысты айтылатын сөздер проблемалық мақаланың 
стилін еске түсіреді. Бұл орайда шаруашылық жағдайынан жақсы хабар 
алғанымызбен, жеке мінездер, характерлер көрінбейді. Алдан Сегізбаев, Әнес 
Ақжолов - қосалқы персонаждар, бұлар пьесада басы артық жүр. 
Бұларға қарағанда Хасен Аманов сөздерінде шындық елестері бар. Бірақ 
осы кейіпкер мен Жарастың айналада машинаның бөлшек заттары үшін таласу 
сценасы да көкейге қонбайды. 
Жазушылар Оралхан Бөкеев, Роллан Сейсенбаев, Асқар Сүлейменов, Иранбек 
Оразбаев, Сүлтанәлі Балғабаев бірнеше пьесаларын сахнаға шығарып, көпшілікті 
қуантса, Дулат Исабеков, Софы Сматаев, Баққожа Мұқаев драмалары 
көрермендерін тапты. 
Жанрға жаңа есімдердің келуін жаңалықтың басы деп сезінеміз. 
Дөуір ырғағын дәл басатын лирикалық өлеңдерімен, театр, драматургия 
туралы нәрлі мақалаларымен, татымды аудармаларымен көпшілікке таныла 
бастаған Нұрлан Оразалин қаламынан туған "Шырақ жанған түн" ("Көгілдір 
терезелер") драма-новелласының республикалық жастар театрының сахнасында 
қойылуы бірқыдыру қуаныш әкелген жағдай. 
Біріншіден, жігіттің іздену, барлау, тәжірибе кезеңін бастан өткеріп, 
шығармашылық сапалы жаңа сатыға көтеріліп, дебют жасауы қуантады. 
Екіншіден, Нұрлан Оразалин - драматургиядағы ең жас, ең жаңа есімдердің 
бірі. Осы қуантады. Келешек, мүмкіндік, өрістің алда екендігі қуантады. 
Қазақ көрермендерінің бірнеше буыны эпикалық, поэтикалық драмамен, 
шешен тілді, ақ өлеңмен жазылған, ән-күймен кестеленген спектакльдер арқылы 
тәрбиеленген; сюжет, композиция, кейіпкерлер сипаты, идея - мұның баршасының 
эстетикалық дәстүрі, арнасы бар. Ұлттық драматургия алдына Мұхтар Әуезов 
міндет, нысана етіп қойған мақсаттың бірі - психологиялық драма, реалистік 
шығармалар болатын. Өмірдің өз формасына сәйкес реалистік қарым-қатынастар 
талап етілген. Жас драматург Нұрлан Оразалин пьесасында (жинақтап айтамыз) 
- реалистік, психологиялық, лирикалық драма жасау әрекет-талабы бар. Зер 
салған кісіге Нұргүл – Таңат тарихы - күйеуінен қашып жүріп, жеңіл жүріске 


275 
түскен әйел мен оңай олжаға қанжығасы майланған нәрсіз жігіттің тез ұмытылар 
көңілдестік хикаясы емес, адамдар арасындағы таза қатынасты, сұлу сезімді аңсау 
сарыны. 
*** 
Драматургия - қазақ әдебиетіндегі XX ғасырдың басында әлеуметтік-
қоғамдық факторлардың ықпалы мен ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды 
жемісі ретіңде туған жаңа жанрлық форма. Драматургияның тез өсіп, жедел жетілуіне 
әсер еткен негізгі дәстүрдің бірі - халықтың сан ғасырлар бойы жинақталған, 
сұрыпталған, екшелген ғаламат бай фольклоры. 
Тұңғыш қазақ пьесаларын зерттегенде, жанрлық формалардың дамуындағы 
күрделі процесс айқын көрінеді. 
Алғашқы драматурггар эпостық материалдарды арқау ете отырып, Европа, 
орыс, татар әдебиеттеріндегі драмалық формаларды пайдаланып, жаңа жанрдың 
үлгілерін жасаған. Сюжеті, образдары эпостан, ауыз әдебиетінен алынған Жұмат 
Шаниннің "Арқалық батыр", "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" пьесалары 
драматургияның жанрлық сырларын, поэтикалық ерекшеліктерін меңгерудегі 
қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы тәжірибелер. Бұларда эпоста баяңдалатын 
оқиғаларды диалогқа көшіру, жырдағы толғауларды өз қалпында алу, көптеген 
детальдарды, түйдек-түйдек сөйлемдерді сөзбе-сөз пайдалану жиі кездеседі. Эпос 
үлгілерін сахнаға ықшамдап артистер ойынына лайықтап, драмалық формаға 
түсіріп, инсценировкалау тәжірибесін көреміз. 
Фолъклор материалдарына сүйеніп жасалған Мұхтар Әуезов, Ғабит 
Мүсірепов шығармалары жанрға деген жаңа көзқарастың, дамудың сапалы 
кезеңінің айғағы. Эпостан алынған дүниелер көп зерттеліп, авторлық идеал, 
суреткерлік концепция тұрғысынан қайтадан құйылып шыққан. Фольклор 
үлгілерін сөзбе-сөз көшіру, вариация жасау, белгілі мотивтерді қайталау жоқ. 
Халық даналығына үлкен суреткерлер өз тараптарынан көп ой қосып, реалистік, 
типтік деңгейге көтерілген образдар жасап, өнерді байытты. Мұхтар Әуезовтің 
"Еңлік-Кебек", "Қара Қыпшақ Қобыланды", "Айман-Шолпан", Ғабит 
Мүсіреповтің "Қозы-Көрпеш - Баян сұлу", "Қыз Жібек" пьесалары- эпостық 
дәстүрлермен әлемдік драматургия сабақтарын шебер ұштастырудан туған кесек 
шығармалар, әдеби дамуға ықпал еткен ұлттық классика. 
Мұхтар Әуезовтің ауылды көрсететін пьесалар циклының өмірдегі құбылысқа 
лайық түр тауып, негізінен, трагедия болуында заңдылық бар. Айтылмыш 
туындылар формасы жөнінен әлемдік әдебиеттердегі классикалық пьесаларға 
ұқсас. 
Қуаныш, қайғыны қат-қабат қазақ ұлтының өміріндегі елеулі кезеңдердің 
бәріне де драматургтер үн қосып, үнемі көкейкесті шығармалар беріп отырды. Бұл 
орайда Мұхтар Әуезовтің жаңа адамды, жаңа шындықты, жаңа мұраттарды арқау 
еткен 
пьесалары 
тақырыптарының 
әр 
алуандығымен 
көзге 
түседі. 
Революционерлер, тарихи адамдар бейнесі ("Октябрь үшін"), интеллигенцияның 
калыптасуы "("Тартыс", "Алма бағында", "Дос - бедел дос"), жаңа отбасының 
тууы ("Тас түлек"), Ұлы Отан соғысындағы халық қаһармандығы ("Сын сағатта", 
"Қынаптан қылыш", "Намыс гвардиясы", "Асыл нәсілдер"), партия 
қызметкерлерінің, коммунистердің тұлғасы, ("Шекарада", "Алуа"), осы секілді әр 


276 
саладағы идеялық-эстетикалық ізденістердің өзегі типтік ортада шынайы тартыс 
үстінде көрінген типтік характерлер жасау, қаһарманның психологиясын ашу 
талаптары болып табылады. 
М. Әуезовтің өмірді бейнелейтін пьесаларында ұзақ мерзімді қамту, 
көпшілік сценаларына айрықша мән беру, ишаратты, астар, символ, шарттылық, 
фантастиканы пайдалану, эпика элементтерін кірістіру секілді қазақ 
драматургиясында түңғыш рет қолданылған формалық жаңа сипаттар бар. 
Алғашқы қазақ комедияларының арқауы - халық арасына кең тараған 
әлденеше ұрпақтар өңдеген аңыздар, күлкілі әңгімелер, болған оқиғалар. Шағын 
көлемді, қысқа қайырылған Жұмат Шаниннің "Торсықбай", "Айдарбек" секідді 
комедияларының сюжеті ел аузынан алынған қалпынан көп өзгеріске түспеген. 
Фольклор материалын сахнаға лайықтау, диалогтар жасау, персонаждар мінезін 
айқындау, тартысты күшейту арқылы драматург төл шығармалар берген, Шаниннің 
"Қара құлып", "Жанды сурет" сияқты шағын пьесаларының сюжеті авторлық 
қиялдан туған. "Үш бажа" - қазақтың түңғыш сатиралық комедиясының эпостық 
дәстүрлер арнасынан әлі шығып болмаған, сюжетті, ситуацияны, көркемдік 
құралдарды фольклордан алған алғашқы кезеңнің жемісі. "Айман-Шолпан" 
пьесасының соңғы вариантында Мұхтар Әуезов фольклорды пайдалана отырып, 
реалистік комедия жасаудың шығармашылық үлгісін көрсетті. 
Қазақ комедиясының заңды түрде атасы аталған Бейімбет Майлин 
драматургиясының реализмі, ең алдымен, шығармаға күнделікті өмір құбылыстарын, 
комедияға лайық ситуацияларды екшеп, сұрыптап ала білуден аңғарылады. 
Комедиограф қоғамдық арнадан кететін таптардың моралін, психологиясын 
характерлер арқылы көрсетіп, күлкіге әлеуметтік салмақ артқан. Майлин 
комедияларының жанрлық формалары сан алуан, олардың ішінде водевиль де, 
скетч те, сатира да бар. Күлкі тудыруда ситуация, психология ерекшеліктері, 
характерлер тартысы, шарттылық амалдар, затты, детальды ойнату, тілдік 
сипаттамалар, неше түрлі көркемдік құралдар еркін қодданылған. 
Майлин комедиялары атының астарлы, символды мәні бар, кейіпкерлер 
есімі олардың әлеуметтік ортасының моралінен, идеалынан жақсы хабар береді. 
Персонаждар тілі лексикалық, синтаксистік, интонациялық жағынан өзара 
дараланып берілген. 
Әлеуметтік мәңді проблемаларға құрылған, әр түрлі характерлері бар, сан 
алуан күлкіге негізделген, жанр шарттарына толық жауап беретін Бейімбет 
Майлиннің реалистік комедиялары қазақ драматургиясының кейінгі дамуына 
үлкен әсер етті. 
Қазіргі қазақ комедияларында адамгершілік табиғатына жат құбылыстар, 
адам мінезіңдегі олқылықтар - бюрократизм, махаббат тұрлаусыздығы, 
жағымпаздық, парақорлық, зиянқорлық, дүниеқоңыздық күлкі болады. 
Комедиографтар бүгінгі драматургияның жетістіктерін театр, кино ықпалымен 
келген жаңалықтарды, шарттылық тәсілдерін, соны формаларды творчестволарыңда 
қолдана бастады. Дараланған мінездер бар, табиғи күлкіге негізделген, неше түрлі 
жанрлық формаларда туған реалистік комедияларға қазақ театрлары бүгінде аса 
зәру. Ә. Тәжібаев, Қ. Сатыбалдин, Қ. Мүха-меджанов, Қ. Шаңғытбаев, Қ. 
Байсейітов секілді комедиографтардың сахнада қойылып жүрген шығармалары 
ситуациясы, күлкі тудыратын тәсілдері, жасаған образдары жағынан бір-біріне 


277 
ұқсас. Бүгінгі қазақ комедиясына эстетикалық арнадағы жаңа, батыл ізденістер 
қажет-ақ. 
Өмірлік шындық пен көркемдік арасындағы диалектикалық байланыстың 
қырлары 
қазақ 
драматургиясында 
тарихи-революциялық, 
ғүмырнама-
биографиялық тақырыпты игеруден де көрінеді. 
Шығармашылық адамдары, қазақ халқының ардагер үлдары Абай, Шоқан, 
Ақан сері жайлы пьесалар үш ілімнің тұлғалардың тарихтағы ролі жөніндегі 
тұжырымын терең ұғынып, күрескер тағдыры мен халык, тағдырын ұштастыра 
суреттеуден туған. Дәлді фактіні, нақты деректі, негізгі оқиғаны пьесаға арқау 
еткен әр драматург автор идеалына, суреткер мұратына сәйкес әр қалай 
пайдаланатынын ақын- Сәкен Сейфуллин өміріне арналған С. Мүқанов, Қ. 
Сатыбалдин, Ә. Әбішев, А. Сатаев пьесаларын зерттегенде айқын көз жеткізуге 
болады. 
"Майра", "Дала дастаны" драмаларының тарихи материалды зерттеп, екшеу 
принциптерінде, характер жасау, тіл ерекшеліктерінде поэзия дәстүрлері, ақындық 
тәжірибелердің ықпал-әсері бар. Бірқыдыру тарихи драмаларда психологиялық 
тереңдік, астарлы ойлардан гөрі публицистикалық, патетикалық идея басымырақ. 
Тарихи түлғаның өміріндегі жеке оқиғаларды натуралистік дәлдікпен 
бергеннен, көркем образ шықпайтыны, эстетикалық әсер болмайтыны көп 
туындылардан аңғарылады. Авторлық концепция, суреткер мұраты тұрғысынан 
өмірлік материалды балқытып қайтадан құйып шығу қажеттігін кейбір 
қаламгерлер құнттамайды. Тарихи дәлдіктен ауытқып, фактілерді өзгертіп, тартыс, 
әрекет бірлігін ескермеген пьесалар творчестволық олжаға кенелтпеуі - заңды 
құбылыс. 
Қазіргі қазақ драматургиясында қызықты творчестволық процестер жүріп 
жатыр. Ескі дәстүрлер жаңғырып, оның орнына жаңа тенденциялар көріне бастады. 
Совет адамдарының, социалистік қазақ ұлтының бүгінгі әмірін бейнелейтін 
драматургиядағы негізгі, орталық қаһарман - күрескер, жаңа дүние танымның, 
жаңа моральдің, жаңа психологияның адамы. 3. Шашкиннің "Ақын жүрегі", Ә. 
Тәжібаевтың "Көңілдестер" пьесаларындағы персонаждар әр түрлі характердің, әр 
түрлі мінездің адамдары, бұл шығармалардың өмірлік материалды сұрыптау 
әдістерінде, стиль қалыптарында, колорит, пафосында ерекшеліктер бар. 
Деректі материалды, фактіні, шартты тәсілдерді пайдаланып жазылған, 
күрделі мәселелерді қозғайтын, қазақ драматургиясының шеңберін кеңейткен 
драмалар сахнада жүріп жатыр. 
Жанрдың өзара тоғысуынан, бір-бірін байытуынан туған формалар, драмалық 
тартысы күшті, характерлері айқын туындылар негізінде жасалған инсценировкалар 
қазақ драматургиясында көріне бастайды. 
Драматургияда реалистік тіл үшін күрес, ақ өлең жасау ізденістері бел алды. 
Қазақ драматургиясының байып, өрлеп, өсуіне әсер еткен классиканы аудару 
жолында үлкен тәжірибе жинақталды. Алғашқы аудармашылардың бірі М. 
Дәулетбаев Гогольдің "Үйленуін", Шекспирдің "Гамлетін" қазақшаласа, Мұхтар 
Әуезов аударманың драматургияда "Ревизор", "Отелло", "Асауға тұсау", "Любовь 
Яровая" секілді классикалық үлгілерін тудырды. 
Театр рспертуарына қазіргі заман тақырыбын арқау еткен, М. Хасенов, С. 
Жүнісов, Ә. Тарази, А. Шамкенов, Қ. Ысқақов, А. Сүлейменов, И. Оразбаев, С. 


278 
Балғабаев, Р. Сейсенбаев, О. Бөкесв, Д. Исабеков, Ә. Тауасаров, Б. Мүқаев, Н. 
Оразалин секілді драматургтардың пьесалары ене бастады. Кинодраматургияда әр 
кезде Ғ. Мүсірепов, Ш. Хұсайынов, Қ. Сатыбалдин, Ә. Тәжібаев, О. Сүлейменов 
бірнеше туынды берген. 
Республика театрларының репертуарына көз салғанда, қынжыларлық 
құбылыс байқалады: драматургияның төл туындылары, задында пьеса болып 
жаратылған шығармалар емес, құранды нәрселердің, қоспа дүниелердің, 
инсценировкалардың тым көбейіп кетуі қауіп ойлатады. Ортанқол, құбатөбел 
аударма пьесаларды сахнаға шығарумен кейбір режиссердің тым әуестеніп кетуі - 
берекелі ізденістердің, шығармашылық олжаньң үлгісі еместігі айдан анық. 
Пьесаның көркемдік салмағы, тілдің күші ескерілмей, тек режиссер 
қиялымен жасалған ойын сценаларына, дабыр-шуға, пантомимоға, биге, 
кинокадрларға иек сүйеу формалистік теріс жолға қарай бұрып жіберуі мүмкін. 
Адамгершілік, әділет үшін күрескендер тұлғасын жасауға, жастар өмірін 
көрсетуге, зиялылар, ғалымдар ортасын суреттеуге арналған пьесалардан бүгінгі 
қазақ драматургиясының табыстары мен олқылықтары қатар көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет