Рымғали НҰРҒали драма өнері



Pdf көрінісі
бет1/26
Дата25.01.2023
өлшемі2,67 Mb.
#62969
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
24c3d12d67c5acb8803b0e4e4281a4a5



 
 
 
 
 
Рымғали НҰРҒАЛИ 
 
 
 
 
 
 
 
ДРАМА ӨНЕРІ 



КІРІСПЕ 
Халықтың шындық, әділет, ақиқат ұранын алтын арқау еткен қазақ 
әдебиеті-қалың қауым арманының шапағатты нұрынан жаратылған, ең үздік 
дәстүрлерді ілгері жалғастырған, адам баласы қан-қазынасына толымды қор қосқан 
жаңа сапалы құбылыс. 
Ұлт әдебиет үлгілерінің өзара әсері мен бірін-бірі құнарландыруы, жанрлық 
формалардың дамуы мен баюы, үздік жетістіктер мен дәстүрлердің ортақ игілікке 
айналуы, асылында, қазіргі әдеби процестің негізгі тенденциясы екендігіне дау 
жоқ. Ұлтымыздың рухани паспорты болып табылатын қазақ әдебиеті аз уақыт 
ішінде аса шапшаң даму кезеңдерінен өтіп, кемелденген өнерге тән жанрлық 
салалардың бәрін тудырып, жетілді, өрлеу бағытында реализмнің кең, даңғыл 
айдынына шықты. 
Өнер мен әдебиеттің, күллі мәдени қазынаның көзі ашылып, драматургия, 
опера, балет, симфония сияқты барша өркениетті елдерге тән жанрлық формалар 
қаулап өсті. 
Қазақ әдебиеті мен өнері туралы тұтас жүйелі ғылым салаларының туып, 
қалыптасып, шарықтап дамуында А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, 
С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Исмайылов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, 
М.Қаратаев тарихи еңбек сіңіріп, жаңа арналардың негізін салды. 
Ал Т.Нұртазин, Б.Шалабаев, Ә.Тәжібаев, Е.Лизунова, 3.Ахметов, 
С.Қирабаев, М.Базарбаев, Р.Бердібаев, М.Дүйсенов, 3.Қабдолов, Ә.Шәріпов, 
Т.Кәкішев, М.Хасенов, Б.Наурызбаев, Н.Ғабдуллин, А.Нұрқатов, Т.Қожекеев, 
X.Әдібаев, Ә.Нарымбетов, Т.Әбдірахманова, Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағүлов 
еңбектері 
қазіргі 
әдеби 
процесс 
мәселелеріне, 
жеке 
қаламгерлер 
шығармашылығына жанр, стиль және әдеби әдіс проблемаларын саралауға 
арналған. Фольклордың, әдебиет тарихы мен әдеби байланыстардың өзекті 
мәселелері - Ә.Марғүлан, А.С.Орлов, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, 
М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев, М.Фетисов, Е.Ғабдиров, 
К.Қанафиева, 
Қ.Мұқаметханов, 
Ш.Сәтбаева, 
Л.Әуезова, 
М.Бөжеев, 
X.Сүйіншәлиев, С.Сейітов, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, М.Мағауин, Б.Уахатов, 
С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов еңбектерінің басты арқауы. 
Әдебиеттанудағы Б.Майтанов, Д.Ысқақов, А.Қыраубаева, С.Негимов, 
Ж.Дәдебаев, А.Еспембетов, Ш.Ибраев, Б.Әбілқасымов, Қ.Алпысбаев, Т.Жұртбаев, 
Қ.Ергөбеков, Б.Ыбырайымов, 3.Бисенғалиев, Б.Мамыраев, А.Жақсылықов 
зерттеулері ксйінгі жылдардағы жетістіктерімізді көрсетеді. 
Қазақ әдебиеттану ғылымында поэзия, эпикалық проза, әсіресе, роман 
түбегейлі зерттеліп келе жатыр. Ал драматургия туралы арнаулы еңбектерден 
С.Ордалиевтің "Қазақ драматургиясының очеркі" (1964), Р.Рүстембекованың 
"Қазақ совет комедиясы" (1975). М.Дүйсеновтің "Қазақ драматургиясының жанр, 
стиль мәселесі" (1977), Е.Жақьшовтың "Дастаннан драмаға" (1979), Н.Ғабдуллиннің 
"Ғ. Мүсрепов -драматург" (1982) зерттеулерін бөліп атау қажет. 
Театр сыншылары Ғ.Тоғжанов, I.Жансүгіров (1933), Н.Львов (1957), 
Қ.Қуандықов (1969, 1972), Б.Құндақбаев (1976), О.Қайдалова (1977), У.Садықова 
(1967), А.Тоқпанов (1976), Л.Богатенкова (1979), Ә.Сығаев, Қ.Уәлиев еңбектерінде 



драматургия туралы айтылған құнды тұжырымдар бар. 
Тұтас алғанда, қазақ драматургиясын зерттеу саласында бірқыдыру істер 
тынды: жанрлық қалыптасу кезеңдер анықталды; жеке драматургтер 
шығармашылығы ғылыми тұрғыдан тексерілді, алғашқы жанрлық классификация 
жасалды. 
Сондықтан да қазақ әдебиеттануының қазіргі деңгейі драма жанрларының 
спецификалық ерекшеліктерін, поэтикасын айқындауды, олардың әдеби дамудағы 
орны мен маңызын ашуды, өрістеу процесін тиянақтауды, жанрлық структуралардың 
өзгерістерін, олардың өзара байланысы мен баюын көрсетуді талап етеді. 
Қазақ драматургиясының жанрларын жүйелі түрде зерттеу, идеялық-
эстетикалық ерекшеліктерді айқындау, қазіргі жанрлық дамудың теңденцияларын 
ашып көрсету мақсаттары ізденістің негізгі нысанасы болмақ. Бұл мәселелерді тексеру, 
біздің ойымызша, бүгінгі әдеби-көркем процесс диалектикасына бойлап енуге, ұлттық 
және интернационалдық дәстүрлердің арақатынасын көрсетуге, белгілі кезеңдердегі 
әдеби даму, заңдылықтарын ашуға мүмкіндік берсе керек. Мұның үстіне қазақ 
драматургиясының дамуындағы қалыптасқан дәстүрлер мен тұрақты байланыстарды 
анықтау, олқылықтар мен кемшіліктерді көрсету келешек өрістерді болжауға жағдай 
жасары сөзсіз. 
"Әдеби дамудың әр кезеңінде, - деп тұжырымдайды академик Д.С.Лихачев, 
- жанрлар түрлі өзгермелі факторлардың әсерінен қалыптасып, сан алуан 
қасиеттерге ие болғандықтан, әдебиет тарихы алдыңда ерекше міндеттер туады: 
жанрларды ғана емес, жанрлық саралауды тудыратын принциптерді зерттеу 
керек, жеке жанрларды, олардың тарихын ғана емес, әр дәуірдегі жанрлар 
жүйесін (системасын) зерттеу керек". (Д.С.Лихачев. "Көне орыс әдебиетінің 
поэтикасы", 3-басылуы, М., "Ғылым", 1979, 55-б). 
Осы талап ерекше ескерілді, еңбекте нақты шығармаларды талдай отырып, 
жанрлардың әсіресе жанрлық жүйелердің, даму процесіне көбірек көңіл бөлінді. 
Зерттеуде ғылыми проблемалар бірнеше аспектіде қаралды: казақ 
драматургиясының жанрлық ерекшеліктері трагедиялық, драмалық, комедиялық 
категориялармен сабақтас түрде, типологиялық салыстырулар арқылы ашылады, 
қазақ драматургиясында тақырыптық арналардың қалыптасу кезеңдері қаһарман 
мәселесімен, типтендіру әдістерімен, авторлық позиция принциптерімен, 
көркемдіқ құралдардың баюымен, халықтық дәстүрлердің ықпалымен 
диалектикалық байланыста тексеріледі. 
Егер әлем драматургиясы сан ғасырмен есептелетін ұлан-ғайыр жолдан 
өтсе, қазақ драматургиясының тарихы әлі ғасырға да жеткен жоқ. Соған 
қарамастан, қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық тарихи-мәдени қауырт 
өрлеп дамуы, халықтың мыңдаған жылдық дәстүрі бар фольклоры, кәделі 
өнері, бай әдебиеті жаһан мәдениетіндегі дәстүрлермен қауыша келіп, қазақтың 
жаңа сапалы өнерін - драматургия мен театрды өмірге әкелді. 
Сөйтіп, тұтас, жүйелі, жан-жақты әдеби-мәдени процесс пайда болды. 
Қазір қазақ драматургиясы жалпы драмаға тән қасиет-сапарларға-
жанрлық структуралар мен формаларға түгел ие. Аз уақыттың ішінде 
қалыптасқан, тарамдалған жанрлық жүйе ұлтымыздың жаңа мәдениетімен, 
әдебиетімен бірге есіп, жетіліп отырды. Әдебиеттің ерекше бір түрі - 
драматургия театрды нысана етеді, сахнаға қойылу үшін жазылады. Танымдық, 



тәрбиелік мәні бар, идеялық-эстетикалық әсері орасан күшті өнер - драматургия 
тоғысуы, характерлер қақтығысы, сезімдер шайқасын көрсетіп, аса қатал 
композиция талаптарын ескере отырып, ерекше көркемдік құрал - диалоггар мен 
монологтар арқылы болмыстың сан алуан шындықтарын ашады, өмір 
құбылыстарына баға береді, билік айтады. 
Бүгінгі таңда жанр проблемасына әдебиеттану, өнертануда ерекше көңіл 
бөлініп отыр: бұл салада көптеген зерттеу еңбектер жарияланды. 
Жанр және олардың сан алуан түрлері әлемдегі барлық халықтардың 
мәдениеті мен әдебиетіңде кең орын алатын жалпылық мәні бар құбылыстардың 
қатарына жатады. 
Типологиялық тұрғыдан жанр табиғаты ұқсас, сарындас, олар бір жерде 
ішкі жағдайлардың әсерінен дүниеге келсе, екінші ортада тарихи-мәдени алыс-
берістер ықпалынан тууы да мүмкін. Бұл мәселені пайымдау үстінде эстетикада әр 
түрлі ғылыми мектептер, сан алуан бағыттар болғандығьн көреміз. Драмалық 
жанрларға Аристотель "Поэзия өнері туралы" деген еңбегінде тиянақты анықтама 
береді. Буало ("Поэтикалық өнер"), Дидро ("Драмалық поэзия туралы"), Гегель 
(Шығармалар, XIVт.), Белинский ("Ақылдың азабы" -А.С. Грибоедов шығармасы", 
Шығ. жинағы. I том. 476-495-б.б.) еңбектерінде де драма жанрына берілген 
сипаттамалар бар. 
Шетелдік оқымыстылардың бір тобы жанрларға психологиялық, екінші тобы 
грамматикалық категориялар арқылы түсінік жасамақ болады. Ал озық ғылым 
бұларға мүлде қарама-қарсы, объективті критерий ұсынады - жанрды қоғамдық, 
мәдени-әдеби жалпы дамумен сабақтас қарап, нақты әлеуметтік-тарихи, эстетикалық-
көркемдік аспектіде анықтама береді. ("Әдебиет теориясы". Әдебиеттің тегі мен 
түрі. М., "Ғылым", 1964). 
Жанр тудыратын элементтер деп - сюжет түзілісі, композиция, тақырып, 
поэтика, бір сөзбен, шығарма идеясы мен мазмұнын ашатын көркемдік құралдарды 
айтуға болады. Бүған драмалық эмоциялық әсер беретін формаларды да қосқан 
дүрыс: трагедия - қайғыртсын, комедия - күлдірсін, драма - толқытсын. Даму 
процесінде жанрлар өзара ықпал етеді, бірін-бірі байытады; кейбір жанрлар 
жаңғырып өссе, кейбіреулері өшеді, өледі. Жанр құбылысы дегенде - табиғи, 
диалектикалық өзгерістерді айтамыз, әйтпесе, шекарасыз, жағасыз, арнасыз 
жанрлық форма жоқ. Бұл талап ескерілмесе, шығарма босаң, болжыр тартып, 
көркемдік аяққа басылады, эстетикалық қасиет жойылады. 
Кең мағынасында алғанда, типологиялық тұтастық сипаты бар эстетикалық 
категория - жанр өз структурасында көркемдік дамудың бұрынғы байлығын сақтай 
отырып, әрбір жаңа шығармада соны сипатта көрінеді. Эстетикалық мазмұн белгілі 
жанрлық қалыпта құйылып шығып, көркемдік элементтердің тұтастығын, 
логикасын сақтап, диалектикалық бірлік, гармониялық келісім табады. "Жанр, - деп 
жазды М.Бахтин, - әрқашан өзі, әрі өзі емес, әрқашан көне, әрі жаңа, жанр әдебиет 
дамуының әрбір жаңа кезеңіңде, әрбір жаңа шығарма тұсында қайта туындап 
жасарады... Жанр бүгінгі күннің тынысымен өмір сүреді, бірақ әрқашан өз өткенін 
ерекше қасиет ретінде өз бойында сақтайды. Жанр - әдеби даму процесіндегі 
творчестволық тұжырым түрінде қалады.". (М. Бахтин, «Достоевский поэтикасының 
проблемалары», М., "Советский писатель", 1972, 178-179-б.). 
Оқырман назарына ұсынылып отырған бұл монографиялық зерттеуде автор 



ұлттық өнер саласындағы көп жылдардан бергі ізденістерін қорытьндылады
қазақ драматургиясының жанр жүйесін саралауды, эстетикалық-көркемдік 
ізденістерді ашып, типологиялық жинақтаулар жасауды мақсат етеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет