Рымғали НҰРҒали драма өнері



Pdf көрінісі
бет25/26
Дата25.01.2023
өлшемі2,67 Mb.
#62969
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
24c3d12d67c5acb8803b0e4e4281a4a5

 


283 
ТҮСІНІКТЕР
 
Академик Р.Нұрғалидың тұңғыш өлеңі Семей облысы Шұбартау 
аудандық газетінде 1956 жылы басылған. Алғашқы мақала, рецензия, очерктері 
Семей, Қарағанды, Алматы газет-журналдарында жарияланған. Проф. 
Б.Кенжебаевпен телавторлықта жазған «Сабыр Шарипов» кітапшасы 1961 
жылы Қазақ университеті баспасынан шықты. Шығармашылық сапардың 
әуелгі кезеңіндегі дүниелердің бірталайы, кейін қайта қаралып, өзгертіліп, 
жүйеге түсіріліп, әртүрлі кітаптарға енген. Тұтас жазылып біткен шығарма-
зерттеулердің үзінді тарау бөлімдері мерзімді баспасөзде, жинақ-журналдарда 
жарияланған. Кітаптар қайта басылым кезінде тағы өзгертіліп, тақырыптық, 
проблемалық тұрғыдан жүйеленіп, тұтастанып, стильдік өрнегі айқындалып, 
жаңа сипат тапқан. Бұл дәстүрлі мінез, қаламгерлік машықты автор ұзақ 
жылдар бойы тұрақты түрде ұстанып келгенін жеті томдық шығармалар 
жинағына енген туындылардың жазылу, жариялану, қайта басылу, толықтыру 
тарихынан, түрлі нұсқалардың айырмашылық, өзгерістерінен анық көруге 
болады.
«Драма өнері» монографиясы - Р.Нұрғалидың бір тақырып, бір проблема 
бойынша ұзақ жылдардағы ізденістерін қайта қарап, өңдеп, сұрыптап, 
тұтастырып шығарған үлкен іргелі зерттеуі. Монографияның үзінділері, жеке 
бөлімдері, тараулары әр жылдары мақала, кітап түрінде басылып отырған. 
Олардың қатарында: «М.Әуезовтің творчествосы мен қоғамдық қызметінің 
алғашқы кезеңі (1917-1922)» («Қазақ тілі және әдебиеті мәселелері», Алматы, 
1966, т.4, 27-91 беттер), «Қилы заман қандай туынды?» («Қазақ әдебиеті», 1967, 
сентябрь), «Қарагөз» трагедиясының екі нұсқасы» («Жұлдыз», 1967, № 3, 150-
159 беттер), «Драматургияның даму бағдары» («Жұлдыз», 1971, № 11, 141-152 
беттер), «Шекспирдің қазақша тұңғыш аудармасы – «Гамлет» («ҚҒА 
хабарлары, филология сериясы», 1971, № 6, 45-53 беттер), «Комедиядағы 
тартыс пен мінез. Бейімбеттің күлкісі» («Жұлдыз», 1972, № 8, 197-205 беттер), 
«Драматургиядағы ақ өлең үлгілері» («Қазақстан мектебі», 1972, № 1, 82-84 
беттер), «В.Шекспир және М.Әуезов» («Жалын», 1973, № 2, 122-145 беттер), 
«Бүгінгі драма өрісі» («Уақыт және қаламгер», Алматы, 1976, ІҮ кітап, 223-242 
беттер), «Халықтық-тарихи драма жасаудағы шығармашылық принцип» 
(«Жалын», 1978, 129-139 беттер), «О трагедии Ч.Валиханов, С.Муканова» 
(«Изв. АН КазССР, сер-фил», 1981, № 4, с. 30-37) сияқты ондаған еңбектерді 
көрсету керек.
Алғашқы «Трагедия табиғаты» монографиясында (Алматы, «Жазушы» 
1968, 176 бет) М.Әуезов драматургиясы зерттелді. «Талант тағдыры» кітабы 
(Алматы, «Жазушы», 1969, 128 бет) қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин 
және театр мәселелеріне арналған. «Күретамыр» монографиясында (Алматы, 
«Жазушы», 1973, 236 бет) қазақ драматургиясының поэтикасы талданады. 
«Өнердің эстетикалық нысанасы» кітабында (Алматы, «Мектеп», 1979, 192 бет) 
Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров драматургиясы сарапталған.
Автор бұрын жазған еңбектерін қайта топтап, бір арнаға салып, 
редакциялап, жаңа тараулар қосып, қазақ драматургиясының жанр жүйесін 
көрсететін көлемді монография шығарды («Айдын», Алматы, «Өнер», 1985, 400 


284 
бет). Бұл монография қаламгердің «Арқау» атты екі томдық шығармалар 
жинағының бірінші томына кірді (Алматы, «Жазушы», 1991, 576 бет).
Еңбектің тағы да қайта қаралған, толықытырылған, байытылған соңғы 
нұсқасы «Драма өнері» деген атпен басылды (Алматы, «Санат» баспасы, 2001, 
480 бет). Бұл еңбек бірнеше рет орыс тілінде шықты. Біріншісі – «Поэтика 
драмы» (Алматы, 1979, «Жазушы», 248 с. ), екіншісі – «Казахская драматургия» 
(Астана, «Фолиант», 254 с.), үшіншісі – «Эпическая драматургия» (Астана, 
«Фолиант», 2004, 288 с.) 
Қ.Алпысбаев, филология
ғылымдарының докторы, профессор


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет