Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет53/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
мүше қызметкерлер санына тепе-тең өкілдік принципі негізде өкілдік етуге құқық 
беріледі. 
Ұжымдық шарттың мазмұнын келiссөздер жөнiндегi екiжақты комиссияда тараптар 
белгiлейдi. Ұжымдық шартта бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер қойылатын бiлiктілiк 
талаптарына сәйкес келген жағдайда оларды жұмысқа қабылдау туралы талап болуы 
мүмкiн. Ұжымдық шарт: 
оның қолданылу мерзiмi туралы; 
орындалуын бақылау тәртiбi туралы; 
шарт талаптарының орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк туралы; 
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы ережелердi қамтиды. 
Ұжымдық шарттардың ережелерi қызметкерлердiң құқығын шектемеуi, еңбек 
жағдайларын нашарлатпауы және заңдарда белгiленген кепiлдiктердi бұзбауы керек. 
Ұжымдық шарт тараптар белгiлейтiн мерзiмге жасалады. Егер ұжымдық шарттың 
ережелерiнде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден бастап күшiне енедi және 
тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болады. Ұйым таратылған және ол банкрот деп 
жарияланған жағдайда тарату немесе банкроттық туралы тиiстi шешiм қабылданған 
кезден бастап ұжымдық шарттың қолданылуы тоқтатылады. 
3. Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты. Қызметкер жеке еңбек шартының 
талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындауға мiндеттi уақыт жұмыс уақыты болып 
есептеледi. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиiс. 
Жеке еңбек шарттарында тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы 
азырақ көзделуi мүмкiн 
Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн жұмыс уақытының қысқартылған 
ұзақтығы:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 24 сағаттан; 
он алтыдан он сегiз жасқа дейiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын; 
2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды (өтe зиянды) 
жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын болып 
белгiленедi.
Жұмыс iстеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретiн өндiрiстердiң, 
цехтардың, кәсiптер мен қызметтердiң тiзiмiн, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте 
зиянды) және (немесе) ауыр (өте ауыр), қауiптi (өте қауiптi) жұмыстардың тiзбесiн еңбек 
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. 
Қызметкерлер үшiн екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленедi. Бес 
күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыс 
берушiнiң актiсiмен немесе қызметкерлердiң өкiлдерiмен келісе отырып, және жұмыс 
аптасының белгiленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс берушi бекiтетiн ауысым 
кестесiмен белгiленедi. 
Өндiрiсiнiң сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндiк жұмыс аптасын 
енгiзу орынсыз ұйымдарда бiр күндiк демалысы бар алты күндiк жұмыс аптасы 
белгiленедi. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың ұзақтығы апталық 
норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан 
және апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауға тиiс. Бес күндiк немесе алты 
күндiк жұмыс аптасын еңбек немесе ұжымдық шарттардың талаптарымен жұмыс берушi 
белгiлейдi.
22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейiнгi уақыт түнгi уақыт болып есептеледi. 
Жүктi әйелдердi және бiр жасқа дейiнгi баланы емiзетiн аналарды түнгi уақытта жұмыс 
iстеуге тартуға олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi. Түнгi уақытта жұмыс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет