Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет62/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын 
қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді. 
3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық 
заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген 
тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады. 
4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе 
абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін. 
5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде 
қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған. 
Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен 
сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық 
қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, 
ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар. 
 Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын 
қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас 
бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс 
деп танылады. 
 Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын 
қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас 
бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр қылмыс 
деп танылады. 
 Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын 
қасақана жасалған әрекет – ауыр қылмыс деп танылады. 
 Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан 
айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр қылмыс 
деп танылады. 
Қылмыс құрамы турлы түсінік және оның түрлері. 
Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым 
бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық. Қылмыс құрамы 
деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті 
белгілердің жиынтығын айтады. 
Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса 
қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және 
объективті жағы, субъект және субъективті жағы. 
 Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз 
әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек. 
 Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі 
мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, 
абырой. 
 Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның 
әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі. 
 Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық 
көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады. 
Қылмыстың субъективті жағы – бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты адамның 
психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат 
сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет