Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;
кінәлі адамға қылмыстық – құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;
жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.
Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәтте пайда болады және адамға
қылмыстық мәжбүрлеу шарасын қолданған сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық
жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады.
3. Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері.
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық
әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс
үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік
негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор.
Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы
қылмысқа қатысу деп танылады.
Қылмысқа қатысу барысында қымыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті.
Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі
дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да
қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз
күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, оладың барлығы өз күштерін біртұтас
қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қымыстық нәтижеге қол жеткізу үшін
күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды,
ал басқалары қылмысты ойдығыдай жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол
жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, орта, бөлінбейді.
Тек қасақана жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал
қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.
Абайсыз қылмыстарда қылмысқа қатысу бомайды. Егер бірнеше адам абайсызда
қоғамға қауіпті жағдай туғызса, оның әрқайсысы жасаған әрекеті үшін жауап беруге тиіс.
Қылмысқа қатысушылардың түрлері. Қылмысқа қатысушылардың рөліне
байланысты, оларды орындаушы, айдап саушы және көмектесуші деп бөледі.
Орындаушы – бұл нақты қылмыс құрамының объективтік жағына кіретін әрекеттерді
толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты
тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің қарсыласуын жеңу үшін күш
қолданатын адам да қылмыстық орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы
заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану
арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі.
Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер
қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл – есі кем адамды пайдаланатын жағдай
сияқты.
Ұйымдастырушы – қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындауына
басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей
жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда
ұйымдастырушы – бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы
болады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс
жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы
бопсалауды және мадақтауды, оның пайда күтемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз
арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.