Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет98/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
құқықтық мәдениетке жатқызуға болмайды. Заңдарды білуге және оларды өздері 
қызмет етіп жүрген мақсаттарға зиян келетіндей етіп пайдалануға болады. Өмірде 
құқықтарды, сөз бостандығын қоғам мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, қиянат жасау да 
сирек кездеспейді. Керісінше, заңсыз әдістермен ізгі мақсаттарға жетуге тырысатын 
кездер де болады. Демек, әлеуметтік-құқықтық оң белсенділік қана жеке адамның немесе 
ұжымның жеткілікті құқықтық мәдениетінің компоненті деп танылуы мүмкін.
Заңды мінез-құлықты оның мотивтері бойынша әлеуметтік-құқықтық оң 
белсенділікке (заңды мінез-құлықтың дұрыстығы мен пайдалылығына сенуге 
негізделген); конформистік мінез-құлыққа (ұғынбай тұрып және құқықтық белсенділік 
болмай, заң нұсқауларына бағыну) және маргиналдық мінез-құлыққа (құқық 
нормаларын жазалаудан қорқып сақтау) жіктеумен қатар, юриспруденцияда заңды мінез-
құлықты оның қоғамдық маңыздылық дәрежесіне қарай да бөлу жүргізіледі. 
Осы өлшем бойынша заңды қажетті мінез-құлық (мысалы, қарулы күштерде 
қызмет ету); заңды қалағанындай мінез-құлық (ғылыми немесе көркем шығармашылық); 
заңды жол берілетін мінез-құлық (діни-ғұрыптарды атқару және т.б.) болады.
4.2 Сыбайлас жемқорлық үшін қоғамдық бақылау
Қоғамдық бақылау институтын енгізу 
Сыбайлас жемқорлық профилактикасының пәрменді тетігі қоғамдық бақылау 
болып табылады. Мұндай бақылауды енгізу азаматтық қоғам институттарын 
жандандыруды 
ғана 
емес, 
тиісті 
заңнамалық 
реттеуді 
де 
талап 
етеді. 
«Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы азаматтық бақылауды ұйымдастыру 
мен жүзеге асырудың базалық қағидаларын нормативтік құқықтық бекіту арқылы 
алғашқы 
рет 
оның 
біртұтас 
жүйесін 
құруға 
мүмкіндік 
берер 
еді. 
Мұндай заң оның институттары мемлекеттің беделін нығайтуға және мемлекеттік 
аппарат жұмысының сапасын арттыруға жәрдем ететін азаматтық қоғамды одан әрі 
дамытуда маңызды рөл атқаруға арналған. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін 
қозғайтын мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар, мемлекеттік органдар шешімдеріне 
қоғамдық сараптама өткізу үшін басшылардың жұртшылық алдындағы есептерін тыңдау 
және азаматтардың алқалы органдардың жұмысына қатысуы үшін құқықтық негіз 
жасалатын болады. 
Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттердің өзін де, сондай-ақ қоғам мен 
мемлекеттің тыныс-тіршілігінің басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешуге де 
ықпал етеді. Бұл ретте қоғамдық бақылаудың ел 
Конституциясының
 талаптарына сәйкес 
мемлекеттің бақылаушы функцияларынан аражігі нақты ажыратылуға тиіс. 
Мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығын қамтамасыз етудің тағы да бір құралы 
«Жария ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заң болуы тиіс, ол жария ақпаратты 
алушылардың құқықтарын, оны беру, есепке алу және пайдалану тәртібін бекітеді. 
Жария ақпаратқа еркін қолжетімділік халықтың шенеуніктермен артық байланысы 
қажеттілігін болдырмайды. 
Сыбайлас жемқорлықпен табысты күрестің аса маңызды факторы азаматтардың 
жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей қатысу мүмкіндігі болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет