Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет99/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Бұған жергілікті өзін өзі басқарудың өкілеттіктерін кеңейтуді көздейтін заңның 
қабылдануы ықпал етеді. 
Халыққа ең алдымен жергілікті өзін өзі басқарудың бюджеттік бағдарламалары 
бойынша қаражаттың пайдаланылуына мониторинг пен бақылауға қатысу мүмкіндігін 
берген жөн. 
4.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңызы
Біз де мемлекетіміздің тарихындағы күрделі кезеңдерді бастан өткердік. Қазақстан 
Республикасының тұңғыш Президенті алғашқылардың бірі болып бұрынғы одақтас 
республикалар кеңістігінде, өзіндік қазақстандық даму жолын айқындаған Қазақстанның 
2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. 
Бүгінгі таңда біз еліміздің таңдап алған жолының сенімді, берік, дұрыс жол 
екендігіне көзіміз жетті. 
Аталған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан тиімді және 
ашық мемлекеттік қызмет жүйесінің әрекет етуіне арналған институционалдық құқықтық 
негіз құруға бағытталған терең әкімшілік реформалар жүргізуге кірісті. 
1998 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге 
асырушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды. 1999 
жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Бұл заң азаматтардың мемлекеттік 
қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда 
шешуші рөль атқарады және Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік 
іргетасын қалыптастырады. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметке конкурстық негізде 
қабылдау жүйесі енгізілді, саяси және әкімшілік лауазымдарды бөлу жүргізілді, 
Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге тестілеу, аттестаттау, кәсіби біліктілігін 
көтеру, марапаттау, тәртіптік жауапкершілікке тарту және тағы да басқа мемлекеттік 
қызметті өткеру тәртіптері нақты анықталды. 
Сонымен қатар, ел егемендігін алған алғашқы жылдары «Ұйымдасқан нысандағы 
қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» 
Жарлыққа қол қойылды. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып сыбайлас 
жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі арнайы орган құрды. Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясына және Экономикалық 
ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 
Ыстамбұл жоспарына да қол қойылған болатын. 
Әрине, заман талабының өзгеруіне байланысты сыбайлас жемқорлықпен күрес 
бағытында да жаңа талаптар қойылуы түсінікті. Соңғы онжылдықты алып қарайтын 
болсақ, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында ауыз толтырып 
айтарлықтай құқықтық база қалыптастырылды. Мәселен, бұл саладағы нормативтік-
құқықтық базаға өзгерістер енгізіліп, қосымшалармен толықтырылып келеді. Мұның өзі, 
қазіргі таңда қолданыстағы 1998 жылы алғаш рет қабылданған сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес туралы заңнаманы халықаралық стандарттарға жақындата түскенін көрсетеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет