Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет106/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Малайзия 
Малайзия елі өзінің қысқа ғана тарихында (бұл ел өз тәуелсіздігін 1957 жылы ғана алған) 
аграрлық елден халқының әл-ауқатын үнемі көтеріп отыратын дамыған елге айналды.


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Малайзияда Малазиялық Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы Академиясы (МАСА-ары қарай ) 
қызмет атқарады. Бұл азиаттық-тынықмұхиттық өңірдегі осы саладағы тұңғыш институт 
болып табылады. 2005 жылдың желтоқсанынан жұмыс істеп келе жатқан Малазиялық 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің бір бұтағы іспеттес. МАСА сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы әлеуетті көтеру бойынша ең үздік тәжірибелерді зерттеп, 
қолданылуын бақылап, мониторинг жүргізуші өңірлік орталық болып табылады.
Малайзия елінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіндегі жетістіктері қызмет етіп тұрған 
Малазиялық Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы Агенттік пеноның бөлімшесі Академияның 
алдын 
алу 
шараларын 
ұйымдастыруымен 
тығыз 
байланысты.
Академияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту бағдарламаларын қамтамасыз ететін 
оқытушылар құрамы мен қызметкерлер штаты бар. Сонымен қатар Академиялық, зерттеу, 
дамыту жөніндегі, халықаралық оқыту орталығы деп аталатын төрт департаманті бар.
Малайзияда әкімшілік сыбайлас жемқорлық жойылды деп айтуға болады. Бұл үш 
бағыттағы кешенді саясатты жүргізудің нәтижесінде іске асты:
 
мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу; 
 
мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды қатаң сақтауы
 
мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын өсіру. 
Үздіксіз түрде әлеуметтік сауалнамалар мен зерттеулер « қалың бұқара арасында 
жүру» жолы арқылы жүргізіліп отырады. Бұл халықтың сыбайлас жемқорлыққа кері 
пікірлерін қалыптастыруға әсер етеді. 
Қытай 
ҚХР-да жиі-жиі талқыланатын жемқорлық жанжалдар мемлекеттік қызметкерлердің 
мұндай қылмыстық әрекеттеріне қарсы белсенді және нәтижелі күрес жүргізілуін 
көрсетеді. 
Бірақ бүкіл адамзаттың бестен бір бөлігі өмір сүретін, қазіргі кезде коммунистік партия 
жетекшілік жасап отырған, мың жылдық пұрсатты бюрократия дәстүрі бар мемлекетте 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді нәтижелі жүйені ел басшылығының қалай жасағанын 
түсіну қиын. 
Қазіргі уақытта Қытайда сыбайлас жемқорлықты белгілеудің екі түрі бар және 
осыған сәйкес оны түсінудің екі деңгейі бар. 
• Қылмыстық-құқықтық мағынасы. Сыбайлас жемқорлық –парақорлық. «Тань’у» 
(ұрлық, қазынаны ұрлаушылық) және «хуэйлу» (парақорлық, параға сатып алу) 
терминдерімен белгіленеді. Сонымен, нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық көп 
жағдайда дәл осылай көрсетілген, ҚХР Қылмыстық кодексінде қылмыстық-жазаланатын 
іс 
ретінде 
қарастырылып, 
дәл 
осылай 
қарастырылған. 
• Саяси-құлықтылық мағынасы. Сыбайлас жемқорлық–бұзылу. «Фубай» (бұзылу, шіру) 
сөзімен белгіленеді. Бұл термин қытай саяси лексиконына марксизм-ленинизм 
классиктерінің еңбектерінен енген деп саналады және ол еңбектерде батыс капиталистік 
тәртіптерге тән құбылыстарды көрсету үшін пайдаланылған. Қазір бұл ұғым өз қызметтік 
жағдайын асыра пайда, жеңілдік табу үшін пайдаланатын барлық деңгейдегі 
шенеуніктердің қоғамға қарсы және пайдақорлық барлық іс-әрекеттеріне таратылады.
Қытайлық сыбайлас жемқорлықты қарастыра отырып, бұл құбылыс сыбайлас 
жемқорлықтың «азиаттық үлгісіне» жататынын, мемлекет қызметімен байланысты 
дағдылы және қоғамдық-қолайлы мәдени және экономикалық құбылыс екенін ескеру 
қажет.
Қытайда ерекше пұрсатты, құрылымданған, өздігінен ұдайы өндірілетін топ 
ретіндегі шенеуніктік аппараттың мың жылдық болу дәстүрі жағдайды ұлғайта түседі. Ал 
мұндай топқа жату аса абырой болып есептелінетін және есептеледі де. Осыған сәйкес 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет