Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Қытайдағы сыбайлас жемқорлық та бұдан кем емес дәстүрге ие болуы оны барлық
қытайлық мемлекеттік механизм қызметінің бөлінбес бөлігі ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді.
Зерттеушілер қытайлық жемқорлықтың циклділік үлгісі туралы айтады. Сыбайлас
жемқорлық мемлекеттің ең қауіпті жауы деп жарияланған партия съезі өтеді. Бұдан кейін
жемқорлық деңгейі біраз төмендейді, сонан соң одан да ұлғая түседі. Келесі съезд өтеді
және
тағы
да
сол
жағдай
қайталанады.
«Соғыс стратегиясы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қытайда жүргізілген күрес
тәжірибесі қызықты. Бұл күрес 1951 жылдың желтоқсанында, бүкіл Қытайда «үш қарсы»
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы, бюрократтыққа қарсы, ысырапшылыққа қарсы)
бағдарламасымен бірге басталды. Бұл кезде мыңдаған адамдарға сыбайлас жемқорлық
қатынастарына түскендері үшін өлім жазасына үкім шығарылды. Тек қана сыбайлас
жемқорлық туралы істерді қарастыратын арнайы халық соттары құрылды. Үкімет әр
адамнан оған сыбайлас жемқорлық туралы білетінін хабарлауды талап етті. Кампания
ресми түрде 1952 жылдың маусымында аяқталды. Акция нәтижелері таң қаларлық.
Тіркелген сыбайлас жемқорлық саны 1950 жылы 500000-нан орта есеппен 1951 жылдан
1965
жылға
дейін
290000-ға
дейін
төмендеді.
«Соғыс стратегиясының» артықшылығы: Сыбайлас жемқорлық мәселесі тұжырымдалып, күн тәртібіне қойылады.
Жемқорлыққа қарсы күрестің алғашқы қадамы – сыбайлас жемқорлықтың болуы маңызды
мәселе ретінде танылуы. Сыбайлас жемқорлыққа әкімшілік немесе мәдени түрде тыйым
салынған қоғамдарда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мүмкін емесі анық. Мұндай
көзқарас
мәселені
ескермегеннен
гөрі
ұтымдырақ.
Нәтижеге жылдам қол жеткізу. «Соғыс стратегиясы» нәтижені аз уақыт ішінде береді.
Жазалау шаралары ашық түрде жүргізіледі, сондықтан көптеген адамдар мұндай жазаның
куәгері бола алады, бұл шаралар саяси жарнама ретінде қолданылғандықтан, қоғамға тез
жарияланып,
ұзақ
уақыт
бойы
есте
сақталады.