«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



Pdf көрінісі
бет15/131
Дата27.01.2023
өлшемі3,39 Mb.
#63298
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   131
Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Бұл кестені оқушылар қандай да 
болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесее жаңа ақпаратпен 
танысқанда толтыра алады. Кестенің сол жағына олар түсініктері боцынша 
оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар 
дегеніміз мәтінде жауабы бар саулдар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде 
жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады. 
Алтын балық – барлық сынып алдында өз пікірін білдіргені болмаса, 
қалған жағдайда «ыстық орындық» сияқты. Олар алтын балыққа 
арналған аквариумда отырады, басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме 
беруді талап ете алады және т.б. Бұлардан өзге сабақтың бұл кезеңінде 
семантикалық карта, Венн диаграммасы, сөз жұмбақ, тәжірибе жасау, көру, 
есте сақтау диктанты т.б тәсілдерді пайдалануға болады. 
Қорыта келе оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – 
бүгінгі заман талабы. Осы ретте, бастауыш сыныпта сабақты дұрыс жүргізе 
білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен 
жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған 


30 
мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – 
өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл 
ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы 
қарыздың өтелгені. Жоғарыда айтылған жұмыстардың барлығынан көретін 
нәтижеміз, тұлғаның; сөздік қоры молаяды, ізденімпаздыққа үйренеді, ойлау 
қабілеті артады, ойын еркін айтады, белсенділігі артады, шығармашыл жұмыс 
істейді, қиялы ұшталады, тапқырлыққа үйренеді. 
Сөзімнің соңында көнеден келе жатқан «Қыран-түлегіне қайтпас қанат 
сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды»,-деген даналық 
сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны 
қаншылықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде 
дамытады. Сондықтан тұлғаны қалыптастыруда Елбасының биылғы 
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауын басты ұрандай ұстансақ артық 
болмас, өйткені болашақ тізгінін ұстайтын ұрпақтың функционалды сауатты 
болуын біз назарда ұстауымыз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет