«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері


  Логикалық әдістер. Тапсырмаларға мысалдар



Pdf көрінісі
бет4/131
Дата27.01.2023
өлшемі3,39 Mb.
#63298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
 



Логикалық әдістер. Тапсырмаларға мысалдар. 
(1-кесте) 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бағытында 
жұмыс істей отырып, жұмыста дәстүрлі оқыту әдістеріне де, жаңа 
технологияларға 
да 
сүйену 
керек. 
Инновациялық 
педагогикалық 
технологияларды пайдалану үлкен рөл атқарады, өйткені ол оқу-тәрбие үрдісін 
сабақ балаға тек қуаныш қана емес, сонымен бірге пайда әкелетіндей, сабақты 
жай ойынға айналдырмай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. [4] 
Математикалық сауаттылықты игерген оқушылар: қоршаған шындықта 
туындайтын және математиканың көмегімен шешуге болатын есептерді тани 
алады; 
- Осы есептерді матметика тілінде тұжырымдайды
- Математикалық фактілер мен әдістерді пайдалана отырып есептерді 
шеше алады; 
- Шешуде қолданылатын әдістерді талдай алады;
- Қойылған есептерді ескере отырып алынған нәтижелерді түсіндіреді;
- Шешу нәтижелерін тұжырымдап, жазады;
Бастауыш сынып математикада сабағында оқушыларының 
функционалдық сауатттылығын қалай дамытуға болады?
- Стандартты емес тапсырмалар-шамаларды есептеуде немесе бағалауда
жуық әдістерді қажет ететін есептерді шешу. Жұмыс түрлері: шешілген мәселе 
бойынша жұмыс жасау, есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару; есепте 
сипатталған жағдайды көрсету және оны модельдеу: сегменттерді қолдану, 
сызба арқылы, кестені пайдалану, тапсырма мәтінін мағыналық бөліктерге 
бөлу. 
- Комбинаторлық тапсырмаларды бастауыш сыныпқа енгізу оқушыларға 
оң 
әсер етеді. Осындай есептерді шешу нәтиженің саны мен сипаты, шешу 
процесін білуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ есептеудің жаңа әдісімен 
таныстырады.
- Күрделілігі жоғарылаған тапсырмалар, логикалық және комбинаторлық 
тапсырмалар.
- Тәжірибеге бағытталған тапсырмалар;
Инновациялық технологиялар сабақты қызықты, жарқын етеді. 
Мұғалімге
1-деңгей-білім 
Тізім жасау, ерекшелеу, айту, көрсету, атау.
2-деңгей-түсіну 
Түсіну, сипаттау, түсіндіру, белгілерді анықтау, 
басқаша тұжырымдау 
3-деңгей-қолдану 
Қолдану, суреттеу, шешуді қолдану 
4-деңгей-анализ 
Талдау. 
Тексеру, 
тәжірибе 
жасау, 
жүйелеу, 
салыстыру, айырмашылықтарын анықтау.
5-деңгей-синтез 
Синтез құру, дизайн ойлап табу, дамыту, жоспар құру 
6-деңгей-бағалау 
Бағалау. Дәлелдеу, өз көзқарасын қорғау, дәлелдеу, 
болжау.



өз пәнімен балаларды баурап алуға көмектеседі, сабақта оқушының табысқа 
жету жағдайын жасайды. Білімді дайын түрінде бермей, бірге шығарып алу 
маңызды екенін атап өткім келеді. [5] 
Pisa, TIMSS сияқты халықаралық зерттеулерге қатысудың маңызы зор. 
Осы зерттеулердің тапсырмаларын орындату арқылы оқуышларымызды 
халықаралық зерттеулерге дайын екенін білеміз.
2-4 сынып оқушыларының математикалық функционалдық сауаттылықты 
дамыту үдерісінде ойлау дағдыларын қалыптастыру пәндік білім мен 
дағдыларға сүйене отырып жүзеге асады. Әр тоқсанда берілген модульдердегі 
математика пәні мен оқу іс-әрекеттерін меңгеруде білім, ептілік, дағдының 
құзіреттілікке айналуы оқушының функционалдық сауаттылығының қалыптасу 
үдерісінің жүріп жатқанын танытады. Функционалдық сауаттылықты 
қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік 
сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап 
математикалық тапсырмалар арқылы оң нәтижеге қол жеткізеді. [4]
Қорыта келгенде, бастауыш мектептегі оқыту үдерісінде оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жоғарыда аталған ұстанымдар 
қызметінің көмегі орасан зор. Себебі осы ұстанымдар негізінде 
ұйымдастырылған оқу үдерісіоқушылардың білімді жүйелі, терең, практикамен 
байланыста, жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге, нақтыдан белгісізге 
қарай жүретін бағытта белсенді түрде әрі қызығушылықпен меңгеруді 
қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет