«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



Pdf көрінісі
бет5/131
Дата27.01.2023
өлшемі3,39 Mb.
#63298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
2. Оразыханова Н, Кенжебаева Г.М. –«Оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012 
3. Хуторский А.В. Ключевые компетенции и образовательные стандарты. 
Интернет-журнал «Эйдос».-2002. 
4. К.Өстіміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары»-Алматы, 
2006ж. 
5. Т.К. Жигалкина. «Игровые и занимательные задания по математике» 
Москва «Просвещение» 1989. 



TIMSS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ТАПСЫРМАЛАРЫ ҮЛГІСІНДЕ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 
Орынгазиева Гулназ Орынгазиевна, 
 «Павлодар қаласының Жетекші жалпы орта білім беру мектебі» КММ  
 
Аннотация. Мақалада TIMSS халықаралық зерттеу тапсырмалары 
үлгісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бағыттары 
қарастырылады 
Кілт сөздер: функционалдық сауаттылық, ТИМСС, жаратылыстану, 
математика, зерттеу, мониторинг. 
TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі мақсаты – әртүрлі елдердегі білім 
жүйесі мен 4 және 8-сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан 
дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және оқушыларға жалпы білім 
беруге қойылатын талаптарымен бірге біздің елде жасалатын білім беру 
стандарттарының мазмұнын салыстыруға мүмкіндік береді. Зерттеу төрт жылда 
бір рет өткізіледі. Сонымен қатар меңгерген білімін күнделікті өмірде өз 
керегіне жарататын тұлға дайындау болып табылады. «1» 
Мектептерде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға зор 
мүмкіндіктер бар. 
TIMSS халықаралық зерттеулерге қатысу не береді? 
 Білім беру мазмұнын жаңартаға, білім беру сапасын бақылаудың 
жүйесін құруға; 
 Білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен бірігігуіне? 
 Ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға; 
 Заман ағымына ілесе алатын тұлға дайындауға; 
 Бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының математика мен 
жаратылыстанудан білім сапасына мониторинг жасауға мүмкіндіктер береді. 
Мен қалалық TIMSS шығармашылық тобында жүргеніме 5 жыл болды. 
Біздің топ жыл сайын бастауыш сынып оқушыларына арнап «Үздік 
әдістемелік- дидактикалық материал» дайындап келеді, дайындаған әдістемелік 
құралдарымызды факультатив сабақтарында қолданып жүрміз. Жинақтарда 
таңдау талап ететін және еркін жауап беретін тесттік тапсырмалары ұсынылған. 
Барлық тапсырмалардың форматы көрнекіленген, тапсырмалар және сұрақтар, 
суреттер мен сызбаларды, графиктер мен диаграммаларды қамтиды. Блум 
таксономиясы бойынша, оңайдан қиынға қарай тапсырмаларды қамтиды.


10 
Бастауыш сатыда математика, жаратылыстану пәндері қызықты, әрі қиын 
пәндердің бірі болып саналады. Осы пәндерден оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын арттыру үшін, мен өз сабағымда математикалық моделдерді 
құрастыру, диаграмма, графиктер түрінде берілген сандық мәліметтерді талдау, 
практикалық, зертханалық тәжірибелерді орындау жұмыстарын үнемі жүргізіп 
отырамын.
Оқушылар сабақта ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, 
зерттеу сияқты процестермен кездесіп отырады. Оларды ұштау,жетілдіре 
дамыту мұғалім міндеттерінің бірі болып табылады. «2» Осы міндеттерді шебер 
ұйымдастырғанда ғана пәнді оңай жолмен меңгеруге болады. Мысалы: TIMSS 
тапсырмаларында математикадан төмендегідей тапсырма бар. «1»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет