37
Всего центров регионального уровня – 55, принадлежащие к различным
ведомствам (МЗ РК, МТСЗ РК, МОН РК, НПО и частным структурам).
Мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық көмек көрсетуді одан әрі
жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық бірыңғай денсаулық
сақтау жүйесін енгізу шеңберінде амбулаториялық және стационарлық деңгейдегі
ұйымдардың құрамындағы
сауықтыру орталықтарының, қалпына келтіру-емдеу
бөлімшелерінің желілерін кеңейтіп, стационарды
алмастыратын нысандар
(күндізгі стационар) мен кешенді сауықтыру және емдік-диагностикалау
технологияларының заманауи аспектілерін енгізуде.
«Денсаулық
сақтау
объектілеріне
қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысымен
мүгедектердің, оның ішінде балалардың церебральды сал ауруымен ауыратын
мүгедектердің қоғамдық орындарда болуына қолайлы жағдайлар жасау үшін
белгілі бір санитариялық нормалар бекітілген.
Денсаулық сақтау министрлігі жаңа денсаулық
сақтау объектілерін салған
кезде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуде, атап айтқанда,
арбамен
қозғалатын мүгедектер үшін кіреберіс
жолдарын, ішкі өткелдер мен қатты
жабыны бар жаяу жүргіншілер жолдарын, пандустарды және дәретханаларда
арнайы кабиналарды көздейді. Сондай-ақ, баспалдақпен жүру үшін
балаларға
және ересектерге арналған қосарлы тұтқалар, зағиптар мен нашар көретіндер үшін
– бұдыр тұтқалар мен тұтқа учаскелерін, баспалдақтың
бірінші және соңғы
тепкішегін қарсы түстерге бояу көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: