Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет2/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
4.2 Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

 
Кіріспе 
 
Балаларға қамқорлық – еліміздің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі 
болып табылады. 
«Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» атты Жолдауында еліміздің Президенті әлеуметтік саясаттың жаңа 
қағидаттарын айқындап, балалықты қорғауды елдің дамуының таяу жылдарға 
арналған маңызды басымдықтарының бірі ретінде белгілеп берді және 
мемлекеттік органдардың оны іске асыру жөніндегі қызметінің негізгі 
басымдықтарын айқындады. 
Мемлекеттік әлеуметтік саясат Қазақстан Республикасы Конституциясының 
нормаларына және халықаралық міндеттемелерге сәйкес физикалық, зияткерлік, 
рухани, адамгершілік және әлеуметтік тұрғыдан баланың толыққанды дамуын 
қамтамасыз етуге бағытталған. 
Министрліктер мен ведомстволар балалардың өмір сүру сапасының 
әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы 
мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде шаралар қабылдауда. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан 
Республикасындағы балалардың жағдайы туралы кезекті баяндаманы ұсынып 
отыр. 
Баяндама «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына және Қазақстан Республикасы 
Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-
38.152 бұйрығына сәйкес дайындалған. 
Баяндаманың мақсаты Мемлекет басшысын Қазақстандағы бала 
құқықтарының жағдайы туралы хабардар ету болып табылады. 
Онда балалардың жағдайы туралы 2013 жылғы ақпарат, сондай-ақ оны 
жақсартуға бағытталған шаралар туралы ақпарат келтірілген. 
Баяндамада Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен 
үкіметтік емес ұйымдары ұсынған балалардың жағдайы және оның өзгеру 
үрдістері туралы ресми деректер негізге алынған. 
Баяндамада балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту, балалар мен 
жасөспірімдердің денсаулық жағдайы, тамақтануы, балалы отбасыларды 
әлеуметтік қолдау мәселелері көрсетілген. 
Жекелеген тараулар өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың (жетім 
балалардың, қадағалаусыз және қараусыз қалған балалардың, мүгедек 
балалардың, мигранттардың, аз ұлттардың балаларының және т.б.) жағдайына
сондай-ақ оларды қорғау және әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды дамытуға 
арналған. 
Баяндаманың қорытындысында негізгі тұжырымдар мен балалардың 
құқықтарын, оларды қорғауды және дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі қажетті 
іс-шараларды әзірлеу үшін ұсынымдар жасалған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет