38
Нәрестелердің
шетінеуі
мен ауруға шалдығуын азайту мақсатында
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Саламатты Қазақстан»
денсаулық сақтау
жүйесін дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының шеңберінде балаларды пневмококк
инфекциясына қарсы егуді
біртіндеп енгізуді жүргізуде.
2010 жылы Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, 2011 жылдан
бастап Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, 2012
жылдан бастап
Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында балаларды
иммундау басталды. 2015 жылға қарай пневмококк инфекциясына қарсы егу бүкіл
республика бойынша жүргізілетін болады.
Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында
балалар арасындағы
ауруға шалдығуды 2010 – 2013 жылдары салыстырмалы талдау өкпенің
қабынуымен сырқаттану деңгейінің тиісінше 43%-ға және 49,6%-ға; жіті ортаңғы
оитпен – 21,3%-ға және 2,13%-ға; өкпенің қабынуынан болатын өлімнің тиісінше
15,5%-ға және 57,1%-ға төмендегенін көрсетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: