Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет35/57
Дата29.01.2023
өлшемі1,27 Mb.
#63498
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Байланысты:
Мотивациялық кітаптар жиынтығы

мықтымын және жаман ойлар кетіп қалды"
166. Жеке бас өсуі үшін жанұялық және жұмыс кестесінен алынған уақыт, ешқашан зая 
кетпейді. Қарапайым өмірдің қуаныштарына уақыт бөлмеу және сол арқылы өзіңіздің 
күніңізге тепе-теңдік әкелесіз. Сіз қалған уақытыңызды өнімді және тиімді етесіз. 
167. Көп оқып, көп біліңіз. Көп күліп, көбірек жақсы көріңіз. 
168. Алты ай ішінде қарым-қатынасты жақсартқыңыз келетін 5 адамның тізімін жасаңыз. 
Олардың атын және қасына не үшін жақсартуды қалайсыз, қалай оны жоспарлаудасыз, 
қандай уақытта жүзеге асыратыныңызды жазыңыз. 
169. Дұғаның қандай күшке ие екендігін ұмытпаңыз. 
170. Сіздің жеке бас өсуіңізге арналған тамаша инвестиция – Норман Винсент 
Пильдің "Дұрыс ойлаудың күші" атты аудиокассеталары. Ондағы әдістер өнімді, бақытты, 
табысты өмірді қамтамасыз етеді. 
171. Қалта күнделік сатып алыңыз, ол кездесулер мен шаруаларды есіңізге түсіреді.
172. Комиссиялық кітап дүкендеріне барып тұрыңыз. Ол жерден мінез-құлықты жөнге 
салу жайлы кітаптар іздеңіз. Көптеген бағалы кітаптарды арзан ала аласыздар. 
173. Клод Бристольдың "Сенім сыйқыры" атты кітабын оқыңыз. Ол сіздің ақылыңыздағы 
серпінді күштерді босатуға мүмкіндік береді. 
174. Барлық адамдар сізді салқын қанды, жылы жүректі және тамаша мінезді адам ретінде 
білсін. 
175. Біреуге көмек көрсету – діннің жоғарғы түрі. Әр аптада 168 сағат бар, соның 
бірнешеуін басқаларға қызмет ету үшін бөліңіз. 
176. Үйіңізді қанық түсті гүлге толтырыңыз. Әдемі әуендер, шаттық күлкі, қуаныш – 
сіздің үйіңіздің оазисін толтырсын. 
177. Көршілеріңізбен тату болыңыз. Олар сіздің өміріңізді жақсартады, сізге әр кез 
көмекке келетін жандар. 
178. Мантра және ұнамды сөздерді қайталау күшін түсініңіз. 
179. Деміңіз мықты және біркелкі болса, ақылыңыз да біркелкі және тыныш болады. 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
180. Тыныш жерге отырып, жер бетінде жалғызбын деп санаңыз. Кімге қоңырау шаласыз? 
Не айтасыз, не істейсіз? Бұл сұрақтар не істеу керектігін анықтап береді. 
181. Мықты мінездің келесі сипатын зерттеңіз:

ой мен сөздің анықтығы, дәлдігі 

мәнердің көркемдігі және нәзіктігі 

өзіндік сараптама әдеті мен күші 

жеке бас өсуі 

өз мақсаттары мен армандарына жете алу қабілеті 
182. Л. Ф. Фелан айтты: "Жастық шақ – өмірдің кезеңі емес, ақылдың жай-күйі. Жылдар 
теріні құртады, ал құлшыныстан бас тарту жан-дүниені құртады... Сіздің үрей, күмән, 
жабығуларыңыз қаншалықты көп болса, соншалықты кәрісіз. Сіз жас болып қалғыңыз 
келсе, сіздің сеніміңіз, өзіңізге деген сенімділігіңіз, үмітіңіз жас болу керек". 
183. Жақсы денсаулық иесі болу үшін шығыс медицинасын және әдістемелерін үйреніңіз. 
184. Сіздің өміріңіздің басты басымдығына уақыт ұйымдастырып үйреніңіз. 
185. Өміріңіздің шапшаңдығын баяулатыңыз. Не нәрсе, шынымен, маңызды деген сұраққа 
жауап іздеңіз. Табиғи тыныштықты сыйлайтын шараларды ұйымдастырыңыз. 
186. Бір күн ішінде тек жеміс-жидек жеп, сүт ішіңіз. Аш болу – Шығыстың мықты және 
табысты стратегиясы, она қазіргі таңда миллиондаған адамдар қолданады. 
187. Жарыңыздын күлкісін бағалаңыз, оның суретін жұмыс үстеліне қойыңыз. Ол күн 
ішінде сізге шабыт сыйлайды және ұнамды ойларға себепші болады. 
188. Егер сіз үйленген болсаңыз, өзіңіз және жарыңыздың аты-жөнін сақинаға ойып 
жазыңыз. Бұл жоғалтып алған жағдайда да, ұрпақтан ұрпаққа беру үшін де пайдалы. 
189. Ақыл бақша сияқты не ексең, соны орасың. Оған бар жақсыны сыйлау керек, сонда 
ғана жемісін жейсіздер. 
190. Күніне 100 рет отырып-тұрыңыз, бұл әдетті бұзбаңыз. 
191. Ең шынайы, өтірік айтпайтын адам болыңыз. Басқалардың сеніміне лайықты болу 
керек. 
192. Өз қалауларыңызды басыңыз – өз жігеріңізді күшейтесіз. 
193. Егер бүгін сіз күлмесеңіз, онда бүгін өмір сүрмедіңіз. Көп және қатты күліңіз. Уильям 
Джеймс айтқандай: "Біз бақытты болғанымыз үшін күлмейміз, күлгеніміз үшін 
бақыттымыз"


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
194. Роберт Ричардсон және Катарина Тайердің "Харизма факторы. Табиғи көшбасшылық 
қасиеттерін қалай жетілдіруге болады" атты кітабын оқыңыз. 
195. Жиі саяхаттаңыз. Біз қажетті деп санайтын нәрсені бағалауға жақсы мүмкіндік береді. 
196. Спортпен шұғылдануға байланысты әр ай сайын мақсат қойыңыз. Мысалы, шілде 
айында жүзіп үйрену немесе қаңтарда шаңғы теуіп үйрену. 
197. Барлығы екі рет жасалады: алдымен ойда, сосын шынайы өмірде. Сондықтан 
жоспарды алдымен ойда жасап алу керек. 
198. Жұмысқа жаяу барыңыз, табиғаттың әсемдігін тамашалаңыз. 
199. Аз ұйықтап, көп істеңіз. Ұзақ өмір сүріп, ұлы адам болыңыз. 
200. Бұл кітапты қайта-қайта оқып, басқалармен бөлісіңіз! 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет