Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
Дональд Трамп: ЕШҚАШАН БЕРІЛМЕ!
Дональд Трамп – АҚШ-ның ең ірі «Trump International» құрылыс корпорациясының
иегері, миллиардер. Оның
«Ешқашан берілме!» атты еңбегін назарларыңызға ұсынамыз.
Қиыншылықтарды жеңу, сынақтардан сүрінбей өту әрбір пенденің өмірдегі басты
мақсаты және ұстанымы. Ешқашан берілгіміз және жеңілгіміз келмейді. Бірақ осының
бәрін жасап жатырмыз ба? Қалауымыз орындалып жатыр ма? Күнделікті өмірімізде біз
көптеген қиындықтарға тап боламыз. Кішкене келеңсіздіктерге шыдамай өмірге жеңіл
қарап, өмірде қанша адамдар сынып жатыр. Өзін керексіз бір адам ретінде санап түңіліп
кететін адамдар да болады, солай емес пе? Тіпті, бастамай жатып,
қол сілтейтіндер де
жеткілікті. Бұның барлығы ненің салдарынан деп ойлайсыздар? Егер үлкен жетістікке қол
жеткізем десеңіздер, көптеген кедергілерге қарсы тұруды үйренгілеріңіз келсе, бүкіл
әлемге, бастысы өзіңізге қандай мүмкіндікке ие екеніңізді көрсеткіңіз келсе, ата-ана және
Отан алдындағы борышыңызды орындағыңыз келсе, онда әлемді мойындатқан Дональд
Трамптың «Ешқашан берілме!»
атты еңбегін оқып көруіңіз.
Өмірде адам басынан қиыншылық өтпей қоймайды. Менің айтқаныммен бәрі
келісер. . . Қандай көлемдегі сынақтар болмасын, оны бастан кешірген адамдар бір-бірін
жақсы түсінеді. Бір жазушы айтқан еді: бұл жерден әлі ешкім тірі кеткен жоқ деп.
Мүмкін артық айтам, бірақ қарыздарыңыз миллиард доллар көлемінде болса,
басқа
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
дәрежеде ойлай бастайсыз. 90-жылдары менің өз кепілдігіммен алған қарызым 975
миллион болды. Мен банкорт болдым, банктер кудалады, адамдардың барлығы мені
көрсе ат тонын ала қашатын. Тоқырау кезеңі еді, жылжымайтын мүлік нарығы уақытша
өмір сүруін тоқтатты. Бір сөзбен айтқанда, қайғылы кездер болды. Радиостанциялар бұл
мағлұматты желдің жылдамдығындай жылдам таратты. Барлығы тек менің империямның
құлағаны туралы айтып жатты. Ол
әлем жаңалығына айналды, бір ауыздан барлығы
«бітті!» деді. Әрине, бұл керемет жаңалық болар еді, менің орнымда басқа біреу болса!
Өмірімнің өте қиын кездері . . . Өзімнің кінәм өзімді сәл жетістікке жеткеннен соң, патша
Мидас сезініп кеттім. Ақыры мені құртқан менің өзімшілдігім болды. Дегенмен, беріле
салу менде жоқ қасиет. Осының арқасында және маған айтылған сын-пікірдің арқасында
мен сол сәтсіздіктен жеңіспен шықтым. Мені бұрышққа итерген сайын, мен
жоғалтқанымды еселеп қайтаруға деген құлшынысым да күшейді. Өзімнің ұстанымымда
берік тұру, табандылығым, күш-қайратым, алға қойған мақсатқа қайтсемде жету, берілмеу
арқылы ғана олардың қателескенін мойындата алатынымды түсіндім.
Осы кезде маған не
күш берді?
Сенесіздер ме, осы келеңсіз жағдайды мен сәтті мүмкіндік ретінде санадым.
Барлық мені көре алмағандарға, сыншыларыма, бәріне менің алдыңғы жетістігім
кездейсоқ нәрсе еместігін, менің ойыммен санасу керек екенін дәлелдегім келді. Осыдан
алған менің сабағым - ойыңызды мәселеге емес, оның шешіміне жинақтау.
Мені Гиннестің рекордтар кітабына түседі деп ойладыңыздар ма? Жоқ, бірақ менің
ол кітапқа есімім 1990-жылдардағы қаржылық құлдырауға байланысты енген. Мен бұны
мақтан тұтамын. Бұл жағдай маған атақ пен даңқ сыйлады.
Адам өмірінің басты құндылықтарының бірі тұтастық
. Бұл түсінік бізді бақытты,
денсаулығы мол, көздеген мақсаттарға тиімді жеткізетін өмірді құраушы тіркестер.
Тұтастыққа антоним ретінде «сәтсіздік» сөзін алдым
. Егер сәтсіздікке ұшырасаңыз, ондай
кездер болып тұрады, оған қарсы ем - тек алға, сәтсіздік ешқашан ұдайы болмайды.
Бұл
бізді дұрыс әрекеттер істеуге қуаттайды. Ақыры әр нерсе өзінің шешімін табады. Көптеген
жандар тығырыққа тірелгенде, сәтсіздік олардың тағдыры деп балайды. Ең басты құпия
–
мықты жігердің және асқан төзімділіктің басым болуы. Себебі кез-келген мәселе – біздің
өміріміздің жартысы. Келісесіздер ғой? Сол мәселелер арқылы ғана өзімізді шыңдап,
жетістікке жете аламыз. Егер сіз
бизнес ашуға дайын болсаңыз, сізге олқылық, ағат
шешімдер, тіпті дерттер қорқыныш тудыра алмайды. Ешқашан сіздің, иә мына сіздің тап
болған күйіңіз, ең нашары емес. Мен уәде бере алам, жан-жағыңызға қараңыз, сізден
ауыр күнді бастан кешіп жатқан адамдар бар. Ең дұрысы,
ондай жағдай туа қалса,
өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен күшіңізге, ал бастысы жетістікке жетемін деп сену керек.
Бұл тірі қалудың немесе қайтсем де жетістікке жетудің амалы емес, бұл - сіздердің
міндеттеріңіз!
Бәрі сіздің қолыңызда!
Мен әрқашан басқа адамдардың ойын тыңдай біліңіздер, ал
шешімді өздеріңіз қабылдаңыздар деймін. Оқырмандар, ешқашан интуицияңызды
ескермеуге болмайды
. Алайда, тәуекелге бас тіккенде, одан
ұтатын әлеуетті олжа оған
тұрарлықтай болсын! Әрбір мәселенің шешімін дұрыс тауып, не істеп жатқаныңызды
нақты білу керексіз! Егер жағдай сіздің жоспарыңызға қарама-қайшы келіп жатса,
«Бұл
не? Келеңсіз жағдай ма, әлде зілзала ма?»
, - деген сұрақ қойыңыз. Біз Чикагода 2,7
миллион шаршы фунд, 92 қабатты, 800 миллион долларды құрайтын жоба жасадық. Оның
құрылысы барысында көптеген қиындықтарға тап болдық. Бірақ жоба таңғажайып
құрылыс болып қала бермек
. Сіздер жаһандық жоба
барысында қиыншылыққа тап
боламын ба десеңіздер?
Иә. Ал
бұл қиыншылықтарға шыдамай, бағытыңызды бұрып
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
жібересіз бе?
Қандай жағдай болмасын, бұндай жағдайды болдырмаңыз! Сіздің
шығармашылыққа деген талпынысыңыз барлық қиындықтарды жеңеді. Сізді алдыда
дауыл, тасқын күтсе де, жұмыстан шығарып жіберсе де, не жанжал болмаса да, сіз оларды
жеңе аласыз!
Себебі, сізде тегін сақтандыру полисі бар, қандай дейсіздер ғой, әрине, ол -
сіздің берік ұстанымыңыз «Ешқашан берілмеу!».
Достарыңызбен бөлісу: