Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
126. Сіздің сөздеріңіз жұмсақ, ал дәлеліңіз қатал болу керек.
127. Майда-шүйделерге бола алаңдауды доғарыңыз. Кішкентай сәтсіздіктер үшін күле
біліңіз. Бұл тәжірибелік әдіс сізді негативті әдеттерден сақтайды.
128. Басқалардан көп жұмыс істейтін адам ретінде белгілі болыңыз.
Өзіне көп шаруа
алып, табысты орындайтын адам ретінде көрініңіз. Елді аузына қарататын жарық жұлдыз
болыңыз.
129. Ұжымда жұмыс істей біліңіз. Жаңа достарды табыңыз. Сіздің жолыңызда кездескен
әрбір адамға ең маңызды адам ретінде қараңыз. Сізді үлкен табыстар күтуде.
130. Сіз бір нәрсе іздесеңіз, міндетті түрде оны табасыз. Егер сіз тек табысты күтсеңіз,
онда оған жетесіз. Шыңға шыққан атқарушылар табысты тартады. Өз қалауларыңызға
қайта-қайта оралыңыз, ол міндетті түрде жүзеге асады.
131. Өзіңізде таңдану сезімін жетілдіріңіз. Зерттеуші болыңыз.
Басқалары жай қарай
салатын нәрсе үшін таңғала біліңіз. Азғантай демалыс алып, өз жаныңыздың, тәніңізді,
ақылыңызды қадағалаңыз. Бұл сіздің өміріңіздің сапасын жақсартады.
132. Өз жақындарыңызды ұмытпау үшін оларды қамқорлық ретінде туған күндеріне ашық
зат жіберіп тұрыңыз.
Біздің бәріміз жұмыс бастымыз, алайда 5 минутты сол сияқты
нәрселерге арнасаңыз, ол сізге қайтады.
133. Адамдардың аттарын жаттап, оларға атымен шақырыңыз. Өз атын есту – ең ұнамды
музыка.
134. Жарты сағатқа далаға шығып, көк аспанға қараңыз. Табиғатпен байланысқа түсіңіз.
135. Бірнеше аптада бір рет үйде сағатыңызды қалдырып кетіңіз. Сағат біздің іс-
әрекетімізді басқара бастайды. Бұл күні өзіңіз қалаған нәрсені істеңіз.
136. Жұмыста күле біліңіз, көп нәрсеге жеткен жағымды адам ретінде көрініңіз.
137. Идея діл бейнесін тудырады. Ол өз кезегінде діл әдетін жасап шығарады,
соңы діл
мінез-құлық сипатын жетілдіреді. Өз өміріңіздің қожайынына айналыңыз – сонда
тағдырыңыздың қожайынына айналасыз.
138. Жағымсыздыққа қарсы ойлау күшіне ие болыңыз. Бұл қарапайым әдіс жағымсыз
ойды ұнамды ойға айналдырады.
139. Өз-өзіңізді сараптау үшін ұйықтар алдында 10 минут бөліңіз. Бүгін істеген жақсы,
жаман
нәрселер туралы ойланыңыз, жетілу үшін не істеу керектігін, не өзгерту керек,
соның барлығын сараптаңыз.
140. Ең тиімді оятар сіздің ойыңызда. Егер сенбесеңіз:
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
ұйықтар алдында ыңғайлы креслода 10 минут отырыңыз
көзіңізді жұмып және қолыңызды тізеңізге қойыңыз
бірнеше минут терең дем алыңыз (5 дегенде ауаны ішке жұтыңыз, 10
дегенде
дем шығарыңыз)
мынаны 20 рет қайталаңыз:
«Мен қалаған уақытымда оянамын, сергек боламын
Достарыңызбен бөлісу: