Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
1874 жылы Англия өздерінің азаматтарына тұрақты табыс салығын салды. 1913
жылы Конституцияның 16-шы түзетуі ретінде Америкада да табыс салығы тұрақты
салынатын болды. Американдықтар салықпен күрескен де болатын.
Америка мен
Англияға табыс салығын тұрақты ету үшін 50 жылдай уақыт кеткен. Осы табыс салығы
Америкаға енгенде, оның мақсаты байларды қалтырату деген сияқты негізде болды.
Сондықтан кедей және орта тап, салықтың заңдастырылуына дауыс берді. Бай әке Майк
екеуміздің осыны түсінгенімізді қалады. Салықтар байларды
жазалайды деген ертегілер,
ақыр соңы кедей және орта тапты да шарпып кетті. Мен адамдармен сөйлескенде
зияткерліктің қаржылық коэффициенті 4 саланы білуден тұрады:
1.
Бухгалтерлік есеп – бұл менің қаржылық сауаттылық дегенді білдіретін ұғымым.
Империя тұрғызғыңыз келсе, санай білу өте маңызды. Қаржылық сауаттылық – қаржылық
есептемені оқи және түсіне алу.
2.
Инвестициялау – мен бұны ақша табуға болатын
ақшаның ғылым саласы деп
атаймын.
3.
Нарықты түсіну – бұл ұсыныс пен сұраныс туралы ғылым. Нарықтың
«техникалық» аспектісін және нарыққа не керектігін білу қажеттілігі.
Инвестиция жасау
кезінде нарыққа қазір керек пе, яғни экономикалық мағынасы бар ма.
4.
Экономикалық заңдарды білу, юриспруденция – егер корпорацияда бухгалтерлік
есеп, инвестициялау, нарықты түсіну ісі жақсы болса, онда корпорацияны үлкен табыстар
күтуде. Ал егер адам өзінің корпорациясының салық артықшылықтарын және
корпорацияны қамтамасыз ететін
қауіпсіздіктерді білетін болса, онда ол анағұрлым
тезірек табысқа қол жеткізеді. Адамға экономиканы реттейтін заңдар туралы білу қажет.
Экономиканың
заңдарын білетін адам, оны білмейтін адам жерде жүргенде, ол ұшып
жүргендей болады.
Корпорациясы бар байлар: Табыс табады. Жұмсайды. Салық төлейді.
Корпорацияда жұмыс істейтіндер: Табыс табады. Салық төлейді. Жұмсайды.
Достарыңызбен бөлісу: