368
жаттықтыру аэробты мүмкіндіктерді жоғарылатады жəне тиісінше,
анаэробты табалдырық бойынша бірдей аэробты жұмысты орындау
барысында жаттықпаған əйелдерге қарағанда спортшы əйелдерде
қандағы лактат концентрациясы төмен болады. Осымен қатар ма-
мандануы бір болып келетін ерлерге қарағанда əйелдерде анаэробты
табалдырық кем келеді.
Ер адамдарға қарағанда əйелдерде ОМП-дан 80-85%-ға төмен
деңгейде аэробты жүктемелер кезінде жұмыс атқарушы бұлшық
еттердің
майларды (тотығуы) пайдалануы артық (ДК төмен) бола-
ды.
Əйелдер мен ер адамдарда бірдей аэробты жұмыстың
энергиялық
құндылығын сəйкестендіру кезінде бірнеше факторларды ең алды-
мен, əсіресе бірдей сол жаттығуларды орындау техникасындағы
айырмашылықтардан əртүрлі болатын жұмыстың механикалық
тиімділігін ескеру қажет.
Мəселен, əйелдер мен ер адамдарда велосипед тебудің энергия-
лық құндылығын анықтау кезінде айтарлықтай айырмашылықтар
байқалған, алайда, жұмыстың калориялық құндылығын дене
салмағына шаққанда ол айырмашылықтар жоғалған. Сайып келген-
де, адамның жасы да, дене құрылысы да немесе композициясы да
энергиялық шығынға айрықша ықпал етпейді.
Сонымен қатар дене салмағына шаққандағы калориялық
шығындар ер адамдарға қарағанда əйелдерде түрлі қашықтыққа
жүру кезінде 6-7%-ға, ал жүгіруде 10%-ға жоғары болған. Басқа
қырынан алып қарағанда, дене салмағына шаққандағы О
2
пайдала-
ну жылдамдығы бірдей тредбанда жүгіру кезінде əйелдерде жеке-
дара көрсеткіштердің вариациялығы артық болғанымен, екі жыныс
өкілдерінде де айтарлықтай ерекшеліктер байқалмаған.
Достарыңызбен бөлісу: