Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Төзімділікке жаттықтыру нəтижесіндегі физиологиялық



Pdf көрінісі
бет187/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Төзімділікке жаттықтыру нəтижесіндегі физиологиялық 
өзгерістер 
Жоғарыда айтылып өткендей, төзімділік жаттығулары туды-
ратын физиологиялық өзгерістер тұтасымен алғанда əйелдерде ер 
адамдармен ұқсас келеді. Бірдей (стандартты) максималды емес 
аэробты жұмыстарды орындау барысында «тұрақты күй» кезеңінде 
төзімділік жаттығуының белгілі бір кезеңіне дейін жəне одан кейін 
физиологиялық көрсеткіштерді салыстыруда келесідей өзгерістер 
айқындалған:
1. О
2
пайдалану жылдамдығы сол қалпында қалған (кейде тек 
біраз төмендеу тенденциясы байқалған);


369
2. Өкпелік желдену азайған;
3. Жүректің қан айдау қызметі өзгеріссіз қалған;
4. ЖЖЖ төмендеген;
5. Систолалық көлем артқан;
6. АВА-О
2
өзгермеген немесе тек аздап төмендеген;
7. Қандағы лактат концентрациясы кеміген.
Максималды аэробты жұмыс кезінде тіркелген максимал-
ды көрсеткіштердің жаттықтыру алдындағы көрсеткіштерден 
жаттықтырудан кейінгі ерекшеліктері:
1. ОМП артады;
2. Максималды өкпелік желдену ұлғаяды;
3. Максималды жүректің қан айдауы жоғарылайды;
4. Максималды ЖЖЖ біршама төмендейді;
5. Максималды систолалық көлем көбейеді;
6. Максималды АВА-О2 артады;
7. Максималды қандағы лактат концентрациясы жоғарылайды.
Бұл көрсеткіштердің барлығы негізінде энергия өнімділіктің 
тотығу үдерістеріндегі оттегіні утилдейтін қаңқа бұлшық еттерінің 
аэробтық мүмкіндіктері мен əйел организмінің оттегі тасымал-
дау мүмкіндіктерінің күшеюі жатқан аэробтық мүмкіндіктердің 
жоғарылауын көрсетеді. Ер адамдардағыдай аз дəрежеде болса да, 
əйелдерде төзімділік жаттығулары нəтижесінде бұлшық еттік мито-
хондриялар көлемі мен саны, аэробты метоболизмнің (тотығу) ар-
найы ферменттерінің белсенділігі мен мөлшері, бұлшық еттердегі 
негізгі энергиялық субстраттардың (гликоген мен триглицерид-
тер) саны артады, көмірсуларды, əсіресе, майларды тотықтыратын 
бұлшық еттердің қабілеті жақсарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет