Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Адамның морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен



Pdf көрінісі
бет214/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Адамның морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен 
дене сапаларына тұқымқуалаушылықтың ықпалы
Адам организмінің түрлі морфологиялық-физиологиялық 
көрсеткіштерінің тұқым қуалау дəрежесін зерттеу оларға 
генетикалық ықпалдың аса сан алуан болатындығын көрсетті. Олар 
байқалу мерзімі, əсер ету дəрежесі жəне көрінудің тұрақтылығы бо-
йынша ерекшеленеді. Неғұрлым организм белгілеріне тұқым қуалау 
ықпалы жиірек байқалса, соғұрлым іріктеу кезінде оларды есепке 
алу көбірек болу қажет. 
Морфологиялық-физиологиялық 
ерекшеліктердің 
тұқымқуалауы. В. Б. Шварц (1991) мəліметтері бойын-
ша тұқымқуалаушылықтың ең көп берілуі адам организмінің 
морфологиялық көрсеткіштеріне, аз берілуі физиологиялық 
көрсеткіштерге, ал ең аз берілуі психологиялық белгілерге тəн 
екендігі анықталған. 
Морфологиялық белгілер арасында тұқымқуалаушылықтың 


420
барынша мол ықпалы дененің бой мөлшеріне, аз ықпалы 
көлемдік мөлшерге, ал одан да аз əсері дене құрамына болады. 
Тұқымқуалаушылық коэффициентінің мөлшері сүйек ұлпалары 
үшін едəуір жоғары, бұлшық етке азырақ, ал май ұлпалары үшін 
ең төмен мəнге тең. Əйел организмінің тері асты клетчаткасы үшін 
оның мəні тіптен, төмен болады (Б. А. Никитюк).
Функциялық көрсеткіштер үшін көптеген физиологиялық 
параметрлердің айтарлықтай генетикалық берілуі, олардың ара-
сында əсіресе, организмнің метаболизмдік сипаттамасы, аэробты 
жəне анаэробты мүмкіндіктері, бұлшық еттегі жылдам жəне баяу 
талшықтардың пайызы, жүректің көлемі мен мөлшері, ЭКГ сипат-
тамасы, тыныштық күйдегі систолалық жəне минуттық қан көлемі, 
дене жүктемелері кезіндегі ЖЖЖ, артериялық қан қысымы, өкпенің 
тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), тыныс жиілігі мен тереңдігі, ты-
ныс алудың минуттық көлемі, дем алғанда жəне шығарғанда ты-
нысты кідіру ұзақтығы, альвеолалық ауа мен қандағы О
2
мен СО
2
парциалдық қысымы, қандағы холестерин мөлшері, эритроциттердің 
тұну жылдамдығы, АВО қан тобы, иммундық статус, гормондық күй 
жəне т.б. көрсеткіштер тəн. 
Көптеген психологиялық, психофизиологиялық, нейродина-
микалық, сенсомоторлық көрсеткіштер, сенсорлық (сезім) жүйелері 
сипаттамалары да жəне үлкен ми сыңарлары қыртысы электрлік 
белсенділігі (ЭЭГ) көрсеткіштерінің көп бөлігі, ақпараттың өңделу 
жылдамдығы, мидың өткізу қабілеті, зерделілік (интеллектуалдық) 
коэффициенті, сенсорлық жүйелердің сезімталдығы табалдырығы, 
түс ажырату мен оның кемістері (дальтонизм), қалыпты жəне алыс-
тан көргіштік рефракция, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктері, 
темперамент белгілері, ми жарты шарларының доминанттылығы, 
моторлық жəне сенсорлық ассимметрия жəне т.б. қатаң генетикалық 
бақылауда болады. 
Көптеген мінез-құлық актілері тұтас гендер кешенімен 
анықталады. Неғұрлым адамның мінез-құлқы күрделірек кел-
ген сайын, соғұрлым генотип ықпалы азырақ байқалады, ал 
қоршаған орта рөлі басымырақ келеді. Неғұрлым күрделірек қимыл 
дағдыларына қарағанда, барынша қарапайым қимыл дағдылары 
үшін тұқымқуалаушылық жоғары болады. 
Адамның өмірлік тəжірибесі мен білімі артқан сайын генотиптің 
салыстырмалы рөлі оның тіршілік ету барысында төмендей береді. 


421
Белгілердің жыныс бойынша тұқымқуалауында кейбір 
айырмашылықтар байқалған. Мəселен, ер адамдарда көп ша-
мада солақайлық, дальтонизм, жүректің көлемі мен мөлшері 
көрсеткіштері, артериялық қан қысымы, ЭКГ, қандағы холестерин 
мен липидтердің мөлшері, саусақ таңбаларының сипаты, жыныстық 
даму ерекшеліктері, сандық жəне кеңістіктік тапсырмаларды шешу 
қабілеті, жаңа жағдайларда бағдарлау сынды қасиеттері тұқым қуа-
лай беріледі. Əйел адамдарда көп дəрежеде дене салмағы мен бойы, 
моторлық сөйлеудің басталу мерзімі мен дамуы, ми жарты шарлары 
қызметінде симметрияның көрінуі генетикалық бағдарламаланған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет