Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Спорттық іріктеуде адамның физиологиялық-генетикалық



Pdf көрінісі
бет216/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Спорттық іріктеуде адамның физиологиялық-генетикалық 
ерекшеліктерін ескеру
Адамның морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен 
оның дене сапасына тұқымқуалаушылықтың қаншалықты ықпал 
ететіндігін білу ең көп дəрежеде генетикалық бақылауда болатын, 
яғни жаттықтыру барысында өзгеріске аз ұшырайтын жəне барын-
ша болжамалы болып табылатын көрсеткіштерге сүйене отырып, 
спорттық іріктеуді жүргізуге мүмкіндік береді.
Спорттық іріктеуде отбасылық тұқымқуалаушылықты ескеру
Спорт практикасында отбасылық тұқымқуалаушылықтың рөлі 
белгілі. Спорттық дəрігер-физиолог Пер-Олаф Астранд мəліметтері
бойынша айтулы спортшылардың 50% жағдайда балалары айрықша 
спорттық қабілеттілікке ие келеді. Көптеген ағайындылар спорт-
та жоғары нəтижелер көрсеткен. Автор мысалға, Дерюгиндер 
отбасындағы анасы мен қызын, ағайынды Знаменский, апалы-сіңілі 
Пресс жəне т.б.-ды көрсеткен. Егер ата-анасының екеуі де айтулы 
спортшылар болса, онда олардың балалары жоғары нəтижелерге 
70% жағдайда қол жеткізуі мүмкін. 
Теппинг-тест орындау жылдамдығы көрсеткіштері бойынша 
зерттеулер нəтижелері келесідей болған: егер екі ата-ана да теп-
пинг тест бойынша «жылдамдар» тобына жатса, онда мұндай ата-
аналардан дүниеге келген балалар арасында «баяуларға» (тек 4%) 
қарағанда «жылдамдар» айтарлықтай көп (56%) болған. Егер ата-
ананың екеуі де «баяуға» жатса, онда балаларының 71%-ы «баяу-
лар» басым болып, ал қалғандары (29%) «орташа» болған. 
Отбасы ішілік ұқсастықтар жаттығу сипатымен, популя-
ция ерекшеліктерімен, отбасында баланың дүниеге келу ретімен 
тəуелділікте болған. 
Отбасы ішілік барынша өзара тығыз байланыс жоғары 
жылдамдықты циклдік жəне жылдамдықты-күштік жаттығулар 
үшін тəн. Дəстүр бойынша таңдаулы əулеттің балалары оқитын 
ағылшын жабық колледждері мұрағаттарын зерттеу нəтижелері 12 
жаста балалар мен олардың ата-аналарының қимыл қабілеттерінің 
белгілі бір ұқсастықтарын көрсеткен. Кейбір морфологиялық 
белгілер мен жылдамдықты-күштік жаттығуларға тəн нақтылы кор-
реляция байқалған, мысалы, адам бойы бойынша (r = 0,50), 50 ярдқа 
(ағылшын өлшем жүйесіндегі ұзындық өлшемі: 1 ярд = 3 фут = 91, 


425
44 см) жүгіру бойынша (r = 0,48), орнында тұрып ұзындыққа секіру 
бойынша (r = 0,78) анықталған. Алайда, теннис добын лақтыру, 
гимнастикалық 
жаттығулар 
сынды 
күрделі-координациялық 
қозғалыстар үшін корреляция тəн болмаған. 
Организмнің түрлі қызметтерінің көптеген отбасылық 
ерекшеліктері зерттелінген. 
Ересек стайер-желаяқтарында оттегі жетіспеушілігі (гипоксия) 
мен көмір қышқыл газының артық мөлшеріне (гиперкапнияға) жа-
уап ретінде туындаған өкпелік вентиляция өзгерістеріне зерттеу 
жүргізу тыныс алу реакцияларының мықты спорттық дене бітімі тəн 
ұзақ арақашықтыққа жүгіретін желаяқтар мен олардың спортпен 
шұғылданбайтын туысқандарында бірдей болатындығын көрсеткен.
Бұл ретте олардың спортпен айналыспайтын тұлғалардан тұратын 
бақылау топтарындағы өкпелік вентиляцияның неғұрлым жоғары 
өзгерістерінен нақтылы айырмашылықтары болған (Scoggin С. Н. et 
al).
Отбасы ішілік зерттеудің кейбір қарама-қайшы мəліметтері 
морфологиялық белгілер генетикасын популяциялық ерекшеліктер 
ықпалымен түсіндіреді (Л. П. Сергиенко 1987). Мəселен əртүрлі 
популяциядағы адам бойы ұзындығына отбасы ішілік генетикалық 
ықпалдың көрінуі түрліше болған. Мысалы, америкалық попу-
ляцияда ең жоғары өзара байланыс анасы-қызы жұбы арасын-
да айқындалса, одан соң оның төмендеуі анасы-ұлы, əкесі-ұлы, 
əкесі-қызы жұптарында байқалған. Ал африкалық популяцияда 
корреляцияның төмендеуі басқадай (əкесі-ұлы жұбынан, анасы-ұлы, 
анасы-қызы, əкесі-қызы жұбына дейін) реттілікпен көрінген.
Ақыл-ой қабілетіне қатысты (интеллектуалдық коэффициент 
көрсеткіші бойынша) отбасы ішілік өзара байланысты британдық 
ғалым-психолог Ганс Юрген Айзенк (1989) айтқан болатын. Ақыл-
ой операцияларын жүзеге асыру жылдамдығы мен интеллектуалдық 
проблемаларды шешу бойынша асыранды балалардың көрсеткіш-
тері олардың асырап алған ата-аналарының емес, биологиялық ата-
аналарының ақыл-ой қабілеттерімен сəйкес келген. Бұл деректер 
аталмыш қабілеттің тұқым қуалайтындығын көрсетеді.
Немере қарындас пен ағалар арасындағы, яғни туыстық некелерді 
талдау нəтижесі жақын туыстар отбасыларында генетикалық əсердің 
терістігін дəлелдейді. Ерте заманнан бастап-ақ, біздің ата-бабалары-
мыз туыстық некеге рұқсат бермеген. Генетикалық зерттеулер жеті 


426
атадан кейінгі ұрпақта мутантты гендердің əсері байқалмайтынын 
көрсетеді. Сондықтан біздің бабаларымыз жеті атадан соң кейбір 
ағайындар арасында қыз алысуға рұқсат еткені белгілі. Бұл құбылыс 
шығыс халықтарының ішінде еврейлерде, Өзбекстанның кейбір ау-
дандарында, жапондықтарда кездеседі. Өз шежіресін білу туыстар 
арасындағы жақындықты, бауырлар арасындағы сүйіспеншілікті, 
ата-баба, апа-əжелерді есте сақтауға көмектесіп, туыстық некенің 
болуын азайтады. Неміс, еврей жəне ағылшындар отбасылары өз 
шежіресін болашақ ұрпаққа қалдырып отырады екен. 
Адамның спорттық қабілеттерін анықтайтын көптеген 
морфологиялық-физиологиялық (адам бойы мен аяқ-қолдары 
ұзындығы, жүрек пен өкпе мөлшері мен көлемі, ақыл-ой қабілеті, 
кеңістікті қабылдау, түсті, дыбысты, сөзді ажырату қабілеті жəне 
көптеген басқа да) белгілер генетикалық тəуелділікте болады жəне 
ата-аналарынан тұқым қуалай беріледі. 
Л. П. Сергиенко (1993) жоғары санаттағы спортшылар-
дан тұратын 163 отбасын зерттей отырып, адамның спорттық 
қабілеттерінің тұқымқуалауына арнайы талдау жүргізген. Олардың 
ішінде 15 спорт шебері, 120 халықаралық санаттағы спорт шебері, 
28 еңбек сіңірген спорт шеберлері – Олимпиадалық ойындардың 
жеңімпаздары, əлем, Еуропа, КСРО біріншіліктерінің жеңімпаздары 
мен жүлдегерлері болған. 
Көбіне жоғары жетістіктер (66.26%) балалар-ата-аналар ара-
сында жақын ұрпақтарда жиі байқалған. Мұнда тұқымқуалаудың 
рецессивті типі жағдайындағыдай ұрпақтарда «үзу» болмаған. Осы-
дан тұқымқуалаудың доминантты типі тəн деп болжам жасалынған. 
Айтулы спортшылардың аға-қарындастары, ата-аналарында 
қозғалыс белсенділігі қарапайым популяциядағы адамдарға тəн 
деңгейден жоғары болатындығы анықталған. Дене еңбегі неме-
се спортпен 48,7% ата-ана шұғылданған, соның ішінде аналарға 
(18,99%) қарағанда əкелер (29,71%) көбірек айналысса, ал апа-
қарындастарына (42,05%) қарағанда аға-бауырлары (79,41%) 
неғұрлым белсендірек болған. 
Спортшы-ер адамдардың аналарының спортпен шұғылданып, 
ал əкелері спортпен айналыспаған бірде-бір жағдай болмаған. Ай-
тулы спортшылардың əйел жыныстыларға қарағанда еркек жыныс-
ты туыстары едəуір көп болған. Ер адамның еркек жынысты туыс-
тары əйел адамның əйел жынысты туыстарына қарағанда барынша 
жоғары спорттық біліктілікке ие. 


427
Сонымен, 
спортшы-ер 
адамдардың 
қимыл 
қабілеттері 
генетикалық əке жақтан берілетіні сөзсіз. 
Спортшы-əйел адамдардың бұдан айырмашылығы олардың 
спорттық қабілеттері көбіне, анасы жақтан тұқым қуалай берілген. 
Айтулы спортшылар көбіне екі (44,79%) немесе үш бала-
лы (21,47%) отбасының кенжелері болған (арнаулы зерттеу-
лер жүргізілмесе де қазақ фольклорында үш ағайындылардың 
кенжелерінің ерекше, дара болып келуі сирек кездеспейді).
Спорттық мамандандыру таңдауда отбасылық ұқсастықтардың 
ерекше заңдылықтары, яғни күреспен (85,71%), ауыр атлетика-
мен (61,11%) жəне сайыспен (55,0%) айналысуды таңдауда ең көп 
ұқсастықтар, ал баскетбол, бокс (29,4%), акробатика (28,575) жəне 
волейбол (22,22%) сынды спорт түрлерін таңдауда ең аз ұқсастықтар 
орын алған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет