Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет170/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   181
Шақшақ Жәнібек – Тоқал Арғын руынан шыққан атақты батыр, сардар. 
Исатай Тайманұлы (1791 − 12.7.1838) − Бөкей Ордасы мен Кіші жүздің ба-
тыс бөлігінде болған ұлт-азаттық көтерілістің (1836-1837) басшысы. Тегі: Кіші жүз, 
Байұлы, Беріш. 
Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі − 1847, Қырғызстан, Жетіжал 
жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері
әскери қолбасшы, қазақ халқының (1837 − 1847 ж.) ұлт-азаттық қозғалысының 
көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 − 1847). Шыңғыс ханның 27-ші 
ұрпағы, Абылай ханның немересі.
Қамбар – 1) қазақтың наным-сенімінде жылқы малының пірі, иесі. Кейбір 
аңыздарда Қамбар ата есімі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың күйеу баласы Әзірет 
Әлінің атбегі болған Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. 2) «Қамбар 
батыр» жырының бас кейіпкері. Оның тарихилығын дәлелдеу мүмкін емес. Халық 
қиялынан туған батырлардың жинақты бейнесі. 
Қасен, Хасан – Хасан бин Әли Мұхаммед әл-Мужтаба (669 ж.қ.б.) – Әли мен 
Фатиманың үлкен ұлы, Мұхаммед пайғамбардың немересі, шииттердің екінші 
имамы. Әли қайтыс болғаннан кейін 661 ж. Хасан отбасының үлкені ретінде, 
пайғамбардың алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін Ирактың халифасы болып 
сайланған. Әлидің Иракты жақтаушы достары Хасанды сириялықтармен қайта 
күрес жүргізуге азғырады, алайда, ол халифа Муғаиямен келіссөз жүргізуге 
ұмтылады. Оны бұған қаражат мұқтаждығы итермелеген болуы керек. Ақырында, 
Хасанның қылығы Әли үйіндегілердің екіге жарылуына әкеп соқты: бірі мұны теріс 
десе, екіншілері дұрысқа жатқызды. Алайда, шииттердің бұдан кейінгі ұрпақтары 
Хасанның мұра боларлық бейнесін жасап шығарды. 
Қоршының Сүлеймені – қырғыз.
Құсайын, Хұсайын, әл-Хусаин бин Әли Әбу Абдаллах аш-Шахид (626 -10.10.680) 
– Әзірет Әлінің Фатимадан туған кіші ұлы. Ағасы әл-Хасан 669 ж. қайтыс болғаннан 
кейін әулеттің басшысы ретінде Куфадан Мединеге қайтып оралды. 
Лұд, Лұт – Ибраһим (а.с.) туысқаны, һарунның ұлы. Ибраһиммен ұзақ жыл 
қарым-қатынаста болған. Алла Тағала Лұтты Иорданиядағы Содум қауымына 
пайғамбар етіп жіберген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет