386
Қазақ өнерінің антологиясы
РУ АТТАРЫ
Арғын – шежіре бойынша, Орта жүз құрамына енеді. Қазақ шежіресінде
Арғындар Бәйбіше Арғын, Тоқал Арғын деп, екіге бөлінеді. Ергүл бәйбішеден өсіп,
өнген арғындар бірлестігі «Бес Мейрам» деп аталады. Олар: Қуандық, Сүйіндік,
Бегендік (Қозған), Шегендік (Қақсал), Қаракесек (Болатқожа). Тоқал Арғынға
жататындар: Момын ананың атына байланысты «Жеті Момын» аталады. Олар:
Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл, Атығай, Сарыжетім, Шақшақ.
Аталық – Ұлы жүз, Ошақтының бір атасы.
Әлім – Кіші жүзге жататын рулардың бір құрамы.
Баба – Күшік елінің бір атасы.
Бағаналы – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі
Найман тайпасынан таратылады.
Бошан – Қаракесек руына кіретін аталық.
Достарыңызбен бөлісу: