Айтыс II том «КҮлтегін»


Қасқарау – Дулат руының бір атасы. Қуандық



Pdf көрінісі
бет174/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   181
Қасқарау – Дулат руының бір атасы.
Қуандық – Орта жүздегі ру аты.
Майлыбай – Кете руының ұраны.
Мейрам – Орта жүздегі Арғын тайпасының құрамындағы бес рудан құралған 
бірлестік.
Найман – қазақ халқын құраған ежелгі тайпалардың бірі. 
Оймауыт – Жаныс руының бір бұтағы. 
Ошақты – Ұлы жүз құрамындағы тайпа. Ошақты тайпасының ұраны – 
«Бақтияр».
Сиқым, Сыйқым – Ұлы жүз, Дулат тайпасына кіретін рулар бірлестігі. Шежіре 
бойынша, Дулаттан Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шымыр тарайды. 
Суан – Ұлы жүз құрамындағы тайпа. Шежіре бойынша, Бәйдібектің Жарықшақ 
(шын аты – Тілеуберді) деген баласынан Албан, Суан, Дулат тараса, Суаннан Бай 
мен Дай тарайды, оларды Байсуан және Дайсуан деп атаған. Бірақ Дайсуанды ешбір 
шежіре таратпайды. Ал, Байсуанның шежіресі белгілі. 
Сіргелі – Ұлы жүз құрамына кіретін тайпа. Қазақтың барлық шежіре 
деректерінде Үйсілмен бірге туған Ойсылдың ұрпағы. 
Табын – Жетіруға кіретін бір ру.
Тоқтамыс – Кіші жүздегі Байұлы тайпасындағы Шеркештен тарайды
Тыныштық ақынның ауылы.
Шапырашты – Ұлы жүз құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Абақтан тарай-
тын Бәйдібектің екінші әйелі Зеріптен Жалмәмбет (Жәлменде), одан Шапырашты
Ысты, Ошақты тарайды. Диқанбай батыр шежіресінде, Шапыраштыдан Асыл, Шы-
был, Екей, Еміл, Есқожа, Айқым өрбітіледі. 
Шымыр – Ұлы жүз, Дулаттан шыққан бір ру.
Уақ – шежіре бойынша, Шоға, Сарман, Байназар, Сарыбағыш, Сіргелі, Еренші, 
Әлімбет, Бидалы, Жансары, Баржақсы, Шәйкөз руларына бөлінеді. 
Үйсін – қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының 
бірі. Қазақтың дәстүрлі шежіресінде, Үйсінді Шыңғыс хан заманындағы Майқы 
биден таратады. Ботбай руынан шыққан Диқанбай батырдың шежіресінде
Н.Аристовтың жазбасында Майқы биден: Қаңлы, Бақтияр, Қырықжүз, Мыңжүз. 
Бақтиярдан: Үйсін, Ойсыл. Үйсіннен: Ақсақал Абақ, Жансақал Тарақ. Абақтан – 
Қараша, одан Бәйдібек, Байтулы. 
Ұлы жүздің негізін құраған тайпалар Бәйдібектің балалары болып саналады. 
Олар: Албан, Дулат, Суан, Шапырашты, Сарыүйсін, Ошақты, Ысты. 
Ысты – Ұлы жүз, Жалмамбеттен тараған.


388
Қазақ өнерінің антологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет