134
Қазақ өнерінің антологиясы
ҚҰДАЙБЕРГЕН МЕН ҚАДИША
Құдайберген:
Тоты едім Құдайберген Қыпшақ текті,
Баласы Әлсейіттің даңқым кетті.
Аралап Орта жүзді жүргенімде,
Салдықпен жанаушы едім талай бетті.
Бір қызбенен айтыстым Қадиша атты,
Атбасар, Қараөткелде сонау шетте.
Қарауыл, Атығай мен Мүлтік, Сары,
Сыртынан шыққан екен сонша даңқы.
Дейтұғын үлкен Қараой, кіші Қараой,
Аққұдық жайлауы екен онан да ары.
Айтысқан
Құдайберген сонда барып,
Сөзімді тыңдап отыр, құлақ салып.
Онымен ата болып айтысқам жоқ,
Төрт-төрттен сегіз уйез бөліп алып.
Атбасар, Қараөткел мен Көкшетауды,
Қызылжар – бұл төртеуін Қадиша алды.
Кереку, Қарағанды, Омбы, Семей,
Жамағат, бұл төртеуі маған қалды.
Сезімді
екі жақтап орнықтырып,
Мінекей, қыз сөйлейді онан әрі.
Әдейілеп барған маған кезек бермей,
Әуелі қыз өлеңді қоя берді.
Қадиша:
Басайын түрлендіріп әннен өрнек,
Мағлұм бір Аллаға алмақ-бермек.
Бір ақын Омбы уезден іздеп кепті,
Менімен айтысуға аты терлеп.
Бір ақын іздеп келген Омбы уезден,
Бишара ат терлетіп сонша жерден.
Береді
сендей ақын ат пен шапан,
Қожахмет іздеп келіп, шапан берген.
135
Айтыс II том
Қадиша, сұрасаңыз, менің атым,
Қарауыл Мертік еді арғы затым.
Ұжмақтан хордың қызы келмейді ғой,
Құрбыдан артық туған қияпатым.
Мен
өзім әрі баймын, әрі молмын,
Әуелден қыдыр қонған шалқар көлмін.
Айтайын төрт уезден құтым санап,
Төрт-төрттен сегіз уйез берген балап.
Ей, сорлы, менің жайым мынадайын:
Мен сөйлеп, тыңдатайын сөз ыңғайын.
Қызылжар уезімнің бір шеті еді,
Бақ қонған, қыдыр дарып Өсербайым.
Тағы да Бесқоңырда Бекен мырза,
Ей, мырза, мырзаң бар ма солардайын?
Көкшетау
дуанында Науан хазірет,
Бақ берген тірлігінде бір құдірет.
Елінде Торайғырдың асыл дана,
Тоғыз мың жылқы айдаған Қожахмет.
Әдейі сонша жерден келсең-дағы,
Біздермен теңелуің қиын рет.
Қырғызда қос қапамен, міне, екі қол,
Атанған мұсылманға Ташмұхамбет.
Елінде Жағалбайлы Сәрсен байым,
Мың-мыңнан о да өргізген құлын-тайын.
Қараөткел
Қыпшаққа да мың қой бітіп,
Басшысы – аға сұлтан Ыбырайым.
Достарыңызбен бөлісу: