№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет45/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

§ 4. Мотивация жəне жеке адам
Бiз жоғарыда қарастырып өткен мотивациялық факторлар уақыт өте келе жеке адамға
етене болатыны соншылық оның тұлғалық бiтiстерiне айналады. Олардың қатарына;
табысқа жету немесе сəтсiздiктен қашу мотивi, мазасыздану, локустық қадағалау, өзiндiк
бағалау, талаптану деңгейiн жатқызуға болады.


Сонымен қатар жеке адамды тұлға ретiнде сипаттайтын оның қарым-қатынасқа деген
қажеттiлiгi (аффилиация мотивi), билiк мотивi, басқаларға жəрдемдесу мотивi (альтруизм)
жəне өшпендiлiк сияқты адамның басқа адамдарға деген қатынасын реттейтiн əлеуметтiк
маңызды мотивтерiне кеңiрек тоқтала кетуге болады.
1) Табысқа жету жəне сəтсiздiктен қашу мотивi. Табысқа жету мотивi теориясы
бойынша адамда iс-əрекет пен функционалды байланыста болатын, табысқа жетуге
бағытталған екi түрлi мотив болады. Бұл екi мотивке ие жеке адамдардың жүрiс-
тұрысының қозғаушы күштерi арасында елеулi айырмашылықтар болады.
Табысқа жету мотивiн ұстанған адамдар өз iс-əрекетi алдына нəтижесi сөзсiз табысқа
əкелетiн iс-əрекет түрлерiн, əдiс-тəсiлдерiн таңдап алып, оған жетуге белсендi атсалысады.
Мұндай адамдардың когнитивтi сферасында табысты күту,яғни табысқа жету сенiмдiлiгi
болады. Олар өз iс-əрекетiн басқалардың қолдауы, құптауын сезiнiп, осыған сай iс-əрекетi
жағымды эмоцияларға толы болады. Оларға өз iсiне бар күш-жiгерiн жұмсау, қойған
мақсатына бар зейiнiн шоғырландыру тəн болып келедi.
Керiсiнше, сəтсiздiктен қашу мотивi басым адамдарда, iс-əрекеттегi негiзгi мақсат
табысқа жету емес, сəтсiздiктен қашу болып табылады. Олардың бар күш жiгерi осы
мақсатқа жұмылдырылғандықтан, оларда сенiмсiздiк, сынға ұшырау, сəтсiздiк
қорқынышы нəтижесiнде жағымсыз эмоция басым болады. Олардың бойында сəтсiздiкке
ұшырау қаупiн үнемi сезiнгендiктен iс-əрекетке деген ықыласы төмендейдi.
Табысқа жету мотивi бар адамдар əдетте, өз мүмкiншiлiктерi мен iскерлiк,
дағдыларына сай iс-əрекет түрлерiн таңдап алады. Талаптану деңгейi мен мүмкiндiктерi
арасында толық теңдiк орнаған. Ал, сəтсiздiктен қашу мотивi бар адамдар өз мүмкiндiгiн
бағалауда жоғары өзiндiк бағалау немесе төменгi өзiндiк бағалау нəтижесiнде ең қиын
немесе ең оңай iс-əрекет түрiн таңдап алады. Олардың бойындағы талаптану мен
мүмкiндiк деңгейi арасында сəйкестiк болмайды.
Табысқа бағытталған адамдар өз алдына қойған мақсаттарына жету үшiн барлық
мүмкiншiлiктердi пайдаланады. Ал басынан сəтсiздiкке бағытталған адам өзiне
сенiмсiздiк бiлдiрiп, сыннан қорқады.
2) Аффилиация мотивi. Бұл мотив адамдардың өзара қарым-қатынас кезiнде
адамдармен жағымды, эмоциялық тұрғыда жылы қарым-қатынас жасауға талпыну ретiнде
көрiнедi. Бұған қарама-қарсы адамның басқа адамдар тарапынан шеттетiлуiнен, өзiн
қабылдамауынан қорқу мотивi де байқалады. Адамдардың жеке адам аралық қарым-
қатынастағы белсендiлiгi немесе енжарлығы оның бойында аталмыш мотивтердiң
басымдылығымен айқындалады. Аффилиация мотивi көбiне жеке адамның қоршаған орта
тарапынан қолдауға ие болуы жəне өзiне деген сенiмдiлiктi қалыптастырумен қатар өз-
өзiн бекiтуге деген талпынысымен байланысты жүзеге асады.
3) Билiк мотивi. Бұл мотив адамның басқа адамдарға үстемдiк немесе билiк көрсетуге
талпынуы.
4) Альтруизм немесе көмек көрсету мотивi. Альтруистiк мiнез-құлықты адамның
қоршаған ортадағы басқа адамдардың жағдайын жасауға бағытталған əрекеттерi ретiнде
түсiндiруге болады. Мұнда қамқорлық көрсету, басқаларды қолдау, қорғау, жайландыру
талпыну мотивтерi ретiнде көрiнедi.
5) Агрессия мотивi. Адамға моральдық, материалдық немесе физикалық зақым
келтiретiн əрекеттердi агрессия деп айтады. Агрессия тек фрустрацияға деген реакция
ретiнде ғана емес, басқа адамдарға бөгет жасау, оларға əдiлетсiздiк көрсету, оларды кемiту,
зақым келтiру ретiнде көрiнуi мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет