Тұрақты даму түсінігі. Экологияның қазіргі құрылымы: аутэкология,демэкология,синэкология



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата01.02.2023
өлшемі1,75 Mb.
#64458
1   2   3   4
Байланысты:
4 семестр

1896 жылы Шретер нақты жеке түрлер
экологиясын белгілеу үшін енгізгенін
айта кету керек.
Шретер


Синэкология.


Қауымдастықтар экологиясы – синэкология: Синэкология (грек тілінен
аударғанда syn –бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен 
микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын (биоценоздар), 
олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін
экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы
Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп шықты. 
«Синэкология» 
ұғымын
ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шретер болып есептеледі. Әр турдің
популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен — бірлестіктер немесе
биоценоздар түзіледі. Биоценоз (грек тілінен bios — өмір, koinos – жалпы, ортақ) 
қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, 
жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. «Биоценоз» 
үғымьн 1877 жылы неміс зоологы К. Мебиус (1825— 1908) ұсынды.
Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами
алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара әсерлері қалыптасқан, тірі
және өлі компоненттерінің жиынтығынан түратын белгілі бір комплекстер
түзіледі. Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың
белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік биотоп (грек 
тілінен аударғанда topos - орын) ден аталады. Егер биотопты биоценоз өмір
сүретін орьш ретінде сипаттасақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа
тән, тарихи қалынтасқан ағзалар комплексі деп карастыруга болады. Кез келген
биоценоз биотопнен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе
биогеоценозды түзеді. «Биогеоценоз» үғымын 1940 жылы В Н- Сукачев ұсынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет