В.Н. Сукачев (1880—1967) биогеоценозға мынадай аныктама берген —
«жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті
(атмосфера,
тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі,
микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жагдайлар)
бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу
ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да
табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама-қайшылықты біртұтастықпен
сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық».
«Биогеоценоз» ұгымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы А.
Тенсли ұсынган «Экожүйе» үгымына жақын. Экожүйе дегеніміз — зат,
энергия және акпараттар алмасу нәтижесінде біртүтас ретінде тіршілік
ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта
жагдайларының жиынтығы.
Кейбір галымдардың көзқарасы бойынша «биогеоценоз» ұгымының
мазмұны негізінен зерттеліп отырған макрожүйенің құрылымдық
сииаттамасын берсе, ал «экожүйе» ұғымы ең алдымен оның
функционалдық мәнін көрсетеді. Экожүйеге құмырсқа илеуі, орманның
бір бөлігі, тұтас орман, космос кораблінің кабинасы, ландшафт және
бүкіл биофераның өзі мысал бола алады. Жалпы алганда биогеоценоз
экожүйеге қатысты жекеден жалпыға қарай қатынаста болады.
В.Н. Сукачев
Американдық биолог және эколог
Юджин Одум ХХ ғасырдың ортасында синекологияны
демекология, қауымдастық экологиясы және экожүйе экологиясы деп бөлуді ұсынды,
аутоэкологияны түр экологиясы деп өзгертті (Одум "аутоэкологияны" архаикалық
термин деп санады), осылайша экологияның төрт бөлімі пайда болды."
Популяция
Достарыңызбен бөлісу: