Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет112/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

елдердің қатарына келесі елдер де кіреді. Францияда еңбек келісімшарты бойынша аптасына 
26 сағат, Австрияда 27,5 сағат, Бель гияда 27,8 сағат, Ирландияда 28,3 сағат, Данияда 28 сағат, 
люксем бургте 30 сағат, Финлянди яда 30 сағат, Британияда 31 сағат жұмыс істейді. Айта кетсек,
дәл осы ондыққа кірген елдердің еңбекақысы да жоғары болып саналады. Айтып-айтпай не 
керек, еуропалықтар өз қызметкерлерінің асты-үстіне түсіп, барлық жағдайларын жасайды. 
Бір ескеретіні, жұмыста сирек, анда-санда болса да қалып, кеш бойы жұмыс істейтін неміс 
жұрты болып шыққан. Олар келісімшарттағы бекітілген жұмыс уақыты әлдеқашан бітіп қалса 
да, жұмыс орнында отырып, үлкен ізденіс үстінде еңбектенеді екен. Бұл көрсеткіш жағынан 
олар барлық елдерден алда тұр. Мүмкін, ірі кәсіпорындардың тоқтамауы, баспасөз беттерінде 
олардың ашқан жаңалықтары туралы дүркін-дүркін жазатындары да осыдан болар. Көп сала 
бойынша олардың көшбасшы болып тұрғандары анық, оны мойындау керек. 
Англиядағы Саутгемптон университетінің 
қызметкерлері түнгі жұмыстың бедеулікке 
әкеп соғатынын мәлімдеген
Бұл аурудың емі - белсенді өмір сүру, өзіне қызықты, сүйікті 
істермен айналысып, достармен жиі-жиі кездесіп тұру!
Психолог
Ал сіз бұған не дейсіз?


134
vi
 БӨ
ЛІМ
3. Мәтіннен қос сөздер мен біріккен сөздерді теріп жазыңыз.
Қос сөздер
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
Біріккен сөздер
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
4. Мәтінді мұқият оқыңыз, берілген кестені толтырыңыз.
Жұмыс уақыты
Қай елде?
1. Аптасына отыз сағат
2. Аптасына жиырма жеті бүтін оннан бес сағат
3. Аптасына жиырма алты сағат
4. Аптасына жиырма жеті бүтін оннан сегіз сағат 
5. Аптасына отыз сағат
6. Аптасына жиырма сегіз сағат
7. Аптасына жиырма сегіз бүтін оннан үш сағат
8. Аптасына отыз бір сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет