Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет23/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

II I
 Б
ӨЛ
ІМ
3. Оқыңыз. 
Бұқаралық ақпарат құралдары
«Бұқаралық ақпарат құралдары – 
ақпараттар, танымдық мәліметтер және 
бос сөздер жиынтығы»,- дейді заңгер
Д. Яндел.
Сіз Д. Янделдің пікірімен келісесіз 
бе? Қазір көпшілігіміз теледидардан 
немесе газет-журналдардан көрген 
бейнелер мен мәліметтерге тәуелдіміз. 
Ол ақпараттардың кейбіреуі «керемет 
жаңалық» та, ал кейбіреуі «жай бос сөз». 
Біз сізге «бірінші» және «ең жақсы» 
бұқаралық ақпарат құралдары туралы 
мәлімет береміз.
№1 теледидар бағдарламасы: Үлкен 
аға «Big brother» телешоуы. Бұл телешоу 
ең бірінші Голландияда 1999 жылы 
көрсетілген. Содан кейін әлемнің 20-ға 
жуық мемлекетінде көрсетіле бастаған.
№2 кинофильм өндірісі: Үндістан 
кино-студиясы (лақап аты «Болливуд»). 
Бір жылда бұл мемлекетте 1000-нан аса 
фильм түсіріледі.
№3 ақпарат іздеудің жолы / әдісі: 
Google. Күн сайын Google арқылы 182 
тілде 250 миллионнан астам адам 
ақпарат іздеп табады екен.
№4 Әлемге танымал фильм – 
«Азамат Кэйн» (Citizen Kane). Фильмнің 
режиссері – Орсон Уэллес. Фильм 1941 
жылы түсірілген. Газет баспасының иесі 
туралы фильм.
№ 5 Әлемге танымал танымдық 
бағдарлама «Кімнің миллионер болғысы 
келеді?». Бұл бағдарлама алғаш рет 
Ұлыбританияда 1998 жылы көрсетілген. 
Қазір әлемнің барлық елдерінде 
қолданылады.
№6 Теледидарды ең көп көретін 
мемлекет – Америка Құрама Штаттары. 
Мұнда 1000 адамға 805 теледидардан 
тиеді. Жасы алпыс бестен асқан адамдар 
тоғыз жыл өмірін теледидар көрумен 
өткізеді екен.
№7 Ең көп сатылатын газет – Yomiuri 
Shimbun. Бұл газеттің Жапонияда бір 
күнде миллион данасы сатылады.


33


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет