328
– Гольф клубының тіркеушісі ешқандай тапсырыстың жоқ екендігін айтты.
– Қызық екен. Бір қателік кеткен болар.
Мен қазір оларға телефон шалып, анықтап берейін.
– Рақмет.
№11 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Әр сөйлемді кім айтқанын жазыңыз.
– Сәлеметсіздер ме! Сізден бастасақ жөн болар. Өз демалысыңызды жоспарлайсыз ба?
– Менің атым – Сәния. Студентпін. 4-курста оқимын. Менің демалысым емтихандарды тапсыруыма
байланысты.
– Есімім – Жанболат. Банк қызметкерімін. Иә, демалысты асыға күтемін. Алдын ала ойланамын.
Балаларым бар, сондықтан оларға не ұнайтыны туралы әйеліммен ақылдасамын.
– Менің атым – Рабиға. Сұлулық салонының меңгерушісімін. Міндетті түрде. Әр демалысымның естен
кетпестей болғанын қалаймын.
– Егер алыс мемлекетке саяхатқа шықсаңыз, кіммен барар едіңіз?
– Мен әкеммен барар едім. Себебі менің әкем көп саяхаттаған. Әрі онымен саяхаттау өте қызық.
– Жалғыз барар едім.
Ешкіммен ақылдаспайсың, не істегің келсе, соны істейсің.
– Мен құрбыммен барар едім. Ол ағылшын тілін жақсы біледі.
– Саяхатқа шығар алдында не істеу керек?
– Барар жеріңіз туралы көбірек ақпарат жинау керек. Қазір ғаламтор бар, оңай.
– Жан-жақты дайындалған дұрыс болар. Себебі алыс жерде не боларын білмейсің ғой.
– Мен жеткілікті ақша жинауға тырысамын.
Егер ақшаң аз болса, саяхатың да қызықсыз болады.
– Сауалнамаға қатысуға келіскендеріңізге көп рақмет.
№12 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақ тарихын зерттеуге үлес қосып жүрген Хироки Накаяма
Хироки Накаяма - к
өшпенділер тарихын насихаттап жүрген жапон жігіті.
Сонау Жапониядан келіп еліміздің тарихын зерттеумен айналысып жүрген
Хироки Накаямамен
Қазақстан туралы пікірлесуді жөн көрдік.
– Накаяма мырза, сіздің Қазақстанға келуіңізге не себеп болды?
– Әйелім - Нацуко Ока Қазақстанда зерттеу жұмыстарымен айналысайын деп, содан отбасымызбен
2011 жылы мамыр айында Алматыға келдік. Алматыда желтоқсан айына дейін тұрдық. Қазақ, орыс
тілдерін үйреніп, Есік мұражайы тарапынан жүргізілген қазба жұмыстарына қатыстық.
– Қазақстанды алғаш көргенде қандай әсер алдыңыз?
– Мен Алматыны көрдім. Сосын Астананы да көрейін дедім.
Экономикалық, қоғамдық тұрғыдан
қарқынды дамып келе жатқан, заманауи шаһарлар деген ой түйдім. Қазір Қазақстан Орта Азияның ең ірі
мемлекеті екенін отандастарыма айтып жүрмін.
– Қазақстанда сізді таң қалдырған нәрсе болды ма?
– Алматыға келгенде алғаш байқағаным, қала көшелерінде автокөліктер шектен тыс көп екен.
Бастапқыда жолдан өтуге жүрексіндім. Қазір үйренейін дедім. Жапонияда ел
тротуардың бойында
велосипедпен жүреді. Велосипедке арналған тұрақтар бар. Қазақстанның ірі қалаларында велосипедті
көбейтіп, жекеменшік автокөліктер азайса, ауа анағұрлым таза болар еді.
– Болашақтағы жоспарларыңыз қандай?
– Жаһандану заманында әлем шекарасыз ортақ кеңістікке көшкен кезде ағылшын тілін,
басқа да
шет тілдерін меңгеріп, ең жетік технологияларды меңгеру аса маңызды. Бірақ өз ұлтыңның тарихын,
мәдениетін терең білу де өте маңызды. Болашақта Қазақстан тарихшыларымен бірлесе зерттеу жүргізу
ойымда бар.
– Әңгімеңізге рақмет! Ісіңізге сәттілік тілеймін!
– Сау болыңыз! Сізге де рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: