Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет5/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

ГраММатикаЛыҚ аныҚтағыш .......................................................................................................................... 288
сӨздІк ҚОр ............................................................................................................................................................................ 317
аудиОМәтІндер .............................................................................................................................................................. 325


аЛғысӨз
Ұ
сынылып отырған қазақ тілін меңгерудің орта деңгейін (В1) оқытуға арналған оқулықтың 
екінші басылымы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту 
және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының 
тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
аясында үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» 
әдістемесі негізінде жарыққа шығып отыр.
Аталған оқулықтың бірінші басылымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Ұлттық тестілеу орталығымен 2012 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат 
министрлігі Тіл комитетінің тапсырысымен үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел 
тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік 
оқу-әдістемелік кешен ретінде жарыққа шыққан. Кешен қазақ тілінің бес деңгейлік (қарапайым, 
базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары деңгей) оқулықтарынан тұрады. Оқулықтар қазақ тілін 
меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерін анықтайтын 2015 жылы 24 қарашада 
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және 
метрология комитетінің №236-ОД бұйрығымен бекітілген қазақ тілін оқытудың талаптарын 
анықтайтын ҚР СТ 1926-2015, ҚР СТ 1928-2015, ҚР СТ 1929-2015, ҚР СТ 1925-2015, ҚР СТ 1927-
2015, Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының, Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі 
бағдарламаның негізінде әзірленді. 
2016 жылы бес деңгейлік оқулықтың тіл үйренушілер тарапынан жоғары сұранысқа ие болған 
қарапайым (А1) және базалық (А2) деңгейлеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, екінші 
басылымы жарыққа шықты. 
Ұсынылып отырған қазақ тілін меңгерудің орта деңгейін (В1) оқытуға арналған оқулықтың 
екінші басылымын әзірлеу барысында өңірлердегі тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары 
мен әдіскерлерінен оқулықтың мазмұнын жаңартуға, жетілдіруге байланысты ұсыныстары мен 
пікірлері негізге алынды.
Оқулық мазмұны белгілі бір тілді екінші тіл ретінде оқытудың халықаралық тәжірибелеріне 
сәйкес сөйлеу әрекетінің Тыңдалым, Оқылым, Жазылым, Айтылым сияқты түрлерін қамтиды.
Оқулық 12 бөлімнен тұрады. Әр бөлім 2 сабақты қамтиды. Әр сабақта жаңа лексикалық, 
грамматикалық тақырыптар ұсынылады. Алғашқы меңгерген ақпарат пен кейінгі меңгерген 
лексикалық бірліктердің бірін-бірі толықтырып, сөздік құрамда үздіксіз қолданысқа түсу 
барысында тіл үйренушінің меншігіне айнала беретіні ескерілді. Жаңа сөздермен таныстыру 
мақсатында оқулықтың аяғында қазақша-орысша сөздік ұсынылып отыр. 
Грамматикалық тақырып сөйлеу әрекетінің түрлерімен тығыз байланыста берілген, алайда 
грамматиканы терең меңгерту үшін жеке бір бөлік ретінде де қарастырылады. Грамматикалық 
тақырыпқа қатысты мәліметтер грамматикалық анықтағышта толық қамтылған. 
Әр бөлім жаңа лексикалық қормен таныстырудан басталып, өткен тақырыпты еске түсіру 
тапсырмаларымен жалғасып, жаңа тақырып бойынша тапсырмалармен ұласады. Тапсырмалар 
жеке, жұппен және топпен орындауға негізделген, бір ерекшелігі «қазір және осында» қағидасы 
арқылы орындалады. Әрбір тапсырманың орындалуы бойынша үлгі берілген. 
Жазылым әрекетін дамыту мақсатында шағын іс қағаздарының бірқатар үлгілерін бере отырып, 
бекітілген типтік формалары бойынша сөздіктің көмегімен ішінара толтыру тапсырмалары 
берілді. Ұсынылған тақырыптық суреттер мен түрлі үлгідегі сызбалар, елтанымдық деректер 
тіл үйренушілерінің айтылым әрекетін дамытуға негізделді. Тіл үйренушінің тыңдалым білігін 
дамыту мақсатында деңгейге сәйкес тыңдалым мәтіндері аудио таспалар арқылы жеке ұсынылды.
Құрметті әріптестер, мазмұны жағынан жетілдірілген, жаңа, өзекті тақырыптар қамтылған 
оқулықтың екінші басылымын ұсына отырып, ерекше ынта мен ықыласты талап ететін осындай 
қиын да, қызықты тіл үйрену ісінде осы оқулық өздеріңізге көмекші болады деп сенеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет